3 I қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын өндіруге және экспорттауға салынатын салықтардың экономикалық мәні


II Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығын есептеу және төлеу тәртібі



бет2/3
Дата28.06.2016
өлшемі244.5 Kb.
#163795
1   2   3

II Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына
салынатын рента салығын есептеу және төлеу тәртібі

2.1     Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына


салынатын рента салығының субъектілері мен объектілері

    Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, шикi мұнайды, газ конденсатын экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығын төлеушiлер болып табылады.

      Экспортқа өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемi экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығын салу объектiсi болып табылады.

  Экспортқа нақты өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемi салық төлеушiнiң оларды тасымалдауға жұмсаған шығыстарын шегере отырып шикi мұнайдың, газ конденсатының сапасына төмендетiлген баға (үстеме баға) ескерiлген нарықтық бағасын негiзге алып есептелген экспортталатын шикi мұнайдың, газ конденсатының құны экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығын есептеу базасы болып табылады.

      Шикi мұнайды, газ конденсатын тасымалдауға арналған шығыстар деп осы баптың мақсаттары үшiн мыналар түсiнiледi:

      а) шикi мұнайды, газ конденсатын темiр жол, магистральдық құбыр жолы және (немесе) теңiз жолдары арқылы тасымалдау кезiнде көлiк тарифiне ақы төлеу;

      б) шикi мұнайды, газ конденсатын ағызу және құю жөнiндегi шығыстар;

      в) шикi мұнайды, газ конденсатын жолда сақтандыру жөнiндегi шығыстар.

Өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасын айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Егер салық төлеушiнiң шикi мұнайының, газ конденсатының сапа көрсеткiштерi магистральдық құбыр жолы арқылы тасымалданатын шикi мұнай, газ конденсаты қоспалары көрсеткiштерiнен төмен болса, шикi мұнай, газ конденсаты сапасына төмендетiлген баға ұсынылады. Егер салық төлеушiнiң шикi мұнайының, газ конденсатының сапа көрсеткiштерi магистральдық құбыр жолы арқылы тасымалданатын шикi мұнай, газ конденсаты қоспалары көрсеткiштерiнен жоғары болса, шикi мұнай сапасына үстеме баға ұсынылады.


      

2.2     Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына


салынатын рента салығының ставкалары мен төлеу тәртібі

      Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығын төлеу бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.

      Салық төлеушi бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.


      Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығы бойынша декларация тiркеу орны бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей берiледі.

      Пайдалы қазбалар өндiрудi жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасалғанға дейін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланғаны үшiн республикалық бюджеттің кiрiсiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мөлшерде роялти түрiнде аударымдар жасайды.


      Бұл ретте салық салу объектiлерi мен осы аударымдарды төлеу мерзiмдерiн айқындау осы Кодексте роялти төлеу үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзіледi.

Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына


                 рента салығының ставкалары

      Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығының ставкалары мынадай мөлшерлерде белгiленедi:


____________________________________________________________________
          Нарықтық бағасы                         |    Ставкасы
__________________________________________________|_________________
бiр баррель үшiн 19 АҚШ долларынан кем                0 процент
бiр баррель үшiн 19-дан 20 АҚШ долларына дейiн        1 процент
бiр баррель үшiн 20-дан 21 АҚШ долларына дейiн        4 процент
бiр баррель үшiн 21-ден 22 АҚШ долларына дейiн        7 процент
бiр баррель үшiн 22-ден 23 АҚШ долларына дейiн       10 процент
бiр баррель үшiн 23-тен 24 АҚШ долларына дейiн       12 процент
бiр баррель үшiн 24-тен 25 AҚШ долларына дейiн       14 процент
бiр баррель үшiн 25-тен 26 АҚШ долларына дейiн       16 процент
бiр баррель үшiн 26-дан 27 АҚШ долларына дейiн       17 процент
бiр баррель үшiн 27-ден 28 АҚШ долларына дейiн       19 процент
бiр баррель үшiн 28-ден 29 АҚШ долларына дейiн       21 процент
бiр баррель үшiн 29-дан 30 АҚШ долларына дейiн       22 процент
бiр баррель үшiн 30-дан 31 АҚШ долларына дейiн       23 процент
бiр баррель үшiн 31-ден 32 АҚШ долларына дейiн       25 процент
бiр баррель үшiн 32-ден 34 АҚШ долларына дейiн       26 процент
бiр баррель үшiн 34-тен 36 АҚШ долларына дейiн       28 процент
бiр баррель үшiн 36-дан 37 АҚШ долларына дейiн       29 процент
бiр баррель үшiн 37-ден 38 АҚШ долларына дейiн       30 процент
бiр баррель үшiн 38-ден 40 АҚШ долларына дейiн       31 процент
бiр баррель үшiн 40 АҚШ долларынан астам             33 процент
____________________________________________________________________

            Салық режимiнiң бiрiншi үлгiсi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу оларды төлеу жөнiндегi міндеттемелер пайда болған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргізіледi.  

Пайдалы қазбалар өндiрудi жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасалғанға дейін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланғаны үшiн республикалық бюджеттің кiрiсiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мөлшерде роялти түрiнде аударымдар жасайды.
      Бұл ретте салық салу объектiлерi мен осы аударымдарды төлеу мерзiмдерiн айқындау осы Кодексте роялти төлеу үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзіледi.

      Салық режимiнiң бiрiншi үлгiсi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу оларды төлеу жөнiндегi міндеттемелер пайда болған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргізіледi.  


     Мiндетті салық сараптамасынан өткен және 2004 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе құзыретті орган мен отандық немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарда айқындалған салық режимi олардың қолданылуының белгіленген бүкiл мерзiмi ішiнде сақталады және қолданылады әрі Қазақстан Республикасы салық заңдарының өзгеруіне байланысты тараптардың келісімі бойынша түзетiлуi мүмкiн.  
     Салық режимi өнiмдi бөлу туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жасалған келісім-шартта ғана айқындалады.
      Өнiмдi бөлу туралы келiсім-шартта белгіленетiн салық режимi келісім-шартқа қол қойылған (жасалған) күні қолданылатын жеке және заңды тұлғалардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуiн реттейтiн Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелерiне сәйкес болуға тиіс.

      Салық сараптамасы жүргізілген күн мен өнімді бөлу туралы келісім-шартқа қол қойылған күн аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының салық заңдары өзгерген жағдайда қайтадан сараптама жүргізіле отырып, салық режимi осы өзгерістерге сәйкес келтірілуге тиiс.


      Өнімді бөлу туралы бiр келiсiм-шарт бойынша жер қойнауын пайдалануды бiрнеше салық төлеушi жүзеге асыратын жағдайда келісім-шартта белгіленген салық режимi олардың барлығы үшін ортақ болып табылады. Бұл ретте:

      1) осындай келiсім-шарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушiлер салық салу мақсатында бірыңғай шоғырландырылған есеп жүргізуге және келісім-шартта белгіленген барлық салық пен төлемдерді төлеуге міндетті;

      2) бiр келісiм-шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын резидент eмec жер қойнауын пайдаланушыларға келiсiм-шартта белгіленген салықтар бойынша осы Кодекстің 184-186-баптарына сәйкес салық салынуға тиіс.
      5. Жер қойнауын пайдаланушы келісiм-шарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін eceптеу және осы келісiм-шарт аясынан тыс қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн eceптeу үшін бөлек есеп жүргізуге міндетті.

      Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу келiсiм-шарттардың негiзгi түрлерiне қарай екi үлгiге бөлiнедi:

      1) бiрiншi үлгi, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуiн көздейдi;

      2) екiншi үлгі жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеуiн (беруiн) басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерінің төленуін көздейді, оларға:

      экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы;  

      роялти;  

      шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын акциз;  

      үстеме пайда салығы;

      жер салығы;

      мүлiк салығы қосылмайды.  

Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттарда белгiленген салық салу шарттары тараптардың келiсiмi бойынша салық заңдарының өзгеруiне байланысты түзетiлуi мүмкiн. 

Салық заңдарындағы өзгерiстер нәтижесiнде жер қойнауын пайдаланушыға салық салу шарттары жақсарған жағдайда, өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттарда Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қалпына келтiру мақсатында салық салу шарттарына түзету жасалады.  


      Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шартта көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң күшi жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы келiсiм-шартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде оларды бюджетке төлеудi жалғастыра бередi.  
Салық сараптамасы - құзыреттi орган жасайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарт жобасына, оған толықтырулар мен өзгерiстерге талдау жасау мен баға берудi қамтитын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салығын белгiлеудi қоса алғанда, салық режимiн бекiту мақсатында жүргiзiлетiн мiндеттi сараптама. 
     Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi барлық келiсiм-шарттарға қол қойылғанға дейiн олар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмдерде мiндеттi салық сараптамасынан өткiзiлуге тиiс. Осы ереже бұрын жасалған келiсiм-шарттарға енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларға да қолданылады.

Салық сараптамасының нәтижелерi бойынша белгiленген салық салу шарттары өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттың түпкiлiктi мәтiнiне ешбiр өзгертулер мен түзетулерсiз мiндеттi түрде енгiзілуге тиіс.  


    

2.3 Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына
салынатын рента салығын есептеу әдісі

Барлауға келісім-шарт бойынша жұмыстарды жүргізу барысында «А» компаниясы барлауға 70,155 млн теңгеге жалпы сомаға шығыстар жұмсады, одан:

20 мың теңге барлау жұмыстарын жүргізу үшін негізгі қаражаттарды сатып алумен байланысты шығыстар,

50мың теңгені ағымдағы шығыстар құрады,

100 мың теңге- жазылмалы бонус төлемі,

40 мың теңге- қызметкерлердің еңбекақысын төлеу қоры,

15 мың теңге- өндірістен тыс және өзге де шығыстар.

Компания барлау бойынша қызмет кезеңі үшін 90 мың теңге- тәжәрибелік-өнеркәсіптік партияны сатудан, 5 мың теңге сомасында депозит бойынша проценттерді банктің төлеуі түрінде кіріс алынған, 80 мың теңге технологиялық жабдықты лизингке тапсырудан және 100 мың теңге келісім-шарт аумағында геологиялық-барлау жұмыстарын өткізу үшін тартылған мердігерлердің ұй-жайларды жалға тапсыруынан алынды.

70,155 млн-нан оларды одан кейінгі амортизация және табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстары мен геологиялық зерттеуге жүргізілетін шығыстар сомасын айқындау кезінде мыналар шегеріледі:

пайдалы қазбалардың тәжірибелік-өнеркәсіптік партияларын сатудан алынған сома- 90 мың теңге,

мүлікті жалға тапсырудан алынған кіріс сомасы-100 мың теңге,

және сонымен 69,965 млн теңге сома амортизацияланды.

Амортизацияланатын шығыстар сомасын есептеу кезінде мынадай кірістер 70,155 млн теңге жалпы шығыс сомасынан шегерімге жатады:



  • процент түрінде алынған кірістер- 5000,0 мың теңге, олар Салық кодексіне сәйкес жылдық жиынтық кірістен алынып тастауға жатады;

  • лизингке технологиялық жабдықты тапсырудан алынған кірістер;

  • 80,0 мың теңге, өйткені олар Салық кодексіне сәйкес жылдық жиынтық кірістен шегерімге жатады.

Аталған табиғи ресурстарды геологиялық барлау, әзірлеу немесе пайдалануға құқығын алумен байланысты салық төлеуші шеккен материалдық емес активтерге, шығыстарға да қолданылады.

Бұдан басқа, аймақтардың әлеуметтік саласын дламытуға және қазақстандық кадрларды оқытуға жер қойнауын пайдаланушылар шеккен шығыстар жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттармен белгіленген сомалар шегінде шегерімге жатады.

Тарату қорына жер қойнауын пайдаланушы нақты жүргізген аударымдар келісім-шартпен белгіленген мөлшерде ЖЖК-тен шегерімге жатады. Аталған аударымдар жыл сайын Коммерциялық өндеру басталғаннан кейін жүзеге асырылады және әзірлеу жоспарына мерзім сайын енгізілетін мүмкін болатын өзгерістерді ескеріп әзірлеу жоспарына сәйкес өндірудің қалған есептік мерзіміне кен орнын әзірлеудің оң практикасына сәйкес айқындалатынтаратуға есептік шығыстар сомасынбөлу жолымен есептеледі. Егер тарату шығыстарының нақты шегі тарату қорына төленетін сомадан аз болса,тиісті қалдық жер қойнауын пайдаланушының ЖЖК-не енгізіледі.

Ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша шығыстар мен шегерімдер оларды нақты орындау бөлігінде әрбір салық кезеңінің ішінде ескеріледі;

Жер қойнауын пайдаланушы жыл сайын 300 млн теңге бойынша 600 млн сомаға көмірсутегін жеткізуге 2 жылға сатып алушымен келісім-шарт мжасады. Сатып алушының мекен-жайына өнімді бірінші жылы 270 млн теңгеге және екінші жылы 350 млн теңгеге нақты жіберді.

Бұл жағдайда, келісім-шарт шартына қарамастан жер қойнауын пайдаланушы бірінші жыл үшін ЖЖК-ке 270 млн теңге екінші жыл үшін сәйкесінше 350 млн теңге енгізді.

Егер кез-келген жыл үшін Мердігердің салық салынатын кірісі шығын алып келсе, онда салық Кодексінің 124-бабына сәйкес мұндай шығын келесі жылға немесе жылдарға көшіріледі («көшірілетін шығын»), алайда көшірудің мұндай кезеңі көшірілген шығындардың кез-келгені үшін жеті жылдан аспауы тиіс.

Үстеме пайдаға салық салу объектісі жиырма пайыздан жоғары пайданың ішкі нормасы (ПІН) алынған жер қойнауын пайдаланушының есепті кезең үшін әрбір жеке келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының таза табысының сомасы болып табылады.

ПІН мындай формула бойынша жер қойнауын пайдаланушының жылдық ақша ағымдарының инфляция индексіне түзетілген негізде есептеледі:
ПІН= r1+ КТҚ(r1) х(r2-r1)

КТҚ(r2) – КТҚ(r1)

Онда, ПІН – пайданың ішкі нормасы – жүргізілген инвестициялардың өтімділік коэффициенті;

КТҚ – келті рілген (ағымдағы) таза құн – дисконттаудың уақыты мен ставкасына ақшасына ақшалардың құн өзгерісіне түзетүмен қолма- қол ақшаның ағымынан ескеріп есептелген салынған инвестициялары қайтару құнының есептік көрсептік көрсеткіш;

r1- дисконттау ставкасы (пайыздық ставка), оның кезінде КТҚ ең аз оң мәнге тең(КТҚ(r1));

r2- дисконттау ставкасы (пайыздық ставка), оның кезінде КТҚ ең аз теріс мәнге тең (КТҚ(r2));

Жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт жасаған компания 10 жыл ішінде Көмірсутегін өндіру мен Кен орнын әзірлеу бойынша қызметін жүзеге асырды. Қызметін жүзеге асыру нәтижесінде онда мынадай нәтижелер қалыптасты:


Р/с

N


Көрсеткіш

1-й жыл

2-й жыл

3-й жыл

4-й жыл

5-й жыл

6-й жыл

7-й жыл

8-й жыл

9-й жыл

10-й жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

2

Келісім-шартпен көзделген қызметті жүзеге асырумен байланысты өзге кіріс




400

500

800

1000

1200

1400

1500

1400

1400

3

Жылдық жиынтық кіріс(1жол+2жол)




400

500

850

1000

1200

1400

1580

1400

1450

4

Роялти-5%(1жолх5%) (осы мысалда Роялтиға салық салу объектісі жылдық жиынтық кіріс сомасына тең, сондай-ақ Жер қойнауын пайдаланушының барлық кезеңіне Роялтидің кесімді ставкасы алынған)




20

25

40

50

60

70

75

70

70

5

Капиталдық шығыстар

500

400

300

200

100
















6

Шегерімдер, оның ішінде:

100

350

300

400

450

550

650

800

650

550

7

- амортизация




100

150

200

200

150

100

80

70

70

8

- заемдар мен несиелер бойынша пайыздар




30

40

50

40

20













9

Бұрынғы жылдардың шығындары




100

70






















1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

10

Салық салынатын кіріс (3жол-4жол-6жол-9жол)

-100

-70

105

410

500

590

680

705

680

830

11

Табыс салығы- 30% (10жолх30%)







31,5

123

150

177

204

211,5

204

249

12

Табыс салығын төлегеннен кейінгі кіріс (10жол- 11жол)

-100

-70

73,5

287

350

413

476

493,5

476

581

13

Компания төлейтін дивидентер
















100

150

200

200

200

14

Дивидендтерге салық- 15% (13жол х 15%)
















15

22,5

30

30

30

15

Бұрынғы жылы төленген үстеме пайда салық

























37,07

47,05

16

Таза табыс(залал)

-100

-70

73,5

287

350

398

453,5

463,4

392,13

504

17

Жер қойнауын пайдаланушының ақша ағымы(16жол-5жол+7жол+8жол+9жол)

-600,0

-240,0

33,5

337,0

490,0

568,0

553,5

543,4







18

Инфляция индексіне түзетуге дейін пайданың ішкі нормасы

н/п

н/р

н/р

-26,99%

0,75%

15,03%

22,39%

26,65%

28,96%

30,84%

19

Инфляция индексі

3,0%

3,0%

4,0%

4,0%

4,0%

5,0%

4,0%

4,0%

3,0%

3,0%

20

Түзетілген ақша ағымдары

-600,0

-233,0

31,6

305,4

427,0

477,3

442,8

418,0

339,63

407,9

21

Пайданың ішкі нормасы

н/р

н/р

н/р

н/р

-2,63%

11,13%

18,14%

22,21%

24,39%

26,17%

22

Үстеме пайдаға салық ставкасы






















8%

12%

18%

23

Үстеме пайдаға салық сомасы(16жол х 22жол)






















37,07

47,05

90,72

Ақша ағымдарының есебінен кейін белгіленген формула бойынша қызметтің екінші жылынан бастап инфляция индексіне ақша ағымдарын түзету жүргізіледі:

ААF(1) = - 600

AAF(2) = -240 = - 233




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет