№4 дәрістің тақырыбы



бет1/11
Дата03.10.2023
өлшемі217.7 Kb.
#479591
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Лекция-4-5 Біртекті жүйелер

№4-5 дәрістің тақырыбы:

Біртекті жүйедегі химиялық тепе-теңдік

Жоспары

  • Химиялық жүйелер. Ерітінділер.
  • Электролиттік диссоциация теориясы.
  • Иондану дәрежесін анықтау. Әлсіз электролиттердің иондану константасы мен иондану дәрежесі арасындағы байланыс.
  • Күшті электролиттер теориясының негізгі жағдайлары
  • Судың диссоциациясы. Сутектік көрсеткіш.
  • Ерітінділердің рН және рОН анықтау.
  • Буферлі ерітінділердің рН есептеу

Кіріспе

  • Аналитикалық химиядағы сапалық және сандық талдау әдістері ерітінділерге реакцияларға негізделген. Табиғатта, технологиялық процестерде металлдарды алу, тұз және қышқылды алу т.б. ерітінділерде жүреді.
  • Белгілі бір физика-химиялық процесте болатын немесе процеске қатысатын заттардың жиынтығын жүйе д.а.
  • Гомогенді жүйе - құрамы мен қасиеттері жағынан жүйе компоненттері бір-бірінен ажырамайтын,бөлінбейтін біртекті жүйе (газ қоспасы, негіздер, тұздар ерітінділері).
  • Гетерогенді жүйе бір - бірінен жекеленетін бөлімдерге ажыратушы беттері бар,құрамы мен қасиеттерінің әркелкілігімен сипатталатын жүйе(май - су, қаныққан ерітінді т.б.).

Ерітінділер

  • Ерітінділер дегеніміз екі немесе одан да көп компоненттерден тұратын біртекті жүйе.
  • Еру процесі –күрделі физика-химиялық процесс, еритін зат пен еріткіш бөлшектерінің арасында өзара әрекеттесу болады.
  • Еріткіштің еріген зат бөлшектерімен әрекеттесу нәтижесінде сольваттар, ал сулы ерітінділер өнімдері гидраттар д.а.
  • Әр түрлі заттар еріткіштерде әр түрлі мөлшерде ериді.
  • Ерігіштік – заттың суда немесе басқа еріткіште еруі, яғни белгілі температурада 100 г еріткіштегі еритін заттың массасы.

Электролиттік диссоциация теориясы

  • Барлық заттар электролиттер және бейэлектролиттер (электролит емес) болып жіктеледі.
  • Электролиттер еріген кезде иондарға дейін бөлшектенеді және олардың ерітінділері немесе балқымалары электр тоғын өткізеді. Электролиттерге негіздер, қышқылдар, тұздар жатады.
  • Бейэлектролиттер еріген кезде тек молекулаларға дейін бөлшектенеді және олардың ерітінділері де балқымалары да электр тоғын өткізбейді.
  • Электролит еместерге көптеген органикалық қосылыстар (қант, глюкоза, спирт) жатады.
  • Электролиттер дегеніміз электр тоғын өткізгенде ерітінділер мен балқымалардағы заттардың иондарға ыдырауы.
  • Электролиттік диссоциация процесінің жүзеге асуының негізгі шарты еріген заттарда иондар мен полярлы байланыстың болуы және еріткіш молекуласының полюсті болуында (иондық және полюсті ковалентті байланысы бар заттар).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет