3- сынып оқушыларына арналған таңдау курсы бойынша қызықты ойын есептер мен логикалық тапсырмалар жинағы. /жұмыс дәптері / Алғы сөз



бет1/37
Дата19.10.2022
өлшемі0.7 Mb.
#462989
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
matematika-aelemi-t


Оспанова Сара Султановна



«Математика әлемі»


3- сынып оқушыларына арналған
таңдау курсы бойынша
қызықты ойын есептер мен логикалық тапсырмалар жинағы.
/жұмыс дәптері /

Алғы сөз
Бүгінгі Қазақ еліне сыни ойлай алатын, жылдым шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл оқушылар қажет. Сондықтан тек білімдік мақсаттарды шешіп қоймай, оқушылардың қырағылық, шапшаңдық қасиеттерін, тез ойлау, шапшаң қабылдау қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн.
Бүгінгі бастауыш сыныптарда оқу әрекетінде белсенді ойлап,шапшаң, қырағылықпен көре білетін епті, білгір оқушы қажет. Сондықтан сабақтарда оқушылар үнемі білімдік жаттығулар, типтес есептер шығарумен айналысады.
Яғни, мұндай жағдайда тиімді деуге болмайды. Балаға елеусіз болса да өз күшімен, өз ойымен, қиындықты жеңе отырып, жылдам шешім шығаруға көмектесу басты міндет. Ол үшін сабақтарда түрлі әдіс–тәсілдер мен технологияларды, қызықты ойын – есептер және логикалық тапсырмаларды қоладанудың маңызы зор.
Қызықты есептер мен логикалық тапсырмаларды шығару оқушылардың математикаға деген ынтасын арттырады. Математика пәніне және оны қолдану саласына деген белсенділік қызығушылығын оятады, шығармашылық тапсырмаларды терең игеруіне және өз білімін тереңдетуге әсер етеді, оқушылардың қабілетінің мейлінше кемелдене түсуіне мүмкіндік береді.
Бұл әдістемелік құралдың мақсаты:
Қызықты ойын есептер мен геометриялық фигуралармен берілген логикалық және ойды сергіту тапсырмаларын орындаудағы мақсат – логикалық жаттығуларды шапшаңдықпен шығару, баланың ақыл – ойын , қиялын, ой ұшқырлығын дамытудың ең ұтымды тәсілі.


Бұл әдістемелік құралдың негізгі міндеттері

  • оқушылардың логикалық ойлауын тереңдету ,

  • шығармашылық қабілеттерін дамыту,

  • рухани байлықтарын дамытуға,

  • шапшаң белсенді ойлауға жағдай жасау,

  • танымдық деңгейін кеңейту.

Бұл әдістемелік құрал сабақтарға бөлініп, барлық тапсырамалардың жауаптары соңында берілген.


1-САБАҚ

1. Аттарын атамай аптаның бес күнін атап шық


2.Жаз мезгілінің екінші айы қалай аталады.
3. Адам несіз өмір сүре алмайды.
4.Кемпірқосақтың түсі нешеу?
5.Ең қысқа айды ата
Тапсырмалар
1. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай
лақтыру керек?
____________________________________________________________________________________________________________________________________
2.Сен автобустың жүргізушісісің, қалай ойлайсың жүргізушінің жасы нешеде ?
____________________________________________________________________________________________________________________________________
3. Дүкенде 4 әртүрлі қасық, 5 әртүрлі кесе, 3 әртүрлі тәрелке бар. Неше әдіспен 1тәрелке, 1 қасық және 1 кесені сатып алуға болады?
____________________________________________________________________________________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет