Психика мен дененің өзара байланысы жəне өзара ықпалы



Дата27.03.2023
өлшемі114.03 Kb.
#471237
Психика мен дененің өзара байланысы жəне өзара ықпалы

Психика мен дененің өзара байланысы жəне өзара ықпалы.

Орындағандар : Манат Аягүл

Байұзақ Дильяра

Күнту Әсем

Түрік тобы – 202 группа


Қазіргі психологиялық əдебиеттерге талдау көптеген зерттеушілердің денсаулықтың психологиялық аспектілерін осыған ұқсас терминдерді қолданып қарастырғанын көрсетеді: «психикалық денсаулық» (Б.С.Братусь), «психологиялық денсаулық» (И.В.Дубровина), «тұлғалық денсаулық» (Л.М.Митина), «рухани денсаулық» (Ю.А.Кореляков), «жанның саулығы» (О.И.Даниленко) жəне т.б. Бүкілəлемдік денсаулық қорғау ұйымының пайымына сай, психика саулығы дегеніміз адам ақыл-ойының, физикалық жəне эмоционалдық дамуының толыққанды жетілуіне ықпал етуші күй болып табылады.
Психика саулығы дегеніміз – адам мен сыртқы дүние арасындағы тепе-теңдік жағдайы, оның əлеуметтік ортаға, физикалық, биологиялық жəне психикалық ықпалдарға қатысты реакциясының сай болуы, жүйкелік реакция күші мен сыртқы тітіркендіргіштер арасындағы сəйкестігі, адам мен оның айналасындағылар арасындағы үйлесімділік, адамның шынайы объективтілікжайлы пікірінің басқа адамдардың пікірлерімен ұштасуы, өмірдің кез-келген жағдайына сын көзбен қарауы.
    • психофизиологиясының саулық деңгейі (орталық жүйке жүйесінің қызметімен, жағдайымен анықталады);
    • жеке психологиясының саулық деңгейі (психикалық іс-əрекетінің жағдайымен, қызметімен анықталады);
    • тұлғасының саулық деңгейі (адам қажеттіліктері мен əлеуметтік орта талаптары, мүмкіншіліктері арасындағы қатынаспен анықталады);

Адам психикасының саулығын білдіретін үш деңгей бар:
Психикалық аурулар мен ақыл-ой кемістігі түрлерінің бірқатары тұқым қуалайды. Баланы дүниеге əкелуді жобаламас бұрын, оның тұқымындағы психикалық аурудың орын алу-алмауын анықтау үшін медициналықгенетикалық қеңес беру пайдаланылады. Бұл белгілі бір ата-ананың ауру баланы дүниеге əкелуінің мүмкіндігін (тəуекелділігін) анықтайтын ерекше медициналық көмек түрі болып табылады.
Психологиялық денсаулықтың негізгі өлшемдері қамтиды:
  • Өзгелермен қарым-қатынас жасау қабілеті.

  • 2. Қажеттілік жəне еңбекке қабілеттілік.
    3. «Ойнауға» қабілеті.
    4. Автономия.
    5. Этикалық нормаларды түсіну.
    6. Эмоционалдық тұрақтылық.
    7. Қорғану механизмдерін қолданудың икемділігі.
    8. Хабардар болу, басқаша айтқанда, ақылдылық.
    9. Ойлану қабілеті.
    10. Тиісті өзін-өзі бағалау.

Салауатты өмір салты (СӨС)- бұл ең əуелі денсаулықты сақтауға жəне нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-əрекет. Салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мəліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тəуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын. Салауатты өмір салты - адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей байланысты құнды форма. Ол адам мəдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулық адам бақытының негізгі бөлігі.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі бағытгары:
-жеке жəне қоғамдық гигиена;
-дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес;
-ағзаны жаратылыс-табиғи факторлармен- су, ауа, күн жарығымен жəне т.б. шынықтыру;
  • күн тəртібін тиімді пайдалану;
  • дұрыс жəне уақтылы тамақтану;

  • - тəн ауруларынан сақтану;
    -жарақаттанудан, уланудан, т.б. сақтану;
    -зиянды əдеттерден (темекі, алкоголь, есірткілік улы заттар) сақтану;
  • жыныс гигиенасы;
  • психопрофилактика жəне психогигиена;

Қорытындылай келе : Қоғамның болашағы əрбір адам денсаулығына байланысты. Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны ағзаның жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет