2014 – 2015 оқу жылы «Дарын» ҚО
5-7 сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша
қалалық олимпиадасы
Қазақ тілі орыс мектебінде, 7 сынып
Жұмыс уақыты — 90 минут
Барлығы - 50 ұпай
Атақты Темір өзінің Кавказға бара жатқан жолында қазіргі Түркістан жерін басып өтіпті. Маңайындағыларға әлденені айтып, бұрылып жүре бергенде, бас киімі жерге түсіп қалған екен, Соны аламын деп иіліп ала бергенде, «Япыр-ау, неге мұны иіліп өзім алдым. Өзім иілмей-ақ маңымдағылар әперер еді ғой, Өмірде иілмеген адам едім, сірә, мына төмпешікте сондай бір қадірлі, атақты данышпан, ғұлама біреудің жатқаны ғой,- деп ойлайды да, әскерін тоқтатып сол жерге түнейды.
Түнеп жатып түс көреді. Түсіне ғұлама кіріп: «Мен Қожа Ахмет Яссауи боламын, ғылымға қызмет еттім,- дейді. - Бірақ ескертіп жатырмын. Егер сен маған белгі орнатпасан осы жолы жауыңнан жеңіліп қайтасың»-дейді.
Таңертен Темір молда шақырып, аят оқытып, елге уәдесін береді. Қайтып келіп, мазар орнатпақшы болады. Сөйтіп, жауын жеңіп келіп, қазіргі Қожа Ахмет Яссауи кесенесін салған екен.
(«Қазақша сөйлесеміз» оқулығынан, 121 сөз).
1-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойды жазыңыз. Мәтінге ат қойыңыз.
(20 ұпай)
2-тапсырма. Мәтіннен бір сөйлемді таңдап алып, оған синтаксистік талдау жасаңыз.
Асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.
(10 ұпай)
3-тапсырма. Мақал-мәтелдердің ішінен біреуінің мағынасын түсіндіріп жазыңыз.
1. Күле кіріп, күңіреніп шыққан достан сақтасын.
2. Уәдені бұзу, ұяны бұзумен тең.
3. Талапты ерге нұр жауар.
4. Құс балапаны үшін тұзаққа түседі.
5. Ананың ізін қыз басар, Атаның ізін ұл басар.
(10 ұпай)
4-тапсырма. Қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан үзіндіні жазбаша орындаңыздар.
(10 ұпай)
Достарыңызбен бөлісу: |