3- тақырып Әкімшілік-құқықтық нормалар мен қатынастар



Дата13.10.2022
өлшемі171 Kb.
#462609
Презентация 3 такырып

3- тақырып Әкімшілік-құқықтық нормалар мен қатынастар

  • Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігі мен ерекшеліктері.
  • Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері, олардың функциялары мен құрылымы.
  • Әкімшілік-құқықтық нормаларды іске асыру

Дәріс мақсаты:

  • әкімшілік-құқықтық нормалар мен қатынастардың мәні, ерекшеліктері мен түрлері туралы жалпы түсінік қалыптастыру.

Әкімшілік-құқықтық нормалары:

  • мемлекеттік органдардың басқару-атқару жұмыстары процесінде пайда болатын, атқару билігі аясында қоғамдық қатынастарды реттеуші, мемлекеттік органдардың актілерінде көрсетілген, мемлекеттік заң шығару және атқару билігінің органдары тағайындаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелері.

Әкімшілік-құқықтық норма реттейді:


мемлекеттік басқару саласындағы қатынастарды,
мемлекеттік қызметті жүзеге асыру процесінде туындайтын басқарушылық сипаттағы қатынастарды

Әкімшілік құқықтық нормалардың алдына қойған міндеттері:

  • -мемлекеттік басқару жүйесінің әр түрлі бөлімдерінің өзара қатынасын реттеу;
  • -басқару функцияларына ие субъектілер мен оларға бағынышты объектілердің заңды талаптарын орындауға қатысты ғылыми тұрғыдан негізделген және мақсатқа сәйкес келетін орынды өзара қатынасын баянды ету;
  • -басқару қызметінің әр түрлі салаларының байланысын және мемлекеттік органдардың басқа да құқық субъектілерімен өзара әрекеттестігінің тәртібін белгілеу
  • Әкімшілік құқық нормалары жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтық жағдайын да айқындайды.

Әкімшілік құқықтық норманың ішкі құрылысы:

  • - гипотеза;
  • - диспозиция;
  • - санкция;

Әкімшілік-құқықтық нормалар әр түрлі критерийлер бойынша бөлінеді:

  • 1)мазмұны;
  • субъектілердің мінез-құлқына әсер ететін әдістері бойынша ;
  • 3)мақсаты (тағайындалуы);
  • 4)қолдану өрісі;
  • 5)заң күші;
  • 6)кеңістік, уақыт, субъектілер бойынша ықпал етудің шектері бойынша

Мазмұны бойынша нормаларды:


материалдық
процессуалдық

субъектілердің мінез-құлқына әсер ететін әдістері бойынша:

  • 1. міндеттеуші;
  • 2. тыйым салушы;
  • 3. уәкілдік беруші

Мақсаты (тағайындалуы)бойынша:


реттеуші
қорғаушы

нормалар реттеуші мен қорғаушыларға бөлінеді:

  • реттеуші норма – бұл белгілі мемлекеттік басқару өрісінде субъектілерге құқық беруші немесе міндеттерді жүктеуші нормалар.
  • Қоргаушы нормалар – бұл құқықбұзушылықтың құқықтық зардаптарын (жаза шараларын) белгілеуші нормалар.

Заң күші бойынша:

  • Заңшығару
  • Заңдарды жүзеге асырушы

Қолдану өрісі бойынша нормалар:

  • атқару билік органдарының,
  • мемлекеттік кәсіпорындар
  • мемлекеттік мекемелерінің,
  • қоғамдық бірлестіктерінің,
  • мемлекеттік қызметкерлердің,
  • азаматтардың ұйымдастыру мен іс-әрекеттерін белгілейтін .

Кеңістік, уақыт, субъектілерге ықпал етудің шектері бойынша:

  • жалпы міндеттілерге
  • жүйе ішіндегілерге (тек бағынышты субъектілер ушін ғана міндетті).

Әкімшілік-құқықтық қатынастар:

  • әкімшілік құқықтың нормаларымен ретке келтірілетін мемлекет басқару өрісіндегі қоғамдық қатынастар

әкімшілік құқықтық қатынастардың элементтері:

  • 1 Субъект
  • 2.Объект
  • 3. Заңды фактілер

Әкімшілік құқықтық қатынас субъектілері:

  • ҚР азаматы,
  • шетел азаматы,
  • азаматтығы жоқ тұлғалар;
  • мемлекеттік органдар,
  • қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер,
  • мемлекеттік қызметшілер
  • қоғамдық ұйымдар қызметшілері.

Әкімшілік құқықтық қатынас объектісі:

азаматтың атқарушы билік органдарымен өзара қарым-қатынасындағы әкімшілік-құқықтық мәртебесін құрайтын құқықтар, бостандықтар мен міндеттердің барлық жиынтығы.


Әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне және олардың жойылуына негіз болып
заңды фактілер
тұрады.

Заңды фактілер 2 түрге бөлінеді:


оқиға
Іс-әрекет

әкімшілік құқықтық қатынастардың элементтері:

  • 1 Субъект
  • 2.Объект
  • 3. Заңды фактілер

Әкімшілік құқықтық қатынастардың түрлері:


ТІКЕ ЖӘНЕ КӨЛБЕУ
МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕСУАЛДЫҚ
РЕТТЕЙТІН ЖӘНЕ ҚОРҒАЙТЫН
ЗАҢДЫ ЖӘНЕ ЗАҢСЫЗ
ӘКІМШІЛІК ЖӘНЕ СОТ ТӘРТІППЕН ҚОРҒАЛАТЫН

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет