300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты



бет9/33
Дата08.03.2023
өлшемі110.22 Kb.
#470514
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33
! $ 07

Компоненттің маңыздылығы – аудит тобы айқындаған компонент үшін маңыздылық деңгейі

Өтпелі тексеру – қаржылық есептілікті дайындау мен ұсынудың барлық жүйесі арқылы бірнеше операцияларды қадағалауды қамтиды

Маңыздылық – егер оны өткізіп алу немесе бұрмалау пайдаланушылардың қаржылық есептіліктің негізінде қабылдаған экономикалық шешімдеріне әсер ете алса, ақпарат елеулі болып есептеледі. Маңыздылық баптың шамасына немесе белгілі бір мән-жайлар кезінде оларды өткізіп алуға немесе бұрмалануға қатысты пайым қабылданатын қателіктерге байланысты. Сәйкесінше, маңыздылық санау шегін немесе нүктесін көрсетеді, бұл ақпараттың пайдалы болуы үшін қамтуға тиісті бастапқы сапалық сипаттама болып табылады.

Бақылау құралдарының тесттері – пікірлер деңгейінде елеулі бұрмаланушылықтардың алдын алу немесе анықтау және түзету үшін бақылау құралдарының операциялық тиімділігіне қатысты аудиторлық дәлелдемелерді жинау мақсатында жүргізілетін аудиторлық рәсімдер

Пікірлер – объект басшылығының анық немесе анық емес нысанда жасаған және қаржылық есептілікте көрініс тапқан, мемлекеттік аудитор қаржылық есептілікте орын алуы мүмін әлеуетті бұрмаланушылықтардың сан алуан түрлерін қарау үшін пайдаланатын ұсыныстары

Қаржылық есептің элементтері – қаржылық есептің элементі, шоты немесе бабы. Қаржылық есептіліктің қаржылық жағдайды бағалауға байланысты элементтері активтер, міндеттемелер мен капитал болып табылады.
Қаржылық қызмет нәтижелері туралы есепте қызмет нәтижелерін өлшеуге тікелей байланысты элементтер кірістер мен шығыстар болып табылады.

Іріктеу элементтерібасты жиынтықты қамтитын жекелеген элементтер, мысалы, депозиттік қолхаттардағы чектердің тізбесі, банктік үзінді көшірмелердегі кредиттік жазбалар, сату бойынша шот-фактуралар, дебиторлардың дербес шоттары бойынша айналымдар; немесе ақша бірліктері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет