4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Тәуелсіздік қасиет тұнған ұлы ұғым»



Дата11.11.2022
өлшемі22.74 Kb.
#464565
БЖБ 6-сынып әдеб

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым»





Оқылатын шығарма

Е.Жүніс «Менің атым -Тәуелсіздік» өлеңі А.Алтай «Прописка»

Оқу мақсаты
Орындау уақыты 20 минут



6.1.2.1. әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;
6.2.1.1 - шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау

20 минут




Тапсырма
..Алып қорғанның құлағанын көрдім,
Небары алты жасымда,
Алып тұлғалар жылағанын көрдім,
Бастарын сүйеп ғасырға.
Алып таулардың шайқалғанын көрдім,
Алты жасымда соны ұқтым:
Алып сөздерді айта алғанын көрдім,
Ат төбеліндей халықтың.
Алып кітаптар торыққанын көрдім,
Сол сәтте-ақ одан безінгем,
Алып ойлардың қорыққанын көрдім,
Ең бір нәзік сезімнен.
Алып сағаттар тоқтағанын көрдім,
Өлшенді уақыт жаңадан,
Алып жүректер ақталарын көрдім,
Алты-ақ жасар баладан.
Алып құрлықтар теңселгенін көрдім,
Темір бұғаулар тозғасын,
Алып заңдардың кемсеңдеуін көрдім –
Империяның көз жасын!


1. «Менің атым тәуелсіздік» өлеңінде автор қандай тарихи оқиғаны айтып отыр деп ойлайсыз?
А. Кеңес үкіметінің құлауы
Б. Конституцияның қабылдануы.
В. Қазақстанның Кеңес одағының құрамында болуы.
Д. Ақынның сол кезде алты жаста болуы.
2. Өлеңнің иедеясын анықтаңыз.
А. Қазақ халқының басынан өткен тарихы
Б. Өз басынан өткен қиындығы
В. Анасының берген тәрбиесі мен білімі
Д. Кеңес одағының ыдырап, Қазақ елінің тәуелсіздік алуы
3. Берілген сөздер арқылы өлеңде көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені 2-3 сөйлеммен түсіндіріңіз.
Бодандық, бұғау, кісен, құлдық.


4. А.Алтайдың «Прописка» шығармасынан маңызды эпизодты анықтаңыз, себебін түсіндіріңіз.

Эпизод

+/ -

Себебін түсіндіріңіз

Әскерде жүргенде Ленинград маңындағы қар жамылған қара орманда үш күн бойы жолдасымен қалып қоюы.







Николай бригадир «декабристермен 17 желтоқсаннан 21-іне дейін Алматыда болыпты. Тексеріңіздер!» деп донос жазуы.







Туған жеріне жеті жылдан астам уақыт өткенде оралды-ау бұл.









5. «Прописка» әңгімесіндегі көтерілген қоғамдық-әлеуметтік мәселе мен 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан жастар арасында қандай ортақ мәселе бар? Өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен жазыңыз.



Бағалаукритерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Көтерілген қоғамдық-әлеуметтік мәселені аныықтайды.

1

тарихи оқиғаны анықтайды

1

идеясын анықтайды

1

Берілген сөздермен қоғамдық-әлеуметтік мәселені 2-3 сөйлеммен жазады

1

Берілген эпизодқа талдау жасайды.

2

маңызды эпизодты табады;

1

маңыздылық себебін түсіндіреді;

1

Қоғамдық-әлеуметтік мәселені анықтап, өз ойын жазады

3

әңгімедегі әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды

1

«желтоқсан оқиғасына» қатысқан жастардың өміріндегі мәселені анықтайды

1



ортақ мәселені анықтап, ойын таратып жазады.

1

Барлығы




8


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет