Мотивация. Жағымды және жағымсыз мотивация түрлері



бет1/5
Дата14.10.2023
өлшемі68.41 Kb.
#480727
  1   2   3   4   5
Мотивация

Мотивация. Жағымды және жағымсыз мотивация түрлері.

Басқару психологиясы пәні

Дайындаған: Мендигалиева А. магистрант М013 тобы

Мотивация (ағылш. motіvation) – қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену", "ынталану" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым. Бұл ұғымды алғаш рет немістің иррационалды волюнтаризм философы А.Шопенгауэр өзінің философиялық шығармасында жеткілікті төрт негіздің бірі ретінде қарастырған. Moveo латынша сөз болып, "қозғалу, әрекет ету" мағынасын береді, демек motіvation сөзбе сөз мағынада "қозғалту, әрекетке келтіру" мағынасын береді. Бірақ қазіргі заман мәдениетінде ол тіке мағынасында емес, көбіне көп ауыспалы, жетілдірілген, түрлендірілген мағынада қолданылады.

  • Мотивация (ағылш. motіvation) – қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену", "ынталану" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым. Бұл ұғымды алғаш рет немістің иррационалды волюнтаризм философы А.Шопенгауэр өзінің философиялық шығармасында жеткілікті төрт негіздің бірі ретінде қарастырған. Moveo латынша сөз болып, "қозғалу, әрекет ету" мағынасын береді, демек motіvation сөзбе сөз мағынада "қозғалту, әрекетке келтіру" мағынасын береді. Бірақ қазіргі заман мәдениетінде ол тіке мағынасында емес, көбіне көп ауыспалы, жетілдірілген, түрлендірілген мағынада қолданылады.

Мотивация - экономика ғылымындағы басқару атқарымдарының бірі; басқарудың тиісті әдістерін таңдау және орындаушылардың уәжі ұйымның жалпы мақсаттарына қол жеткізуге септігін тигізетін жағдай жасау. Уәждеме екі фактормен айқындалады, олар: ұйымда қалыптасқан сыйақы мен еңбек жағдайы жүйесі және басшының жеке басының қабілет-қарымы (басшылықтың стилі). Бірқатар ғалымдардың пікірінше уәждеме жүйесінде адамға бағдарланған еңбек жағдайы (ұйым арасында қызметкерлердің жұмыс істеуіне жайлы жағдай жасау, ұйымдастыру мәдениетінің жоғары деңгейде болуы), сондай-ақ қызметкерлердің еңбегіне лайықты сыйақы төлеу, әдетте өнімділіктің неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізуге жол ашатын басты қағидат. Осыған орай уәждемені талдау қазіргі заманда маркетингілік зерттеулердің біршама жаңа, келешегі зор бағытына айналып отыр. Уәждемені зерттеу – тұтынушының нарықтағы мінез-құлқын айқындайтын себептер мен жағдайларды, ең алдымен әлеуметтік психология аясындағы себептер мен жағдайларды іздеп табуға саяды. Сатып алушының белгілі бір тауарды өз пайдасына таңдау жасауына қарай себептер кешенін зерделеп білу кәсіпорынның өткізу мен жарнама қызметінде кездесетін ықтимал қателерден аман болуына мүмкіндік береді.[4]

  • Мотивация - экономика ғылымындағы басқару атқарымдарының бірі; басқарудың тиісті әдістерін таңдау және орындаушылардың уәжі ұйымның жалпы мақсаттарына қол жеткізуге септігін тигізетін жағдай жасау. Уәждеме екі фактормен айқындалады, олар: ұйымда қалыптасқан сыйақы мен еңбек жағдайы жүйесі және басшының жеке басының қабілет-қарымы (басшылықтың стилі). Бірқатар ғалымдардың пікірінше уәждеме жүйесінде адамға бағдарланған еңбек жағдайы (ұйым арасында қызметкерлердің жұмыс істеуіне жайлы жағдай жасау, ұйымдастыру мәдениетінің жоғары деңгейде болуы), сондай-ақ қызметкерлердің еңбегіне лайықты сыйақы төлеу, әдетте өнімділіктің неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізуге жол ашатын басты қағидат. Осыған орай уәждемені талдау қазіргі заманда маркетингілік зерттеулердің біршама жаңа, келешегі зор бағытына айналып отыр. Уәждемені зерттеу – тұтынушының нарықтағы мінез-құлқын айқындайтын себептер мен жағдайларды, ең алдымен әлеуметтік психология аясындағы себептер мен жағдайларды іздеп табуға саяды. Сатып алушының белгілі бір тауарды өз пайдасына таңдау жасауына қарай себептер кешенін зерделеп білу кәсіпорынның өткізу мен жарнама қызметінде кездесетін ықтимал қателерден аман болуына мүмкіндік береді.[4]


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет