2023ж. Тақырыбы:Қазақ биінің шығу тарихы. Қазақтың ұлттық би өнері



Дата11.03.2024
өлшемі18.31 Kb.
#495049
Срс Қазақ биінің шығу тарихы


М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті


  • Тақырыбы: Қазақ биінің шығу тарихы


  • Орындаған: Саркытбаева А. М.

2023ж.
Тақырыбы:Қазақ биінің шығу тарихы.

Қазақтың ұлттық би өнері ерте замандардан бастау алып, күні бүгінге дейін өркендеп келеді. Би өнері халқымыздың салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілігіне байланысты туындаған. Қазақтың ежелгі би өнері үлгілері жөнінде дастандарда, ертегілерде, батырлар жырларында да айтылып отырады. Белгілі музыкалық шығармалар, күй әуендері биді сүйемелдеу үшін пайдаланылған. Мысалы, “Қаражорға”, “Бүркіт биі”, “Қаз-қатар”, “Насыбайшы”, “Құсбегі-дауылпаз”, “Аю-би”, “Киіз басу”, “Өрмек тоқу”, “Аққу”, “Ортеке”және т.б билер сондай әдіс-тәсілмен орындалған. XIX ғасырда өмір сүрген белгілі өнер иесі ел аузында Ағашаяқ атанған Рахымберді шөктірілген тоғыз түйенің үстінде секіріп жүріп, би қимылдарын жасайтын болған. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылының бас кезінде Диуана атанған, ел жұртқа белгілі өнерпаз Зәрубай “Қоянды” жәрмеңкесінде қоян болып киініп, күлкілі “Қоян биін” орындаған. Сондай- ақ кезінде драммалық театрдың артисі болған Рахым Асылбекұлы да “Қаражорға”, “Қазақ биі”, “Ортеке” билерін асқан шеберлікпен орындаған. Шара Жиенқұлова. Қазақстанның халық артисі Шара Жиенқұлова – қазақтың кәсіби өнеріндегі дара дарындардың бірі. Ол драма театрында актер, одан соң опера театрында биші болды. Ш.Жиенқұлованың әсіресеұлттық және кәсіби биөнеріне қосқан үлесіөлшеусіз. Ол бұл салада көптеген ұрпақтар легінтәрбиелеп шығарды. Сонымен бірге Ш.Жиенқұлова – кино өнеріне де еңбек сіңіргендарынды актер. Болат Аюханов. Әлемге әйгілі бишіөнертану ғылымының профессоры, ҚазақстанныңХалық әртисі, Халықаралық “Фомгед” би фестивалінің жүлдегері (Стамбул).
Халқымыздың арғы-бергі тарихына терең зер салсақ, би өнерінің сонау ықылым заманның өзінде-ақ, қазақтың ұлттық өнерінің бір бұтағына айналғанын айқын аңғарамыз. Және Қазақ биінің бірнеше дәуірді бастан кешкені баршаға аян. Қазақ би өнерінің түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алып, бүгінде еліміздегі кәсіби бишілер, би ансамбльдері мен би студияларымен жалғасып отыр. Қазақ биі - ұлттық дәстүрді, салтты танытатын өнердің төресі десек артық айтқандығымыз емес. Сайып келгенде, қазақ биінің арқауы халықтың жан дүниесі, оның таным-түсінігі, табиғатпен байланысы, философиясы. Міне осының бәрі кез келген бидің құрылымынан, болмысынан айшықты көрініс тауып жататынына күмән жоқ
Қазақ биі – рухани өмірдің үлгісі. Билеу арқылы қазақ халқының өмірі мен мәдениетін би тілімен халыққа жеткізу. Қазақ биін дамыту үшін, сауатты би қимылдарын балалардың есте сақтауы үшін Шара Жиенқұлова би қимылдарын өлең шумақтарымен жанастыру арқылы үйреткен. Мысалы: шаңырақ, айна, білезік, буын, шабандоздық, малдас құру ,қамшы ұстау қимылдары т.б.
Қазақ биі– бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады. Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстет. болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған. Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. Қазақ биі халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеуде. Қазақ биінің кейбір қимыл қозғалыстары, бақсы-балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан. Олар қобыз аспабымен бірге соқпалы муз. аспаптардың көмегімен де өздерінің бақсылық, балгерлік үрдістерін күшейтіп отырған. Қазақ биі өнері синкреттік түрде дамып, басқа өнер түрлерін насихаттау мен ақпараттық түрде бекіту және кейінгі ұрпаққа жеткізу барысында өзіндік маңызды рөл атқарды. Ежелгі билердің канондық түрлері бізге жетпеген. Бірақ халық арасында би қимылдарын меңзейтін идеялар ұлттық ойындар мен салт-жораларда сақталған, тарихи және этногр. деректерде қалыптасу негіздері барлығы аңғарылады. Жиын-тойларда жұрт көңілін көтеретін күлдіргіш-қуақылардың өнерлерінде би қимылдары мол қолданылды. Қазақ биі көшпелі малшының тұрмыс-тіршілігін, табиғат көріністерін ұлттық таным-талғамға сай көркем бейнеледі.
Бүгінгі жұрт әлі де білмей жатқаны болмаса, ұлтымыздың байырғы билерінің түрі өте көп. Мысалға «Қаражорға», «Ортеке», «Аю биі», «Келіншек», «Былқылдақ», «Насыбайшы», «Қамажай», «Тоты», «Сауыншы», «Қаз биі», «Бүркіт биі», «Шешеке», «Киіз басу», «Соқыр теке»… сияқты билерді атауға болады. Шара Жиенқұлова сынды өнер саңлағының арқасында біздің биіміз әлемдік сахнаға азды-көпті шыққанын әсте жоққа шығаруға болмас. Осы дара тұлғаның еңбегінің нәтижесінде қазақ биінің әр өрнегі халыққа жетті. Ол өзінің түсінікті де тартымды, әсерлі де мәнерлі билерімен сол өзі өмір сүрген заманның талабын орындады, жүгін көтерді. Сөйтіп, Шара апамыз қазақ би өнерінің қайталанбас жарық жұлдызына айналып, халқымыздың тек өзіне ғана тән қазақ биін классикалық деңгейге көтерді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет