Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша



Дата25.02.2016
өлшемі72.6 Kb.
#25722




№ исх: 1-3-64/913-И от: 28.03.2011



«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

ТҰЖЫРЫМДАМА


  1. Заң жобасының атауы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»


  1. Заң жобасын қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Құқықтық саясат тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 маусымдағы № 37-ІV Заңымен ратификацияланған БҰҰ-ның Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттамаға сәйкес әлемдік қоғамдастықтың қазіргі заманғы басымдықтарының бірі адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың таралуын ескертуге және жолын кесуге бағытталған нормаларды уақтылы енгізу болып табылады.

Бұл ретте, ең алдымен қылмыстық заңнаманы жетілдіру заңдылық, азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі, кінәлілік жауапкершілігі, әділдік, қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан құтылмаушылық, сондай-ақ жәбірленушілердің, оның ішінде мемлекеттің де құқықтарын барабар қорғау қағидаттарын мүлтіксіз сақтаумен жүзеге асырылуы тиіс.

Осыған байланысты заңнамалық деңгейде негізгі тұжырымдық міндетті шешу ұсынылады:

-адам саудасына байланысты қылмыстардан жәбірленгендердің (құрбандардың) құқықтарын міндетті қорғауды енгізу;

-адам саудасына ілесе жүретін қылмыс - «жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» үшін жауапкершілікті қатаңдату;

-еңбекте пайдалануға байланысты кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың алдын алу және ескерту деңгейін көтеру.

Адам саудасына байланысты қылмыстардан жәбірленгендер (құрбандар) әлсіз топ болып табылады, олар қатыгез қарым-қатынас пен жүйелі пайдаланудың нәтижесінде психологиялық және моральдық күйзелген күйде болады. Оларды қалыпты өмір салтына қайтару үшін мамандардың араласуы және белгілі бір уақытты алатын оңалту курстарынан өтуі қажет етіледі.

Бүгінгі таңда тергеуге дейінгі тексеру, алдын ала тергеу және анықтау, сондай-ақ сотта қарау сатыларында олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаумен осы салада жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар айналысады.

Бұл бірлестіктердің негізгі қызметі жәбірленушілерді оңалту болып табылады, осыған байланысты олардың заң көмегін көрсетуі мүмкіндігіне қарай жүзеге асырылады.

Үкіметтік емес ұйымдар елдің барлық өңірлерінде бірдей әрекет етпейтінін атап өтуге тура келеді.

Жыл сайынғы талдау адам саудасының анықталған құрбандарының өсу үрдісін растайды, мәселен 2008 жылы олардың саны 50 адамды, 2009 жылы – 59 және 2010 жылы 82 адамды құрады.

Мұнымен қоса Қазақстанға әкелінген құрбандар көбіне қолданыстағы заңнама туралы ақпараттан бейхабар, біздің елімізде көмек көрсететін олардың таныстары немесе жақындары жоқ, бұл олардың өз құқықтарын толыққанды және жан-жақты қорғауға және білдіруге мүмкіндігі жоқ екенін білдіреді (2010 жылы шетелдік 9 құрбан анықталды).

Осыған байланысты қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасына (ҚІЖК-нің 80-бабы) адам саудасына байланысты қылмыстардан жәбірленгендерді мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілетін адвокаттардың білікті заң көмегімен міндетті қамтамасыз етуді енгізу ұсынылады.

Жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық (ҚК-нің 271-бабы) фактілері, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтар жасайтын фактілер алаңдаушылық тудыратын қылмыстардың бірі болып табылады.

Қалыптасқан практика көптеген оқиғаларда жеңгетайлықты демалыс орындарының (қонақ үйлер, хауыздар, монша кешендері), ойын-сауық және көңіл көтеру мекемелерінің персоналы жасайтынын көрсетеді.

Статистикаға сәйкес ҚК-нің 271-бабы бойынша 2008 жылы 227 қылмыстық іс, 2009 жылы – 212 және 2010 жылы 191 іс қозғалған.

Осыған байланысты көрсетілген бапқа өзінің қызметтік жағдайларын пайдалана отырып, мекемелерде немесе орындарда, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастырумен немесе ұстаумен, жеңгетайлықпен айналысатын адамдардың жауапкершілігін енгізу ұсынылады.

ҚК-нің 133-бабына ауырлататын мән-жай ретінде кінәлі адам үшін жүктілік жағдайы көрінеу белгілі әйелге қатысты қылмыс жасау саралау белгісін енгізу мүмкіндігін белгілеу көзделеді.

Көбіне мұндай фактілер қылмыстарды тергеу кезінде орын алады, сондай-ақ бұл тармақ ҚК-нің 128-бабында қолданылады және әрекет етеді.
Бүгінгі таңда елеулі мәселелердің бірі балалар еңбегін заңсыз пайдалану болып отыр. 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 900-ден астам мектеп оқушысы мақта теруге тартылған.

Қылмыстық заңнама еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік белгілейді (ҚК-нің 152-бабы), алайда бұл норма кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған құқық бұзушылықтарды реттемейді, осыған байланысты бапқа кәмелетке толмаған жұмыскерге қатысты еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейтуді енгізу ұсынылады.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандар өндірісте алған жарақаттарымен денсаулық сақтау мекемелеріне түскен не қайтыс болған кезде тиісті органдарға дереу хабарлау жолымен олардың қауіпсіздік деңгейін көтеру қажет («Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы).
3. Заң жобасын қабылдаудың мақсаттары

Заң жобасының мақсаты адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында адам саудасына байланысты қылмыстардан жәбірленгендердің, оның ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес қорғауға қатысты заңнаманы жетілдіру болып табылады.


4. Заң жобасының реттеу мәні

Заң жобасы адам саудасына қарсы күрес процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.




  1. Заң жобасының құрылымы

Заң жобасы Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, сондай-ақ Заңды қолданысқа енгізу тәртібін көздейтін екі баптан тұрады.
6. Заң жобасы қабылданған жағдайда күтілетін құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар

Заң жобасын қабылдау адамдар, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың таралуын ескертуге және жолын кесуге бағытталған нормаларды енгізуге қатысты Құқықтық саясат тұжырымдамасында белгіленген әлемдік қоғамдастықтың қазіргі заманғы басымдықтарының бірін іске асыруға мүмкіндік береді.

Заң жобасын қабылдау:

-адам саудасына байланысты қылмыстардан жәбірленгендердің құқықтарын қорғау саласында қылмыстық заңнаманы жетілдіруге;

-адам саудасына ілесе жүретін фактілердің таралуының жолын кесуге;

-еңбекті қорғау саласында кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздік деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.


7. Әзірленген заң жобасына бір уақытта/кейіннен басқа заңнамалық актілерді сәйкес келтіру қажеттілігі

Қажет емес.


8. Заң жобасы мәнінің өзге нормативтік құқықтық актілермен регламенттелуі.

Заң жобасын қабылдау «Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысына түзетулер енгізу қажеттілігін негіздейді.


9. Қарастырылып отырған мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің бар-жоғы.

Адам саудасының құрбандарына тегін заң көмегін ұсыну практикасы бірқатар елдерде бар.

Жәбірленушілердің құқықтарын қорғау туралы Израиль заңнамасына сәйкес сауда құрбандары тегін заң көмегіне, қылмыстық тергеу уақытында сүйемелдеуге, сот процесі туралы ақпарат алуға, өз мүдделерін білдіруге құқылы. Мұндай нормалар Америка Құрама Штаттарының заңнамасында да бекітілген, олар адам саудасының құрбандарына тегін заң көмегін көрсету мақсатында адамдарды сотқа беру және құрбандарға заң және өзге де қызметтер көрсету үшін қосымша мүмкіндіктер жасаған.

Грецияда Президенттің № 233/2003 Жарлығына сәйкес жезөкшеліктен, адам саудасынан немесе құлдықтан зардап шеккен адамдардың қазіргі кезде тұрғын үйге, тамақтануға, күтім алуға, психологиялық қолдауға, заң көмегіне және кәсіби дайындыққа құқығы бар.

Беларусь Республикасы Президентінің «Адам саудасының зардаптарын болдырмау туралы» 2005 жылғы 8 тамыздағы № 325 Жарлығына сәйкес Беларусь Республикасында адам саудасының құрбандарын әлеуметтік қорғау және оңалту көзделген, ол өтеусіз жүзеге асырылады және құқықтық көмекті (Беларусь Республикасының заңнамасында көзделген олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді қоса алғанда), оның ішінде адвокаттар алқасы ұсынатын тегін заң көмегін қамтиды. Он төрт жасқа толмаған адам саудасының құрбандарына құқықтық көмек олардың заңды өкілдеріне көрсетіледі.

Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінде еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. Алайда балалардың еңбек құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік ерекше құрамға бөлінбеген. Осыған байланысты мемлекеттік билік органдары заңдар мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске кәмелетке толмаған еңбеккерлердің құқықтарын бұзушылықтарды жою туралы кәмелетке толмағандардың істері және олардың мүдделерін қорғау жөніндегі комиссиялардың ұйғарымдары мен ұсынымхаттарын орындамағаны үшін жауапкершілік шараларын көздейтін ережелерді енгізуде, сондай-ақ тиісті органдарға ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына және меншік нысандарына қарамастан, ұйымдарда балаларды ұстау, тәрбиелеу, оқыту және олардың еңбегін қолдану жағдайларын бақылауды, зерттеуді және тексеруді ұйымдастыру жөніндегі құқықтар берілген.



Германияда Балалар мен жасөспірімдердің еңбегін қорғау туралы заң, сондай-ақ Балалар еңбегін қорғау туралы ереже бар, олар 13 жастан бастап балалардың жұмысы үшін ерекше ережелерді қамтиды. Германияның Конституциясы 13 жастан төмен балаларды жұмыскерлер ретінде пайдалануға тыйым салады. Негізгі заң 13 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды «балалар» санатына, жасөспірімдерге – 15 жастан 18 жасқа дейінгі жастарды жатқызады. Толық оқу күні ішінде әлі де мектепке баруға міндетті екінші топ үшін де бастауыш (негізгі) және толық емес орта (нақты) мектептегі балаларға арналған ережелер қолданылады. Өзінде жасөспірімдер жұмыс істейтін әрбір жұмыс беруші осы заңның негізгі ережелерінің мәтінін көрінетін жерге іліп қоюға міндетті.
10. Заң жобасын әзірлеуге байланысты болжанатын қаржылық шығындар.

Осы заң жобасын қабылдау ақшалай қаражат бөлуді қажет етеді (1, 2-қосымшалар).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет