«Дарынды балаларға - талантты ұстаз»
республикалық педагогикалық олимпиадасын
ұйымдастыру және өткізудің Ережесі
Жалпы ереже
1. «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» Республикалық педагогикалық олимпиадасы (бұдан әрі – Педагогикалық олимпиада) мұғалімдердің дарынды балалармен –педагогикалық білім берудің барлық деңгейлерінде (ЖОО дейінгі, ЖОО-ның және ЖОО-нан кейінгі) жұмыс жасауға дайындықтың бір түрі болып табылады.
2. Педагогикалық олимпиада педагог тұлғасының шығармашылық еркіндігінің кеңістігін, зерттеушілік ізденістің бағытын таңдауды, педагогикалық өзін-өзі көрсету тәсілдерін, тұлғалық және кәсіби жолының одан әрі жолдарын шоғырландырады.
3. Осы Ереже ҚР «Білім туралы» заңына, 2020-2025 жылдарға арналған ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына, ҚР жаңа формациялы педагогтың үздіксіз педагогикалық білім берудің Тұжырымдамасына сәйкес жасалған.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері
4. Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Педагогикалық олимпиаданың міндеттері:
- педагогикалық мамандықтың мәртебесін және беделін арттыру;
- жас педагогтардың әдістемелік деңгейін жетілдіру;
- жас педагогтарды оқу-тәрбие үрдісінде инновацияларды іздеу және іске асыруға ынталандыру;
- эксперименттік және инновациялық жұмыста кәсіби батылдық пен дербестікті дамыту;
- жас мамандардың педагогикалық қызметін талдау және өзін-өзі жетілдіру, олардың шығармашылық қабілеттерін және белсенді кәсіби позициясын дамыту үшін жағдай жасау
- жас мамандардың кәсіби қоғамдастығында кәсіби қарым-қатынас, өзін-өзі көрсету және әріптестерін қолдау үшін мүмкіндік жасау.
Педагогикалық олимпиаданың құрылымы мен қатысушылары
6. Педагогикалық олимпиаданың сатыланған құрылымы бар:
I саты - педагогикалық жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруға бағытталған білім беру ұйымдарының жоғары сынып оқушылары.
Конкурс тапсырмаларын орындау барысында оқушылар: педагогикалық мамандықты таңдауға дайындықтарын, тұлғаның педагогикалық бағытын, педагогикалық эрудициясын, жалпы мәдениеттік және интеллектуалдық даму деңгейлерін көрсете алады.
II саты – педагогикалық университет, институт студенттері (II – IV курс), педагогикалық колледждің жоғарғы курс студенттері.
Олимпиада мазмұны тұлғаның өзін-өзі анықтауда кәсіби деңгейін, оларды кәсіби-педагогикалық жағдаяттар мен міндеттерді шешу барысында педагогикалық білім деңгейлерін көрсете алатын конкурс тапсырмаларын қамтиды.
III саты - магистранттар.
Олимпиада мазмұны магистранттарға кәсіби педагогикалық қызметтің деңгейін, сонымен қатар, педагогикалық зерттеу қызметінің шеберлігін, педагогикалық білім беруді, педагогтың жеке кәсіби маңызды қасиеттерін көрсете алатын конкурс тапсырмаларын қарастырады.
IV саты – жас педагогтер, психологтар мен тәлімгерлер. (қатысушылардың еңбек өтілі
Достарыңызбен бөлісу: |