Жақын, жылы, жүрегіңдегі ерекше орын алып тұрған адамың кім деп сұраса, ойымызға бірден бір ғана жан келеді



Дата26.03.2024
өлшемі14.01 Kb.
#496588
Ана жүрегі


Ана, сенің жүрегіңдей жүрек жоқ.
Жақын, жылы, жүрегіңдегі ерекше орын алып тұрған адамың кім деп сұраса, ойымызға бірден бір ғана жан келеді. Өміріңдегі ең қиын тоғыз айды, ұмытылмас ең қымбатты және бақытты уақытқа айналдыра алған, бізді осы өмірге әкелуге асығыс болған адам - ана. Осы таңғажайып өмірдің нәрін татуға мүмкіндік берген, көзімізді алғаш рет ашып қалғанда айнаның кішкентай сынығындай мөлдір көзін көруші едік. Денімізге күш беретін, қардай ақ, балдай тәтті қуаттандыратын сүтіне баға беру мүмкін емес. Тіпті өкпемізге алғаш ауамен кірген хош иісі де ерекше. Оны ешбір әтір алмастыра алмаған. Осы жұпарды сезгенімізге дейін жылауымызды тоқтатпайтынбыз. Оның нәзік қолы да раушан гүлдің күлесінен де нәзік болып келеді. Неге ана сөзін естігенде біздің ойымызға бірден осындай сезімдер келеді? Мұқағали Мақатаев, Шыңғыс Айтматов сияқты атақты жазушылар өздерінің «Аққулар ұйықтағанда», «Найман ана» атты шығармаларында ананың баласына деген махаббаттын айқын көрсетеді. Шынында да, әрбіреуіміз қандай болсын, болмасын қатерге шалдыққанда анамызды есімізге түсіреміз, тіпті кішкене ғана жара алсақта. Ал ол өз кезегінде бізге көмектесуге әрдайым дайын. Осы аздап жарақатқа жаны қатты ауырады. Адам баласы табиғатты да аңмен бекер теңемеген, себебі ана сияқты табиғатта біздің өмірімзде ең маңызды рөл атқарады. Табиғат өз айырылмас бөліктерімен: жануарлар, өсімдіктер, адамдар қалай қарым-қатынас жасаса, ана да солай өз балаларын жақсы көреді. Ананың баласына деген махаббаты соншалықты берік әрі мың батырдың қуатынан да мықты болып табылады.
Анасыз бұл өмірімде кім болар едік? Бұл дүниедегі қуаныш пен бақыт сезімің сезер едік пе? Ең жақын адамсыз, бұл өмір мәнсіз болар еді. Тек қана анамен адам өзін бала сезінеді. Сол үшін оны бағалау керек. «Анасыз адам – бақытсыз адам» деген сөз жай айтылған жоқ шығар. Ананың жүрегі шексіз махаббатқа толы, сені сүйетін, жалғыз ғана анаң. Оның айтқан сөзіне құлақ аспай, жүрегін жаралағаның туралы ойламайтынымыз өкінішті. Біздің кесірімізден, көңілсіз, уайымдап жүргеді. Жылдар өте келе ғана оның махаббатынсыз өмір сүре алмайтынымызды түсінеміз. Оның сезімін бағалау керек екенімізді де кеш түсінеміз. Біз оның еңбегін, қамқорлығын және сүйіспеншілігін ешқашан ұмытпайтың боламыз. Ана мен ана махаббаты біздің жүрегімізді жылытады, күш-жігер береді, ол өмірімізді жарық етеді.
Мейірімді - ана деген сөздің өзі қандай жағымды естіледі. Өйткені менің анам мейірімді, маған үнемі әдептілікті және сыпайылықты үйретеді. Адамдарға көмектесуді, сабақты жақсы оқуды үйретеді. Мысалы бір адам құлап немесе жылап жатса ол адамға барынша көмек беруді үйретеді. Анаңды үш рет Меккеге апарсаңда қарызыңнан құтыла алмайсың, - деп бекер айтпаған. Мен өмір бойы анамды құрметтеп, сыйлап өтемін. Анамның қас–қабағына қарап, ол кісіні ренжіткім келмейді. Әрқашан бақытты жүзін көргім келеді. Ана үшін – бала қымбат болса, мен үшін - Ана қымбат. Ана әрдайым қамқор. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен. Аналардың ешқашан мейірімі таусылмасын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет