Тақырыбы: Стресті қалай жеңуге болады? 2013-2014 оқу жылы стресс 1 Стресске анықтама



Дата13.06.2016
өлшемі211.5 Kb.
#134061
Астана қаласы №55 орта мектеп


Тақырыбы: Стресті қалай жеңуге болады?

2013-2014 оқу жылы

СТРЕСС

1 Стресске анықтама

2 Стресстің белгілері

3 Эмоциялық стресс

4 Хроникалық стресс

5 Жағымсыз ойсоққы

6 Стрессті тудыратын факторлар
Стресс дегеніміз не? Психологтар «стресс» тақырыбын ұзақ уақыт бойы зерттеп, оның себебін түсінуге және одан шығу үшін адамдарға жол ашуға тырысты. ХХғ. 30-50 жылдары канадалық ғалым Ганс Селье стресстің биологиялық теориясын жасады. Оған мынадай ғылыми анықтама беріледі: Стресс – аса кушті сыртқы әсерден жүйкенің жоғарғы деңгейде ширығуы.

Стресс – адамның ширығуын талап ететін күрделі, күтпеген, аса жауапты, маңызды немесе қауіпті жағдайларда пайда болатын көңіл-күй ахуалы. Ол сондай-ақ денеге және ақыл-ойға тез және жауапты шешімді талап ететін көп салмақ түскенде, дау-жанжал т.б кезінде туындайды. Стресс кезінде орын алатын денедегі өзгерістер мен уайым диапазоны өте үлкен. Әлсіз стресс немесе оның бастапқы көрінісі кезінде адам жинақылынады, оның психологиялық процесстері жұмылып, деңгейі жоғарлайды. Ұзақ немесе қатты стресс ағза жұмысын қамтамасыз ететін қызметтердің ұйымдасуын бұзады немесе олар азып-тозып, қызмет етуден қалады.

Бұл адам ағзасының физикалық және психикалық тұрғыдан күштену қалпы. Қазіргі заманда жиі қолданатын, сәнді сөз. Біз оны әруақытта сезінеміз – сыныпта өзімізді тұрып таныстырарда, асқазанның ішінде қуыс бардай сезім болады, емтихан уақытында шексіз ашулану, ұйқысыздық. Болмашы стресстің өзі шарасыздыққа алып келеді. Стресс адам тіршілігінің ажырамас бөлігі. Дей тұрғанмен стресстің өте қауіпті жағдайларын ажырата білу керек.

Стресс үш кезеңнен тұрады:

1) үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;

2) төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жуйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;

3) әлсіреу – бейімделу қорының мүикіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады. Стресстің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.

Бұл тұрғыдан алғанда, заманында Әбу Әли Ибн Синаның қойларға қойған тәжірибесі өте қызық. Ол бір қойды қораға, басқа қойларды көретіндей етіп, жалғыз өзін қамаған. Ал екінші қойды басқа қораға қасқырдың үйшігінің жанына орналастырған. Бірінші табынға қосылғысы келіп, маңырай берген, бірақ алдындағы жем-шөпті жеп тұрған. Ал екінші қой қасқырды көрген сайын үркіп, қашпақ болған. Ол алдындағы жемді аузына да алмай, жүдеп-жадап әлсіреген. Адам да сол сияқты жақсыны көрсе жақындағысы келіп, жағымды стресс туады. Ал жаманды кездестіргенде одан жанын аулақ салып, құты қашады, жағымсыз стресс туады. Міне, осы екі мысал стресстің жағымды және жағымсыз түрлерін біршама сипаттайды. Стрессті тудыратын әсерлерге қарай физиологиялық және психологиялық стресс деп екіге бөледі. Психологиялық стрессті мәліметтік және эмоциялық стресс деп атайды. Тосыннан жағымсыз хабар естігенде мәліметтік стресс пайда болады. Адам дұрыс жауап таба алмай, қатты қиналады, не істерін білмей, абыржып қалады. Ал эмоциялық стресс қауып туғанда немесе оқыс қорыққанда, не біреуден қатты көңілі қалғанда байқалады. Мұндайда жоғарғы жүйке әрекетінде тежеулі серпінісі қанат жаяды. Соның нәтижесінде іс-қимыл әрекеті немесе сөйлеген сөзі бұзылады. Стресстің физиологиялық тетігі гипоталамус-гипофиз бүйрек үсті безі жүйесінің рефлекторлық қызметіне негізделген. Стресс кезінде қанда глюкокортикоидтар мен катехоламиндердің, серотониннің мөлшері оқыс көбейеді. Ғылымның жаңа деректері бойынша оған қосымша самототропин және самотомединдер де стресстің, әсіресе оның үрейлену кезеңінің өрлеуіне себеп болады. Самототропин иммундық жүйенің қызметін белсендіріп, организмнің стресске қарсы тұру төзімділігін арттырады.

Бұл биологиялық жағдайлардың барлығын жеңу үшін айналаны қоршаған ортаның жаңа жағдайларына ағзаның бейімделу қабілетінің деңгейін (резистенттігін) жоғары деңгейге жеткізу керек. Күйзелістік (стресстік) әсер алдымен орталық нерв жүйесін мазалайды, сипатикалық нерв жүйесінің мөлшерден тыс жұмыс істейтіндігін арттырады. Бұлардың неше түрлі үрдістерін туғызатын гормондар бар. Олар адреналин мен норадреналин. Бұған ағзадағы (мидағы) гипофиз қосылады да өте үлкен физиологиялық-биохимиялық үрдістердің жүруіне әкеп соғады. Бүйрек бездерінің глюкокортикоидты гормондарының бөлінуін арттырып ағзаға күйзеліс (стресс) тудырады. Жанды әсер созылып кетсе, ағза әлсіреп кетеді. Адреналиннің концентрациясы мөлшерден тыс көбейе түседі. Бұл ағзаны әбден әлсіретеді. Ұзақ уақытқа стресс созылса ағзаға тіпті жаман өзгерістер әкеледі. Адамның көңіл-күйі тым төмендеп кетіп денсаулық нашарлап ұйқы қашады. Бұл жақсы биологиялық көрсеткіш емес. Егер күйзеліс жиі-жиі болып тұрса, онда ағзада бұрынғы қалпына келмейтін физиологиялық-биохимиялық үрдістер жүріп, дәрменсіздік пайда болады. Психикалық дерттер ағзада орын ала бастайды.

1950 – 1970 жылдары өсімдіктер физиологиясын да стресс, жануар физиологиясында психиологиялық стресс деген биологиялық терминдер пайда бола бастады. Өмірге, тұрмыс игілігіне, стресс әлеуметтік қоғамдағы орнына, адамгершілігіне, өзіне деген биологиялық ерекшелігіне күмәндік сезім тудыратын оқиғалар пеихологиялық стресстің себепкері болып саналады. Адамзат баласы өзін-өзі тәрбиелеудің, танымдық сезімін күшейтудің нәтижесінде танымдық қызығушылығы артып, ауыр стресс тудыратын факторларды болдырмай, ал ол бола қалған жағдайларда олардан тез арада шығып кетіп отырады.


Мақсаты: Теориялық аспектілерге тоқталу және стресстен арылудың жаттығуларын ұсыну. Адамда болып тұратын психикалық процесс эмоция туралы түсінік беру.Адам ағзасына эмоциялық әсердің заңдылығы туралыбілімді қалыптастыру.

Міндеті: эмоция, көңіл-күй туралы білімдерін өмірде, практикада қолдана білуін қалыптастыру.Стресс жайлы түсінік пен оның алдын алу жолдарын қалыптасыру.



2 Стресстің белгілері

Стресске әлеуметтік жағдайға және қызмет түріне байланыссыз барлық адамдар ұшырайды. Бірақ бір жағдайларда адамдар қатер тобына көбірек жатқызылады, ал басқалар азырақ. Америкалық мамандардың зерттеулеріне сәйкес стресске әлеуметтік орта қызметкерлері және зиян, әрі қауіпті өндірісте жұмыс істейтін адамдар ұшырайды. Бұл мұғалімдер, дәрігерлер, әскерлер, ақпарат орталығының операторлары, полиция және басқа да мамандар. Сондықтан жұмысқа алар алдында жұмысберушілер стресске тұрақтылық тестін өткізеді. Бірақ олар шынында нәтижелі ме? Барлығына шектеу бар ғой! Бүгін бай, жетістікті және белсенді болу сән. Бірақ мұндай критерийлерге сәйкес болу үшін адам көп жұмыс істеу қажет. Осыдан бастап, адам түскі астағы үзілісті өткізеді, кешке бөгеледі, елді-мекендерді және сағаттық белдеулерді ауыстырып, жиі іссапарға ұшады. Сонымен бірге оның тоқтап және демалуға уақыты жоқ. Стресс ақырындап өзі туралы білдіре бастайды, адамға үзіліске уақыт келегенін байқатады.

Оның бірінші белгілері:

• алаңғасарлық;

• жоғарғы қозғыштық;

• жиі шаршау;

• әзiлшiлдiк сезiмiнiң жоғалтуы;

• кенеттен тартылатын темекі санының өсуімен бірге, алкогольдік сусындарға құмарлықтың пайда болуы;

• ұйқының және тәбеттің жоғалуы;

• естің нашарлауы;

• кейде баста, арқада, асқазанда «психосоматикалық» деп аталатын аурулар болуы мүмкін;

• қуаныш негізінің толық жоғалуы.


3 Эмоциялық стресс

Эмоциялық стресстің жалпы даму заңдылықтары физикалық, химиялық ауыртпалықтармен ұқсас болып келеді. Шамалы жан-дүниелік ауыртпалықтар адамның кейбір жағдайларға адаптациясын (икемделуін, бейімделуін) туындатса, (мысалы, олардың әсерінен жаңа пәндерді игеруі арқылы оқушылардың еске сақтау қабілеті артады, әртістер жан-тәнімен өздері сомдаған кейіпкерлері бейнесін көрермендерге жеткізеді, кәсіпкерлер нарыққа бейімделеді, т.с.с), шектен тыс ауыртпалықтар көптеген дерттердің дамуына себепкер болады. сондықтан да қазіргі уақытта тым ауырлап бара жатқан жан-дүниелік ауыртпалықтардың ауру туындататын ықпалы адаптациялық бейімділіктен басым болып отыр.

Адам денсаулығы туралы ерекше зерттеулер жүргізген Өтейбойдақ бабамыз «атпалы ұшық» жүрек пен мидың сырқаттарын туындатады деп түсінген. Бірақ, ол кезде дерттердің аңғарымдық мүмкіншіліктері қазіргіден төмен болғандықтан, жан-дүниелік ауыртпалықтардан дамитын дерттердің көріністерін тек соңғы сатыларында, адамның ақыл-есінен айырылғанда ғана байқағанын зерттеушінің мына сөйлемінен түсінеміз: «Серейлік ықпалдар ұшықтық тек адамзатты сезгір ой, сезімтал көңіл, теңіздей толғамдық естік жалғамның тоғалылығының бұзылуына ғана көз көргелік бермек». Бұл сөйлемнен біз жан дүниелік ауыртпалықтарға әр адам әр түрлі жауап қайтаратынын түсінеміз. Ол ойы олқы, көңілі жарым, көңіл-күйі қатты толқып тұратын адамдарда ақыл-есінің бұзылуына дейін әкелетін дерттер болуы ықтимал дейді. Бұл туралы қазіргі ғылым не дейді?

Эмоциялық ауыртпалықтың әсері адам организмінің дене бітімі мен мінез-құлқының ерекшеліктеріне байланысты. Бұл ерекшеліктеріне қарай адам организмінің бірнеше конституциялық түрлерін ажыратады. Солардың ішінде бүгінгі күні адамның орталық жүйке жүйесінде (миында) өтетін физиологиялық қозу мен тежелу процестерінің күшіне, олардың өзара бірімен-бірі теңгерілу және ауысу жылдамдығына қарай И.П. Павловтың жіктеуі кең тараған. Осы жіктеу бойынша жоғары жүйке жүйесі әрекеттерінің түрлері:

1-түрі күшті, ұстамды, жігерлі түрімен көрінетін адамдардың еті тірі, қиындықтарға төзімді, өмір қиыншылықтарын икемділікпен шеше білетін болады. Мұндай адамдарды Гиппократтың жіктеуі бойынша сангвиниктер деп атайды.

2 түрі күшті, ұстамды, салмақты түрімен сипатталатын адамдардың мінез-құлқы сабырлы, тым салмақты, байсалды, мінезі ауыр болады. Бұндай адамдар ойына келген істі бітірмей, басқа іске кіріспейді. Олардың миында қозу мен тежелу үрдістерінің орын ауыстыруы баяу болады. бұл адамдарды Гиппократ флегматиктер деп атаған.

3-түрі күшті, ұстамсыз адамдар көп жағдайда алды-артын байқамайтын, тіпті шамасын білмей, артық кетіп қалатын, ашушаң, күйгелек болады. бұл түр Гиппократта хоелриктер делінеді.

4-түрі әлсіз, қиындықтарға төзімсіз, жұрттың айтқанына көнгіш, енжар, уайымшыл адамдар. Мұндай адамдар Гиппократтың жіктеуі бойынша меланхоликтерге жатады. Осыған байланысты эмоциялық ауыртпашылықтарға жоғарылығы 1 және 2-түрлеріндегі адамдар жеңіл түрде икемделсе, 3 және 4- түрлеріндегі адамдар оларға дұрыс икемделе алмайтындықтан артынан дене мүшелерінің көптеген ауруларына ұшырайды.


4 Хроникалық стресс

Ал хроникалық, яғни созылмалы стресс — ұзаққа созылған келеңсіз жағдайлар, күн сайын еңсені езетін нәрселер — адам денсаулығы үшін өте зиянды. Өйткені, бұл жағдайда, ең алдымен, артериалды гипертония, бронхиалды астма, жүректің коронарлы аурулары, қант диабеті сияқты психосоматикалық аурулар пайда болады.Стресс бізге алдымен ағзаның спецификалық емесм қорғаныс құралы ретінде белгілі болады. Бірақ ол ұзақ мерзімге созылған жағдайда ағзаның қорғаныс күштері әлсірей бастайды. Стресс түрлі жағдайда болады. кейде жағымды жайлардың өзі адамға қосымша стресс әкелуі мүмкін. Мысалы, екі адам кездесіп, ғашық болып, үйленсін делік. Адам өміріндегі осындай оқиғалардың өзі — екі адамның бас қосуы, бір-біріне үйренуі, жаңа жағдайға бейімделуі де стрессорлық фактор болып табылады.


5 Жағымсыз ойсоққы

Ойсоққыға ұшыраған кезде мидың кейбір бөліктерінде белсенділігі көтерілген нерв жасушаларының тобы пайда болады. ол мида ұдайы қозу ошағын туындатады. Бұл қозу ошағы бастапқы кезеңдерде шектеліп, сыртынан тежелу үрдістерімен қоршалады. Артынан қозу үрдісі өз бетінше, ешқандай сырттан әсер болмай-ақ күшейе түсіп, айналасындағы ми орталықтарына тарайды. Осылай белсенділігі көтерілген нерв жасушалары дерттік қозу ошағын туындатып, мидың басқа құрылымдарын жұмылдырып, оларды бір функциялық дерттік жүйеге біріктіреді. Ішкі ағзалар мен дене мүшелерін нервтік реттеу бұзылады. Ары қарай ешбір сыртқы әсерсіз-ақ организмде дерттік үрдістер туындап немесе ойда бар дерттері өрши түседі. Жан мидың қызметі болғандықтан, жан жараларынан дамитын дене мүшелерінің аурулары психосоматикалық аурулар деп аталады. Оларға жүректің ишемиялық ауруы, гипертониялық ауру, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы, тері, нерв, буын аурулары, жандүниелік дерттер, т.б. жатады. Кейде алдында тұрған мәселелерді шеше алмай, тығырыққа тірелуден кейбір адамдар өздеріне-өздері қол жұмсайды. Соңғы кездері психосоматикалық аурулардың жиілеп бара жатқаны байқалады. Ресей ғалымдарының зерттеуінше, 1941-1945 жылдары екінші әлем соғысында қоршауда қалған Ленинград қаласы тұрғындарының арасында ауыр эмоциялық стресстен аурушаңдық кең етек алғандығы көпшілікке мәлім. Ал соңғы қайта құру жылдарында халық арасында аурушаңдық одан да көбейгені анықталып отыр. Оның себебі неде? Бұл сұраққа ғалымдар қазіргі адамдардың нарық заңдылықтары алдында дәрменсіздігінен, бейшаралығынан, амалсыздығынан, болашаққа сенімі жоғалуынан, ауыр мәселелерді шеше алмай, тығырыққа тірелуден деп жауап қайтарады.

Осы көзқараспен әбден келісуге болады. шынында, соғыс кезіндегі оның жеңіспен аяқталатынына адамдарда үміт болды, олар ертеңгі күнге белгілі бір сеніммен қарады. Қазіргі заманда адамдарды үмітсіздік билеп алған.

Сонымен, жағымсыз ойсоққының әсері: 1. Адамның жоғары жүйке жүйесі әрекеттерінің түрлерінен, 2. өмірден алған тәжірибелерінен, 3. организмнің стрессті шектейтін жүйесінің туа біткен жағдайларына байланысты бүліністерге тұрақтылығынан немесе бейімділігінен және 4. ауыртпалық туындатқан ықпалдың күші мен қарқынына байланысты болады. Осы себепті өмірлік тәжірибесі аз жастар жандүниелік ауыртпалықтарға төзімсіз келеді.

Қазіргі өмірде стресстен қашып құтылу мүмкін емес. Ауа-райының күрт ауысуы, жұмыстағы проблемалар, көліктегі ұрыс-керіс, кездесуге кешігу, отбасындағы келеңсіздіктер...Кей адамдар мұндай стресстерге бейімделген, қандай проблеманы болмасын шыбын шаққан құрлы көрмейді. Екінші біреулер салы суға кетіп, ауруына ауру жамап жатады. Демек, бұл тек көңіл-күйге әсер ететін психологиялық фактор ғана емес, адам денсаулығына кейде шешуші әсер ете алатын медициналық проблема.

Ағзадағы барлық құбылыс мидың қозуынан басталатыны белгілі. Кез-келген стресс те осылай басталады. Ол алдымен мидың елегінен өтеді. Келесі кезекте оған эндокриндік жүйе қосылып, бүйрек үсті бездері гормондар бөле бастайды. Осымен бір мезетте вегетативті нерв жүйесі жұмысын бастайды, артериалды қан қысымы көтеріледі, жүрек соғысы жиілейді, стресстегі жағдайға бейімделуге, қарсы тұруға көмектесетін көптеген өзгерістер жүзеге аса бастайды. Қатты стресс дені сау адам үшін зиянсыз түрде тез өтеді. Ал денсаулығы нашар адамдар үшін оның психофизиологиялық әсері қатты сезіледі: көңіл-күй бұзылады, ұйқы нашарлайды, эмоционалды қозу байқалады, жүрек қағысы және дем алу нашарлайды. Әйтсе де, бірақ уақыттан кейін бәрі де қалпына келеді.



6 Стрессті тудыратын факторлар

Шамадан артық стрессті «дистресс» деп атайды. Ол адам басында қайғы, бақытсыздық, ауру-сырқау, мұқтаждық, жарақат болған кезде орын алады.

Стрессті тудыратын факторларды «стессорлар» деп атайды. Оның негізгі себептері: температураның, атмосфера, қысымы мен ылғалдылықтың ауытқуы; сізге жақын жерде бос жүрген аң; тым жарқыраған шам, у-шу, ыстық, жабық кеңістік; ішкі улармен, ағза гармондарымен, дәрілермен белсендірілген паразиттер немесе вирустар; мақсат пен идеал арасындағы нәтижеге деген қажеттілік пен тиісті мерзім ішінде оған қол жеткізу арасындағы тартыс; басшылықпен, жақын адаммен, өз-қзіңмен тартыс; салауатты өмір сүрмеу, ауырсыну және ішкі жайсыздық; ағзада стимуляторлар мен депрессанттардың жоғарғы деңгейде болуы; омыртұалардың орнынан жылжып кетуі және т.б.

Сондай-ақ Ганс Селье стресс аффектілерінің үлгісін жасаған. Үлгі үш сатыдан тұрады. Бірінші – қобалжу және мобилизация сатысы, бұл адамдар стрессордың қатысып отырғанын байқағанкезде болады: мысалы, сіз университеттің бірінші сынағында өзіңізді қызық сезініп сұраққа қорқа отырып жауап бересіз. Әрі өз күшіңізді жинақтай бастайсыз және қалған оқу жылында жақсы оқу керек деп өзіңізге уәде бересіз. Келесі саты – қарсыласу. Стрессормен дербес күресуге дайындаласыз. Қарсыласу кезінде адамдар түрлі жағдайларды қолданады. Стрессорды жеңу кейде сәтті болады, бәрақ ол физикалық және психологиялық жалпы күйге тәуеді. Мысалы, сіздің қарсыласуыңыз оқуға ұзақ уақытты арнау формасында болуы мүмкін. Сондықтан да сіздің үлнеріміңіз жоғарлайды. Бұл мазасыздану мен ұйқысыз күндердің есебінен іске асуы ықтимал.

Егер қарсыласу адекватты болмаса, модельдің соңғы сатысы қажуға жетеді. Қажу сатысы кезінде адамның қабілеті стрессордың төмедеуіне бейімделеді. Бұл жағдайда стресстің жағымсыз салдарынан физикалық ауру, жиі ашулану немесе маңызды жағдайды шындықпен байланыстыжоғалтпау және дезориентация белең алады.

Тұмыс қалпы адамдардың денсаулығына орасан зор ықпалын тигізетініне көптеген дәлелдер келтіруге болады. Стресс орта жасатғылар үшін көптеген аурулардың дамуында белгілі рөл атқарады. Мысалы, тұрмыс қалпы тұлғаның ерекшелік, генетикалық бейнелеу және стресс секілді факторлардың күрделі байланысынан жүрек ауруы туындайды. Солайша ер адамдар әйелдерге қарағанда жиі жүрек ауруының құрбаны болады, көптеген зерттеулер бойынша стресс-факторлары және жүректің-тамырлары ауру жүйесі көп жағдайда ер адамдардан табылған. Бұл зерттеуден өз зейінін тұлға типіне және адамның стресске қатынасына шоғырландырып, өз күшіне сену немесе жағымсыздық секілділерді қабылдау мүмкіндігінен нені айқындауға болатынын қарастырамыз.



11-сынып оқушыларымен «Стресті қалай жеңуге болады?» атты мини-лекцияның анықтамасы
Мерзімі: ақпан 2014

Қатысқандары: 11-сынып оқушылары

Тақырыбы: «Стресті қалай жеңуге болады?»

Мақсаты: Стресске анықтама беру, белгілерімен таныстыру. Стресті тудыратын факторларда төзімді болуды үйрету.
Стресс дегеніміз не? Тақырыбына тоқталдық. Стресс – аса кушті сыртқы әсерден жүйкенің жоғарғы деңгейде ширығуы. Стресс – адамның ширығуын талап ететін күрделі, күтпеген, аса жауапты, маңызды немесе қауіпті жағдайларда пайда болатын көңіл-күй ахуалы.

Мини лекция барысында қарастырылған тақырыптар:

1 Стресске анықтама

2 Стресстің белгілері

3 Эмоциялық стресс

4 Хроникалық стресс

5 Жағымсыз ойсоққы

6 Стрессті тудыратын факторлар
Қорытындылау

Жалпы оқушылар дәрісті зейін қойып, ынта –жігерін салып, көңіл-күймен мұқият тыңдады. Дәріс соңында оқушылармен қызу талданды.



Мектеп психологы: Салихова М.Ә.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет