№11 лекция Сабақ, сабақтың морфологиялық және анатомиялық құрылыстары



бет1/6
Дата07.02.2024
өлшемі1.06 Mb.
#491214
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
11 лекция

№11 лекция Сабақ, сабақтың морфологиялық және анатомиялық құрылыстары

Дәрістің жоспары:

Дәрістің жоспары:

Сабаққа жалпы сипаттама

  • Сабақ – жоғары сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік мүшесі, өркеннің өстік (тірек ) бөлімі. Сабақ ұшында төбе меристемасының болуына байланысты үнемі ұшынан, сол сияқты қыстырма меристемасынан да өсіп отырады. Тіректік мүшенің бірі тамырдан айырмашылығы, сабақта жапырақ пен бүршік жетіледі және өсуін теріс геотропизм бағытында жалғастырады.

Сабақтың қызметі:

  • - Сабақ тамыр мен жапырақты байланыстырып тұрады;
  • - Сабақ арқылы фотосинтез процесінің нәтижесінде пайда болған органикалық заттар (төменгі ағыс жолымен) тамырға қарай, ал тамыр арқылы қабылданған су және онда еріген минералдық тұздар мен органикалық заттар (жоғарғы ағыс жолымен) жапыраққа қарай жылжиды.
  • - Сабақ бұтақтанып, онда жапырақтың қуатты ассимиляциялық беткейі жетіледі. Ол осы беткейді кеңістікте ұстап тұру, оны жарыққа бағыттау қызметін, яғни тіректік қызмет атқарады.
  • - көпжылдық өсімдіктердің сабағында қор заттары жиналады;
  • - шөптесін өсімдіктердің сабағында фотосинтез жүреді;
  • - көптеген өсімдіктердің сабағы вегетативті көбею мүшесі болып табылады.

Морфологиялық құрылысы

  • Сабақтың кеңістікте бой түзеуі әр қилы болып келеді. Олар тік, көтеріңкі, төселмелі, өрмелегіш (шырмалғыш, жармасқыш және т.б.)
  • Ағаштардың басым көпшілігінің, әсіресе көптеген шөптесін өсімдіктердің сабағы тік бағытта өседі. Мысалы, емен, қайың, жүгері, күнбағыс және т.б. Шөптесін өсімдіктердің ішінде сабағы алғашында көлбеу өсіп, содан кейін біртіндеп доға тәрізді иіліп барып көтеріліп өсетіндері жиі кездеседі. Мұндай сабақ көтеріңкі сабақ деп аталады. Мысалы, құлмақ жоңышқасы, қызылбас беде, күміс қазтабан және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет