3-сұрақ Оқушыларды тәрбиелеудің мазмұны және тәрбиенің түрлері



бет5/7
Дата03.01.2022
өлшемі25.68 Kb.
#451480
1   2   3   4   5   6   7
3-сұрақ

Еңбек тәрбиесі — тәрбиеленушілердің жалпы еңбектік біліктері мен қабілеттерін, еңбекке психологиялық дайындығын дамытуға, еңбекке және оның өнімдерінежауапкершілікті қатынасты қалыптастыруға, мамандықты саналы таңдауға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен іс-әрекеті.

Еңбек тәрбиесіжасөспірімдерді еңбекқорлыққа , еңбекті құрметтеуге, еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеп, олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің бір саласы. Е. т. барлық халықтар мен ұлттардың дәстүрлі халықтың педагогикасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде дамыған. Мыс., қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулынған әрбір жас сәби “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген (қ. Халықтық педагогика). 18 ғ-дың ағартушылары (Ж.Ж. Руссо, И.Г. Пестолоций) оқыту мен Е. т-н ұштастыру мәселесін алғаш рет ғыл. тұрғыдан талдады. Қазақстанның халыққа білім беру жүйесінде Е. т. отбасында, мектепте, мектептен тыс мекемелерде жүзеге асады. Отбасында бала кішкене кезінен еңбек тапсырмаларын орындауға, еңбекқорлыққа, төзімділікке баулынады. Е. т. мектепте білім берумен тығыз байланыста жүзеге асады. Оқу еңбегінің барысында балада ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу процесінде өзіне-өзі қызмет ету, оқу құралдарын дайындау, мектеп үйін жөндеу, табиғатты қорғау, т.б. қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуы олардың ой-өрісінің кеңеюіне, қабілеттіліктерінің, бейімділіктерінің дамуына мүмкіндік жасайды. Педагогика ғылымы Е. т-н жас ұрпақты отбасы мен мектепте тәрбиелеудің жалпы үрдісінің бір бөлігі ретінде қарастырады. Оқушыларды еңбек етуге, еңбекқорлыққа баулу, оларға кәсіптік бағдар беру қазіргі таңда барлық оқу жүйесінде оқушы әрекетінің белсенділігін қамтамасыз етудің бір тәсілі болып табылады.

Адамдардың  эстетикалық  сезімдері  олардың  өмірінде  зор  роль  атқарады. Әсемдікті  көре,  түсіне,  жасай  білу  адамның  рухани  өмірін  байытады,  қызғылықты  етеді,  оған  ең  жоғары  рухани  ләззаттануға  мүмкіндік  береді. Біз  әр  адамның  адамгершілікті  тұлғалық  мәнін  жан – жақты   дамытуға  ұмтыламыз,  сондықтан  әр  баланың  сезім  нәзіктігін,  көркемдікті,әсем  нәрсені  сүйетіндей  дамытуымыз  кеек.  Адамның  әсемдікті  және  жексұрындықты,  сәулеттілік  және  ұждансыздықты  қуаныш  пен  қайғыны  т.б. түсінуіне  байланысты,  оның  саналы  тәртібі  мен  мінез – құлқы  айқындалады.  Осыдан  келіп  адамның  әсемділікке  шынайы  көз қарасы  мен  мұраттары  болуы  керек  екендігі шығады. Мектеп  оқушыларының  эстетикалық  түсініктері, олардың  еңбекке  әсемдік  тұрғысынан  қатынасы,өзіндік  белсенді  іс- әрекетімен  байланысты  екенін  көрсетеді. Мәселен  өзі  шешу  мүмкіндігі  болғанда  ғана  оның  әрі  мінез- құлықтық, әрі  әсемдік  көңіл- күйі  жай  табады, тояттайды.

Жемісті  еңбектен  қанағаттануы,  көңілдің  жай  табуы, эстетикалық  сезімі  бала  үшін  көп  жағдайда  бір  нәрсе.

Оқушылардың  оқу  еңбегіне  талғампаздық  қатынасын  дамыту,  оны  оқудың   қозғаушы  күші,  дем  берушісі  ретінде  пайдалану  үшін  балалардың  өзіндік  белсенді  іс — әрекеті  ұйымдастыру,  көркемдік  ләззат  және  құлықтық  әсер  алуы  қамтамасыз   ететін  еңбектің  нәтижесіне  жетуіне  көмектесу  қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет