33 Жалпы білім беретін орта мектеп Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі Сагинаева Бибигул Алтын күз. Бастаушы



Дата01.07.2016
өлшемі53.65 Kb.
#169635
Атырау облысы, Атырау қаласы

33 Жалпы білім беретін орта мектеп



Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі

Сагинаева Бибигул

Алтын күз.

Бастаушы: Құрметті қонақтар,балалар! Алтын күз мерекесі құтты болсын!

Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз мезгілі келді.

Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін,қамбаға толы егінін сыйлады.

Олай болса «Алтын күзге» арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.




Бақдаулет. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма,тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан,тай жарысқан.
Данагүл. Алтын,алтын, сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Қойны толы дәмді нан,

Тәттісі көп не түрлі.


Мансур. Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ен далам,

Дариядай шалқып жүр.
Жаннұр. Күнді көрсе толғанар,

Бұлтты көрсе шамдалар.

Қысты қазір жолатпа,

Тола түссін қамбалар.


Амандық. Жемісі көп теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.


«Күз жомарт» әні орындалады.
Тоңазып атырап

Көп жеміс піседі

Сарғайып жапырақ

Саудырап түсед


Күз жомарт дейміз біз

Жемісін жейміз біз


Аспанды сұрғылт бұлт

Жан-жақтан жабады.

Күн бірте суытып,

Жауын кеп жауады.

Күз жомарт дейміз біз

Жемісін жейміз біз


Қарақат. Көктемде егін егетін,

Күзде жиып беретін.

Біздің дала бай дала,

Ел егінін жинайды,

Қырманға дән сыймайды.
Сұлтан. Біздің дала-бай дала,

Алтын астық айнала.

Астық дала сәулеті,

Астық- Отан дәулеті,

Біздің дала-бай дала.
Жайна. Мейірлі күз,мырза күз,

Сыйлығыңа ырзамыз.

Аппақ арaй таңында,

Шомыламыз нұрға біз.


Мұстафа. Көк аспаның мөлдіреп,

Алтын күзім елжіреп.

Асыр салып жүре бер,

Сары көйлегің желбіреп.


Ләйлі. Ой,балалар, балалар,

Қоңырқай күз болыпты.

Қүрап жапырақ солыпты.

Ел егінін орыпты.


Кәріс биі: Орындайтын: Әміржан Арайнұр.
Бастаушы: Балалар,күз мезгілі келіп жетті.

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Күз мезгілінде үш ай бар

-Күз мезгіліне қандай айлар жатады?

-Күз мезгілінде қырқүйек, қазан, қараша айлары жатады.

-Күз мезгілінде қандай құбылыстар болады?

- Күзде жапырақтар сарғайып, түсе бастайды.

Айнала түрлі-түсті кілем жайғандай,Енді жапырақтар туралы тақпақ

айтайық.
Рамазан. Алтын,сары ,қызыл көк...

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


Нұрай. Таудан салқын жел соқса,

Сыбдырлайды қалтырап.

Жақын қалды желтоқсан,

Жабырқайды жапырақ.


Расул. Ой,алақай,тамаша,

Шашу шашты жапырақ,

Бақтың іші - алаша,

Аунарма еді жатып ап!


Асылай. Күншуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.



Бастаушы. Балалар қараңдаршы біздің қыздар енді жапырақтар биін билейді.
Жапырақтар биі:Орындайтындар: Нұрай,Ақсұңқар,Жаннұр,Қарақат,Ләйлі,Айкөркем.
Бастаушы: Балалар,күздің бір байлығы-жемістер.Жаз бойы күтіп –баптап ,күздің келуін асыға күттіңдер .Сол жемістер қазір өздері жайлы айтып береді.

Баршын. Нарттай қызыл алмам бар,

Алма . Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем.

Жұмажан. Көктемде ерте гүлдеймін,

Өрік . Кешігуді білмеймін.

Піспей тұрған кезімде,

«Менен аулақ жүр»- деймін.

Үылжыған өріктін,

Бау-бақшаға кқрікпін.


Айша. Қара деген атым бар,

Қара өрік. Менен де дәм татыңдар.

Дәрі орнына жүруге,

Кейде менің хақым бар.





Еркеболан. Піскен кезде құлпынай,

Құлпынай. Қандай әсем, шіркін-ай!

Қарай бергің келеді,

Дүркін,дүркін,дүркін-ай!


Ерасыл. Шиемін мен шиемін,

Шие. Күннің көзін сүйемін

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

Бастаушы: Балалар, ендеше біз қазір осы жемістермен ойын ойнайық.

(Алдын-ала дайындап,турап қойған жемістерді тәрбиеші тәрелкеге

салып алып келеді)

Міне, мына жемістерді қазір дәміне қарай ажыратамыз. Ол үшін

екі бала ортаға шығады.Балалардың көздеріңді байлап,ауыздарыңа

жемісті саламын,сендер қандай жеміс жегендеріңді атауларың керек.



Ойын: «Дәміне қарай ажырат.»



Бастаушы: Міне,күз түсті.Күн қысқарып,түн ұзарды.Күн суытып,құстар жылы

жаққа ұшып кетіп жатыр. Енді балаларымыздың құстармен қоштасуын



тыңдаңдар.
Айкөркем. Сап-салқын боп келе жатқан,

Сезді ме екен күнді олар.

Қарлығаштар ұшып кетті,

Ұшып кетті тырналар.



Сержан. Жоғалтқандай көше әрін,

Сәл шаңытып тұрды ауыл.

Аққулардың әсем әні,

Ұласқандай мұңға бір.
Ақсұңқар. Бара жатыр сәуле сеуіп,

Ақ жалаулар,ақ тулар.

Аман-есен көрісейік,

Айналайын аққулар.



Арайнұр. Күн қауышып,ай туысып,

Ақ арманға еріңдер.

Қарлығаштар қайтып ұшып,

Туған жерге келіңдер.

Би:Жұптасып билеу.Орындайтындар:Аршат-Айша,Аслан-Ажар,Әбдірахман-Ақсұңқар.

Бастаушы: Балалар енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.Қане кім тапқыш екен?




1.Ағайынды бәрі

Шықса жасыл,

Түссе сары.


2.Өсіп тұрған бұл не?

Жаз болса жайнап,

Саясына ән салып,

Құстар жүрген сайрап.

3.Тәтті,тәттінің іші қатты,

Қаттының іші тәтті.



4.Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім.

Жаңбыр одан өтпейді,

Қабат-қабат тоны бар,

Түймелеуге жетпейді.
5.Жатып жерге желіндейді,

Күз түскенше желінбейді.


Бастаушы: Балалар, өнерлеріңмен қатар тапқырлықтарыңда бар екен.Көп,көп рамет!



Өркендерің өссін , үлкен азамат болыңдар

Балалар,міне біздің күз мерекесіне арналған «Алтын күз» атты

ертеңгілігіміз аяқталды.Жомар күздің сыйы жыл бойы халқымыздың

ақ дастарханына тойға өойылсын.Бәріміз бір-бірімізбен дос-бауыр болып,



тату-тәтті өмір кешейік..Ертеңгілігімізді «Қара жорға» биімен аяқтаймыз

.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет