5-КҮн тақырыбы. Жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты бағалауға арналған тапсырмалар



бет1/2
Дата11.07.2023
өлшемі355.09 Kb.
#475634
түріБағдарламасы
  1   2
Жұмыс дәптері 3 апта 5-күн





5-КҮН ТАҚЫРЫБЫ. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ҒЫЛЫМИ САУАТТЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


1-тақырып. Бағалауға арналған тапсырмалардың деңгейлері


1-тапсырма. Оқу бағдарламасының бөлімшесін таңдап, төмен деңгейдегі тапсырмаларды ұсыныңыз. Сабақтың қай кезеңінде оларды қолдануға болады?

Оқу бағдарламасының бөлімшесі






фактілерді, терминдерді, принциптерді немесе ұғымдарды тану




диаграммада, сызбада, кестеде, суретте және т. б. ақпаратты қамтитын жалғыз нүктені табу








2-тапсырма. Алдыңғы тапсырманы қалай қиындатуға немесе кеңейтуге, интерпретациялауға болатынын ойлаңыз және ұсыныңыз.






3-тапсырма. Бөлімшенің толық көрінісіне 1-2 тапсырма ұсыныңыз. Әр түрлі дереккөзден алынған қандай күрделі деректерді немесе ақпаратты дәлелдер келтірумен, тұжырымдармен қорытындылауға немесе бағалауға болады.

Оқу бағдарламасының бөлімшесі



Қоректену

Сұрақ немесе мәселе



Тіс кариесі кезіндегі бактериянің рөлі қандай?
A) Бактериялар тістің күреукесін түзеді;
B) Бактериялар қант түзеді;
C) Бактериялар минералдар түзеді;
D) Бактериялар қышқыл түзеді.

Дереккөздер немесе деректер

Тіс кариесі – тістің қатты тіндерінің бұзылуынан тісте қуыстың пайда болуы; өте көп тараған ауру. Тіс кариесі тым ерте басталады, әсіресе, балаларда тұрақты азу тіс шыққаннан кейін байқалады. Кариес тұрақты тістерді де, сүт тістерді де зақымдайды. Тіс кариесінің пайда болуына негізінен стрептококк бактериясы әсер етеді. Бактериялардың әр түрлі тәтті тағамдарды көп жегеннен қышқыл ферменттер бөліп шығаруынан тістің қатты тіндері жұмсарып, бұзыла бастайды. Сонымен қатар тіс кариесінің пайда болуына дұрыс тамақтанбау (тамақта көмірсудың көп болып, белок, витамин, кальций және фосфор тұздарының жетіспеуі), тісті дұрыс күтпеу өз әсерін тигізеді. Ауру тістің сыртында кішкене ақ дақтың пайда болуынан басталады. Дер кезінде дәрігерге көрінбесе, процесс тіс қуыстарының жұмсақ тіндеріне таралып, тістің эмалі босап, жұмсара бастайды. Тіс, әсіресе, тәтті не қышқыл тағам жегенде ауырады. Ауырған жерде тістің дентині шіріп, ойылады. Осы кезде емдемесе, одан әрі тіс ұлпасы (жүйкесінің ұшы) зақымдалып, ойық тереңдей түседі, соның салдарынан пульпит ауруы (тіс ұлпасының қабынуы) дамиды: Кариестің одан әрі асқынуы салдарынан тіс айналасындағы тіндердің (периодонтит) және сүйек қабығының (периостит) қабынуы мүмкін. Асқынудың аса ауыр түрлері: жақ сүйегінің қабынуы (остеомиелит), сонымен қатар жақты жауып тұратын жұмсақ тіндердің едәуір мөлшерде іріңдеуі (абцесс, флекмона) байқалады. Егер кариес қуысында тамақ қалдығы қалса, ол жерге микроб жиналады. Мұндай тіс – жұқпалы аурулардың көзі: бадамша безіне бактериялар түсіп, жиі-жиі баспаға ұшыратады. Одан басқа жиі кездесетін тіс аурулары: пародонтит, қанжел (пародонтоз), онда тіс түбірлері жалаңаштанып, оларда тіс тасы орнығады, қызылиек қабынады, іріңдеп, ақырында тіс босап, түседі. Аурудың алдын алу шаралары: дұрыс тамақтану, ауыз гигиенасын мұқият сақтау, жылына 2 рет стоматологқа қаралып тұру.[1]

Жоғары деңгейдегі тапсырма



Графикте қанттың қолданылуы және кариестің басқа елдердегі жиілігі көрсетілген. Графикте әр ел нүктемен белгіленген.
Келесі тұжырымдамалардың қайсысы графикте көрсетілген мәліметтерді растайды?
A) Кейбір елдерде адамдар тісін басқа елдерге қарағанда жиі шаяды.
B) Адам қантты көп мөлшерде қолданған сайын кариес пайда болуы қаупі артады.


C) Соңғы жылдары кариеспен ауратындардың саны артуды

D) Соңғы жылдары елдерде қантты қолдану артуда






PISA бағалау тұрғысынан жауаптың болжалды түрі



Адам қантты көп мөлшерде қолданған сайын кариес пайда болуы қаупі артады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет