3-деңгейдегі смж құжат поәК поәК 042 -18-15-1



бет1/3
Дата13.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#131865
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейдегі СМЖ құжат

ПОӘК

ПОӘК 042 -18-15-1.21/03-2013




«Журналистің сөз мәдениеті» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

2013 жылғы

№ 1 басылым







5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған

«Журналистің сөз мәдениеті» пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2013
Мазмұны

1. Глоссарий...........................................................................................................3-5

2. Дәрістер..............................................................................................................5-28

3. Практикалық сабақтар......................................................................................28-29

4. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыбы...........................................29-30

5. Пәннің оқу-әдістемелік картасы......................................................................30-31

6. Әдебиеттер.........................................................................................................32-33



1 ГЛОССАРИЙ

1. АББРЕВИАТУРА – сөздерді шартты түрде қысқарту немесе оны бастапқы әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚШ – Америка Құрама Штаттары.

2. АБЗАЦ – жаңа жолдан әрі кейін шегеріліп басталатын текс бөлігі. Ол бірнеше жолды қамтып, сөйлемдер мағынасын біріктіріп тұрады.

3. АБСТРАКЦИЯ – зат пен құбылыс туралы нақты ойламай, ауытқушылық, дерексіз ұғымға ұрыну.

4. АВТОБИОГРАФИЯ – қандай да бір тұлғаның өмірбаяндық өз туындысы.

5. АВТОР – түрлі салаларда шығарма жасаушы тұлға. Әдебиеттегі, өнердегі, ғылымдағы, т.б. твочестволық еңбек иесі.

6. АГИТАЦИЯ – ауызша немесе баспасөз арқылы қалың көпшілікке идеялар мен лозунгілер таратып, саяси тұрғыдан үгіттеп, әсер ету қызметі.

7. АКСИОМА – дәлелдеуді қажет етпейтін, онысыз да белгілі ақиқат.

8. АКТУАЛЬНЫЙ – бүгінгі күні уақыты пісіп жетілген, тез шешімді қажет ететін, маңызды да, өзнкті мәселе.

9. АЛЬМАНАХ - әр түрлі авторлардың әдеби шығармалар жинағы. Кезең – кезең сайын шығып тұруы мүмкін.

10. АНАЛИЗ – тиісті оъектіні жан – жақты талдап көрсететін, ғылыми – логикалық тұрғыдан ой – топшылаулар жасайтын зерттеу әдісі.

11. АНОНИМ - өз есімін жасырушы шығарма авторы.

12. АРГУМЕНТ – бір нәрсені дәлелдеуге негіз болатын логикалық тұжырым.

13. БРИФИНГ – белгілі бір мәселелер жөнінде үкімет ұстаған бағытты арнаулы өкілдің бұқаралық ақпарат құралдары журналистері алдына шағын мәжіліс өткізіп, баяндап беруі. Мысалы, халықаралық келіссөздерде болған мәмілені мәлімдеу, түсіндірме жасау.

14. БРОШЮРА – шағын көлемдегі шығарма берілген, жұмсақ мұқабамен шығатын жұқа кітап.

15. ВЕРСИЯ – факті немесе оқиға туралы бір-бірінен айырмашылығы бар әрқилы түсіндірмелер, ұғымдар.

16. ВЕРСТКА – терілген материлдар гранкілері арқылы типографияда газет, журнал беттерін дайындау.

17. ВУЛЬГАРИЗМ - әдеби тілде қолданылмайтын дөрекі сөздер.

18. ГОНОРАР – бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдары үшін авторға берілетін қаламақы.

19. ГРАНКА - әлі верстка жасалмаған баспаханалық терімнің бір бөлігі. Әдетте жүз жолдай көлемнен аспайды.

20. ДЕЗИНФОРМАЦИЯ – жалған хабар арқылы жаңылыстыру.

21. ДЕНЬ ПЕЧАТИ – дәстүрлі баспасөз күні. Жыл сайын 28 маусым күні аталып өтеді. “Түркістан уалаяты” газетінің 1870 жылы алғашқы нөмірі шыққан күнге орай белгіленген. Аталмыш мерекелік күні творчестволық арнайы сыйлықтар тапсырылады.

22. ЖАНР - әдеби немесе публицистикалық шығарма түрлері.

23. ЖУРНАЛИСТ – бұқаралық ақпарат қүралдарында тұрақты жұмыс істейтін, арнаулы кәсіби мамандығы бар қызметкер. Оның жұмысы идеологиялық, қоғамдық саланы қамтып, творчестволық тұрғыда еңбек етеді. Отанға, халыққа қызмет етіп, публицистика саласында шығармалар береді. Ішкі-сыртқы мәселелерге белсене араласып, қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысады.

24. ЗАМЕТКА – бір оқиғаның, фактінің негізінде жазылатын қысқаша хабар.

25. ИДЕОЛОГИЯ – қоғамдық санадағы идеялар жүйесі, ілім. Саясат, мораль, ғылым, өнер, дін жөніндегі ұғымдар мен көзқарастар жиынтығы. Ол қоғам дамуына белсене әсер етеді. Идеология прогресшіл немесе реакцияшыл болуы да мүмкін.

26. ИЛЛЮСТРАЦИЯ–кітап, газет, журналдар тексіне орай берілетін суреттер.

27. ИНТЕЛЛЕКТ – ақыл, адамның ойлау қабілеттілігі.

28. ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ – ой еңбегінің адамдары. Мәдениет пен ғылымның әр түрлі салаларынан арнаулы білімі бар адамдар.

29. ИНТЕРВЬЮ – сұрақ-жауап түрінде белгілі бір тұлғаның оқиға мен факті жөнінде журналистке айтқан әңгімесі, сұхбаты. Оның зәру мәселе бойынша пікірлері мен көзқарасын, берген мәліметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін журналистің жазып алуы.

30.ИНТЕРПРЕТАЦИЯ – бір нәрсенің мәнін ашу, ұғындыру,. Қайсыбір текстке түсіндірме жасау. ҚазТАГ – Қазақстан мемлекеттік телегреф агенттігі. Республиканың бұқаралық ақпарат құралдарын информациямен қамтамасыз етеді. Ішкі-сыртқы хабарларды жинап таратады.

31. КАЛЛИГРАФИЯ – анық, әдемі жазу өнері.

32. КОНЦЕПЦИЯ - өмір құбылысына көзқарас білдіріп, тұжырым жасау. Жазушының, ғалымның, журналистің т.б. негізгі түйінді ойлары.

33. КОРРЕКТОР – баспасөз материалдарын баспаханада теру кезінде кеткен қателерді гранкіден, не версткалау кезінде беттерден жөндеп, түзететін қызметкер. Ол саяси, орфографиялық, стильдік тұрғыдан сауатты болуы тиіс. Типографиялық техникадан хабары болуы керек.

34.КОРРЕКТУРА – баспаханалық терімнен кейін оттискіде байқалған қателерді жөндеу.

35. КОРРЕСПОНДЕНТ – бұқаралық ақпарат құралдарының жер-жерден хабар жинап беріп тұратын тілші қызметкері.

36. КОПИЯ – түпнұсқаның тура көшірмесі.

37. КУРСИВ–формалық тұрғыдан қолжазба әріптерге ұқсайтын типографиялық қаріп.

38. ЛЕТУЧКА – редакция ұжымының жедел әрі қысқаша өткізетін өндірістік жиналысы.

39. МАКЕТ – арнаулы бланкіге сызықтар арқылы түсірілген газет беттерінің дәл жасалынған жоспары.Сонын үлгісінде шығатын газет беттері дайындалып ,безендіріледі.

40. ОФСЕТ – типографияда жасалынған цинк қаңылтырдағы газет бетінін бейнесі сол күйінде резина пленкасына түсіріледі де, одан соң қағазға басылатын тәсіл.

41. ОЧЕРК – көркем жанрға жатады, публицистикалық сарында жазылады. Негізінен фактіге құрылады,ойдан шығарылмайды. Оқиға,фактілер зерттеліп,баяндалады. Оныңкейіпкерлері өмірде бар адамдар, нақты деректер баяндалады.Көбіне кейіпкерлер бейнесі суреттеліп беріледі.

42. ПАМФЛЕТ – заманға кереғар, қоғамдық- саяси өмірдегі кейбір келеңсіз құбылысты, сондай-ақ әлдебір жеке қайраткерлер туралы әшкерлеу, келемеж мақсатындағы актуальды да, көркем публицистикалық шығарма.

43. ПАРАДОКС - әдеттегі қалыптасқан жағдайдан бөлек, күтпеген тосын пікір, құбылыс.

44. ПЕТИТ – ұсақ типографиялық шрифтің түрі.

45. ПОЛЕМИКА – баспасөзде, жиналыста бір нәрсеніталқылау кезінде болатын айтыстар.

46. ПОЛИГРАФИЯ – баспа өнімдерінің барлық түрін шығаратын өндіріс саласы.

47. ПРЕССА – мерзімді басылымдар, газеттер мен журналдар т.б.

48. ПРИНЦИП – негізгі идеалға сай ауытқымай іс-әрекет көрсету тәртәбі.

49. ПРОБЛЕМА – теориялық және практикалық мақсаттағы шешімін күткен өзектіде, аса қажетті мәселе.

50. ПРОГРЕСС – алға жылжу, қоғамда неғұрлым жақсы жағдайға жету, дамудың жоғары сатысына өту.

51. ПРОПАГАНДА – ілімді, саяси теорияны, көзқарасты, идеяны баспасөзде және ауызша түрде тарату мен түсіндіру, насихаттау.

52. ПУБЛИКАЦИЯ – баспасөзде жалпыға арналып жарияланған хабар, жазылған материал.

53. ПУБЛИЦИСТ – қоғамдық-саяси мәселелер туралы қалам тартып жүрген журналист, қаламгер.

54. ПУБЛИЦИСТИКА – мерзімді басылымдарда саясат пен қоғамдық өмір мәселелерінің жазылып,жариялануы. Журналистика саласының материалдары.

55. ПСЕВДОНИМ – жазушы. журналистердің

баспасөзде шын аты-жөнінің орнына ойдан шығарылған бүркеншік есімді пайдалануы.

56. РЕДАКТОР – мерзімді басылымның жетекшісі, редакция коллективінің басшысы. Газет,журналдардың саяси бағытына, идеясы мен мазмұнына, жалпы оқырмандар үшін тартымды шығуына жауап беретін тұлға. Сонымен бірге тиісті мәселелерді шешіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуші.

57. РЕКЛАМА – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлдебір нәрсені кеңінен білгізу мақсатында жарнамалау.

58. РУБРИКА – газет бетіндегі біріктіріліп берілген материалдарға, сондай-ақ жүйелі түрде жарияланып тұратын кезеңдік материалдарға тағылатын ортақ айдар.

59. СТАТЬЯ – мақалада ірі өмір құбылыстары мен фактілері терең анализ жасалып, теориялық және практикалық тұрғыдан жинақталып, қорытылады.

60. ХРОНИКА - әдетте тақырыпсыз берілетін қысқаша хабар түрі.

61. ЦЕНЗУРА – баспасөзде жарияланатын шығармаларға ерекше бақылау жасау.

62. ЭТИКА – адамдардың моральдық адамгершілік қасиеттер жөніндегі нормалар жүйесі. Отанға, қоғамға және өзара қарым – қатынас мәселелерін, міндеттерін айқындайтын болмыс, әдет-ғұрып.



2 ДӘРІСТЕР

1-Дәріс. Сөз мәдениеті және оның БАҚ-на тән қасиеті

БАҚ-да хабарлармен берілетін материалдардың бәрін де сөз мәдениеті сақталады деп тұжырымдауға болады. Қандай публицистік немесе әдеби шығармалар болсын сөз мәдениетінің қасиетін танытатын салалар болып есептеледі және мұның ішінде журналистің де сөздері мен жазған материалдары халық үшін сөз мәдениетінің көрінісі ретінде қабылданып жатады. Сондықтан сөз мәдениеті артуы үшін мына жайларды ескеру керек:



  1. Сөздің мазмұндылығы

  2. Сөздің эстетикасы

  3. Сөздің ойлылығы қажет болатын

Ал ақпарат құралдарында айтылған сөздер әдеби тұрғыдан келу арқылы да мәдени сөздердің әрбір адамдардың аузынан шыққанда және электронды ақпарат құралдарынан сөйлегенде соншалықты сыпайылық мәдениеттілік болуы тиіс сонымен бірге микрофон алдында сөйлеп отырған теле радио журналистің де кейбір қасиеттерін аңғару қиын емес. Бұл ретте әсіресе радиожурналистің эфирдегі сөзінің интелектуалдық эрудициялық қасиеттері байқалып отырмақ. Егер дәл осындай қасиеттер сезілсе сөз мәдениетінің де түзелетіні айқын. Тіпті кейде сондай радиодан естіліп отырған сөздері арқылы радиожурналистің мәдениеті қандай екені сөз саптауынан-ақ аңғарылады. Сондықтан эфирдегі сөзді айтылған сөз, атылған оқпен бірдей екенін журналист жауапкершілікпен сезінуі қажет. Әсіресе, сұқбаттар әңгімелесулер сияқты жанрлар бойынша тікелей эфирден сөйлегенде публицистер бұл жағын ескеруі керек. Жалпы жұртшылық сөз мәдениетін тек қаламгерлерге байланыстырып қарауы мүмкін. Бұл қате ұғым деуге болады. Себебі, кез-келген адам жас кезінен қартайған шағына дейін жан дүние парасаты бай болса мейлі үйде болсын, түзде болсын сөз мәдениеті арқылы имидж тұлғасын қалыптастырмақ. Жалпы сөз мәдениеті сол сөздерден өнер туғызатын шығармалар туғызатын ақын жазушылар мен журналистерден күтілуі заңды. Себебі, олардың қоғамдық әлеуметтік мәселелерді қозғаудағы ой-пікірлері осыны қажет етеді. Әу баста сөз мәдениеті ауызекі тілден өріс алып фольклор арқылы кейінге де бүгінгі дамыған жазба әдебиетіміз публицистикамыз арқылы қалыптасып дамып келеді. Жер жүзінде 3 мыңдай ұлттар тілдері бойынша олардың халқының санының аз көптігіне қарамай әр қайсының өз алдына даму деңгейіне байланысты, сөз мәдениеті де қалыптасып келеді. Мұның көрінісін тек ақпарат құралдары ғана емес жер жүзілік үлкен ұйымдар мен форумдардан да байқауға болады. Мысалы: БҰҰ жанында ресми түрде тіркелген ағылшын, француз, испан, орыс, қытай және кейіннен қосылған араб тілдері бар. Сондықтан қазір жер жүзілік жиындарды барлық мемлекеттерге жариялауда осы аталмыш тілдердің мәдени қасиетіне зор мән беріліп отыр.

Бақылау сұрақтары:

1. радиожурналистің эрудициялық қасиеті

2. сөздің мәдениетін арттыру үшін не қажет?

3.Журналистика және әдеп терминдері



Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы. – А., 1992

2.Омашев Н. Жол үстінде-журналист. Алматы, 1999

3.Рендаль Д. Универсальный журналист. Алматы, 1996

4.Серғалиев М. Көркем әдебиет стилі. Алматы, 1995

5.Шамақайұлы Қ. Журналист шеберлігінің негіздері. Қарағанды,2001


2-Дәріс. Журналистің кәсіби моральдық этикалық принциптері

Журналистиканың жоғарғы нәтижелілігі. Журналистиканың тиімділігі мен пәрменділігі туралы түсінік. Нәтижеліліктің өлшемдері. Нәтижеліліктің екі түрі. Журналистиканың қызмет ету проблемалары.

Баспасөз бостандығы журналистің құқықтары мен міндеттері және әдеп әлемі. ХІХ ХХғғ аралығында Европа мен Америкада еңбекшілердің көңіл ауанын басқа жаққа аудару мақсатынтымен үстемтап түрлі айла шаралар болды.

Демократтар соны байқап журналистердің кәсіптік этникасына байланысты кодекстер болды.Кейінірек, яғни 20ж көптеген елдердің журналистік корпарациялары ондай кодекстерді ақыры қабылдады.

І ші жазған кодекс 1818ж қабылдады.Ол француз журналистикасының әдептілік хартиясы деп аталады.Демек әдептің хартиясы аса құнды құжат болып табылады. 20ж әр түрлі баспслар мен журналистер ұйымдарының инциативасы бойынша халықаралық журналистер ұйымының кездесулері жиі жиі өткізілді.Олардың бірі 1921ж Гонолуну қаласында өтті.Онда Американың Джеймс Броун халықаралық журналистер этикасының тәртібін қабылдау жөнінде ұсыныс білдірді.Ол «этика кодекстері және журналистикалық практиканың нормалары» деп аталады.Бұл идеяны қолдау арқылы Швеция, Бразилия, Финляндия сияқты елдер журналистік кәсіп этникасының нормаларын жасады.

1923ж Америкада «журнализм канондары» деп аталатын кодекс пайда болды.Оны қабылдаған Американдық басылымдар редактордың қауымдастығы «ассоциация» журнализм канонының әлі күнге дейін Америкада өмір сүріп келеді.

1. Баспасөз қоғамның немесе жартылай қоғамның иниституты.Оның басты мақсаты оқырмандарға дұрыс мағұлмат беру, үкілеп бақылап отыру.

2. Баспасөз әр кімнің игілігі және әркім газет шығаруға ерікті.

3. Баспасөз органдары бақылауда.

4. Ғайбаттап жазыуға болмайды.

5. Хабар ошарлар, дерек , мәліметтерді бұрмалау, жалпы адамзат, ізгілік нормаларынан шықпау.

6. Өзіңді ыңғайсыз жағдайға қалдыратын болса да

7. Ешкімнен ештеңе дәметпеу.

8. Ағаттық, қателіктер болса түзеу.

9. Демократиялық инструсиялар мен маральдің принциптерін сақтап, құрметтеу.

Этика деген де ең бірінші шындық, ақиқатқа қол жеткізу деген ұғымдар алға тартады.Ал шыншылдық деген өзі сөз бостандығы, баспасөздің БАҚ ның тәуелсіздігі.

Экономист және нобель силығының лауреаты Ашартинаннің сөзіне қарағанда «Егер адамдар қоғамдар не болып жатқанын білмесе, өздерін басқаратындардың әрекеттері жасырын болса, қоғам мен мемілекет істеріне қажырлықпен қатыса алады.Ақпарат азаматтарға жай ғана керек емес, ол сондай ақ демократиялық үкіметтің мағызды сипаттамасы.Нашар үкмет, аман қалу үшін қушылықты қажет етеді.Қушылық мемлекеттік билік қызметінің тиімділігін арттырмайды және жемқорлықтың гүлденуіне септігін тигізеді» дейді.

ОБЕС нің халықаралық қағидаларында былай деген «Заңнаманың ең жоғарғы мақсаты іс жүзінде ақпараттың ашықтылығын іске асыру болып табылады сөз бостандығы – рухани бостандықтың қайнар бұлағы»

Журналистика: авторлық құқық және әдеп әлемі.

Авто гректің «өзін» деген сөзінен шыққан.Авторлық құқық дегеніміз  шығармаларды пайдалану тәртібін реттеуге арналған құқық рәміздердің жиынтығы.

Авторлық құқық қызметі: авторлық шарт, авторлық қаламақы(ганарар), авторлық құқық, авторлық куәлік болып бір неше салаға бөлінеді.

Авторлық шарт дегеніміз  автор мен немесе мүрагерлермен баспа арасындағы өзара шарт.Келісім шарт жазбаша түрде болады. Авторлық шарттың 2түрі бар:

1. Шығарманы пайдалануға беретіні туралы.

2. Авторлық рұқсатнама.

1-де автордың шығармашылығына қол тимейді, яғни өңделмейді, қортындыланбайды.

2-де радлоинсинировка, киноинсинировка жасау үшін автордан рұхсат сұрайды.

Авторлық қаламақы: авторлық қаламақы мөлшерін республикалық өкмет белгілейді.Егер заңда қаламақы мөлшері белгіленбесе онда шартта көрсетілген мөлшермен төленеді.

Шығармаларды пайдалану тәртібін реттеуге арналған құқық рәсімдерінің жиынтығы пайда болады.Мысалы: автор қайтыс болса, оның шығармасы 25 жылдан кейін мемлекет қарауына өткізіледі.Автор келісімінсіз оның шығармасына өзгерістер енгізуге толықтырулар, илюстрациялар жасауға рұхсат етілмейді.

Авторлық куәлік: бұл өнертабыс иесіне автор өзінің авторлық құқын осы куәлік арқылы қорғайды.

1996ж (ВААП) ҚР ң авторлық және сабақтас құқықтар жөнінде мем лекеттік агентік болып өзгреді.Авторды қорғайтын авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң.

Агенттіктің міндеті, мақсаты айналып келгенде көзді, көзі жоқ қаламгерлер мен өнер адамының қаламақы, еңбекақыларын қадағалау соңғы кездегі ақын жазушылардың шығармашылығын тегін орындап сахнаға шығып жүргендер, сондай ақ компазиторлар әндерін таспаға түсіріп т.т көбейтіп кетті.Олардың біразы ұсталып авторлық құқық заңдылық арқылы шара қолданып баспасөз беттеріне жазыла бастады.

Бақылау сұрақтары:

1.Шығармаларды пайдалану тәртібі

2.Авторлық құқық және әдеп әлемі

3. Авторлық қаламақы



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики.М:1989

2. Елеукенов Ш.Р. Кітаптану негіздері. А.,1999

3. Ворошилов В.В. Журналистика. Учебник-СПб.:1999

4. Б.Жақып Публицистиканың шығармашылық негіздері

5. Б.К.Барманкулов Телевидение: деньги или власть. А.,1998


3-Дәріс. Журналист: әдеп әсемдік әлемі және норма

Норма дегеніміз – латын тілінен енген термин сөз мағынасы тәртіп, жол-жоба, заң, ереже, үлгі дегенді білдіреді.

Қазақша ауыспалы мағынада шек шама, деңгей, қалып, өлшем, өлшеуіш, мөлшер т.б.

Норманың өлшемдері көп. Норманың бір мағынасы – өлшем.

Өлшемнің түрлері салмақ өлшемі, тереңдік өлшемі, ғылыми математикалық өлшем, халықаралық және ұлттық халықтық ұғымдағы ақыл ой, парасат өлшемі.

Кртитерий – гректің «критерион» сөзінен шыққан мағынасы – өлшем, өлшеуіш, дәлел, айғақ дегенді білдіреді.

Этика – салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғы, үрдіс т.б.

Ұлттық салт-дәстүрлер бір қайырысы ұлттық өлшемдер ұғымы.

Олар: адым, қадам, аттам, табан, шақырым, құлаш, бойы, елі, сүйем, бармақ елі, сынық сүйем, қарыс, аршын, әудем жер, көш жер, ит өлген жер. Бір замандарда аратұра қазір де адамның дене мүшелерімен өлшенді. Арқан, белуардан, кісі бойы.

Уақыт өлшемі: қас-қағым сәт, сүт пісірім уақыт, сүт пісірім уақыт, көзді ашып-жұмғанша, бие сауым уақыт.

Адым – жай жүріспен бір басқан қашықтық немесе 6см.

Әдеп – әсемдік әлемінің бір өлшем өлшеуіші, қағазға түспеген әр халықтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпы.

Үнді жерінде дүниеге келіп Шығыс халқының ортақ мұрасы «Бану бақтары» әдеп кодексі болып саналады. «Махаббат ғылымы» деп аталатын кітап тазалық, үй-жай ұстау, инабаттылық жайында жазылған.

Қайсібір деректерге қарағанда «Махаббат ғылымын» Ватсиянна деген кісі жазыпты.

Кодексте қыз баланың 64 түрлі өнер, білім, іскерлігі жайында айтылған.

Әдеп кодекстері «Күлтегін» өнегелі жазба жәдігерліктерінде (экспонат) Ахмет Яссауидің, Жүсіп Баласағұнидың, Қорқыттың, Ұлықпан Хакімнің насихат сөздерінде, фольклорда ұлы жыраулармен аттары аңыз болған Аязби, Жиренше, Қарашаш, Қожанасыр бабалардың әңгіме, өсиеттерінде.

Әдеп әсемдік әлеміне қатысты мұндай ақыл кеңес тұспаларды М.Қашқаридың, С.Сараидың, Раши ад-Диннің т.б. еңбектерінен көреміз.

Ұлықпан хәкім елге халқына жасаған қызметіңді ұмыт, аяқ басқан сайын жұмысыңды міндетсініп істеме. Әділ және кішіпейіл бол.

Пышақсыз, жүксіз және ақшасыз болма. Құдайдан қорқып, халыққа ынсаппен қара. Үлкендерге қызмет, кішілерге шапағат, дәруіштерге рахым, дос-жарандарға кеңес, дұшпандарына жұмсақтық, қызбалаларға сабыр, ғалымдарға тағзым етіп өмір сүр. Біреудің малына көз сүзбе.

Журналистің кәсіби моральдық этикалық принциптері

Журналистің ең басты принциптері:

1. халықтығы

2. бұқаралдығы

3. шыншылдық, объективтілік, ыждағаттылығы

Журналистің жеке басының моральдық, этикасы осы жалпы принциптерінен туындайды.

Принцип дегеніміз- латын тілінен енген термин сөз, мағынасы негіз, қағида, ереже немесе бір нәрсенің бастауы.

Журналистің негізгі принциптері:



  1. Журналист- өз ұжымына, басылымына адал қызмет етуі тиіс.

  2. Журналист-өз сөзіне, өз ой-пікіріне жауапкершілікпен қараумен қатар, халықтың да ой пікіріне жауапкершілікпен қарау керек.

  3. Журналистің алдында әр дайым аудитория үшін не істеуім керек?, бұл шығармам аудиторияға қажет пе? Олардың арман мүддесін қолдаймын ба? Олардың уақыттарын алмаймын ба? деген этикалық сұрақтар тұру керек.

  4. Факті мәліметтері көп, ақиқат шындығы әбден жеріне жете зерттеліп, жан-жақты ойластырылған материалды ғана аудиторияға ұсынуға толық моральдық этикалық құқы бар.

  5. Егер материалдың фактісіне күдігі, күмәні болса, онда журналист ол материалды кейінге қалдыруы тиіс.

  6. Журналист біреулерді қаралап та, өтірік мақтап-мадақтап та жазуға құқы жоқ. Ондай жағдайда журналист аудитория алдында жауап береді.

Объектілерді зерттеу, адамдармен әңгімелесу барысында болмашы, елеусіз тұрпайылық, дөрекіліктен шындық ашылмай қалуы мүмкін.

Этика тұрғысынан объектілерді зерттеудің факт, мәлімет жинаудың 2 түрі бар:



  1. Ашық 2. Жасырын түрде зерттеу.

Материалдарын, деректерін ашық түрде жинау тәсілінде журналист белгілі органдарға барып, шаруасын ашық айтуы тиіс.

Көптеген түрлі себептермен ашылмайды. Ондайда журналист олардың тілін тауып, алған мәлімет деректерге басымен жауап беретіндерге сөз арасында әдеппен есіне салуы тиіс.

Объектіні зерттеудің, факт жинаудың жасырын немесе құпия түрінде адамдар журналисті білмейді. Мұндайда журналист такси айдаушыға, сатушы да жол серіктері болуы мүмкін. Бірақ қандай жағдайда әдеп, этикадан озбау керек.

Мәлімет алу барысында журналист қашан шындыққа көзі жетпейінше, ішкі қарсылығында мәселеге қосылатын, қосылмайтынын да білдіруі тиіс. Қандай жағдай болмасын, кіммен сөйлеспесін журналист алдында отырған адамның кей жағдайда салт-дәстүрін ескеріп, жеке басының кемшілігін көзге шұқып айтпай, керісінше оны мұқият тыңдауға, дауыс көтермеуге, денсаулық жағдайын ескеру керек.

Журналист алынған мәліметтің барлығы да материалда тексеріледі, қамтылады деп уәде беруі беріп, кейін айналып қалуы мүмкін. Ондай жағдайда уәдесін жұтпау үшін, адам, жер, су, атауларын өзгертіп те фактілерді толық қамтуға болады. Журналист жақын адамдардың арыз шағымдарын абайлап пайдалануы тиіс. Мақаланы кейіпкеріне көрсетіп алуы тиіс. Цитат/дәйекті сөз/ өте қатты мұқият болған дұрыс.

Бақылау сұрақтары:

1. Этика тұрғысынан обьектілерді зерттеу

2. Журналистің кәсіби моральдық этикалық принциптері не арқылы айқындалады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики.М:1989

2. Елеукенов Ш.Р. Кітаптану негіздері. А.,1999

3. Ворошилов В.В. Журналистика. Учебник-СПб.:1999

4. Б.Жақып Публицистиканың шығармашылық негіздері

5. Б.К.Барманкулов Телевидение: деньги или власть. А.,1998


4-Дәріс. Әдеп. Әңгіме әдебі немесе журналистің сұхбат сыр тарту мәдениеті

Термин латынның “терминус” деген сөзінен туындаған сөз. Мағынасы шек-шекара. Этика – грек тілінен тілінен енген термин сөз. Мағынасы салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жол, жоралғы, ырым, үрдіс. Зерттеу объектісі – мораль қазақша баламалары әдеп-тілек, инабаттылық, имандылық, адамгершілік, ізгілік, сыпайылық, бекзаттық, тектілік. Этикет-бұл француз сөзі мағынасы тәртіп. Бұл көбіне көп адамның өзін-өзі ұстау, сөйлеу немесе жүріс-тұрыс. Мәдениеттілікке жақын ұғымды білдіреді.

Этикетка-бұл француз тілінен енген сөз, мағынасы ярлық.

Эстетика-бұл грек тілінен енген термин сөз. Мағынасы қызығу, ұнату, көркемдікке, сұлулыққа, болмысқа ұмтылу.

Такт-бұл да әдеп мағынасындағы сезім, сезім өлшемі.

Тактика-грек тілінен енген термин мағынасы әскери әдіс-тәсіл, айла.

Маневр-әскери термин француз тілінен енген сөз мағынасы әскери әдіс-тәсіл, айла.

Қазақтарда жөн-жоралғы, ырым деген мағынаны береді.

Нюананс-ню-ағылшынша ауыспалы мағынасында жіңішке ойлау.

Манера-яғни бір нәрсенің әдіс-тәсілі, тілі.

Дипломатия-термин грек сөзі “диплома” деген сөзінен алынған мағынасы сезім, сенім, қағаз.

Норма-үлгі, заң, ереже, тәртіп, жол-жоба деген мағына береді. Латын тілінен енген сөз. Ауыспалы мағынасы шек-шама.

Критерий-гректің сөзі “грейтерион” деген сөзінен туындаған термин өлшем, өлшеуіш, дәлел.

Хартия-грек сөзі. Қоғамның саяси мағынасы бар құжат.

Кодекс-латынша кітап деген мағына береді. Яғни адамгершілік, ізгілік, жайындағы кітап.

Мораль-латын тілінен енген сөз мағынасы адамгершілік, имандылық.

Гуманизм-латынның “гуманус” деген сөзінен шыққан, яғни адамгершілік, ізеттілік, қайырымдылық деген мағына береді.

Диплом-грекше екі бүктелген қағаз.

Әңгіменің де әңгімесі, әңгімешілдің де әңгімешілі бар. Әңгіме, абыр-дабыр, абыр-сабыр әңгіме, көптен көріспеген адамдардың арасында болған қауқылдасқан, біреуді-біреу түсінбейтін жамырасқан әңгіме, жаға жыртысқан жан-жал әңгіме, әзіл-қалжың қатысқан ақ-жарқын, жайдарман жаймашуақ әңгіме, таң атқаннан түн батқанша таусылмайтын көкмылжың әңгіме, өсек-аяң әңгіме, намыстан туындаған күйіп-жанған әңгіме, іскер әңгіме, дипломатиялық әңгіме т.б.

Баршаға ортақ әңгіме бар да, әр ортаның өзіне шақ әңгіме.

Жасанды әркімнің дауысына еліктейтін адамдардың дауысы бар. Мазақтайтын дауыс бар.

Әр кімнің өз дауысы бар: шіңкілдек дауыс, ащы дауыс, қырылдақ дауыс, мақтаншақтарда болатын маңқылдақ дауыс, арылдаған дауыс, тыңдаушыны тез шаршатып тастайтын шаңқылдақ дауыс.

Сұрақ сауалға қарай жауаптар. Адамдармен әңгімелесу, сырласу, сыр тарту барысында сұрақ-сауал қоя білу керек. Сауал сұрақтың да өзіндік мәдениеті болады. Жер теуіп дікілдеп зікілдеп сұрақ қою, сағыз шайнап міндетсіп сұрау, тамыр басып барлар сұрау, тұспалдап сұрау, күлдіріп сұрау, білгішсініп сұрау. Бұл жолдардың туынды мағынасы күтіп, тосып, жылы жүз танытып сұрау, әзілдесіп әңгімелесе, сыбырласып әңгімелесу.

Шешен сөйлеу, суық бетпен жылусыз сөйлеу, айбат шегіп қорқытып сөйлеу.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет