Ақыл-ой тәрбиесінің ең басты құралы — оқыту.»Дамыта оқыту» ережелеріне сүйеніп жасалған оқу бағдарламалары оқушыларды ақыл-ой жұмысына үйретеді.Ақыл-ой тәрбиесін беру жолдарын Л.С.Выготский, Л .В.Занков, т.б. терең зерттеді. Л.В.Занков оқушының ақыл-ойын өсіру үшін өілімді бере берудің жеткіліксіздігін, ақыл-ой жұмысының тәсілдеріне үйрету керектігін дәлелдеді.Д.Б.Эльконин ақыл-ойды білімнің мазмұны дамытатынын дәлелдеп, оған анықтама, фактілерді енгізумен шектелмей, оқушы өзі білім алатын таным қызметін ұйымдастыру үшін сабақты мәселелі пікірталас әдісімен өткізуді ұсынды.
Адамгершілік — адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. «Кісілік», иізгілік», «имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік — адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары.
Достарыңызбен бөлісу: |