Сабақтың ортасы
Жаңа білім
5 минут
10 минут
5 минут
10 минут
|
Мағынаны тану кезеңі.
1-тапсырма. «Суреттерді салыстыр». Презентациядан алғашқы адам мен қазіргі адамның суретін ұсынып, оқушыларға сұрақтар қоямын:
Суреттен не көріп тұрсыз?
Қазіргі адам қандай?
Алғашқы адам қандай болған?
Алғашқы адамды қоршап тұрған әлем қандай болды? Ал қазір не өзгерді?
Бүгінгі сабақта осыдан 2,5 млн жылдар бұрын өмір сүрген адамдар өміріне саяхат жасайтындарын айтамын. Қосымша 1
Ықтимал жауаптары: суреттегі екі адам әртүрлі кезеңде өмір сүрген. Олардың түр келбетінде, құрал-жабдықтарында ерекшеліктер бар.
Зерттеу сұрақтары:
Алғашқы адамдар қоршаған ортамен қалай әрекеттескен?
Алғашқы адамдар өмірінде өзгерістер болды ма?
(Ж)2-тапсырма. «Сипатта».Слайдтан алғашқы кездегі табиғат жағдайын, жойылып кеткен жануарларды, динозаврлар, мамонттармен қатар тіршілік етіп жүрген адамдар тобыры бейнеленген суреттерді немесе бейнематериалдан дыбыссыз үзінді көрсетемін.
(М)Алғашқы адамдардың өмірін сипаттайтын интерактивті материалды ұсынамын.
ЕБҚ оқушы (көру, есту қабілеті нашар оқушыға қолдау көрсетіледі .
3-тапсырма. Оқушылар бейнематериал мазмұнының түрлі фокустарына назар аударуы тиіс:
- бейнематериалдағы адамдардың іс- әрекетін бақылайды;
-еңбек құралдары, олардың қолданылуы туралы ойларын жазады;
-алғашқы адамдардың дене тұрпаты мен бет-әлпетіндегі өзгерістерді байқайды;
-алғашқы адамдардың кәсібін сипаттайды. ЕБҚ оқушы (есту, көру, қабылдау қабыілеті төмен) мәтінді үлестірме түрінде ұсынып, қолдау көрсетемін
|