«№33 Болашақ жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Дата17.03.2022
өлшемі18.93 Kb.
#456374
Хаттама-Панфилов- копия - копия


« №33 Болашақ жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Пернебаев» ауылы __________20____ж.


Қатысқандар саны:


ДТІЖО: Ы. Танжарова
Педагог-психолог: А. Калдыбекова
Ата-аналар: Б. Мамаев
Ата-аналар комитетінің төрағасы: А. Еркинов
Хатшы: Н. Базарбаев
К Ү Н Т Ә Р Т І Б І:

  1. Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің 14.03.2022жылғы № 229-01/01-18/546 шығыс хатын таныстырып, Мақтаарал аудандық азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына құжат тапсыру алгоритмін түсіндіру



1. Т Ы Ң Д А Л Д Ы: ДТІЖО Ы. Танжарова өз сөзінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21.05.2013ж. №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысының негізінде, Мақтаарал аудандық мәслихаты 02.04.2021 жылғы №4-27-VII шешімімен Мақтаарал ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының 9-тармағы 5-тармақшасына сәйкес үйде оқып және тәрбиеленетін мүгедек балаларға, ай сайын әлеуметтік көмектің шекті және ең төменгі мөлшері 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде әлеуметтік көмек берілетіндігі (дәптер, қалам, сызғыш т.б) туралы хабарлама жасады.
2. С Ө Й Л Е Д І: Әлеуметтік педагог Н. Базарбаев жарыссөзге шығып, құрметті 3 – сынып оқушысы Еркинбек Назымның ата-анасы, сіздер төмендегідей құжатты дайындап Мақтаарал аудандық азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына (ЦОН) құжат тапсыру керексіздер – деп,

  1. Облыстық №3 Психологиялық медициналық педагогикалық кеңес беру мекемесі жазып берген қорытындысы

  2. Дәрігерлік ДКҚ (ВКК) анықтамасының көшірмесі

  3. Ата-ананың жеке куәлік көшірмелері

  4. Оқушының туу туралы куәлік көшірмесі

  5. Шот ашу (банк шоты)

  6. Баланың мүгедектігі туралы анықтама көшірмесі – деп, тізбесін (перечень) айтып өтті.

3. С Ө Й Л Е Д І: Ы. Танжарова (ДТІЖО) жарыссөзге шығып, енді осы құжаттарды алып Мақтаарал аудандық Мырзакент кентінде орналасқан азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына (ЦОН) құжат тапсырыңыздар – деп, өз сөзін аяқтады.
ШЕШІМ

  1. Мүмкіншілігі шектеулі үйде оқитын оқушыларға ай сайынғы төленетін (дәптер, сызғыш, қалам) жәрдемақысына құжат өткізу ата-аналарына міндеттелсін.

Жиналыс төрайымы: Ы. Танжарова


Хатшы: Н. Базарбаев

« №33 Болашақ жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Түсіндірме жұмыстарының жүргізілгендігі туралы қол қою қағазы





ТАӘ

Сыныбы

оның атынан әрекет ететін заңды өкілі (ата-анасы немесе заңмен белгіленген басқа тұлғалар)




Таныстым

Қолы

1

Исмайлова Аяулым

6

Исмайлова Нуржамал








Әлеуметтік педагог: Н. Базарбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет