Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
БОӨЖ
Тақырыбы: Білім беру - адамның тұлғалық және кәсіби дамуының факторы. Қазіргі жағдайда білім берудегі басымдық. (кеңес беру түрінде өткізіледі)
Орындаған: Минанова У.
Тексерген: Сайдахметова Л. Т
Курс: 2
Мамандығы: Дене шынықтыру және спорт.
Жоспары:
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … . Негізгі бөлім … … … … … … … … … … … … … … … … … .
Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … .… … … … … … …
Пайдалынлғын әдебиеттер … … … … … … . … … … … … … … … … … ..… ..
Кіріспе
Қазіргі кезде тәрбиенің және әлемдік деңгейде білім берудің мәдени, ұлттық құндылықтарды қамтуы мен ықпал жасау аясы кеңейе тусуіне қарай педагогика курсының мазмұнын жаңарту қажеттілігі орын алуда.
Әрбір тарихи кезеңде қоғамда туындаған талаптарға сай жасөспірім ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады. Егер ХХ ғасырда білім беруді ұйымдастыру «ғылым-өндіріс-білім» мәдени макромодель аясында жүрсе, ал жаңа ХХІ ғасырда білімді ұйымдастыру «мәдениет-білім-тарих» макромодель аясында болатындықтан білімге деген жаңа көзқарас туындады.
Білім – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының және т.б. жиынтығы. Білім – оқытудың нәтижесі. Білім – бұл оқыған адамның жүйеленген, меңгерген біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, ойлау қабілетінің көлемі.
«Білім» ұғымына ғалымдар әртүрлі анықтама береді. Ғалым П.И.Пидкасистый бойынша, «Білім – бұл адамның қабылдайтын жүйелі білім, іскерік пен дағдысының, ақыл-ойы мен сезімінің дамуы мен танымдық процесінің қалыптасуы».
«Білім беру» ұғымы білім беру парадигмасымен тікелей байланысты. Білім беру парадигмаларының негізгі айыру белгілеріне жататындар: адамның алға қойған басты мақсаты; іс-әрекеттің ғылыми негізі; нәтижені бағалау критерийлері; рухани факторлардың әсері және т.б.
Қазіргі кезеңдегі білім берудің мақсаты – жеке тұлғаның өзіне және қоғамға қажетті қабілеттерін дамыту, өзін-өзі тану және өздігінен білім алуды тиімді қамтамасыз ететін әлеуметтік құндылықтың белсенділігін қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді 5 ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» – деп атап көрсеткендей-ақ, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.
Педагогикалық әдебиеттерде «білім беру» ұғымы ХYIII-ХIХ ғасырларда қалыптасып (Д.Локк, И.Г.Песталоцци), бүгінде педагогиканың жетекші категорияларының бірі болып табылады.
Үшінші мыңжылдықта бәсекеге қабілетті білім беру өмір талабынан туындап отыр. Білім беру – оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын үдеріс (1-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |