4 тілдік дағдыда indd



Pdf көрінісі
бет23/58
Дата15.02.2024
өлшемі2.59 Mb.
#491884
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58
1.3 Жануарлар әрекеті
Тілдік деңгейі 
*
Тілдік мақсат
Әрекет етістіктері (жануарлардың әрекеттері)
Дағды 
Айтылым
Ойлау әрекеті
Еске түсіру
Оқыту әдісі
Шығармашылыққа ынталандыру – қателерді қабылдауды үйрету 
Қарым
-қатынас түрі
Сыныппен жұмыс
Жүргізілу барысы: 
1. Бір оқушыны таңдап, одан ұнататын жануарды атауын сұраңыз. Мысалы: балық.
2. Оқушыдан «Ол жануар не істей алады?» деп сұраңыз. Мысалы: жүзе алады.
3. Тақтаға «Мен балықпын және мен жүзе аламын» деп жазыңыз.
4. Оқушыдан бұл сөйлемді дауыстап оқуын сұраңыз. Сөйлемді оқыған оқушы өзге бір 
оқушыны таңдайды. Ол сөйлемді оқиды да өзі ұнататын жануар атынан сөйлейді. 
5. «Ол – балық және ол жүзе алады. Мен қоянмын және мен тез жүгіре аламын» 
дейді. Бұл бала да басқа оқушыны таңдайды, ал ұсыныс түскен бала осы әрекетті 
қайталайды.
6. Үшінші бала жануарды таңдап, мысалы: «Ол – балық және ол жүзе алады. Ол – 
қоян және ол тез жүгіре алады. Мен құспын және мен ұша аламын» дейді.
7. Ойын жалғаса береді. Мұғалім ойынды өз мақсатына я уақытқа сай аяқтайды. 
Оқушылар алдыңғы оқушылар айтқан жануарларды, ерекшеліктерін есте сақтап 
отыру қажет. Сонымен қатар мұғалім жануарлар әрекетіне сай етістіктерді бекіте 
алады.


22
1.4 Жануарлардың күн тәртібі
Тілдік деңгейі 
*
Тілдік мақсат
Уақыт, ауыспалы осы шақ
Дағды 
Жазылым
Ойлау әрекеті
Тізбектеу
Оқыту әдісі
Шығармашылыққа ынталандыру – қателерді қабылдауды үйрету
Қарым


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет