4 тілдік дағдыда indd


Айтылымды жаттықтыруға арналған сабақ үлгісі



бет6/49
Дата16.04.2024
өлшемі2.29 Mb.
#498803
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
әдебиеттік оқу сабақтарында тыңдалым дағдысын қалыптастыру жолдары

Айтылымды жаттықтыруға арналған сабақ үлгісі:
Сабақ мақсаты: Шаблонды сөйлем үлгісін пайдалана отырып, «Менің сүйікті ісім» тақырыбы аясында жаңа сөз тіркестері мен етістіктерді үйрету.
1-тапсырма. Суреттерге қарап, сөздермен танысып шығыңыз.


балық аулау


гүл өсіру


ән салу


сурет салу


суретке түсіру


Ән жазу

2-тапсырма. Алдыңғы тапсырмадағы сөздерді көп нүктенің орынан қойып, өз жұбыңызбен кезектесіп айтып көріңіз.
Менің сүйікті ісім – аң аулау.
Менің сүйікті ісім- ..............
3-тапсырма. Тағы да жаңа сөздермен танысып шығыңыз.


шахмат ойнау


коньки тебу


тауда демалу


кесте тігу


волейбол (баскетбол) ойнау


сөзжұмбақ шешу


4-тапсырма. Енді жаңа сөздерді шаблонға қойып, жазып шығыңдар. Әр мысалға кемінде 5 сөз

Үлгі: Мен гүл өсіргенді ұнатамын.
Сен нені ұнатасың?
Мен гүл өсір + ған, ген + ды, ді ұнатамын. етістік + қан, кен + ты, ті
Мен ...................... ұнатамын.
Мен ...................... ұнатамын.
Мен ...................... ұнатамын.

Үлгі: Маған гүл өсірген ұнайды. Саған не ұнайды?
Маған гүл өсір + ған, ген ұнайды.
етістік + қан, кен Маған ................... ұнайды. Маған ................... ұнайды.
Маған ................... ұнайды.

5-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жұбыңмен бірге жауап беріп көр!

  1. Сенің сүйікті ісің не?

  2. Сен нені ұнатасың?

  3. Саған не ұнайды?

  4. Сүйікті ісің несімен қызықты?

Жазылым дегеніміз не?
Жазылым продуктивті дағдылар қатарына жатады. Яғни продуктивті дағды дегеніміз тілді қолданып сөйлеу немесе жазу. Қарапайым тілмен айтқанда, жазылым хабарды қағаз бетіне түсіруді қамтамасыз етеді. Жазу арқылы коммуникацияға түсу үшін біз әріптер мен сөздерді пайдалана отырып, сөйлем құрай алуымыз керек, ал сөйлемдерді топтастыру арқылы біздер өз ойымызды жеткізе аламыз.
Жазылым түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: тізім жасау, құттықтау қағазы, электрондық хат, күнделік, хабарлама, әңгімелер, эссе және т.б.
Әр жазылымның өзіне сай ерекшелігі болады: жазу стилінің деңгейлері: ресми (ғылыми, іс қағаздар стилі) және бейресми (ауызекі сөйлеу сөздері, хабарламалар); қағаз бетінде орналасу тәртібі; ақпараттарды орналастыру реті; мәтіннің ұйымдастырылуы.
Жазылымның ішкі дағдыларын екі топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – сауаттылық, ал екінші тобы – идеяны (ойды) жеткізе білуі. Сауаттылыққа қатысты дағдылар:

  1. Орфограяфиялық қатесіз жазу;

  2. Әріптерді дұрыс және қосып жаза білу;

  3. Пунктуацияны дұрыс қолдану;

  4. Қағаз бетіне дұрыс орналастыра білу;

  5. Сөздерді дұрыс таңдай білу;

  6. Грамматиканы дұрыс қолдану;

  7. Сөйлемдерді дұрыс байланыстыра білу;

  8. Абзацты (жаңа азат жолдан басталған, бір идеяға ғана негізделген көлемділеу жазылым бөлігі) дұрыс ұйымдастыра білу. Идеяны жеткізе білуге қатысты дағдылар:

  1. Стильді дұрыс таңдай білу;

  2. Идеяларды жүйелі ұйымдастыра білу;

  3. Мәтін түрлерінің ерекшеліктерін қолдана білу және мағынасын жеткізе білуде қажетті функцияларды пайдалана білу. Функцияларға баяндау, шағымдану, өтініш білдіру, алғыс айту, қысқарту (бірнеше сөздермен негізгі идеяларға тоқталу), қорытындылау жатады

Жазылымда қарастырылатын тағы да бір екі аспект- үйлесімділік пен жүйелілік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет