Жоспар
Кіріспе...................................................................................................................................3-6
I. Синтаксис туралы жалпы түсінік.
-
Жай сөйлем синтаксисі........................................................................................7-8
-
Сөйлемнің құрамы...............................................................................................9-10
-
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері...........................................................................11-16
ІІ-тарау. Сөйлем туралы түсінік және олардың түрлері.
2.1 Хабарлы сөйлем.................................................................................................17-18
2.2. Сұраулы сөйлем.....................................................................................................19
2.3 Лепті, бұйрықты сөйлем....................................................................................20-21
2.4. Болымды және болымсыз сөйлем.......................................................................22-25
Ш-тарау. Шешендік өнер туралы түсінік.
-
Қазіргі шешендіктегі сөйлеудің түрлері............................................................26-27
-
Шешенге қойылатын талаптар.........................................................................28-29
-
Көпшілік алдында сөйлеудің құрылымы........................................................30-32
Қорытынды.........................................................................................................................33-34
Әдебиеттер.........................................................................................................................35-36
Кіріспе
Жалпы жұмыстың сипаттамасы.
Диплом жұмысының көкейтестілігі:
Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа жүйесін пайдалана отырып,
шешендік сөздерден жай сөйлемдердің қолдануын үйрете отырып, оқушылардың талдау жұмыстарын меңгертуге және шешендік сөздердің тәрбиелік мәніне тоқталамыз.
Қазіргі қоғамдағы болып жатқан жаңа білімдік, мәдени-әлеуметтік, ғылыми-техникалық және т. б. өзгерістер балаларды тәрбиелеу ісін жаңа сатыға көтеруді талап етіп отыр. Бұл, өз кезегінде, балалардың саналы тәртібі, байымды мінезі туралы түсінігін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу қазіргі қалыптасқан, дәстүрлі әдістемелік жүйесін біршама өзгертіп, жетілдіруді қажет етеді. Осыған орай өткен ғасырлардағы озық педогогикалық және әдістемелік идеяларды қайтадан елегінен өткізіп, бүгінгі заманның талабына сай, біршама өзгерген және жаңа жағдайларда қолдану ерекше маңызға ие болып отыр. Сондықтан болашақ өміріміз жастардың қолында десек, кейбір жөн сілтер шешендік сөздердің қолданылуын балаларымызды тәрбиелеудің, олардың педогогикалық ой-пікірін, идеяларын тиімді үйлестіріп, ұштастыру мәселесінің шешілуіне ерекше көңіл аударылуға тиіс.
Бастауыш сыныптарындағы алғашқы сөз ұйқастары туралы проблема -психологиялық, педогогикалық, әдістемелік т. б. әдебиеттерде жиі көтеріліп жүрген мәселе. Окушылардың логикалық ой-өрісін арттыруда оларды тәрбиелеу арқылы дүниеге деген көзқарасының ерекше маңызы бар.
Бүгінгі күнгі жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу баланың алдына үлкен жауапкершілік артып отыр. Өйткені балаға берілетін саналылық тәрбие сипаты ол өмірге келген күннен отбасында басталуы тиіс. Кейіннен бала-бақша, мектеп, қоршаған орта және қоғамдағы болып жатқан әртүрлі жағдайлардың әсерімен одан әрі қалыптаса түседі. Бұл көпшілікке таныс мәселе. Бірақ бұл жерде балалардың жақсы немесе жаман мінезді болып жетілуіне ең алдымен отбасындағы ата-ананың, одан соң сол отбасындағы үлкендердің әсерлі-ықпалы бірінші кезекте аса маңызды фактор болатынына назар аударғымыз келеді. Кейбір ата-аналар өз перзенттерін шектен тыс еркелетіп, бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді немесе отбасындағы өнегелі тәрбие жұмысына немқұрайдылықпен қарайды. Ал мұндай жағдайлар көбіне көп баланың бойында теріс мінездердің пайда болуына тікелей себепші болуы мүмкін.
Балалардың тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі арнайы зерттелмеген. Дегенмен, бұл мәселеде аз да болса, С. Рахметов, А. Көшімбаев, Б. Құлмағамбетова, К. Ақбаева, Тоқбергенов, К. У. Тахирдинова, А. Асқарбаева т.б. педогог-ғалымдар оқушының ынтасын, зейінін қалай арттыру кажет және оның әдістемелік әдіс-тәсілдері қандай деген проблемаға назар аударды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық қазынаның, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамда дұрыс тәрбие қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау» - делінген. Осы заңның 2-ші бабында былай жазылған: «Жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік, тән сауаттылығы, өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау жолымен оның интеллектін байыту және жеке адамның шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін отбасының, мектептердің, бүкіл жүртшылықтың біріге жұмыс істеуі қажет. Төменде ұсынылып отырған бірнеше тарауларда, мен балалар тарапынан болатын ой жүйесі негізіне және сөйлем туралы түсінік талдау жасап, себебін аныгтап, олармен жұмыс істеудің жолдарын белгілеуге, педагогикалық майданның маңызды бөлігінде оны ұйымдастырудың кейбір түрлерін ұсынуға тырыстым.
Диплом жұмысының зерттеу нысанасы:
Тұлғаның дамуы, тәрбиесі, қалыптасуы, балалардың жас кезеңдері және дербес ерекшеліктері, сонымен бірге ынтымақтастық педагогиканың мәні, негізгі идеялары қарастырылған.
Зерттеу пәні:
Бастауыш сыныптарда шешендік сөздердегі жай сөйлемдердің қолданылуы материалдарын мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдалануға мұғалімдерді әдістемелік даярлау процесі.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті:
-
Бастауыш сынып оқушыларына оқытудың жаңа жүйесі бойынша
талдау жұмыстарын меңгерту.
-
Шешендік өнердің қалыптасу тарихы немесе таныстыру, шешендік
сөздердің түрлерін, әрқайсысының мазмұнын сөз қолданыс
ерекшеліктерін таныту.
-
Оқушылардың шығармашылық ойлау дағдысын қалыптастыру.
-
Бастауыш сынып оқушыларда, педагогикалық ықпал ету шараларына,
оқуға және еңбекке деген адамгершілік қарым-қатынасын
қалыптастыру.
-
Оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен деректерін жан-жақты
дамыту;
-
Сыныптан тыс жұмыс арқылы оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту
мен қажеттіліктерін өтеу;
-
Сыныптан тыс жұмыс түрлерін айқындау және оларды ұйымдастыру
жолдарын көрсету;
Диплом жұмысының ғылыми болжамы:
Тәрбиені — еңбекке баулу, кәсіптік бағдар беру, қызығушылығын арттыру арқылы жүргізсе, баланың мінез-құлқын дұрыс қалыптастыруға, нақты нәтижелерге жетуге болады;
Диплом жұмысының зерттеу әдістері:
Салыстыру, талдау, жинақтау, бақылау, және түсіндіру әдістерімен пайдаланылды;
Диплом жұмысының материалдары:
Бастауыш сыныптардың қазақ тілі оқулығы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға, жүргізуге арналған еңбектер;
Диплом жұмысының құрылысы:
Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың практикалық қолданымы:
Оқытудың жаңа жүйесі арқылы бағыт - бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, ой - өрісін дамыта отырып, қорытынды шығаруға машықтандыру.
Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:
Мұғалімдерді мектеп жағдайында бастауыш сыныптардың қазақ тілі материалдарын оқу-тәрбие процесіне пайдалануға даярлаудың мазмұнды негіздері, оның қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануда негізге алынуы және процессуалдық /формалар мен әдістер/ салалары.
Сөйлем тілдегі басты единицалардың бірі. Ол фонема, сөз, сөз тіркестерінің айырмашылықтары, сөйлем толық коммуникативтік қызмет атқарады.
Фонема, сөз, сөз тіркестерінен құрала отырып, шындық болмыстың қандай да бір бөлшегі туралы хабар береді. Тек сөйлемде ғана тіл қарым-қатынас ретінде толық қызмет атқарады.
Сөз айналадағы, қоршаған ортадағы заттардың мағыналары мен атаулары бірлікте тұрған күрделі единица Сөз тілде коммуникативтік мағына бергендіктен, тілдік қарым —қатынаста «Құрылыс материалы» қызметін атқарады.
Тілімізде тек бір сөзден құралған сөйлемдер жазушылардың табиғат көркемдігін бейнелеу үшін қолданатыны ерекше стилдік тәсіл. Сондықтан бұл сөйлемдер толық коммуникативтік қызмет атқара алмайды деуге толық негіз бар. Мысалы, айдала көлдің биік қабығы, әлсіз жел. Күн бұлыттанып барады. Бұл сөйлемдердің ішінде «айдала» сөйлемі коммуникативті қызыметі емес. Номинативтік мағына беріп отыр. Тек қалған сөйлемдер мен мағыналас болып, құрау арқылы ғана коммуникативті қызмет атқарады. Сонымен сөз тілді коммуникативті қызметте емес, коммуникативті мағынада жасалады. Бірақ, сөйлем сөздерден құралғанда ғана өз қызметін атқара алады. Сонымен тіліміздегі, ең ірі единицалардың бірі, сөйлем сөздерден сөз тіркесі құралып, тиянақты ойды жеткізеді.
I. Синтаксис туралы түсінік.
1.1. Жай сөйлем синтаксисі.
Адам өз ойын білдіргенде тек сөзбен ғана білдірмейді. Егер бір сөзбен білдірсе, онда ой толық анықталмайды. Сондықтан сөздерді бір-бірімен байланыстыра отырып, ойын толық жеткізеді. Мысалы: Самсаған көздің бәрі сені байқаған, бәрінде үн жоқ —деген сөйлемде, айтылған ой «жұрттың бәрі бір кісіге қарап, үн шығармай тыңдап тұр»- дегенді білдіреді. Осы ойды тек жекелеген сөздер мен беруге болмайды, ондай жағдайда айтылар ойдың жүйесі бұзылары анық. Адам бір — бірімен тілдеседі. Тілді коммуникативті малдайта қолданылмайтындықтан, адамның миында бірнеше сөздер өзара мағынасын, байланысып, сөйлеу процесінде түйдектелген, сөздер негізінде құралған сөз тіркесін «сөйлемді» қазақ тілі ғылымында синтаксис ғылымы қарастырады.
Синтаксис /грекше- «Syntaxsis» - құру, тәртіп/ грамматикалық марфология саласымен тығыз байланысты, сөздердің өзара тіркесу қабілеттерін байланысу формалары мен тәсілдерін, сөйлемнің құрамын және оның түрлерін зерттейтін грамматиканың бір бөлігі.
Синтаксис ғылымының зерттеу аясын А. Шахматов «сөздегі ойды табатын тәсілдерді зерттейтін грамматиканың саласы ретінде анықтаса, Ф. Фортунаитов «Сөйлем ішіндегі сөздердің қызметі мен тұлғасын зерттейтін грамматикалық тарауы ретінде таниды. М. Балақаев Синтаксис сөз тіркесін сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін және басқа синтаксис формаларды адамның ойын білдіру грамматикасының тәсілдері ретінде, өзара байланысты категориялар ретінде қалыптастырады» - деп атап көрсетеді. Осы пікірлер негізінде синтаксис ғылымының зерттеу аясы екі жақтама түсіндіріледі.
-
Нақтылы процестің пайда болуын зерттейтін жасау құралдары
мен қағидалары түсіндіріледі.
-
Сөйлеу процесінің пайда болуын зерттейтін грамматиканың бір
саласы. Онда сөйлем ішіндегі мен сөздердің үйлесуі, сөйлемнің
жалпы қасиеттерін зерттейді.
Синтаксис ғылымының единицасы болып сөз тіркесі алынады. Осыған байланысты синтаксис ғылымы екі тараудан тұрады. Сөз тіркесінің синтаксисті. Мұнда сөздердің байланысу тәсілдері, формалары және түрлері зерттелінеді. Тіл қарым- қатынас жасаудың құралы да, сөйлем қарым -қатынас жасауда кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Кісінің ойы әр алуан, әр қилы болғандықтан соларды айту үшін жұмсалатын сөйлемдер. Олардың құрамы да әр түрлі болады. Сөйлем құрамындағы сөздің саны аз болуы, көп болуы, ой ерекшелігін, стиль ерекшелігімен байланысты.
Сөйлемде грамматикалық мағыналарға ие болып, синтаксистік қызмет атқарып тұратын сөздерді сөйлем мүшелері дейміз. Жай сөйлемдер құралдық ерекшелігіне қарай жалаң және жайылма болып бөлінеді. Жалаң сөйлем бастауыш пен баяндауыштан не оның біреуінен құралады.
Ал, сөйлем құрамына бастауыш, байндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелер не олардың бірі болса, сөйлемнің іргесі кеңіп, ол жайылмаға айналады. Мысалы: Жел өршелене түсті. — жалаң. Ызғарлы жел өршелене түсті — жайылма. Толқын күшейді — жалаң. Теңіздің толқыны кешке таман күшейеді — жайылма.
Сөйлем құруға негіз болатын мүшелер тұрлаулы мүшелер — сөйлем атауының грамматикалық ұйытқысы. Ал тұрлаусыз мүшелер тұрлаулы мүшелердің маңына топталып, не тікелей соларды, не, бірін- бірі , не, бірін-бірі анықтап толықтап, растап тұрады. Мысалы: Шығысқа қарай беттеген үлкен кеме толқынды теңізді тіліп келеді. Бұл сөйлемнің бастауышы - кеме, баяндаушы- тіліп келеді. Олардан басқа мүшелер сол екеуінің маңына біріне-бірі бағынып барып, не тікелей бастауышқа, не баяндауышқа бағынған. Тұрлаусыз мүшелер - толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып үшке бөлінеді.
1.2. Сөйлем кұрамы.
Сөйлем құрамының негізі - бастауыш пен баяндауыш болғанымен сөйлем құрамында баяндауыштың қызметі басым ерекше.
Сөйтіп мағыналық, синтаксистік қарым-қатынасқа түсетін сөздерді сөйлем мүшесі дейміз.
Тұрлаулы мүшелер.
Тұрлаулы мүшелердің синтаксистік қызметі бірдей емес. Әдетте бастауыш сөйлемде айтылатын ойға негіз болады, ол баяндауыш арқылы айтылған /ойдың/ қимылдың не басқа сапаның субъектісі /иесі/ болады.
Баяндауыш бастауыштың ісін, қимылын, күйін және басқа заттың, сындық сапасын білдіріп, бастауышқа бағынады. Бұл жағынан бастауыштан гөрі баяндауыштың синтаксистік қызметі анағұрлым басым болатыны белгілі.
Бастауыштың мағынасы, баяндауыштың морфологиялық құрамындағы тұлғалар арқылы белгілі болып дербес тұра береді. Ондайда бастауыш сөйлем ішінде арнайы ашылмай, толымсыз сөйлемдер сирек, онда сирек кездеседі. Әсіресе, диалогта мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Қазақ тілінің де өзіндік граматикалық-синтаксистік қалыптасқан жүйесі бар. Қазақ тілінің сөйлем жүйесін қарастыратын осы саласы сөз тіркесі синтаксисі және сөйлем синтаксисінде зерделенеді. Бұл екеуінің арасында табиғи байланыс сақаталған. Сатылы құрылым - әуелі сөздер байланысынан тұратын тіркес, одан әрі іле-шала сырттан болған әсерлі тұтас ойға әкелетін құрылымға түсіреді. Сонда ой сөйлемге ұйытқы болады да, оны сөйлем жарыққа шығарады. Мұның бәрі мақсатты да саналы әрекетке негізделеді.
Оқытушы осы мақсаттылықты граматикалық синтаксистік өлшеммен атайды — хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, бұйрықты сөйлем, лепті сөйлем. Қазақ тілінде осылардың әрқайсысының жасалу олдары бар. Қандай жағдайда да, тілдегі сөйлем жүйесі осы жоғарыдағы құрылымнан асып кете алмайды. Бұлардың орналасуына қарап хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдерді жай сөйлем синтаксисіне жатқызу, солайша түсіну мәнді емес, қайта бұлар тілдегі сөйлем жүйесіне тірек болады. Осы сөйлемдердің тілде қолданылу аясы бірдей бола бермейді. Сайып келгенде, сөйлем және оның құрылымы болатынын мына шумақтармен көрсетуге болады.
Даналар ой маржанын жіпке тізген, Кеңесіп құда жайын текке бізден. Шеше алмай сыр түйінін, ақырында, Кетті ғой талай надан кеткен ізбен.
Жаьанда жан тең келмей туған дана, Жұлдыздай жұрттан биік тұрған дара. Өмірге о сорлы да түсіне алмай,
Өтті ғой өкінішпен, бар ма дауа ! ( О. Хайям)
1.3. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
Бастауыш пен баяндауыш сөйлем құрауға ұйытқы болатын басқа мүшелерді айналасына үйіріп тұратын бас мүшелер.
Бастауышқа қайталайтын негізгі сұрақтар кім?, не?
Бастауыш қызметінде жұмсалатын сөздердің көпшілік, тәуелділік жалғауларында жұмсалуына қарай жоғары сұрақтар да сол жалғауларда айтылуы мүмкін. Бұл сөйлемде бастауыш болар деген сөздерге жалаң күйінде қойылмайды; Баяндауышпен қабаттаса қойылады. Мысалы: Ажар баяндама жасады. /Кім баяндама жасады? Ажар .../
Еріншектің ертеңі бтпес /несі бітпес- ертеңі ..../
Зат есімдер мен есімдерден болған бастауыштар.
Сөйлемде бастауыштың қызметте жұмсалатын сөздер негізінде, зат есімдер болғанымен, олардың барлығының бастауыш болу қабілеті бірдей емес. Бастауыш - субъектінің грамматикалық баламасы. Ол іс істеуші қимыл иесі болғандықтан, сол қызметті өтей алатын заттардың ашып арнайы бастауыш болуға бейім болады. Сондықтан да ондай зат есімдер арнаулы бастауыш болатын сөздер делінеді. Мысалыға, Жарас ағаш екті - деген екті зат есім бар. Ол екеуі сөйлемде екі түрлі қызметте айтылған: Жарас - қимыл иесі, бастауыш ағаш- қимылдың объектісі, толықтай ауысу Олардың орныны ауыстырғанымен бірінің қызметінде , екіншісі жұмсала алмайды. Оның оның себебі ол екі зат есімнің екі түрлі синтаксистік қызыметін атқаруға бейімділігінде Жарас-арнаулы бастауыш болатынын сөз де, ажыраумалы толықтауыш болатынын сөз.
Жіктеу және сөздік есімдіктердің бастауыш болуына мыналар: Мысалы; Мен көрдім ұзын қайық құлағанын /Абай/. Біз барлаушымыз.
Сапаның есімдерден болған бастауыштар заттық сындық сапасын білдіретін және есімдер ойды ышқамды етіп, сөзбен білдіру керек болғанда, зат есімдер меи қайтарласып, тұратын дара күйінде бастауыш, толықтауышта болуы мүмкін. Ондай да, сын есімдердің сапасының мағынасы жойылып кетпей, ол әр заттың, әр сандық мағынада жұмсалады. Сын есімдер әдетте қандай заттың сандық сапсы болып жұмсалатын болса, сондай заттың бастауыштың қызыметін атқарып, таралады. Терең - көбінесе ауыз қатесіздік болатын сөз. Сондықтан оны бастауыш қызметінде терең батырады десек алдымен, «Терең су батырады»-деп түсінеміз. Жүйрік бауырынан аттың саны болып отырғандықтан бұл күнде машина, поезд, туралы да, жүйрік деп айтуға болғанымен «Жүйрік» тақтағын білдіреді деген оны алдымен, жүйрік ат деп ұғынамыз. Заттардың мұндай сандық сапасы синтаксистік қызметте, бір ғана заттың орынына жұмсалмай жалпы мағынада, біртектес көп заттың орынына жұмсалады. Бастауыш болатын сын есімдер, кісі туралы айтылған сөздер болады. Кілей сұлулар біркелкі отыр. Жақсы ісімен жақсы. Бастауыш болатын сын есімдер аз сөзбен көп мағына беруді керек ететін, мақал-мәтелді сөйлемдерде жиі кездеседі.
Жомарт жоқтығын білдірмес. Батыр бір рет өледі, Қорқақ мың рет өледі.
Сын есімдер тәуелдік көптік жалғауларда тұрып та, бастауыш қызметте жұмсалады.
1. Көптік жалғаулардағы есімдер бастауыш болғанында, олар әр уақытта, қимыл иесі - кісі - машинада жұмсалады. Егін оратындар әрі кейін де, әр ашық қырман бидайды қалады. Тәуелдік жалғауда тұрып, бастауыш болған есімдер әр уақытта, зат есім, жұмсалады. Жазуың маған ұнады. Бастауыш етістік, зат есімдерден болған сөйлемдер есімше, бастауыш қимылы кісі-кісі кім? He қылған? Орынына /жұмсалады.
Тіліміздегі сөйлемдер жүйесіндегі жақсы зерделенгені — сөйлем мүшелері. Бұларды гұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер деп екіге бөліп қарау да орныққан түсінік. Әдетте сөйлем деп айтылатын ойды біршама білдіретін сөздер тіркесінем тұратын синтаксистік құрылымды айтады. Ал осындай «біршаманы» құрайтын категорияларды сөйлем мүшесі ыңғайында танимыз. Тілде мұндай сөйлем мүшелерін бес топқа бөліп келеміз. Тұрлаулы мүшелердің де, тұрлаусыз мүшелерінің де қалай жасалатыны және олардың құрылысында дара, күрделі мүшелердің болатыны нақты дәлелденіп келеді. Сөйлем мүшелерінің классификациясын нақтылауды дұрыс санай отырып, әрбір сөйлем мүшесіне қатыстылардың құрылысында үйірлі мүшелердің қай-қайсысы да болатынын және біркатар сөйлем мүшелеріне беріліп жүрген анықтамалардан ауытқиды.
Күрделі және үйірлі бастауыштар.
Бастауыштарда жеке сөзді дара /жалғау/ көп сөзден құралған күрделі де, үйірлі және басқа сөйлем мүшелері сияқты бірыңғай болады. Мысалы, «Самат екеуміз, қырманға бардық. Ертең канал қазу жұмысын бастайды».
-
Мысалдағы сөйлемнің бастауыш Самат екеуміз екі сөзден құралған, Бөкен
алғанда ол, өздерінің жеке- жеке мағыналары болған мен олар сол
сөйлемнің бір-ақ күрделі бастауыштары олардың баяндауыштармен
байланыстыра қарап та аңғаруға болады. Тіркескен екі есім, бір жақтың
көптік мағынада болғандықтан баяндауыш та сол грамматиканың бір
жақты тұлғада, айтылған.
-
Сөйлемдегі канал қазу жұмысы, демек сөздер белгілі мағынаға, тұлғаның
тұтастығы бар күрделі бастауыштар.
Бастауыштар құрылысына қарай дара, күрделі және үйірлі болып бөлінеді. Бұлардың осылайша бөлінудегі басты себеп, олардың құрамының соңына байланысты. Бірқатар бастауыштар бір ғана сөзден тұрып дара өзі сол сөйлемдегі ойдың қазығы болса, екіншілері сондай синтаксистік қызметті атқарғанда, қалай да құрамында екі не одан да көп сөздер болғанда ғана бастауыштың қызметін атқаруға жарайды. Бұл арада күрделі басауыштың қай сөз табынан жасалатыны туралы айтудың қажеттігінен гөрі оның қалай, қандай тәсілдермен болатынын көрсеткен дұрысырақ сияқты. Күрделі бастауыштар да сондай сөз таптарынан жасалады. Айырмасы - құрылысы күрделі және тәсілдері де әр түрлі болады.
Бастауыштың жасалуы.
Сөздердің түбі, бастауыш болуы қай сөздің болса да, сөйлемге бастаушының қызметінде түруы сол сөйлемдегі субъектіні предикаттық қатынаста көрінеді. Сондықтан бастауыштың қызметі басқа мүшелер мен әсіресе, бастауышпен катар қойып жатқанда айқын болады. Қара керек сөздерін, сен малға қара ойын керек дегендей ретте айтқанда болмаса, олардың бастауыш екендігін белгілемей болмайды. Түбір күйінде көбірек бастауыш болатынының сөздер етістіктер. Етістіктің кел, отыр, ал, бер, сияқты түбір күйі де сол қалпында жіктік жалғауынсыз-ақ, сөйлемдер туралы орнына қарай бастауыш бола береді. Бірақ олар екі жақты мағынада айтылып, қалмай асқандықтан кейде, бастауыштың да қызметін орындайды. Бастауыш пен орын ауысып та айтылады. Мысалы, Кел балалар оқылық..
Түбір етістіктің ішінде жақтың мағынасы екі түрді болып келетіндері тұр, отыр, жатыр, түр, Бұлар осы қалпында дара тұрып II жақтык та, III-жақтық та, баяндауыш болуы мүмкін. Бірақ бұл етістіктер ондайда екі түрлі шақтың мағынада екі түрлі синтаксистік байланыста жұмсалады: Олардың жақтың мағынасын сол ерекшеліктеріне қарай айтуға болады. Сен орындыққа отыр, /келер шақ/. Ол орындықта отыр /осы шақ/. Сен өз орнында тұр /келер шақ/ Баяндауыштардың морфологиялық синтаксистік тұлғасы - жіңішкелік шылаулар. Жіңішкелік жалғаулар -әрі баяндауыштың тұлға, әрі бастауыштың тұлға, олар тек етістікке ғана емес, баяндауыш қызметіндегі I, II жақтың есімдерге де жалғанады. Егер етістік шылаулар етістіктің отыр, түр, жүр, жатыр деген төрт етістігінен басқаларының түбіріне тікелей жалғанбай, көсемше, түйық рай қосымшаларынан кейін жалғанатын болса, есімдердің негізгі туынды түбірлерінде тіпті, жатыс, шығыс септіктерінде сөздерге де, жалғана береді. Мен қырықтамын. Біз бәріміз колхозданбыз.
Баяндауыштың негізгі түбірлері сөз табының бәрі де, баяндауыш бола алады.
Дегенмен көбінесе, баяндауыштың қызметіне жұмсалатын сөздерді жіктегенде, олар мынадай басты - басты негізгі екі сапаға бөлінеді:
-
Етістікті баяндауыштар.
-
Есім баяндауыштар.
-
Етістік баяндауыштар да, есім баяндауыштарда, күрделі және ол екі
түрлі аралас айтылған құрама болуы мүмкін.
Баяндауыштар тек қана етістік немесе етістікке көмекші сөздердің тіркесуі арқылы ғана емес, есімдер арқалы да жасалады. Сөз жасауда, мағына тудыруда жұрнақты айтпағанның өзінде, жағалаудың атқарар қызметі мол.
Етістікті баяндауыштар. Етістіктен болған дара баяндауыштар.
Етістіктің сөйлемдегі негізгі қызметі - баяндауыш болу. Олардың болу қабілеті өте кұшті. Сондықтан қазақ тілі сөйлемдері баяндауыштардың дені -кетістікті баяндауыштар. Мысалы; Айттым болды. Кестім үзілді.
Етістіктің сөйлемдегі басқа қызметтерінен гөрі баяндауыш қызметінде жұмсауынан олардың өздеріне тән мағыналық грамматикалық ерекшеліктері айқын көрінеді. Мысалы, Самат сабақты ентісті кейердің баяндауыш болу амалы бірдей, бірақ олар қатысқан сөйлемнің құрамы бірдей емес. Мысалы, Кәрі Каспий қара көзін ашты, Жылы жүзбен. Терекке амандасты. Амантайдың жүрегі аттай тулады. Осы мысалдардағыдай, Самат етістік баяндауыш болған сөйлемде тура толықтауыш болмайды. /мысалы, амандасты тулады ал, сабақты етістіктей/ Онымен байланысты тура толықтауыш болуға тиіс. /Мысалы, көзін ашты/ Етістіктің сабақты және Самат болуы сияқты атаулыға ортақ болғандықтан оның баяндауыш қызметте жұмсалуында да, ерекшелігі жоқ. Дегенмен олар арқылы болымды, болымсыз сөйлемдер жасалғандықтан, олардың баяндауыш болуы ерекше атау керек болады. Бір істі үзілді-кесілді бас тарай қалды. Соңғы формалар қолданылады. Бұл көбінесе ауыз әдебиеттерде оның палы болымсыз етістікті баяндлауыштың айтпақ жазған болып айтылуында стильдік айырмашылық бар.
Мысалы:
Алдында келіп тұрдым деп,
Ар-намысымды қашырман.
Бұлтқа исетпей шарт сынбан,
Ойына келген сөзім бар, /Махамбет/
He қылсаң да жасырман.
Етістіктен болған күрделі баяндауыштар.
Күрделі етістікті баяндауыштың құрамы Қазақ тілінде де, әлденеше етістіктер күнделікті кездесетіні белгілі. Етістік күрделі баяндауыш болғанда, оның біреуі ең негізгі сі болады да, қалғандары оған не біріне-бірі көмекші болады. Мысалы; Кітап оқып бара жатыр едім, сүрініп кетіп, жығылып қала жаздадым.
Он бір сөздің кітап дегенмен басқалары түгелімен етістік болады. Олардың алдыңғы сөйлемдегі оқып кетіп бара жатыр едім. Олардың бәрі бір мүше баяндауыш. Екінш, сөйлемде бес етістік бар. Оның алдыңғы екеуі /сүрініп кетіп/ пысықтауыш қызыметінде жұмсалынады. Соңғылары /жығылып қала жаздадым/ баяндауыш қызметінде жұмсалып түр. Соңғы үш етістік аяқталмаған қимыл процесін білдіреді.
Негізгі етістіктер мен күрделі етістіктер күнделікті топ құрап күрделі баяндауыш болғанда, субъектінің қимыл процесінің әр түрлі құбылыстарын мысалы: Іштің қимылдың біткенін, бітпегенін,олардың қарқыны мен, тұйықтылығын бастау, аяқталу кезеңдерін білдіреді. Жапан далада жан-жағынан анықтап жалғыз әйел жорытып барады, жорытып барады. Баяндауыштың осылайша қйталанып, айтылуы күрделі баяндауыштардың есімдік ерекшелігінің бірі
Негізгі етістіктердің қос сөз ретінде қосарланып, айту арқылы да қимылға сөзықтылық рең береді. Мысалы, Екеуі бізді көріп қалды да, ашып-ашып жіберді. Күрделі баяндауыштардың қимыл кезеңдерін білдіреді.
Күрделі етістіктерден болған баяндауыштар әр түрлі құрамда айтылып, әр түрлі қимыл кезеңдерін береді. Олардың байланыстылары мыналар;
-
Қимылдың бастау кезеңдері: отыр, ал, жатыр, кел, балта т.б.
Көмекші етістіктер қатынасты күрделі баяндаушылар қимылы, не
күйдің байланысып қалғанын.білдіреді. Мысалы, таң бозарып атып
келеді. Жақып сөйлей жөнелді.
-
Қимылдың болып жатқан кезеңі: мұндай мағынада жұмсалынатын
баяндауыштың құрамында тұр, кел, бер, жүр, қой түс т.б. көмекші
етістіктер болады. Мысалы, Баршагүл күм сөйлеп келеді.
-
Қимылдың айақталып қалған кезеңі.
Мұндай мағынаны білдіретін күрделі байандауыштың құрамында қам, кем, жазуы сияқты көмекші етістіктер болады. Мысалы, Жиналыс бітіп келеді. Жұмыс аяқталып келеді.
4. Қимылдың аяқталған кезеңі.
Күрделі баяндауыштар құрамында жібер кет, бол, қой, таста сияқты көмекші етістіктер болады. Мысалы, хатты кеше баласынан беріп жіберді.
5. Жолаушылар жүріп кетті. Қимылдың дүркінділігі. Қой, бер, жатыр, бар, күрделі баяндауыштар. Мысалы, Абай күрсініп қояды.
II. Сөйлем туралы түсінік және олардың түрлері.
2.1. Хабарлы сөйлем.
Синтаксистің басты зерттеушінің обьектісі - сөйлем. Сөйлем сөз тіркесін қоятынын қарым-қатынасты қамтамасыз ететін тілдік материалдық бір тұтас бөлшегі. Біздің басқаға айтатыны деген ойымыз мақсатты болды. (кейде, мысалы).
Сөз - айналадағы обьективтік шындықтың адам басындағы сәулесі ретінде жеке-жеке ұғымды білдірсе сөзтіркесі олардың граматикалық тобын білдіреді. Ал сөйлем жеке ұғымды синтезі ретіндегі байымдауды хабарлауды сұрауды, модольдікті білдіреді . Әдетте жеке сөйлемнен аяқталып, ойымыз жеке сөйлемнен аяқтала бермейді.
Сөйллемнің аяқталған ойды білдіруі оның маңыздығы басқа сөйлемдермен қатынасын қарап та анықтайды. Мысалы, Түн, аспанда жалындаған жұлдыздар. Сөйлемнің сөзден, сөз тіркесінен бөлек еденица екенін анықтайтын басты белгілері мыналар:
-
Сөйлем біршама аяқталған ойды, модульдікті білдіреді.
-
Сөйлем өзара байланысқа, енген сөздерден, сөз тіркестерінен құралады.
-
Сөйлем бастауыш пен баяндауыштың байланысынан туған преденаттың
қатынасты білдіреді.
Оларды негізге ала отырып, мынандай анықтамалар беруге болады.
Прединаттық қатынас, негізінде біршама аяқталған ойды білдіретін, таяқты сөздер тізбегін сөйлем дейміз. Сөйлемдерді, сөздерді әрқайсысы өзінің лексикалық мағынасы, лайық сөйлем құрауға қатысып, тұтас ойдың мазмұнына артықтасып тұрады. Сөйлемнің айтылу мақсаты, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай, хабарлы сұраулы, бұйрықты және лепті болып бөлінеді.
Бір дененің, небір істің жайын баяндау мақсатымен айтылған сөйлем хабарлы болады. Асау керек, долданып, бауыр қылып туды.
Хабарлы сөйлемдердің мазмұны әртүрлі болады. Олардың мазмұны сөйлемге, қатысқан сөйлемдердің сөйлем мүшелерінің әсіресе, баяндауыштардың, мағыналық тұлғаның ерекшеліктері мен байланыты баяндауыштардың тұлғаліқ ерекшелігіне қарай хабарлы сөйлемдер, мысалы, болымды болымсыз хабарлы сөйлемдер жалпы алғанда, бір сыдырғы баяу әуенмен айтылады. Мысалы, Таудан төмен қарай сырғып келе жатқан, шаңғыршылар колхоз клубының алдына келіп, тоқтады. Бұл сөйлемдегі дауыстың жоғалып, төмендегенін былайша көруімізге болады.
2.2. Сұраулы сөйлем.
Сөйлем тіл шылаулардың басты тәсілінің бірі. Жүздесіп және басқа амалдар арқылы, өзара сөйлемнен адамдар істің әр нәрсенің мән жайын білгісі келгенде, сұраулы сөйлемді, сұраулы түрлерін қолданады.
1. Сұраулы сөйлемдер: -ма, -ме, -па, - пе, -ба, -бе.
Сұраулар шылаулар арқылы жасалады. Мысалы, жиналыс басталады ма?
2. Сөйлемде кім?, не?, қашан?, қайдан?, кімді? Сияқты сұрау есімдіктері
айтылу арқылы сұраулы сөйлем жасалады. Мысалы, мұнда қайдан
жүрсіз?.
-
Шығар, - олар, - қайтеді деген көмекші етістіктер күрделі
баяндауыштың құрамына еніп, сұраулының интонациясымен
айтылғанда сөйлем сұраулы болады. Мысалы, сен осы ауылдың баласы
шығарсың?
-
Баяндауыштың құрамында -ау, -ой шылаулары мен одағай айтылып
та, сұраулы сөйлем жасалады. Мысалы, сен кіп —кішкентай қуыршақтау
едің-ау э?
-
-ше демеулігі баяндауыштардың құрамына еніу арқылы, сұраулы
сөйлем жасалады. Мысалы, Ал, Жамал ше? Өзің ше?
2.3. Лепті, бұйрықты сөйлемдер.
Бұйрықты сөйлемдер біреуді іс істеуге жұмсалады. Мақсаты мен айтылады. Ондай мақсат пен айтылған сөйлемдер жалаң бұйрық ретінде ғана айтылмайды. Сонымен қатар, кісінің еркін, талабын кеңейтіп, тілігін жалынышын т.б. білдіреді. Бұйрықты сөйлем негізінде ауыз екі тілге тән. Көркем әдебиеттерде мұндай сөйлем диалогта жиі ұшырайды. Бұйрықты сөйлемдер етістіктің бұйрық және қалау райы арқылы жасалады. Олар сөйлемде баяндауыш болып жасалады да, сөйлем түгелімен, асқақ жолмен айтылады. Бұйрықты сөйлемдердің айтылуы, әуелі оларды қандай мазмұнда жұмсауына қарай, түрліше болады. Егер бұйрықты сөйлем, бұйыру мағынасында қатаң жұмсаса, ол көтеріңкі дауыспен айтылады. Егер кеңес. жалыныш, тілек мағынасында жұмсалса, ол бәсең дауыспен айтылады. Мысалы, Шегін!, тоқта!, қайырыла кет!, Еріңдер соңыма!, тарт қолыңды!
Баяндауыштар етістіктің бұйрық райы мен екінші жағында айтылған
сөйлемдерді көбінесе, бұйрық, талап, кейде үндеу мәнді болады. Тарт
тіліңді!, Жоғал көзіме көрінбей!.
-
Баяндауыштары, бұйрық райдың үшінші жағында, айтылған
сөйлемдер, көбінесе талап, тілек, мәнінде болады. Мысалы, Керімбек
малды тез жайлауға айдасын!.
-
Баяндауыштары етістіктің бұйрық райында айтылып, оған бірінші
қосымшасы, жалғанып, тілік, жолында жалынышын айтпай, солай
бұйрық беру керек. Мысалы, Келші қалқам, менің қасыма отыршы!.
Қарағым мына баланы риза қылшы!.
Кісінің көңіл-күін әр түрдлі эмоциялық сезімін білдіру үшін, жұмсалатын
сөйлемдер лепті болады. Лепті сөйлемдер мағыналары жаңа бар, болуымен қатар, кісінің қуанышы, қорқынышы, таңырқауы, аянышы сияқты ішкі сезімдерін білдіреді. Лепті сөйлемдер мұндай мағыналарда, айту үшін, олардың құрамында көбінесе, одағайлар болады.
1. Сөйлем көтеріңкі дауыспен айтылады. Пай-пай-пай бұл неткен жан, қап -деді, Қорқу, сескіну, аяу, өкіну, таңырқау сияқты кісіның көңіл күйін білдіретін сөйлемдердің баяндау үшін құрамында ау, -ей шылаулары болады. Мысалы, Ол бүгін келді -ау.
2. Баяндаушы бұйрық рай тұлғасындағы етістік баяндауыштың тілік
мағынасында айтылады. Мысалы, «Жасаған -ау бала бере көр» - деді.
3. Бірдеңені асыра мақтау лепті сөйлемдер және қандай сәнді, қандай тамаша көл.
2.4. Болымды және болымсыз сөйлемдер.
Адам объектіні болмысты, ойлаған ойын хабарлауда сөйлемді не болымды, не болымсыз етіп қарайды. Мысалы, Бүгін қар жауады -дегенде, бүгін қар жаумайды дегенде де, өз кезінде шындық болуы мүмкін. Болымсыз сөйлем, болымды сөйлем арқылы жасалады. Және болымдығың қарама-қарсы мағынасын береді. Сөйлемнің болымды ойдың айтудың негізгі формасы да, болымсыз сөйлем. Одан көрі сирек қолданатын түрі болымсыз сөйлемдер, -ма, -ме шылаулары баяндауыш қызметінде жұмсалдады. Жамандықтар бір тіпті жүрмейді. Болымсыз сөйлем құрауға, болымсыз етістіктердің қайсысы ерекше болады. Мысалы, Өзіміздің балалар ғой, бұлар ешкімге айтпас.
Шешендік қадірлі өнер, өнер алды қызыл тіл деп қазақ бекерге айтпаған. Әр халықтың өзіне лайықты қарым-қатынасы қалыптасқан. Ойлау сөйлем мәдениеті, озық ойлы шебер тілді адамдары да, болғаны даусыз. Алайды шешендік өнерді ғылым ретінде біздің жыл санауымыздан 5-6 ғасыр бүрын шығып қалыптасқан. Шешендік өнерді ғылыми түрде, риторика дейді. Риторика ғылымының негізін салушы грек софисті Протогор деп есептеледі. Ғалым шешендік өнерге байланысты, айтыс өнері деген, «Ғылымдар туралы жарыс сөз» осындай еңбертер жазған. Риторика сендіре білу яғни тыңдаушының санасына, сезіміне және еркіне әсер ету ықпалын жасау. Риторика психология, логика, әсіресе философия ғылымдары мен тығыз байланысты. Шешендік сөздер үш түрлі болады:
-
Кеңесу
-
Билік
-
Салтанатты сөз. Ал, құрылысы жағынан:
-
кіріспе,
-
Дайындау
-
Қорытынды болып үшке бөлінеді.
Шешендік өнер ең алдымен ежелгі Грецияда, Афинада өмір сүрді. Грецияда кейіннен классикалық шешендік өнер дамыған ең Рим республикасы шешендік өнер әдеттен ақыл -ойға еркіндік, кең жерде, халықтың демократилық қоғамдары, өсіп өркендей алады. Ежелгі Греция мемлекеті мен Рим Республикасында шешендіктің қалыптасып, халықтың дәстүрге айналуына, халықтың демократиялық дәстүрлер себеп болған. Россияда қатарлас халықтарға қарағанда, шешендер аз шыққан. Шешендік өнер кенжелеп дамыған. Шын мағынасында орыс шешендігі мен өнері Ломоностовтан басталады. Шешендік өнер дегеніміз, кез -келген нақтылы зат туралы, шебер сөйлеу өнері және сонымен басқаларды ол жөнінде өз ойына қайыстыра білу. Осы ұсынылған өнер затын, сөз немесе пікір дейді Ломаносов. Одан әрі ғалым шешен болуы үшін, бес қасиет қажет дейді:
-
Табиғидарын.
-
Білім.
-
Шешендерден үйрену.
-
Сөйлеп жаттығу.
-
Басқа ғылымдардан да хабардар болу.
Табиғи дарындылықты, ол жан дарыны, тән дарыны деп екіге бөледі. Жан дарынына ақыл мен ес жатады. Екінші тән дарынына сүйкімді дауыс, ұзақ үн, кең кеуде жатады. Мерулеков шешендікпен - шешенге мынадай анықтама береді. Шығара алатын оларды ұнамды, әрі сенімді етіп айта білуі талант иесін жалпы сөзшең дейді. Керекті дарынға ие адам шешен деп аталады. Ғалым шешендік сөздерді, мазмұны мен бағыт - бағдарына қарай діни сөз, саяси сөз, билік сөз, мақтау сөз, акадимиялық сөз деп бөледі. Жалпы шешендік өнердің шығуының белгілі бір қоғамның шығуы мен дамуына байланысты екенін қазақ шешендік өнерінің тарихы да растайды. Алайда, шешендік өнердің шығып қалыптасуы қоғамның білгілі бір дамуы сатысымен шешендіктердің шығуы мен олардың сөздері мен тежеленеді. Осы тұрғыдан алғанда, біз қазақтың шешендік өнерін, тарихта, тарихи аңыздарда, есімдерді, сөздерді сақтаған. Майқы би мен Аяз бидің есімдермен байланыстырамыз. Майқы би өмірде болған тарихи адам. Шыңығыс ханға кеңесші болған. Сонымен қатар, ол аталы сөз қалған, өз заманың айтулы шешені болған. Неше ғасыр бойы халық жадында сақталған. Және Абай мен Жүсіп растаған. Майқы би, нақтылы да, оны қазақ шешендерінің басы халык шешендік сөздерінің атасы деуге болады. Майқы би заманан бізге есімі мен сөздері жеткен.
Аяз би тарихи аңыздарға қарағанда Майқы Қаратау өлкесінде Аяз Арал теңізінің жағасында өмір сүрген. Қазақ шешендік өнерінің екінші кезеңі – Асан қайғы мен Жиренше шешен есімдері мен байланысты. Сірә, бұл ұғымда оған дейін би деген атауды атқарып келсе керек. Беклгілі бір мәселені талқылау кезінде, ауыз екі сөзімен тыңдаушыларды ауызына қаратып, өзіне тарта білетін, терең ойлы, шебер тілді адамды шешен деген. Белгілі бір мәселені талқылау кезщінде немесе адамның тапқыр ойымен шебер тілімен ауызша айтқан мазмұнды көркем пікірін шешендік сөз дейді. Бұрынғы қазақ шешендерінің бір ерекшелігі -олар сөздерін жазып дайындамаған. Сөздері қағазға да емес, халық жадында сақталға. Қазақ шешендік өнерін 18 ғасырда өркендей түсті. Оның өркендеп қанат жаюына үш түрлі себеп болды.
-
Бірінші жағдайда Тәуке хан шашыранды қазақ руларын үш ұлысқа
жүзге топтап, олардың басына төреден емес, қарадан шыққан үш би
қойды. Хан жанынан елдік маңызды мәселелерді, кеңесіп ақылдасып
отыратын билер кеңесін құрды. Жеті жарғы заңын шығарды. Ұлт
азаттық көтерілісін бастайтын көсемдер халықтың ар -намысын
оятатын шешендер керек бола бастаған. Күрестер, көтерілістер
бастайтын көсемдер халықты ар-намысын оятатын шешендер керек
бола бастаған. Міне, осындай жағдайларда, ел қорғаған ерлігімен Қара
Керей Қабанбай, Қаржығалы Бөгенбай секілді атақты батырлар мен
қатар, әділ Төле би, Қаз дауысты Қазбек би, Әйтеке би смияқты айтулы
шешендер шықтын.
-
Қазақта, Қазақстаннан біртіндеп Ресейге қарап, XIX ғасырдың басынан
хандық жойылып, сот ісін жүргізетін адамдар жеке басының қасиетіне, байланыста емес, жоғарыдан белгіленіп, ресми түрде дайындап сайлап қойылатын болғандықтан шешендік өнерге белгілі дәрежеде тежеу түсті.
Ойға жүйрік, тілге шешен адамдар бүкіл елдің елшілік маңызды мәселелерді шешеуге, тіпті, ресми түрге даулы нәрселерді талқылауға қатыспайтын болды. Дегенмен, ғасырлар бойы қалыптасып қалған, билік дәстүр сонымен бірге шешендік өнер бірден тоқталып, тоқырай қойған жоқ. Аймақ, ру және жеке адамдар арасындағы қылмыс-дауларға араласып тұрады. Қазақ шешендік өнері XX ғасырдың басында әсіресе, 1916 жылы ұлт-азаттық көтерілісі еліміздегі азамат соғысы кезінде өркендей түсті. Бұл кездерде, Иманов Әліби Жангелдин сынды халық шешендері Қазақстанда қарулы күрес жолында сөздермен қызмет етті. Қазақстанда Совет Үкіметін нығайту аквардияшыларға, ұлтшыл, байшылдарға қарсы күрес дәуірінде Рысқұлов, Сәдуақасов, Жанайдаров, Оразов, Исаев секілді шешен партия Совет қайраткерлері шықты. Қазақ шешендік өнерін зерттелуі себепті Үкімет тұсында басталады. Қазақ шешендері мен шешендік сөздеріне 1930 жылдары алғаш көңіл бөлініп, пікір айтқан, ақын, С. Сейфулин. Сәкен өзінің қазақ әдебиеті деген кітабында, шешен билердің әлеуметтік қызметтерін шешендік сөздердің ауыз әдебиетінде, алатын орынын анықтап, бірсыпыра нүсқаларын жариялады. Содан кейін, Қазақ шешендік сөздерін анықтап берді. Одан кейін арнайы зерттеген ғалым Ә. Мәметова болды. Қазақ халықы шешендік сөздері мен байланысты соның ішінде, мақал -мәтел, шешендік сөздердің қатығы, қаймағы секілді. Мақал-мәтелдер мен шешендік сөздер бірін -бірі толықтырады да, айтады және екеуі де халықтың әдеби, эстетикалық талғамын өсіреді. Тәрбие береді. Қазақ ауыз әдебиетінде шешендік сөздерге жақын жанрлардың бірі -тарихи аңыз әңгімелер. Қазақ тарихи аңыздарының басым көпшілігі, хандар, билер және батырлар төңірегінде топталған. Халықтың ақындық, шешендік, өнер мектептері сай дамып келді. Қазқ көркем әдебиетінің қалыптасып дамуына жедел жетуіне жетекші болған, Қазақтың классик ақындары Абай мен Махамбеттің өлең жырларынан, шешендік сөздерінің ықпалын, үлгісін табу қиын емес. Ауыз әдебиеттегі аңыз әңгімелер мен шешендік сөз үлгілерін , Қазақ Совет әдебиетінің классик жазушылыры Әуезовтың , Б. Майлиннің Мүқанов, Мүсірепов шығармаларынан да табамыз. Ақынның жырлары мен шешендік сөздері. Ежелден егіз жанрлар. Мұқановтың «Сұлушаш», Б. Майлиннің «Байшұбар», Сейфуллиннің «Көкшетау», Жансүгіровтың «Дала» поэмалары нағыз халық жырларының үлгісі мен тарих аңыздардың жаңғыртып, жазылған аңыздардың шығармалар осыларда да, жиі жесір дауларының үлгісі мен айтылатын, шешендік сөздер айтыстары аз емес. Біздің дәуірімізге ауыз екі және ішінара жазбаша жеткен әдеби мүралардың ең арғысы Қорқыт, Қожанасыр, Майқы және Аяз би жайындағы аңыз әңгімелер.
ІІІ. Шешендік өнер туралы түсінік.
3.1. Қазіргі шешендік сөйлеудің түрлері.
Қазіргі шешендікте сөйлеу, монолог және диалог түрінде болады. Монологтың сөйлеу, қазақ шешендерінің толғау, өсиет, бата, тілек, үндеу түрінде еретеден қолданылып келе жатқан, сөйлем түрі. Манолог бір кісінің сөйлеуі неесе түрі. Маналогты белгілі бір тақырыпты баяндап, сипаттап, әңгімелеп айтып беру мақсаты көздеклетіндіктен көпшілік алдында сөйлеген сөз жасалған баяндамалар, оқылған лекциялар, әлеуметтік көзқарасы көңіл-күйі психологияның ішкі толғанысы дүниетанымның бәрі ашық байқалады. Жүртшылыққа әсер етуді көздегендіктен және алдын-ал дайындағандықтан манолог мағыналы болады. Және шешендете сөйлейді. Тыңдаушы көпшіліктің ішінен шешенге сұрақ қоюшылар, шешенге қарсы пікір айтып келіспеушілік айтушы олар немесе пікір қолдап сөйлеушілер болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, тыңдаушылар шешеннің пікірлесулеріне айналады да, манолог сөз пікір алмастыруға үласады. Пікірталас іскер адамдардың араларында болады. Пікірталас іштей алған батырларды, қоғамды дамытуды насихаттай отырып, өркениетке қол жеткізеді. Қазіргі іскер адамдарға шешендік керек. Қоғамның әлеуметтік, маңызды мәселелері жете және жемісті талдай білу қабілеті қажет. Пікірталас біыңғай көзқарастың жағының әртүрлі пікірлер туындаған жақтардың төңірегінде өрбейді. Пікірталас дегеннің өзі пікір қоюшы қайшылығы. Пікірталастың бірнеше түрі бар, пікір алмасу, Ой бөліс, сөз талас, айтыс, әрқайсысының өзіндік мақсатымен ерекшелігі бар. Мысалы; пікір алмасу /лат сөзінен шығып- мағынасы зертеу, талқылау, талдау деп аударылады./ Пікір таласу көпшілік арасында өтеді. Мақсаты әртүрлі салыстыра зерттей отырып, шындық пікірді көрсету талас мәселенің шешімін іздеп табу. Пікір алмасу, дыбыстың көз жеткізудің ең тиімдлі тәсілі. Өйткені қатысқандар, көздері жетпейтіндіктен де, бір пікірге келеді. Ойталқы сөз де, /лат тілінен алынып —ой жүгірту/ Айтыс - Ой талқы ғылыми- қоғамның мәні бар тақырыптардың төңірегіндле көпшілік арасында өтетін сөз жарыс. Мұнда да, сөз жарысын қойылатын, белгілі бір пікір тоқталады.
Пікірталас көне герктің сөзі - мағынасы Сөз жүқымүр, жаулық, дүниетанымдық әрине бүгінгі мағынасы басқаша бірдеңені талдау мақсатында, беттерінде орын алатын сайыс. Бұл жай ғана сайыс емес, көзқарасқа карсы тұрушылық идеяға беттеспестік, пікірлерді қарастыру. Осы анықтамалардан көріп отырғанымыздай, пікірталас, пікірлесу болып бөлінеді.
Пікір алмасу мен пікір таласудың мақсаты басқа қарсы жақты жеңіп шығу өз пікірінде халқы соны бөлісу. Сөйтіп сайысшылар әлеуметтік мәселелерді шешеді. Қоғамның дамуына жол бермей отырған кедергілер мен күреседі. Пікірталастың ой бөлінісі сөзталас, айтыс деп аталатын түрлері табиғат жағынан бір - біріне жақын. Бұларда пікірталасуға түскен адамдардың арасында сыйластық пен түсінік орын алады.
Ой бөлініс Француз сөзі, мағынасы - айтыс, жарыссөз. Ой бөлініс көпшілік алдында не, екі топтың бірдеңе туралы ой пікірін анықтауға тиіс. Ой бөлініс пікір қарама —қарсы болғанымен түсінікке негізделеді. Сөз талас орыс сөзі, мағнасы бірдеңені қандай да бір нәрссені көпшілік арасында талқылау.
Сөз талас ой бөлініс сияқты баяндамаларды талқылағанда, хабарлар жасағанда, жиналстар мен конференцияларда орын алады.
Айтыс екі адамның да, көпшілік арасында жүзеге асады. Айтыс қазақтың сөзі мағынасы, сөз жаршысы өнер сайысы. Тақырып дегеніміз - талқыга түскен мәселені айтып және сөздің негізгі мағынасын мазмұынын көрсетеді. Пікірталаста, ой мен сөздің бірлігі жеңске жеткізетін құрал. Бірінен бұрын, пікір алмасуы тақырыбынан қатысты ұғымдарды анықтап алып, қажетті сөздер мен терминдерді шектен тыс қолданбаған жөн. Пікірталасқа түскендердің бәріне бірдей қолданған сөздер түсінікті болуы қажет.
Салыстырудың бірін - бірі түсінбеуіне көп мағынала сөздердің де әсері болуы мүмкін. Пікірталаста көп мағыналы сөздерді дұрыс қолданбау, сөйлемдегі қателікке ұрынады. Сондықтан, кейбір жағдайларда, сөздерді қандай мағынада жұмсап тұрғанды айтып қойған жөн. Сөз мағыналары мен жұмыс істеу мақсатында түсіндірмесі және этимологиялық сөздерді жиі қолдану қажет.
Пікірталас мәдениетінде қарастырылуды құрметтеу пікірлерін сыйлау бцуыны сабырлық пен татудай білу маңызды нәрсе. Бірақ, дөрекі сөздермен мазалау, күлкімен жәбірлеуге, дауыс көріп ұрсуға мүлдем болмайды. Басқалардың көзқарасын құрметтей алып, ойлау ақылды -білімді адамдардың ісі.
3.2. Шешенге қойылатын шарттар.
Шешен сөз қазақ тілінде, өте ертеден қолданып келеді. Бұл сөздің мағынасы, алдында шешіліп сөйлейтін түйсінді мәселені шешіп талқылайтын, дүшпан, ақылгөй, дана ұғымдарымен өз шешен сөз қазақ тілінде сөзшең айтқыш, тапқыр, суырып салма, ділмар, қызыл тілге жүйрік дейтін сөздермен қатар қолданыла береді. Шешен сөздің халақаралық терминімен айтсақ, «Оратор»» деген сөзден шыққан. Шелимен дегеніміз - шешен екен. Ол біліммен, айтшықты, эсем тіл мен оқырмандларына әсер ететін бір нәрсе туралы сендіріп, бір нәрсе ұйымдастыратын, сөзге тапқыр, ойы терең білімдар адам. Қу келген адам шешен бола алмайды. Біреулерге ол, алланың береген сыйы. Талантты жаратылысынан болады десе, екіншілері шешенді қажетті қасиеттерге дамыту мен тәрбие мен көп оқумен жеткізуге болады. Көне Римнің мыңдаған жылдар бұрынғы әлемі шешен және теротигі Марк Тулий Цицерон айтқан.
"Ақын болып туады, шешен болып шығады". Ұлы шешен ақындыққа, табынышты болып туады- ал, шешендікке көп оқып, көп ізденіп, көп жаттығып күш -қуат жұмсаудың қажеттілігін айтты. Көпшілік алдында сөйлеуге дайындықтағы басты талаптардың бірі өзін -өзіне деген сенімділікті қалыптастыру. Сөйлеуге дайындық шешеннің қызмет идеологиясы өте маңызды жауапты іс десек, шешенінің өрісінің білімін, көшіру дегеніміз жаңа білімінің толықтыру ғылым мен техника салаларына мәліметтер жинау, газет -журнал, радио, телеарналарынан хабарламалар айтып отыру. Көркем әдебиетті және ғылыми кітаптарды көп оқу арқылы жетеді. Ломоносовтың сөзімен айтқанда, «Шешендік рухани қабіле пен айқын күші даму мықты рух ерекшеліктерімен қатар авторларға еліктеумен басқа ғылымдарды меңгерумен біртұтас қасиеттерге тәрбие мен көп оқу мен жеткізуге болады»- дейді.
Күнделікті дайындық шешенді шығармалыққа бейімдейді. Ауызша және жазбаша сөйлеудің мәдениетін көркейтеді. Күнделікті дайындық дегенімізге іскер адамдар және білімді топ арасында болатын, маңызды әңгімелер мен сөйлеуге қатысу, достар мен әріптестер, туған-туысқандар арасында, талқыланған мәселені белсенді араласу семинар, практикалық сабақтарды жиі-жиі өткізу. Шешендіктердің сөйлеу әрекетіне талдау жасай білу. Шешендік тәсілді меңгертудің бір жолы жиналыс, конференцияларда сөйлейтін сөздерді үйрету керек. Әсіресе, шешенді аудитриямен қарым-қатынаста өзін-өзі үхтауына назар аудару керек. өзі таңдаған шешендердің сөздерін де пайдалануы керек. Сәтсіздікке ұшыраған сөздеріне талдау жасап, себебін айқындатып отырады. Осылайша, шешендердің сөйлеу әреккетіне талдау жасай отырып, өзі де үйренеді. Көпшіліктің алдында сөйлеу әдістемесін меңгеру, күнделікті дайындықтың бір бөлігі. Дайындық кезінде, шешендердің қызыметі қандай сатылардан тұрады. Сөйлейтін сөздің қалай орналастыру қажет, аудиторияны қалай меңгерудің қандай амалдары бар екенін жақсы білуі қажет. Тақырып анықтау, тақырып таңдауда ең қажеттісі - өзіңеде, тыңдарманға да қызықты әрі өзекті болуы керек. Қандай тақырып болмасын, оның маңызы идеяға өмірлік өзекті ойға арқау болуына байланысты. Тақырып шешен қозғаған өмір қүбылысы болса, идея сол өмірдің қүбылыс туралы шешеннің айпақ ойы, көзқарасы берер бағасы. Тақырыптың айқындылығы сондай шешеннің ойы мен сезімі мақсат мүраты әр тақырыптың айтылынан анық аңғарылады. Егер сөйлеуші сөзінде не үшін істеу керек дегенді ойламаса, онда ол сөйлегенде табысқа жетпейді. Сөйлеушінің өзінің ғана алдына қойға мақсаты тақырыптардың мүддесіне қатысты, мақсатты айқындау керек. Айқын мақсатты қоя білу үшін шешендік сөзді қабылдауды, жүйелейді. Ақындығын әлеуметтік қызметке жеткен үлы абай да, «Мақсатым тіл ұсартып, өнер шашпақ, Наданның көзін қойып, көңлін ашпақ. Үлгі аламын деймін, ойлы жас жігіттер, Думан-сауық, ойда жоқ, әуел баста -ақ» - деп өз өмірінде ұйықтап жатқан сөздерді ашып, ғылыми - білімге ұштастыру мылқау жандарға тіл бітіру. Соқыр кеудеге сәуле шашудан үлгі өнеге шашу деп біледі. Данышпан ақын халықтар, өрістілігінен құтқарып, мәдениеттілікте, ой санада, артта қалған жастаға көз тастау үшін, ақыл өнеге тіл қара сөзге көшеді. Ақыры ойладым, осы ойыма келген нәрсені қағаз бетіне жаза берейін.Ақ көз бен қара сиялы ермек қимаймын. Кім де, кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым деп Абай өз оқушыларымен ой бөлісе отырып, өлшеулерінде айтылған, дедактикалық ойларын қара сөзбен таратуды мақсат етті. Осылайша, Абай түсінушісі, өз қоғамына да, әр сөзін бекер айтқан жоқ. Алдына мақсат қойып сөйледі.
3.3. Көпшілік алдында сөйлейтін сөздің құрылымы.
Көпшілік алдында сәтті сөйлеп шығуы үшін, материал жинау жеткіліксіз. Ол материалдарды қалай, орналастыру ды ойлау керек. Неден бастау керек. Сөйлетін сөздің құрылымын түзу, сөздің жүйесін анықтау қажет. Сөздің құрылымын түзеуден алдын ала жоспар құру қажет-ақ. Жоспар дегеніміз -мазмұнның қысқаша багдарламасы жинақталган материалдардың орналасу тәртібі. Жоспар құрып сөйлемеген шешендер көп жағдайда негізгі тақырыптан ауытқып кетеді, ой желісі бұзылады., бір мәселеден екінші мәселеге жүйесіз көшіп кетеді. Осыны болдырмау үшін шешен сөйлер алдында жоспар құру керек. Жоспарда бір тақырыптың төңірегінде қозғалатын мәселелердің қайсысы негізгі, қайсысы көмекші мәселеге қанша минут бөлу қажеттігі ескеріледі.
Жоспар жасап алғанан кейін шешен сөйлейтін сөздің құрылымын түзеді. Ауызша және жазбаша сөйлеудің ең көп таралған құрылымы үш бөліктен тұрады: кіреспе, негізгі бөлім, қорытынды. Әрбір бөліктің өзіндік ерекшелігі бар. Ғалымдардың айтуынша, сөйлеудің басы мен аяғы көпшіліктің есіне жақсы сақталады, сондықтан сөйлейтін сөздің кіріспесі мен қорытындысына ерекше көңіл бөліну керек.
Кіріспе. Шешен сөзінің басында тыңдармандарын қаншалықты қызықтыра алса, соншалықты табысқа жетеді. Кіріспе сөз сәтсіз болса, тақырыпқа тыңдармандардың қызығушылығын, көңілін аудара алмайды. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, тыңдаушылар үшін маңыздылығы, айтылуы мақсаты атап өтіледі және сөйленетін тақырыптың тарихы қысқаша баяндалады.
Тыңдаушылар сөз сөйленетін жерге әр түрлі мотивпен келеді: біреулері тақырыпқа қызығып, білімдерін тереңдету, толықтыру мақсатымен өз еркімен келеді; екіншілері сол үжымның мүшесі ретінде келу қажет деп табылғандықтан еріксіз келеді. Бірінші топ о бастан -ақ шешенді тануға дайын, екінші топ өз жұмыстарымен /кітап оқу, сөз жұмбақ шешу, т.б.) айналысып, тыңдамауға дайын отырады. Ал шешенге бүкіл оқушылардың көңілін аудару қажет, әсіресе тыңдағысы келемгендердің көңілін жаулап алуы керек. Бұл өте қиын және жауапты іс. Сондықтан шешен кіріспеге ерекше көңіл бөлуі қажет. Ол үшін кіріспені қызықты мысалдармен, мақал-мәтелдер, нақыл сөздермен бастаған жөн. Оқушыларды ойландыратын цитаттар келтірген орынды. Кіріспеде оқушышы сыныпты қызықтыратын тақырыпқа қатысты оқиғаларды әңгімелеу де үтымды болмақ.
Атақты шешеннің айтуынша, бірінші сөз, не сөйлем бәріне түсінікті, қарапайым, қызықты болуы шарт. Абайдың сөзді «біреулер құдайдан бала тілейді» - деп бастауы, әрине, қызықты, елең еткізерлік тосын, барынша түсінікті. Қызықты да соны кіріспе табу оңай емес, ол үшін жұмыс істеу керек, ойлану керек, іздену керек.
Негізгі бөлім. Сөйлеушінің міндеті тек тыңдашылардың назарын аударып қана қою емес, сол қызығушылықты сөздің аяғына дейін сақтау. Сондықтан сөйленетін сөздің негізі беріледі: мазмұны түсіндіріледі, дұрыстығы
дәлелденеді, ұсынылатын идеяға көз жеткізіледі, басты- басты сауалдарға жауап беріледі. Негізгі бөлімге енген материалдар жүйеле орналасқанда, бір ой екінші ойды жтектеп отырады. Сол тірек сөздер арқылы мәтіндегі ойлар бір-бірімен паралельді не тізбекті байланысқа түседі.
Қорытынды сөз. Кез- келген сөйлеудің маңызды бөліктерінің бірі -қорытындысы. Қорытынды істің біткенін көрсетеді. Сенімді әрі сәтті жасалған қорытынды сөз оқушылардың есіне ұзақ қалады, жақсы әсер тудырады. Сәтсіз қорытынды жап*жақсы сөйлеген сөздің шырқын бұзады.
Қорытынды кіріспеде айтылған байланыстырған жөн. Кіріспе мен қорытындыда айтылған сөз жұрттың есінде ұзақ қалады дедік. Сондықтан қорытындыда шешен кіріспедегі айтылған мақсатқа қайтып оралады, негізгі бөлімде айтылған ойлардан түйіп шығарады, оқушылардың алдында нақты міндеттер қояды. Мысалы, абай «Оныншы сөзінде» мынадай тұжырым жасайды: «... Хош, сүйтіп жүріп-ақ мал таптың, байыдың. Сол малды сарп қылып, ғылым табу керек. Өзіңе табылмаса, балаң оқыған намаз, тұтқан руза, қылған қаж ғибадат орнына бармайды ...» (Абай шығармалары. 2 -т., А. 1986, 107-6) Абай қорытынды сөзінде оқу-білімге үндейді, ғылым іздеуге шақырады. Құдайдан тілеген баланы адам ететін-ғылым, сондықтан жиған-тергеніңді адамшылықпен ғылым жолына жұмса, азбайтын да, тозбайтын да ғылым деген түйінге келеді.
Мұғалімнің соңғы сөзі әсерлі болуы керек: оқушыларды белсенді әрекетке шақырып тиімді іске жұмылдыру қажет. Кейде қорытынды сөз оқшыларын рухтандыру, жігерлендіру мақсатымен ұран түрінде айтылуы да мүмкін.
Қорытынды.
Педагогикалық әдебиеттерге жасаған талдау, кешенді озық педагогикалық тәжірибелерді зертте, жогары оқу орны студенттерінің даярлыгындагы кемшеліктерді анықтау, мектеп мұғалімдерінің бастауыш сыныптарда шешендік сөздердегі жай сөйлемдердің қолданылуы материалдарын оқушы тәрбиесіне пайдаланудағы әдістемелік даярлығын зерделеу мынаны байқатты:
-
Оқушыларды шешендік өнер материалдары арқылы адамгершілікке
тәрбиелеудегі кешенді көзқарас адамгершілік, эстетикалық, патриоттық,
еңбек және т.б. салаларының оқушы тұлғасын жан-жақты
тәрбиелеудегі тұтастығын қарастырады;
-
Өнерге және болмысқа деген адамгершілік эстетикалық көзқараты
қалыптастыру баланың бүкіл тіршілік әрекеті процесіне /отбасында,
мектептегі сабақтарда, және сабақтан тыс іс-әрекеттерде, мектептен
тыс, мекемелерде, аулаларда және т.б.)
-
Жұмыс мазмұнына бірегей әртүрлі талап қою жағдайында, жұмыс
формалары мен әдістерінің тығыз үйлесімділігінде, жеткілікті,
біразділік пен сабақтастықты ұсыну арқылы жағдайда жүзеге
асырылуы керек.
-
Алдыңғы қатарлы мұғалімдер жұмысында бастауыш сыныптарда
шешендік сөздердегі жай сөйлемдердің қолданылуы материалдарын оқу- тәрбие процесіне пайдалануға байланысты айтарлықтай жағымды
тәжірибе жинақталған.
Педагогикалық практикада бұл сияқты жұмыстарда тұрақсыздық байқалады, оны ұйымдастырудағы кемшіліктер мұғалімдердің шебер сөйлей алу жағдайлары және оқушыларды тарта білу сипаты шешендік негізде көруі тиіс.
Жүргізілген зерттеу мектеп жағдайында бастауыш сыныптарда шешендік сөздердегі жай сөйлемдердің қолданылуы оқу-тәрбие процессінде пайдалануға мұғалімдерді әдістемелік даярлаудың моделін және осы модельді мектеп жағдайында жүзеге асыруды сипаттайтын дидактикалық шарттарды жасауға түрткі болды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
I. Кеңесбаев, А. Ысқақов, К. Ақанов «Қазақ тілінің грамматиксы» -
Алматы,1964 ж.
-
А. Әбілхаев «Қазақ тілін оқыту методикасы»- Алматы, 1965 ж
-
И. Ұйқыбаев «Қазақ тілі методикасының мәселелері» -Алматы, 1967 ж.
-
Б. Құлмағанбетова» Қазақ тілін оқыту методикасы» -Алматы 1988ж.
-
Бойцова Ф. Роль и место зрительно-слуховой наглядности в обучении.
-
Кәтенбаева Б. Сөз құрылымын оқытуға байланысты грамматикалық
таблица. 1970 ж.
-
Сборник материалов научно-практическиой конференции. Москва. 1973 г.
-
Жадлова P. A. Методика применения технических средств, Казань, 1977г.
-
Әуенбаев Ш. Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясын оқытуға арналған құрылымдық схемалар. 1978 ж.
10. Көмекбаев Н. Оқыту теориясы. Алматы, 1976 ж.
11. Қазақтілі мұғалімдерінің іс-тәжірибесінен. Жинақ 1972 ж.
12. A. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» -Алматы, 1991 ж.
13. P. Рахметқызы «Бастауыш мектептерде оқушылардың тілін ұстарту» - Алматы, 1992 ж.
14. Құлмағанбетова Б. «Қазақ тілі сабағында техникалық құрамдарды пайдалану». Мектеп. 1983 ж.
15. Арғынов X. Құрмалас сөйлем синтаксисіне арналған таблица. 1776,1986 ж.
16. Жаниязов Ә. Лексиканы оқытуға арналған таблица. 1990 ж.
17. П.Алдамұратов Ә. Оқушылардың граматикалық ұғымдарды меңгеру психологиясы, 1990 ж.
18. Әлімжанов Д. Маманнов И. Қазақ тілін оқыту методикасы. 1990 ж.
19. Ысқақов А. Қазақтілі мен әдебиетін оқытуды жақсартайық. 1991 ж.
20. Ахметов Ә. Қ., Әбілқасымова А. Е., Көшербаев Қ. Е., Қазақстан Республикасындағы жоғары білімді дамыту стратегиясы. Алматы. «Білім» баспасы, 1998 ж.
21. Б . Құлмағанбетова , А. Исанов, М. Исинғарина , М. Көккөзова , Р. Журмағалиева, П. Айтжанова. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» А. «Білім» 2000 ж.
22. С. Аманжолов «Қазақ тілі теориясының негіздері» -Алматы, 2002 ж.
23. С. Рахметова «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» -Алматы. 2003 ж.
24. К. Аханов «Тіл білімінің негіздері» -Алматы, 2003 ж.
25. Ы. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» -Алматы , 2002 ж.
26. Қазақстан мектебі. 2002 ж. № 3,5.
27. Таубаева Ш. Г. Лактионока С. Н. Педагогическая инноватика как теория
и практика нововведений в системе образования. Алматы. 2001г.
28. Ахметкәрімов Қ. «Мұғалімнің кәсіптік мәртебесі және беделі туралы ой
Қазақстан мұғалімі -2003 ж.
29. Тілеуова С. С. Жоғары мектеп педагогикасы. Шымкент 2004 ж.
30. Педагогика . Дәріс курсы. А. «Нұрлы әлем» 2003 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |