26 дәріс тақырыбы: Сөйлеу мүшелерінің патологиясы Жоспары



бет3/8
Дата20.05.2022
өлшемі30.77 Kb.
#458116
1   2   3   4   5   6   7   8
мұрын аурулары

Атрофиялық тұмау мұрынның қалындауымен емес, керсінше жұқаруымен сипатталады. Мұндай ауру зиянды затардың үнемі әсер етуінен дамиды. Мысалы, ыстық ауамен мұрынның кілегейлі қабатын құрғату, силикатпен, цементпен, шылыммен және шаңның басқа түрлерімен дем алғанда. Кейбір жағдайларда атрофиялық тұмау ең ақырғы саты ретінде гипертрофиялық тұмаудан дамуы мүмкін, осы кезде өсіп кеткен дәнекер ұлпасының солып қалуы жүреді. Атрофиялық тұмаудың айқын формасында кілегейлі қабат жұқарып, құрғақ қабықтармен жабылады, ал мұрын жолдары кеңейуі соншалықты одан мұрынжұтқыншақты анық көруге болады.
Мұрын полиптері. Мұрын полиптері жұқа аяқшаларда отырған
дөңгелек пішінді ісінген түзілістер. Олар көбнесе ортаңғы мұрын
жолдарынан шығады. Полиптер сұр түсті, кейде сары-қызғылт түсті,
тегіс беткейлі консистенция. Оның мөлшері әр түрлі болып келеді: бір
сырқатта көптеген ұсақ бұршақ тәрізде полиптер болады, басқа бір
сырқаттарда бүкіл мұрын қуысы бір ірі полиптерге толы болуы
мүмкін. Полиптер қосалқы мұрын қуыстарының ауруларында дамиды.
Сырқат адамдар дем алудың қиынға соғуын сезінеді. Бас жиі
аурады, мұрынның бітелуіне орай дауыс өзгереді, есту қабілеті
төмендейді. Полиптерді хирургиялық жолдармен емдейді. Ринолалия. Мұрын қуысының дауыстың пайда болуы мен артикуляциясына қатысуы бұзылған кезде дауыс тембрі мен сөйлеу дыбыстарының патологиялық өзгерісі ринолалия деп аталады. Ринолалияның екі түрін ажыратады – ашық және жабық. Ашық ринолалия кезінде барлық сөйлеу дыбыстарының дыбысталуы тек ауыз арқылы ғана емес, мұрын арқылы да өтеді; ал жабық ринолалия кезінде ауа тек ауыз арқылы ғана өтеді.
Мұрын қуысы өткізгіштігінің бұзылысын тудыратын мұрынның толық екі жақты атрезиясы және басқа да патологиялық процесстер мұрын резонансын толық істен шығуына әкеледі. Осы кезде жабық ринолалия пайда болады. Дауыс мұндай жағдайда өзіннің обертонынан айырылып, дауыс естілмейді. Егер мұрын қуысының бітелуін тудыратын кедергілер мұрынның немесе мұрынжұтқыншақтың артқы бөлімінде орналасса, онда оны артқы жабық ринолалия деп атайды. Ал кедергілер мұрын қуысының алдыңғы бөлімінде орналасса, онда оны алдыңғы жабық ринолалия деп атайды.
Осыдан кейін міндетті түрде логопедиялық жаттыуларды жүргізу қажет; бір логопедиялық жұмыс арқылы функционалды жабық ринолалияны емдеуге болады. Ашық ринолалия жабық ринолалияға қарағанда жиі кездеседі. Мұрын дыбыстарынан басқа сөйлеу дыбыстарын қалыпты шығарған кезде жұмсақ таңдай жұтқыншақтың артқы қабырғасына жанасады және ол осылай жұтқыншақтың ауыз бөлімін мұрынжұтқыншақпен байланыстырады. Осындай байланыстың арқасында дыбыс шығару кезінде пайда болатын ауа ағыны ауыз арқылы бағытталып, нәтижесінде сөйлеу дыбыстары өзінің қалыпты тембріна ие болады. Осы тембр сондай өзгермейді, жұмсақ таңдай жиырылған кезде жұтқыншақтың артқы қабырғасынан алшақтағанда -5мм саңылау
қалса да; ауаның дыбыс ағыны осы жағдайда тар саңылау арқылы мұрынға емес, ауызға бағытталады. Сөйлеу сол кезде түсініксіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет