§ 38. РАДИОЭЛЕКТРОНДЫ АППАРАТУРА МЕН АСПАПТАРДЫҢ РЕТТЕУШІСІ
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өндірістің барлық түрлерінде және күрделі ірі сериялы және жаппай өндірісте орта күрделі қабылдау- тарататын, теледидарлық және дыбыс жазатын радиоқұрылғыларды, радиоэлектрондық аппаратураны, ЭЕМ аппаратурасын, гироскопиялық, гидроакустикалық аспаптар мен түйіндерді электрлік және механикалық реттеу. Орта күрделі және күрделі бақылау- өлшеу аспаптарын, радио және электр өлшеу аппаратурасын реттеу, сынау және электрлік тексеру. ТШ және арнайы нұсқаулықтарға сәйкес реттелетін аппаратураның және құрылғылардың жұмысқа қабілеттілігін толық тексеру, баптау, сынау және жаттықтыру. Реттелетін аппаратураның және аспаптардың механикалық және электрлік дәлсіздіктерін анықтау және оларды жою. Бөлшектері мен түйіндерін қиыстырып келтірумен және ауыстырумен орта күрделі аспаптардың әр түрлі көздерін реттеу. Электрлік өлшемдері мен жұмыс режимдерін тексерумен реттелетін аспаптардың, аппаратураның және жүйелердің қосылыс сызбаларын құрастыру.
Білуге тиіс: реттелетін радиоэлектрондық аппаратураның құрылысы мен белгіленуін, блоктардың, құрастыру бірліктері мен элементтердің өзара әрекеттесуін, сондай-ақ олардың жұмыс режимдерін; радиотехникалық, электрмеханикалық және басқа аспаптардың және орта күрделі жүйелердің құрылысын және қызмет ету принципін; электрлік және механикалық реттеу әдістері мен тәсілдерін, электрлік тексеру және жаттықтыру тәсілдерін, күрделі бақылау- өлшеу аспаптарын және махнизмдердің құрылысын, белгіленуі және пайдалану шарттарын; қажетті өлшеулер жүргізу, реттелетін аппаратураға кестелер құру және осциллограммалар алу тәсілдерін; радиотолқындарды қабылдауды генерациялау, күшейту және орта күрделі станциялар мен күрделі аспаптарды баптау принципін; реттелетін аппаратураға техникалық шарттарды және реттейтін бұйымдарды тапсыруқағидасын; электр және радиотехника негіздерін.
Жұмыс үлгілері
1. Кварцты, клистрондық автогенераторлар - электрлік реттеу.
2. Амперметрлер, вольтметрлер, тестерлер - реттеу және тексеру.
3. Телеграфты аппараттар - механикалық және электрлік реттеу.
4. Телеграфты электрондық аппараттар - электрондық субблоктарды баптау.
5. Қашық байланыстың аппаратура блоктары - реттеу.
6. Толқынөлшеуіш блоктары - генераторларда стандарты сигналдарды тексеру, градустау, қателігін анықтау және кесте құру.
7. Есептеу техникасының блоктары (ақпарат жинақтағыштары, тұрақтандырғыштар, генераторлар) - электрлік реттеу, климаттық сынаулар өткізу.
8. Түрлі- түсті бейнелі теледидарлардың біріңғайландырылған блоктары және түйіндері – баптау.
9. Толқынағызғылар, толқын ағызғылық және коаксиалды тармақтандырғыштар КСВ ТУ бойынша тексеру және реттеу.
10. Кварцты стационарлық, импульстық, стандартты сигналдардың генераторлары, осциллографтар - реттеу.
11. Магнитті бастиектер - кедергілерді жазу мен деңгейінің жиілікті сипаттамаларын тексеру.
12. Индикаторлар – қуаттандыратын құрылғымен индикаторды қосу сызбаларын құрастыру, реттеу, климаттық сынаулар.
13. Әр түрлі жүйелердің қадамдық іздеуіштері – толық реттеу.
14. Тұрақтандырылған қуат алу көздері - реттеу.
15. Автоматты станциялардың диспетчерлік коммутаторлары- ақауларды жоюмен және төмен жиілікті күшейткіштерден сипаттамаларды алумен толық реттеу.
16. Тұрақты және операциялық жады кубтары – құрылғы құрамында жұмыс істеуге реттеу.
17. Магнитофондар – реттек және баптау (ұсақ сериялы және жеке өндірісте).
18. Көбейтетін, уақыттық, бағдарламалық, арретациялаушы механизмдер – реттеу, сынаулар, ТУ бойынша тапсыру.
19. Шағын сызбаларды қолданумен модульдер - реттеу.
20. Орташа күрделілікті оптика-электронды аспаптар – реттеу, осьті туралау, сипаттамаларын тексеру, сынақ өткізу (сериялы өндірісте).
21. Кварцты тұрақтандырғыштарымен, қысқа толқындық 2 –диапазондық таратқыштар – электрлік тексеру, реттеу, қабылдаушыға тапсыру
22. Басу сызбанегіздері – жұмыс істеуге тексеру.
23. Электрондық сағаттардың сызбанегіздері – істемеудің, жөндеу мен реттеудің себептерін анықтау.
24. Қалааралық телефон станцияларының релелік жинақтарын тексеруге арналған аспаптар – электрлік тексеру
25. Есептеу- шешуші аспаптар – түйіндерді реттеу.
26. Автоматты баптаумен көпкаскадты қабылдағыштар реттеу.
27. Радиоөлшейтін, стандарты емес күрделі пульттар механикалық және электрлік реттеу, тексеру.
28. Трансляциялық радиотүйіндер - электрлік реттеу.
29. Күрделі релелер – реттеу.
30. Бақылаушы жүйелер – күшейткішті баптау.
31. Телеграфты автоматты станциялар - электрлік және механикалық реттеу.
32. Автоматты баптаумен көпкаскадты теледидарлар реттеу.
33. Түрлі- түсті теледидарлар – конвейерде алдын ала және соңғы реттеу.
34. Көпқабатты басу платаларында логикалық және арнайы ТЭЗ-дер - ТШ сәйкес электрлік реттеу.
35. Магнитті күшейткіштер - тексеру және қабылдаушыға тапсыру.
36. Интегралды сызбаларда ұқсас-сандық құрылғылар баптау, ТУ сәйкес қабылдаушыға тапсыру.
37. 3-, 4- және 5-буындық алыс байланыс аппаратурасы сүзгіші - өшу сипаттамаларын және кіретін кедергіні өлшеу, радиоэлементтерді іріктеу, жиілік бойынша баптау, механикалық және электрлік тексеру.
§ 39. РАДИОЭЛЕКТРОНДЫ АППАРАТУРА МЕН АСПАПТАРДЫҢ РЕТТЕУШІСІ
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарттарға сәйкес күрделі қабылдау- тарататын, теледидарлық және дыбыс жазатын радиоқұрылғыларды, арнайы аппаратураны, электрондық есептеу, электрмеханикалық, гироскопиялық, гидроакустикалық түйіндерді, аспаптар мен жүйелерді электрлік және механикалық реттеу. Ерекше күрделі бақылау- өлшеу аспаптарын және радио және электр өлшеу аппаратурасын реттеу, электрлік тексеру және сынау. Әр түрлі бақылау- өлшеу аспаптарын қолдаумен реттелетін станциялардың, құрылғылар мен аппаратураның жинақтау дұрыстығын, электрлік параметрлері мен жұмысқаблеттілігін тексеру. Анықталған ақаулар мен ақаулықтарды жою. Күрделі механизмдерді, аспаптар мен жүйелерді реттеу мен сынау үшін қосылыстардың макеттік сызбаларын құрастыру. Күрделі радиоқұрылғыларды және басқа аппаратураны электрмеханикалық баптау және жоғары жиілікті трактілерді баптау. Сызбалар мен олардың жеке түйіндерінің жұмыстарын көрсетумен реттейтін бұйымдар мен жүйелерге сериялық және таңдамалы сынаулар жүргізу. Аппаратураны және аспаптарды қабылдаушыға тапсыру.
Білуге тиіс: әр түрлі тағайындаудағы аппараттарды, модельдер мен аспаптарды дәлдікке тексеру мен реттеу тәсілдерін,құрылысын, қызтет ету принципін, жөндеу сызбаларын; күрделі құрылғыларды электрлік, механикалық және кешенді реттеу әдістері мен тәсілдерін; көбейтетін, синустық механизмдерді құру принципін, ұтымды әдістер және оларды реттеу жүйелілігін; станциялардың, жекелеген құрылғылардың, аспаптар мен блоктардың режимдерін орнатупринципін; күрделі радиоқұрылғылардың жекелеген каскадтарын экрандау қағидасын; бұйымдарды толық сынау және қабылдаушыға тапсыру қағидасын; ерекше күрделі құрылғыларды сынаулар кезінде қателік пайызын анықтау әдістері мен тәсілдерін; әр түрлі кешендердің жалпы сызбасында жекелеген құрылғылардың белгіленуін, жұмыс істеу және өзара әркеттесупринципін; электр және радиотехника негіздерін.
Жұмыс үлгілері
1. Антенналар, антенна құрылғылары - таратқышпен жұмыстрды келістіру; диаграммаларды, кернеу сипаттамаларын алу, толқын ағызатын трактілермен келістіру, «жүгіретін толқын» коэффициентін анықтау.
2. Көпарналық телефондық станцияларының аппаратурасы - механикалық және электрлік реттеу.
3. Арнайы, өлшейтін аппаратура, ЭЕМ және кернеумен стаионарлық механикалық сынаулар, блоктар мен түйіндерді реттеу; толық электрлік реттеу.
4. Көпарналық дыбыс жазатын аппаратура - механикалық және электрлік реттеу.
5. Телеграфтық электрондық – механикалық аппаратура – толық реттеу және баптау.
6. Фототелеграфты аппаратура - реттеу.
7. Электрмагнитті, эксцентрикті және сағаттық механизмдермен блоктар - реттеу.
8. Бұйрықтарды автоматты шифрлаумен және қайта шифрлаумен басқару блоктары – реттеу.
9. ЭЕМ блоктары және жартылай сымды аспаптар мен интегралды шағын сызбалармен оларға құрылғылар- ТУ сәйкес электрлік параметрлерді реттеу.
10. ВЧ аспаптар – бөлшектерді механикалық жеткізу тәсімімен және жанастыру құрылғылармен реттеу.
11. Бейне импульстарының генераторлары - баптау.
12. ВЧ бастиектері - реттеу.
13. Жиілік бөлгіштері - реттеу.
14. Индуктивтілік өлшеуіштер, көпірлік ыдыстар - реттеу, тексеру.
15. Телефондық қалааралық станциялардың, диспетчерлік және өрт сөндіру станцияларының коммутаторлары - толық реттеу және жаттықтыру.
16. 1 және жоғары класты магнитофондар - электрлік реттеу.
17. Гироскоп маятниктері – ауытқулар амплитудасын реттеу.
18. Синхрондық және бақылау- қадағалау құрылғыларымен механизмдер- реттеу.
19. Электрондық сағаттардың платалары – жиілік инверторы мен бөлгішінің шығатын және кіретін сигналдарын алу арқылы істемеулердің себептерін анықтау.
20. Жартылай автоматты потенциометрлер (электрөлшеу аспаптарын тексеру үшін) - реттеу.
21. Түзететін және бағдарламалық аспаптар реттеу.
22. Қабылдағыштар, теледидарлар, арнайы аппаратура – толық климаттық сынаулар өткізу.
23. Шағын қуатты радиостанциялар – КВ бақылауының автоматты жүйесін реттеу .
24. Күрделі және ерекше күрделі герметикалық реле - реттеу.
25. Импульстардың синхрогенераторлары - баптау.
26.Есептеу- шешуші аспаптардың жүйелері - реттеу.
27. Күрделі оптико- электронды аспаптар және жүйелер – реттеу, осьті туралау, сипаттамасын тексеру, сынақ жүргізу (тәжірибелі және сериялы өндірісте).
28. Радиорелелік станциялар – баптау және тексеру.
29. Логикалық сызбанегіздермен стенділер - бірлік үлгілерін реттеу.
30. Телефондық қалааралық станциялардың уақыт есептеуіштері - реттеу.
31. Түрлі- түсті теледидарлар - электрлік реттеу (тәжірибелі өндірісте).
32. Арнайы ерекше күрделі ТЭЗ-дер - ТШ сәйкес параметрлерді электрлік реттеу.
33. Әр түрлі, көпкаскадты күшейткіштер (УКВ, СВЧ) – баптау, реттеу.
34. Бақылау- өлшеу теледидар қондырғысы баптау.
35. Жоғары жиілікті қондырғылар (қосатын жартылай сымды аспаптар және интегралды сызбалар) - тексеру, ТШ сәйкес қабылдаушыға тапсыру.
36. Есте сақтайтын құрылғылар (күрделі) – ТУ сәйкес тексеру, қабылдаушыға тапсыру.
37. Интегралдық сызбаларға сандық (күрделі) құрылғылар ТУ сәйкес тексеру.
38. 5 буыннан жоғары аралық, жолақтық және режекторлық сүзгілер - өшу сипаттамаларын, кіретін кедергіні және ассиметрияны өлшеу.
39. 1 және жоғары кластың электрофондары, шағын габаритті магнитолалар - электрлік реттеу
§ 40. РАДИОЭЛЕКТРОНДЫ АППАРАТУРА МЕН АСПАПТАРДЫҢ РЕТТЕУШІСІ
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарттар, бағдарламалар мен арнайы нұсқаулықтарға сәйкес ерекше күрделі электрмеханикалық, радиотехникалық, электрондық- есептеу, гироскопиялық, гидроакустикалық және электракустикалық құрылғыларды, механизмдерді, аспаптар мен жүйелерді электрлік, электракустикалық және механикалық реттеу, толық тексеру, сынау және қабылдаушыға тапсыру. Ерекше күрделі субблоктарды, блоктарды және кешенді миниатюрлеу принциптерінің және микроэлектрондық базаның негізінде жобаланған құрылғыларды баптау, реттеу, сынау. Кез келген күрделілікті бақылау- өлшеу аспаптарын, радио- және электр өлшеу аппаратурасын, сондай-ақ сынақ аспаптары мен тәжірибелі үлгілерді электрлік және механикалық реттеу, толық тексеру және қабылдаушыға тапсыру. Кез келген күрделілікті аппаратураның, механизмдердің, аспаптар мен жүйелердің қайта әзірленетін технологиялық және тәжірибелі үлгілерін реттеу мен сынау үшін сызбалар құрастыру. Аппаратура мен станциялардың сызбаларын реттеу және жаттықтыру әдістерін әзірлеуге қатысу. Реттелетін бұйымдардың негізгі электрлік параметрлерін есептеу. Аппаратураның тәжірибелі дайындамаларын тексеру. Аспаптардың сипаттамаларын алумен сызбаларды өңдеу және жүйенің жұмысын тұтастай көрсетумен қабылдаушыға тапсыру.
Білуге тиіс: реттелетін аппаратураның құрылымын, белгіленуін; әр түрлі тағайындаудағы радидоэлектрондық аппаратура бұйымдарының тәжірибелі үлгілері мен ерекше күрделі құрылғыларын электрлік, механикалық және кешенді реттеу әдістері мен тәсілдерін; тұтастай құрылғылар мен станциялардың режимдерін белгілеупринциптерін, сондай-ақ реттелетін аппаратурадағы ақаулықтарды анықтау әдістері мен оларды жою тәсілдерін; кедергілерді жою тәсілдерін; реттелетін құрылғылардың ерекше күрделі сызбалары мен элементтерін есептеу әдістерін; реттелетін аппаратураның, аспаптардың және станциялардың зауыттық және далалық жағдайларда әр түрлі сынау қағидаларын, т.б.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
Жұмыс үлгілері
1. Кедергіні, индуктивтілікті, сыйымдылықты автоматты сандық өлшеуіштер - тексеру, реттеу.
2. Дозиметрлік аппаратура ерекше күрделі, радиоактивті сәуле тарату спектрлерінің анализаторлары - тәжірибе үлгілерін реттеу.
3. Дыбыс жазатын, көпарналы, ерекше күрделі аппаратура - электрлік және механикалық реттеу (тәжірибелі өндірісте).
4. Арнайы аппаратура (тәжірибе үлгілері) – сызбаларды өңдеумен тексеру, кернеумен вакуумдық сынаулар.
5. Телеграфты, фототелеграфты (ерекше күрделі) аппараттар механикалық және электрлік реттеу, баптау және сынаулар.
6. ЭЕМ аппаратурасы- тәжірибе үлгілерін реттеу.
7. Кез келген күрделілікті телефондау ВП аппараттары- толық электрлік тексеру, қабылдаушыға тапсыру.
8. Телеграфты электрондық, фототелеграфты аппаратура электрлік реттеу, баптау және сынаулар.
9. Толқын ағарлар блоктары – антенналардың бағыттылық диаграммаларын алу.
10. Видеомагнитофондар, студиялық магнитофондар - тәжірибе үлгілерін реттеу.
11. Ерекше күрделі жоғары және төмен жиілікті генераторлар баптау, электрлік реттеу.
12. ЭЕМ кешені - баптау, сынаулар.
13. Сынау- өлшеу телефондық қалааралық станциялардың коммутаторлары - электрлік реттеу.
14. Студиялық магнитофондар (тәжірибелі) - электрлік және механикалық реттеу.
15. Есептеу машиналары – функционалдық түйіндерді реттеу және баптау.
16. Таратқыштар және қабылдағыштар супергетеродиндік барлық толқындық (тәжірибелі) - электрлік реттеу.
17. Арнайы аспаптар (тәжірибелі үлгілер) – сызбаны өңдеумен тексеру.
18. Радиостанциялар (ерекше күрделі) – жұмысқаблеттілігін тексеру, істейтін антенналармен тарататын бөлігін кешенді реттеу және өңдеу.
19. Қадағалайтын жүйелер – электрондық, магнитті және жартылай сымды күшейткіштерді қолданумен тәжірибе үлгілерін реттеу.
20. Автоматика және жетек жүйелері (ерекше күрделі) – сынаулар өткізумен толық реттеу.
21. Әрбір түрлер мен жүйелердің тез әрекет ететін телефон аппаратурасының станциялары - механикалық және электрлік реттеу және жаттықтыру.
22. Гидроакустикалық станциялар - толық реттеу.
23. Эталондық - өлшейтін стенділер - баптау және жөндеу.
24. КА-204 түрлі теледидарлық кешендер - кешенді баптау және реттеу.
25. Түрлі- түсті теледидарлар - баптау, тәжірибе үлгілерін реттеу.
26. Жоғары жиілікті құрылғылар - ТШ сәйкес баптау және реттеу.
27. Есте сақтайтын құрылғылар (ерекше күрделі ) - ТШ сәйкес баптау және реттеу.
28. Күшейтетін – релелік құрылғылар (ерекше күрделі тәжірибелі үлгілер) - реттеу.
29. Инегралдық сызбаларда сандық және ұқсас- сандық құрылғылар (ерекше күрделі ) - ТШ сәйкес баптау және реттеу.
30. Көпарналы электркардиографтар- баптау, реттеу, сипаттамаларын алу, сынау станциясына тапсыру.
31. Тоналдық сигналдың кодтық- қабылдау таратқышының электрондық пластиналары - - тәжірибе үлгілерін реттеу.
32. Жоғары класты стереофондық электрофондар (тәжірибе үлгілері) - реттеу, баптау.
§ 41. РАДИОЭЛЕКТРОНДЫ АППАРАТУРА БОЙЫНША
СЛЕСАРЬ - МЕХАНИК
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Блоктар мен түйіндерді құрастыру және механикалық реттеу. Радиоэлектрондық аппаратураның қарапайым бөлшектерін 12 - 14 квалитеттер бойынша слесарлық және мехникалық өңдеу. Құрастыруға түсетін бөлшектердің сапасын тексерумен аспаптардың қарапайым түйіндерін құрастыру. Панельдер мен сызбанегіздерді құрастыру. Қарапайым бөлшектерді дәнекерлеу. Кесетін құралды қайрау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың аса маңызды бөліктерінің құрылысы, атауы және белгіленуі туралы негізгі мәліметтерді және оларды басқару тәсілдерін; неғұрлым кеңінен таралған әмбебап және арнайы жабдықтардың, жұмыс және бақылау- өлшеу аспаптары мен құралдарының белгіленуін және пайдалану шарттарын; өңдеу өлшемдері туралы негізгі мәліметтерді; электр және радиотехника негіздерін.
Жұмыс үлгілері
1. Дециметрлік антенналар - құрастыру.
2. Блоктар, механизмдер - құрастыру.
3. Түзететін блоктар - шасси, лампалық панельдер, трансформаторлар, дроссельдер және клеммелік сызбанегіздер орнату.
4. Қарапайым механизмдер орнатуды қамтитын лампалық блоктар – құрастыру, механикалық реттеу.
5. Ауыспалы ыдыс конденсаторлары – құрастыру және сверньермен айдау.
6. Лампалық панельдер, диодтармен сызбанегіздер - құрастыру.
7. Иигналды патрондар –және лампаұстағыштар - құрастыру.
§ 42. РАДИОЭЛЕКТРОНДЫ АППАРАТУРА БОЙЫНША СЛЕСАРЬ - МЕХАНИК
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Орта күрделіліктегі аппаратураларды, құралдарды және механизмдерді 11-12 квалитеттер бойынша үйлестірумен және дәлдеумен құрастыру және механикалық реттеу. Кейіннен дәлдеумен бөлшектерді шынықтыру және босату. Орта күрделілікті тораптарды дәнекерлеу. Дайындалған құралдарды сынау, механикалық ақауларды жөндеу. Орта күрделіліктегі бөлшектерді өңдеу жүйелілігін белгілеу. Қарапайым тетіктерді және кескіш құрал-саймандарды (кондукторлар, қырнауыштар және т.б.) дайындау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың, арнаулы және әмбебап тетіктердің, бақылау-өлшеу және кескіш құрал-саймандар мен орта күрделіліктегі құралдардың құрылысын және реттеу тәсілдерін; радиоэлектронды аппаратуралардың әрекет ету принциптерін; орта күрделіліктегі дәл механизмдерді құрастыру мен реттеуді; кескіш құрал-саймандардың құрылымы және оларды қайрау қағидасын; кесудің тиімді режимдерін анықтауды; өңдеу өлшемдері туралы негізгі мәліметтерді; электр және радиотехника негіздерін.
Жұмыс үлгілері.
1. Импульстерді қалыптастыруды күшейткіштің қоректендіру блоктары – құрастыру.
2. Карданды білікшелері - сақиналар мен білікше бүркеншіктерінде саңылау бұрғылаумен құрастыру.
3. Кварцты мөлшерлегіш – бөлшектерді толық дайындау, құрастыру және электрлік тексеру.
4. Моторларымен тіреуіштер – қозғалысты беретін бұрандықтың белдігімен мотордың белдігінің орталықтандырылған жағдайын қамтамасыз ететін, моторды қатқыл орнатумен құрастыру.
5. Бірнеше кинематикалық жұптармен қарапайым құрылымдағы механизмдер – құрастыру және механикалық реттеу.
6. Ауыстырып – қосқыштар – барлық жиналатын бөлшектерді үйлестірумен және реттеумен толық құрастыру.
7. Серіппелі түйіспе (қола және болат) – термиялық өңдеусіз толық дайындау.
8. Ілеспе жүйе – құрастыру.
9. Төрткілдешті және құбырлы қосылыстар – домалату.
10. Есептегіштер – құрастыру.
11. Цилиндрлік және конустық тістегеріштер – домалату.
12. Электрлі стопорлар – құрастыру.
§ 43. РАДИОЭЛЕКТРОНДЫ АППАРАТУРА БОЙЫНША СЛЕСАРЬ - МЕХАНИК
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сызбалар мен үлгілер бойынша 7-10 квалитеттер бойынша (дәлдіктің 2-3 сыныптары) күрделі аппаратураларды, құралдар мен тораптарды дайындаумен, үйлестірумен және дәлдеумен құрастыру және механикалық реттеу. Әртүрлі түрдегі механикалық және слесарьлық өңдеуді қолдануды талап ететін ұштасатын мөлшерлердегі айтарлықтай сандағы күрделі бөлшектерді толық өңдеу. Кейіннен дәлдеумен күрделі бөлшектерді шынықтыру және босату. Дайындалған құралдардағы механикалық ақауларды анықтау және сынау процесінде оларды жөндеу. Күрделі тораптар мен құралдарды құрастыру жүйелілігін белгілеу. Әртүрлі түрдегі дәнекерлеуді орындау. Орта күрделіліктегі тетіктерді, кескіш құрал-саймандарды дайындау. Орта күрделіліктегі құралдарды күрделі жөндеу.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың, аппаратуралардың құрылысын; кинематикалық, электрлі сызбаларды және қолданылатын жабдықты баптау қағидасын; күрделі және дәлді бақылау-өлшеу құрал-саймандарының және аспаптарының, оның ішінде электр өлшеу аспаптарының құрылысын, белгілеуді және оларды қолдану қағидасын, сондай-ақ бұрыштарды өлшейтін аспап бойынша эксцентриктерді және өзге де қисықтарды тексеру принципін; күрделі бөлшектерді механикалық слесарьлық өңдеу әдістерін; қалыпты және арнаулы кескіш құрал-саймандарды термоөңдеу мен дәлдеу қағидасын, күрделі аппаратураларды, тиісті өндірісте дайындалатын аспаптар мен тораптарды құрастыру, механикалық реттеу; күрделі бөлшектерді механикалық және слесарьлық өңдеу тәсілдерін; өңдеу өлшемдері туралы негізгі мәліметтерді; электр және радиотехника негіздерін.
Жұмыс үлгілері.
-
Амперметрлер, вольтметрлер – күрделі жөндеу.
-
Антенналар, қоректендіру блоктары, редуктормен және бұрамдық берілістермен механизмдер – құрастыру.
-
СВЧ аппаратурасы – құрастыру және механикалық реттеу.
-
Гидромоторлар блоктары – құрастыру, теңгеру.
-
Жартылай өткізгіштегі блоктар – икемдеу.
-
Түрлі-түсті теледидарға қоректендіру блоктары – механикалық және электрлі ақауларды анықтау мен жөндеу.
-
Жоғары жиіліктегі бүркеншіктер – құрастыру.
-
Импульстер бергіштері, көрсеткіштер, курсографтар – құрастыру.
-
Конустық дифференциал – құрастыру, «өлі» жүріс пен жетекші белдік сәтін дәлдеумен тісті дөңгелекті домалату.
-
Цилиндрлі дифференциал (қыздырылған және шикі) – сызба мен техникалық шарттар талаптары шеңберінде «өлі» жүріс пен статистикалық сәттер өлшемін қамтамасыз ететін бөлшектерді үйлестірумен және тістегерішті домалатумен құрастыру.
-
Бұрамдық берілісімен шарлы мойынтіректегі ауыспалы сыйымдылықтағы конденсаторлар – бөлшектерді толық дайындау, құрастыру.
-
Уақыт механизмдері – құрастыру және реттеу.
-
Көбейткіш механизмдер – құрастыру.
-
Бағдарламалық және эрретирлеуші механизмдер – құрастыру және механикалық реттеу.
-
Керамикалық, текстолиттік және пластмассалық негіздемелерде бірнеше жағдайдағы ауыстырып – қосқыштар – бөлшектерді толық дайындау, құрастыру және реттеу.
-
Аяқпен қосылатын және бұрамдық ілгегі бар ұшқын сөндіргіш қылшақты ауыстырып – қосқыштар – бөлшектерді толық дайындау, құрастыру және реттеу.
17. Электр жетекті редукторлар – құрастыру және реттеу.
44. РАДИОЭЛЕКТРОНДЫ АППАРАТУРА БОЙЫНША СЛЕСАРЬ - МЕХАНИК
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерді дайындаумен, үйлестірумен және жетілдірумен ерекше күрделі аппаратураларды, құралдар мен тораптарды құрастыру, механикалық реттеу. 7 квалитет бойынша ұштасатын мөлшердегі көп санды бөлшектерді механикалық және слесарьлық өңдеу. Ерекше күрделі сызбалар бойынша құралдарды құрастыру жүйелілігі мен технологиялық процесін белгілеу. Жауапты бөлшектерді термиялық өңдеу. Дайындалатын құралдарды сынау, механикалық және электрлік ақауларды анықтау және оларды жөндеу. Күрделі тетіктерді, қалыпты кескіш құрал-саймандарды дайындау және оларды қайрау. Дәнекер түрлерін таңдау және олармен әртүрлі тораптарды дәнекерлеу. Күрделі құралдарды күрделі жөндеу.
Білуге тиіс: жабдықтардың, ерекше күрделі және дәлді құралдар мен механизмдердің құрылысын, қызмет ету принципін, құрылымдық ерекшеліктерін және тексеру тәсілдерін; осы өндірісте дайындалатын ерекше күрделі аппаратураларды, құралдарды, механизмдер мен тораптарды құрастыру, механикалық өңдеу қағидасын; ерекше күрделі бөлшектерді бекіту және салыстыру тәсілдері; өңдеу өлшемдері туралы негізгі мәліметтерді; элекр және радиотехника негіздерін.
Жұмыс үлгілері.
1. Құрама іліну жүйесі бар ауыспалы сыйымдылық конденсаторлардың агрегаттары (конустық, бұрамдық, қисық тісті) – дайындау.
2. Дәлділік сыныбы 0,1 – 0,2 амперметрлер, вольтметрлер – күрделі жөндеу.
3. Дөңгелек және жалпақ ірі аумақты антенналар – тораптарды құрастыру және жалпы құрастыру.
4. Ерекше күрделі аппаратуралар мен бақылау-өлшеу құралдары – механикалық реттеу.
5. Тіркеуші және әріп басушы аппаратуралар – құрастыру және реттеу.
6. Беруші генераторлар – құрастыру.
7. Бөлгіштердің бастиектері – дайындау және құрастыру.
8. Магнитті бастиектер – толық дайындау және құрастыру.
9. Бұрышты өлшейтін құралдар – реттеу кезінде анықталған барлық ақауларды бөлшектерді бөлшектеумен, ауыстырумен және кейіннен құрастырумен және реттеумен түзету.
10. Жұдырықшалы жүйесі бар антенналық ауыстырып – қосқыштардың бөлшектері – дайындау, құрастыру және реттеу.
11. Бейнемагнитофондар үшін таспа тарту механизмдері – бөлшектерді үйлестірумен құрастыру және реттеу.
12. Әртүрлі ілгіштермен механизмдер – шағын аумақты жіңішке қабырғалы корпуста құрастыру.
13. Синхронды және бақылау – қадағалау құрылғылы механизмдер – құрастыру.
14. Эксцентрикті механизмдер – құрастыру.
15. Тұрғызушылар, есептеу – шешу механизмдері – бөлшектерді құрастыру және үйлестіру, күймешелер жүрісінің жатықтығын реттеу. «Өлі» жүрістер мен сәттерді тексеру.
16. Қабаттасқан, электромагнитті, эксцентрикті және сағатты механизмдері бар дәлді құралдар – үйлестірумен құрастыру, механикалық және электрлік реттеу.
17. Фрикциялық және электромагнитті механизмдері, цилиндрлік және дифференциалды ілгіштері бар орталықты және шеткерлі құралдар – ілгіш бөлшектерін ысқылаумен және үйлестірумен құрастыру және реттеу.
18. Үш – төрт бұрамдық – тістегеріштерді ауысулар бар сельсиндер – дәл салыстырумен құрастыру және реттеу.
19. Қуатты күшейткіштер – құрастыру.
20. Потенциометрі, бергіші, редукторы, моторы бар антенналық құрылғылар – құрастыру (аз сериялы өндіріс жағдайында).
21. Гироскопиялық құрылғылар – бөлшектерді, тораптарды және құралдарды құрастыру, статистикалық және динамикалық теңгеру, механикалық реттеу, сынау және тапсыру.
22. Бейнемагнитофондар үшін үнтаспа құрылғылары – құрастыру және реттеу.
23. Баспа құрылғылары (реперфораторлар, трансмистерлер, клавиатуралар) – бөлшектерді үйлестірмен құрастыру, бейімдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |