4- дәріс. Көпөлшемді мәліметтердің мәні. Сызықтық мүмкіндік кеңістігі



бет1/3
Дата16.03.2023
өлшемі20.77 Kb.
#470851
  1   2   3
4-лекция


4- дәріс. Көпөлшемді мәліметтердің мәні. Сызықтық мүмкіндік кеңістігі.


Көпөлшемді мәліметтерді талдау кезеңдері


Бірінші кезең - мәліметтерді сипаттау. Социологиялық зерттеудің нәтижелерін сипаттау мынаны білдіреді:
зерттелетін объектінің тіркелетін құбылыстарының өзара байланысын анықтау;
алғашқы эмпирикалық мәліметтерді реттеу;
тұрақты байланыстар мен тенденцияларды іздеу;
зерттелетін объектінің (құбылыстың) тұрақты қасиеттерін іздеу.
Социологиялық ақпаратты сипаттау рәсімі барлық іріктеу жиынтығы мен жеке іріктеуді (жыныстық-жастық, аумақтық, кәсіби және т.б.) бағалануын есепке алуы тиіс. Бұл рәсімнің жүзеге асыруылуы зерттеу мәліметтерінің әрі қарай түсініктемелеуіне қажет.
Мысалы, респонденттердің кез келген мәселені бағалауы олардың білім цензіне, жасына, кәсібіне және т.б. байланысты болады. Сондықтан, іріктеудің сипаттамалары материалды талдау кезде үнемі есте болуы қажет.
Алынған мәліметтерді сипаттау кезінде материалды алғашқы қорытындылау үшін мәліметті “сығу” рәсімі (қарапайым топтарды, белгілерді ірілендіру) қолданылады. Мысалы, әлеуметтік өзгерістердің (жер туралы заңды қабылдау) қолдаушыларын немесе қарсыластарын анықтау.
Социологиялық мәліметті өңдеу зерттеудің алғашқы кезеңінің өзінде зерттеудің бағдарлауын (зерттелетін құбылыс туралы түсініктер, оны тіркеудің индикаторлар жиынтығы, құбылыс туралы болжамдар және т.б.) белгілейді. Зерттеуді бағдарлау жиынтығы эмпирикалық зерттеуде теріске шығарылатын немесе расталатын зерттеу объектісі туралы теориялық ұғымдар болып табылады.
Сонымен, негізгі ұғымдар мен индикаторлар жиынтығы мәліметтерді түсініктемелеудің кейінгі формасын береді.
Сипаттамалық талдау әдістерінің бірі топтастыру әдісі болып табылады.
Мәліметтерді топтастыру әдісі. Осы талдау рәсімінің алғашқы кезеңінде сұралған жиынтық ішінен біркелкі топтарды белгілеу қажет. Мысалы, орта білімі бар 20 мен 25 жастағы әйелдер.
Осындай топтың әлеуметтік-демографиялық сипаттамасы белгілі бір зерттеу мәселесі бойынша алынған пікірлерді түсіндіруге көмектесе алады. Топтастырылған сипаттамалық мәліметтерді салыстыру былай жүзеге асырылады:
1. басқа зерттеулердің мәліметтерімен;
2. бір-бірімен;
3. басқа белгілермен.
Топтастыру рәсімі нәтижесінде алынған мәліметтерді салыстыру зерттелетін құбылыстың жай-күйі мен сипаты туралы алғашқы қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
Нәтижелерде тұрақты байланыстарды айқындау, оларды мысалы, екі белгі (жасы және дінге көзқарасы, 1 кесте) бойынша салыстыруды білдіреді.


Екінші кезең - мәліметтерді түсіндіру. Ғылыми зерттеудегі түсіндіру деп зерттелетін пәннің (“құрылым”, “функция” және т.б.) немесе бағынатын заңның тұрақты байланыстарын жете түсіну болып табылады. Түсіндіру формаларының келесі негізгі түрлері ажыратылады:
а) себептік - басқа объектілермен заңдылықты байланыс орнату; объектінің жай-күйі оның өткен жай-күйі арқылы түсіндіріледі;
ә) себептік түсіндіру түрінде зерттеу болжамдарын талдау белгіленеді. Болжамдар зерттелетін объект туралы бар білімдерден құрырылады. Зерттеудің болжамдарды тексеруге бағдары зерттеуді қажетті байланыстарды (зертеу объектісін) тексерумен шектеуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет