3-тақырып. Банк ресурстарын қалыптастыру және басқару. Пассивті операциялар. Банктің меншікті капиталы. Банктерді пруденциялық реттеу. - Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы.
- Банктің пассивтік операциялары
- Банктің меншікті капиталы: көздері мен қызметтері
- Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі
- Коммерциялық банктердің акционерлік капиталының құрамы.
- Пруденциялық реттеу
- 1. Банк ресурстарының ұғымы және құрылымы.
- Коммерциялық банктер бір жағынан, шарушалықы субъектілердің уақытша бос ақша қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әртүрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммеррциялық банктің пассивтік операциялары негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
- «Банк ресурстары» термині «несиелік ресурсына» қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Жалпы мемлекеттік қарыз қор халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттің ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек, олар банк ресурстары болып саналады. Несиелік қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының құрылымдарына тікелей әсер етті. Сол кезеңдерде банк ресрустары меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінген. Мұндағы меншікті қаражаттарға: жарғылық, резервтік, негізгі құралдар, амортизациялық және банк ісін дамыту қорлар, ал тартылған қаражаттарға: мемлекеттік бюджет қаражаты, кәсіпорындардың, ұйымдардың е-а және ағымдағы шоттағы қаражаттары және халықтың ақшалай жинақтары жатты. Осындай жағдайларда банк ресурстары нарығы қалыптасып, мемлекеттің қарыз қоры осы нарықтың бір бөлігін құрады. - Жалпы мемлекеттік қарыз қор халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттің ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек, олар банк ресурстары болып саналады. Несиелік қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының құрылымдарына тікелей әсер етті. Сол кезеңдерде банк ресрустары меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінген. Мұндағы меншікті қаражаттарға: жарғылық, резервтік, негізгі құралдар, амортизациялық және банк ісін дамыту қорлар, ал тартылған қаражаттарға: мемлекеттік бюджет қаражаты, кәсіпорындардың, ұйымдардың е-а және ағымдағы шоттағы қаражаттары және халықтың ақшалай жинақтары жатты. Осындай жағдайларда банк ресурстары нарығы қалыптасып, мемлекеттің қарыз қоры осы нарықтың бір бөлігін құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |