Сценарийі «Ұстаз-ұлы тұлға» «Ұлы ұстаз өнегесі»



Дата05.07.2023
өлшемі18.64 Kb.
#475539
түріСценарий
дара жол 1


Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шараның сценарийі
«Ұстаз-ұлы тұлға»
«Ұлы ұстаз өнегесі»


Сахна сыртына баяу музыка әуені естіліп тұрады (Нұртас)


1 - Жүргізуші:
Армысыздар, мерекенің құрметті де қадірлі, аса сыйлы қонақтары! Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
2– жүргізуші:
Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің күйшілерін шақырамыз
1- Жүргізуші: 

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,


Өнегеңмен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен Ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман- деп бүгінгі мерекелік кешіміздің қадірлі қонақтарымен таныстырайық .


Қадырғали Аманғалиұлы
Дауметов Тұрмағанбет Ерниязұлы
Тілеубай Сания Өскенбайқызы
Иманғалиева Айымгүл Даурбековна
Жексембина Күлжауха Мұқайқызы


2-жүргізуші:
Құрметті де қадірлі қонақтар!
Мерейлі мерекеміз құтты болсын. Сіздердің еңбек жолдарыңызда осы №163 мектеп-лицейдің алатын орны ерекше деп ойлаймыз.Сол себепті сіздің дара жолыңызды, сара жолыңызды кейінгі ұрпақ шәкірттеріңізге үлгі ету мақсатында сіздермен дидарласуды жөн көрдік.


1 - Жүргізуші:
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім — тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Құрметті қонақтар мектеп тарихы туралы бейнероликке назар аударсақ.


2-жүргізуші:


1.Қадырғали Аманғалиұлы - ( 1985-1995жж )


2.Дауметов Тұрмағанбет Ерниязұлы – (1995 -2000жж)


3.Тілеубай Сания Өскенбайқызы -(2000-2009жж)


4.Иманғалиева Айымгүл Дауырбековна ( 2009-2019 жж)


5. Жексембина Күлжауха Мұқайқызы химия пән мұғалімі
1-жүргізуші:


Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған - дегендей ендігі кезекті оқушыларымыздың ұстаз туралы құттықтау тақпақтарына берейік.


(8-11 сынып оқушылары. 4 оқушы )

2- Жүргізуші: 
Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
1-жүргізуші:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!
Біздің ағайларымыздың орындауында керемет ән «Ұстазым»
Ән (Мейрамбек, Амирхан, Нуртас ) Вальс
2- Жүргізуші:
Ұстаз деген жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің музыкалық құттықтауын қабыл алыңыздар.
(Музыкалық көрініс «Қыз бала гүл»)

1- Жүргізуші: 


Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам

2 - Жүргізуші:
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның,
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Би.

1- Жүргізуші: 
«Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.
Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,
Ұстаздың алып жүрген атын еркін
Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,
Жүректің алғысы мен рақметін.
«Алғыс» әні. (Ақтоты апай шәкірттерімен)

2-жүргізуші:


Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген? - олай болса қонақтарымызға сый-құрметімізді білдірейік.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымын кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтау үшін сахна төріне мектеп басшысы Индира Сатыбалдықызын шақырамыз!
Келген қонақтарға сыйлық беріледі.


Хор (мектеп оқушылары)


1- Жүргізуші: 
Аса құрметті ұстаздар қауымы, сіздерді тағы да мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, сіздерді егеменді еліміздің өрелі де, өнегелі перзенттерін тәрбиелеуде қажырлы қайрат, еңбектеріңізге жеміс тілей отырып, мың алғысымызды айтамыз. Білім шаңырағы — алтын ұя мектебіміздің шәкірттері еліміздің түкпір — түкпірінде, ел игілігі үшін жемісті еңбек етсін! Келесі кездескенше сау — саламатта болайық.


2 – жүргізуші : Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет