5 филиал – балалар кітапханасы. Теміртау «Жүрегі жүз жыл жырлаған»



Дата27.06.2016
өлшемі59 Kb.
#162160
5 филиал – балалар кітапханасы.






Теміртау

«Жүрегі жүз жыл жырлаған»

(Әдеби кеш)


Мақсаты: Жамбыл Жабаевтың өмірімен, шығармашылығымен таныстыру.Жамбылдың XX ғасырдың Гомері екендігін өлеңдері арқылы насихаттау.

1Кітапханашы:

Алатаудай атақты,

Ақындардың дүлділі.

Жәкең тірі өлген жоқ,

Жырдың оты сөнген жоқ.

Жамбыл– өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. Ақынның XX ғасырдың басына дейінгі шығармашылық өмірбаяны туралы деректер аз, өлеңнен ауыз жаппаған кісінің ұшан-теңіз жыр-толғау, айтыстары да түгел сақталмаған. Әйтсе де бала Жамбылдың дүмше молданы мысқылдап шығарған "Шағым", ақындық жолына рұқсат сұраған "Әкеме", "Менің пірім Сүйінбай" деген өлеңдері, бозбала кезінің мұңды да шуақты көркем жыры – "Айкүміспен айтысы", сылқым бойжеткен Кәмшат сұлуға шығарған құрбылық наз өлеңі сияқты дүниелер сақталған.



1Оқушы: Сүйінбайдың Жамбылға берген батасы:

О,Жамбыл, бата дедің бердім саған,

Бақытты, өмірлі бол, жүргін аман.

Батасын ат орнына берді ғой деп,

Қоймағын былай шығып кінә маған.
Соңынан Сүйінбайдың орнын басып,

Тіліңнен балың тамсың сыңғырлаған.

Жапаға риза болсын айта барғын,

Осымен өкпелемей жүрсін аман.



2 Оқушы: Жамбыл 15 жасында Сүйінбайдан бата алған, 35 жыл бойы ұлы ақынның өнегесін үйренген.

Менің пірім Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сыйынбай.

Сырлы, сұлу сөздері

Маған тартқан сиындай.
Сүйінбай деп сөйлесем,

Сөз келеді бұрқырап

Қара дауыл құйындай. Жамбыл Сүйінбай ақынды пір тұтты.

Күй: «Шертпе»

2Кітапханашы:

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі.

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Болашақ акын 1846 жылы ақпан айында казіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген. Ол жайында ақынның өзі “Менің өмірім" – деген өлеңінде:



3 Оқушы:

Жамбыл шыққан бұл жерден,

Жырдың дәні бүрленген.

Шыққан небір ақындар

Берекелі күмбілден,

Жамбыл 1846 жылы 28 – ақпанда дүниеге келген.


Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей — көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым содан, –
дейді.

1Кітапханашы:

Әкесі Жапа кедей болғанмен, ат үстіне мығым, найзагер кісі екен. Ел ішінің дау-дамайына бітімгерлік сөзін айтқан кездері де болыпты. Шешесі Ұлдан мінезі байсалды, абысын-ажын арасында беделді, орайы келгенде өз жанынан қиыстырып өлең шығара беретін, әдемі дауысты әнші екен. Жамбылдың аталарынан әріректе өнерпаз, сері, палуандар, ділмар шешендер шыққан. Ал оның руы – Екейлер туралы айтылатын ел ішіндегі:


Екейде елу бақсы, сексен ақын, Жаратып мінеді екен ерттеп атын. Қобызы, домбырасы үнін қосып, Гулейді жын қаққандай кешке жақын, – деген әзіл сөзде мол шындық бар. Жамбылдың ұстазы – әйгілі Сүйінбай ақын да осы Екей елінен шыққан. Бала Жамбыл ақындық жолын қууға рұқсат сұрағанда, әкесінің: "Екейде елу бақсы, сексен ақын" деген сөз де жетер, сен сексен бірінші болмай-ақ қой. Акынның түбі – қайыршылық, бақсының түбі – жын, жын жиып, бақсы болып ел кезгенше, мал бақ!" – дейтіні де Екей елінің өнер дарыған жұрт екенін көрсетеді.
3 Оқушы:

Қаздай қалқып ерінбей,

Өлең тердім жасымнан.

Мәйкөт ақын, Құлмамбет

Орын берді қасынан.

Майлықожа, Құлыншақ-

Пірім еді бас ұрған.

Айтқандары нұсқа еді,

Жаралған сөзі асылдан.

4 Оқушы:

Топ десе он жетімде тартынбадым,

Семсердей майдандағы жарқылдадым.

Ақынды ауылға ермек басып озып,

Жұлдыздай көзге түскен жарқылдадым,-

Дегеніндей Жамбыл ақын Айкүміспен, Сарамен, Бұрыммен айтыста танылған.



Көрініс «Жамбыл мен Айкүмістің айтысы»

Жамбыл:

Әдейі ат терлетіп келдім тойға,

Айкүміс әуелден – ақ болдық ойда.

Желігі басылмаған албырт едім,

Асығып айтқаныма кінә қойма.

Айкүміс:

Аптығып ә дегеннен амандаспай,

Әдепті үйренбепсің,был жастай,

Асылға аспандағы қол жетпей ме?

Ақылмен қимылдасаң асып- саспай.

Жамбыл:

Айкүміс, асықпауға шамам бар ма?

Жасшылық ұрындырды талай жолға.

Сен үшін жатсам, тұрсам арманым көп,

Жем болып кете ме деп жамандарға.

Айкүміс:

Біле ме, пенде шіркін өз кемісін,

Ел кезіп, есер мінез сенде жүрсің.

Жаралған жат жұрттыққа қыз болған соң.

Жарқыным өкінбеші сен мен үшін.

Жамбыл:

Барарсың бір жаманға өзің қор боп,

Отырсың қарқарадай әзір зар боп.

Көзіңе көк шыбынды үймелетер,

Көргенің өле – өлгенше ылғи қор боп.

2Кітапханашы:

Одан бертіндегі Жетісуды, Қаратау, Сыр өңірін өнеріне тәнті еткен, қырғыздың шалқар "Манасын", Шығыстың әйгілі қиссаларын жырлаған ақын мұрасынан бірталайының аты ғана белгілі. "Кедей күйі", "Пұшықтың ұрыға айтқаны", "Әділдік керек халыққа", "Кәрібайдың төбеті", "Жылқышы", "Мәңке болыс" тәрізді тегеурінді де өжет ақындык мінезден, халықтық даналықтан туған өлеңдері, әйгілі Құлмамбет, Сарбас, Нұрмағанбет, т.б. ақындармен айтысы, Өтеген, Сұраншы батырлар туралы ұзақ дастандары – даңқты шайырдың төңкеріске дейінгі шығармашылығынан сақталған қомақты мұрасы. Осылардың өзінен-ақ, Жамбылдың халықтың ақындық қазынасын жете, зерделей меңгеріп, жаңғырта, жаңарта дамытқан, өмір-тіршілік даналығын көкірегіне тоқыған, елдің арғы-бергі тарихын әділдік, шындық сөзін ешкімнен де тайсалмай айтатын, өлеңі тау өзеніндей тасқынды үлкен дарын иесі екенін танимыз.




1Кітапханашы: Жамбыл өмірге келген кезде Қазақстанның оңтүстігі, оның ішінде ақынның туған өлкесі – Жетісу өңірі Қоқан хандырына бағынышты болатын. Ал Қоқандықтардың халыққа жасаған зорлық-зомбылығы айтып жеткізгісіз ауыр еді. Ақынның өзі ауылдары солардан қашып бара жатқанда, қақаған аязды қыс айында көш-жөнекей туыпты.
1864 жылға дейін Қоқан хандығы, онан соң Ресей империясы билеген замандағы халықтың мүшкіл тірлігі, өз отбасының жұтаң тұрмысы, мықтының әлсізге зорлық-зомбылығы тумысынан талантты, намыскер Жамбылдың ішіне қайғы болып байланады. Ақын жыр, айтыстарының уыттылығы, адамдықты, әділдікті, батырлықты көксеген аңсары, кедейді жақтап, қайырымсыз бай, төрелерді ызалы шенеуі сол күйік-наладан бастау алып жатқан-ды. "Менің бақытым" деген бір сөзінде өзі де: "Мен өзімнің барлық өмірімде қыр қожайындарының бетіне шындықты қорықпай айтып, шайқасумен өттім", – дейді.
2Кітапханашы: Жамбылдың өлеңге, ақындыққа құмарту сезімі ерте оянған. Өзінің айтуынша, 13 жасынан бастап ақын болуға бекем бел байлайды. Дүмше молдадан оқығанша, "домбыраны қолға алам" деп, әкесінен рұқсат сұрайды.
Жас талаптың Жетісу өңірінің даңқты ақыны Сүйінбаймен кездесіп, батасын алуы оның ақындық бағын ашқан айтулы оқиға болады. Бірде 14-15 жастардағы Жамбыл жарапазан айтуды сылтауратып, Сүйінбай ауылына келеді. Үйінің сыртында ат үстінде тұрып, жарапазанға жалғастыра өз жанынан өлең шығарып, ұзақ жырлайды.
Ардақты үйдің иесі,
Бата бер менің жырыма.
Қуат бітіп үніме,
Көңілін тапсын елімнің.
Жар бол да, өзің жәрдем ет,
Жібер мені бір демеп, –
деп өтінеді жасөспірім ақын. Айтқандарына сүйінген Сүйінбай Жамбылды үйге шақырып, ұзақ отырып, өлеңін зор ықыласпен тыңдайды. Бала ақынның болашағынан үлкен үміт күткен көреген жырау: "Осы шабысыңнан тайма! Өлең-жырыңды дауылдата бер! Жолың болсын! Бақытың ашылсын, балам! Шындықты айт, әділдікті жырла! Кәне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, даңғыл жолға түс! Өлеңің бүкіл халық сүйсініп, көңілімен иіліп тыңдайтын өлең болсын! Сенің көңіліңнің асылы патшаның қазынасынан да бай болсын!" – деп бата береді. Жамбыл да:
Менің пірім – Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сиынбай.
Сырлы сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай.
Сүйінбай деп жырласам,
Сөз келеді бұрқырап,
Қара дауыл құйындай, –
деп, Сүйінбайдың өсиетін өмір бойы есінде сақтап, ұстазының есімін ардақтаумен өтеді.
1Кітапханашы: Жамбыл ақындық айтысқа 17-18 жасында араласып, "Көрұғлы", "Өтеген" сияқты дастандарын да сол тұстарда жырлай бастаған.
Ақын "Менің өмірім" шығармасында:
Топ десе он жетімде тартынбадым,
Семсердей майдандағы жарқылдадым.
Ақынды ауылға ермек басып озып,
Жұлдыздай көзге түсіп, жалқындадым, –
дейді.
Ел таныған ақын болу үшін, әрине, сол өңірдің ақындарымен түгел танысып, өнер сынасу керек. Жамбыл да бұл жолды өтіп, ақындық сайыстарда үлкен табыстарға жетеді.

Ән. «Туған жер»
1 оқушы:

Тас түлек айтып қырандай,

Мұнартып ұшып мұзды кұш.

Ұлдарым елді қорғаған,

Жырым бірге майданға

Барсын оқтай ойнаған.



2оқушы:

Мәңгілік бізбен қаласың, Жамбыл

Ту ұстарымыз боласын Жамбыл.

Өмірдің ердің өміріндей,

Халықтың батыр, сүйікті жан бұл

Әлемге шапақ төгеді Жамбыл



Жиырмасыншы ғасырдың Гомеріндей.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет