2.Өткен тақырыпты қайталау. а) молекулак-кинетикалық теорияның негізгі қағидасын тұжырымдаңыз; ә) зат мөлшері дегеніміз не? в)молекулалар арасындағы өзара әсер күштері.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
4.Жаңа сабақ. Газ, сұйық және қатты дене бөлшектерінің жылулық қозғалысының айырмашылығы мен ұқсастығын МКТ негізінде түсіндіру.
Сұрақтарды талдау:
1)неліктен газдар берілген көлемді тұтастай толтырады?
2)сұйықтардың аз сығылатындығын қалай түсіндіруге болады?
3)сұйықтың меншікті пішіні бола ма? Неліктен?
4) қатты дененің өз көлемі мен пішінін сақтау қасиеті неге негізделген?
Жаңа сабақты түсіндіру барысында молекуланың „отырықшылық” уақыты () бір тербелістің уақытынан () едәуір үлкен екеніне көңіл аудару керек.
Тұрақты сыртқы күштердің әсер ету ұзақтығы „отырықшылық” уақытынан недәуір үлкен болған жағдайда сұйық „ағады”, өзінің пішінін өзгертеді. Егер күштердің әсер ету ұзақтығы „отырықшылық” уақытымен шамалас болса, онда сұйық өзін қатты дене сияқты ұстанады.
5. Жаңа сабақты бекіту. Жалпылама сипаттағы жоспармен жұмыс (5-кесте).
6. Үй тапсырмасы: § 5, егер кестені толтырып үлгермесе үйде аяқтау, „Жылулық қозғалыс. Ішкі энергия” („Физика 8”) қайталау.
7.Оқушылардың білімдерін бағалау.
5. Оқыту әдістерінің классификациясы
Физика мұғалімі оқу процесін ұйымдастыруда, оқыту әдістерін таңдауда мектептердің оқу-тәрбие жұмысының ұзақ уақыттық практикасына негізделіп жасалған жалпы әдістемелік қағидалар болып табылатын дидактикалық принциптерді басшылыққа алады. Бұл принциптер өз пәнін оқытуда білім беру және тәрбие беру міндеттерін неғұрлым ойдағыдай шешуді қамтамасыз ету үшін мұғалімнің қалай әрекет жасауға тиістілігі туралы нұсқауларды қамтиды. «Методиканың» мәні «метод-әдіс»деген сөзден шыққандықтан, «оқыту әдісі» деген ұғым физиканы оқытудың бірнеше жолын қарастырады. Олар – кешенді әдіс, жобалық әдіс. Дедуктивтік және индуктивтік әдіс, т.б. Сонымен, оқыту әдісі ұғымы – оқытудың мазмұнына, күллі оқу жұмысының барысына, оқу ісін ұйымдастыруға, әртүрлі шығармашылық шараларға негізделеді. Мұғалімнің білім беруі іскерлікке, дағдыға үйретеді және оқушылардың осыларды меңгеруі оқытудың әртүрлі әдістерімен жүзеге асады.
Физика ғылымының өзіндік зерттеу әдісі болатыны секілді физиканы оқытудың да өз әдісі бар. Оқыту әдісі деп мұғалімдердің оқушыларды біліммен қаруландыру тәсілдерін және материалды қабылдату айла-шараларын айтады. Оқыту әдістері – көп тармақтан тұратын, көп компоентті ғылыми-практикалық ұғым. Оқыту әдістерін ғылыми негізде талдау жасасақ, оған әртүрлі тұрғыдан анықтама беруге болады: оқыту әдісі – оқытушы мен оқушының бірлесіп жұмыс істеу тәсілдері; оқыту әдісі – оқу үрдісіндегі алға қойылған мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушының бірігіп атқаратын қарекеті; оқыту әдісі – оқу үрдісіндегі педагог пен оқушының арасындағы өзара әрекет; оқыту әдісі – оқушыларға білім беретін жол; оқыту әдісі – оқушылардың танымдық процесін және олардың жеке басының дамуын ұйымдастыру формасы; оқыту әдісі – оқу үрдісін оптималдандырудың бір амалы. Мұндай тұжырымдамалардың барлығының түпкі мақсаты оқушылардың білім алуының тиімді жолы мен әдіс-амалын анықтау болып табылады.
5-кесте
Заттың күйі
Заттың күйі
Молекулалардың ара қашықтықтары-ның (молеклулалардың өлшемдерімен салыстырғандағы)