5-сынып. Лексика тарауы. І- нұсқа. Тұрақты тіркесті табыңыз



Дата11.06.2016
өлшемі66.5 Kb.
5-сынып.

Лексика тарауы.

І- нұсқа.


1. Тұрақты тіркесті табыңыз.

A) Тонның ішкі бауындай.

B) Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.

C) Адал достық алтыннан қымбат.

D) Олақтан салақ жаман.

E) Өнерлі өрге жүзер



2. «Шиіт» сөзін қай қатарға жатқызамыз.

A) Антоним.

B) Көнерген сөз.

C) Синоним.

D) Кәсіби сөз.

E) Диалект сөз.



3. Басқа тілден енген сөздер қатарын табыңыз.

A) Ауыл, дәптер, қорамса.

B) Тергеуші, өсімдік, қағаз.

C) Геометрия, телефон, ұстаз.

D) Қайшы, хат, пышақ.

E) Өзен, дос, барымта



4.Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А) Құлақ салды.

B) Құлақ етін жеді.

C) Баспасөз – қоғамның құлағы, тілі.

D) Құлағым ауырып жүр.

E) Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетеді.



5.Ауыспалы мағынада қолданылап тұрған сөзді табыңыз.

А) Күн сәулесі нұрын шашады.

B) Терезеден күн түсіп тұр.

C) Күнсіздерге күн болған.

D) Күнде-күнде осы жаттығуды қайталайды.

E) Күн ыстық екен.



6.Омоним сөзді көрсетіңіз.

А) Мектепті бітіруге бір жыл қалып еді.

B) Өзің кездескеннен өзгерген жоқ.

С) Мөңкенің үйі таң атқанша кісіден құр болмады.

D) Андрей тірліктен әлі үміт үзген жоқ.

E) Жүрегі анық бір жаманшылықты сезіп алқынып барады.



7.Құрамында «бет» сөзінің синонимі бар мақал-мәтелді табыңыз.

А) Еңбек - өмір ажары.

B) Жақсы ұл – елдің туы.

C) Айна - айна емес, халық- айна.

D) Көпке күл шашпа.

E) Мал сақтама, ар сақта.



8.Синоним болатын қатарды табыңыз.

А) Еріншек, сараң.

B) Ауыл-аймақ, ағайын.

C) Күйзелу, сүйсіну.

D) Келемеждеу, мазақтау.

E) Тоңу, шаршау.


9.Антонимдері бар қатарды белгілеңіз.

А) Ар жазасы бар жазадан ауыр.

B) Малсыз болсаң да, арсыз болма.

C) Шеберден - олжа, шешеннен - сауға.

D) Еңбек – дәулет, бедел – сәулет.

E) Ағайын бір өліде, бір тіріде.



10.Тұрақты тіркесті анықтаңыз.

А) Немересі алдындағы асын тауысып ішті.

B) Таяуда әкемізге ас береміз.

C) Ас дайындау – сенің міндетің.

D) Ас алдында жеңіл сусын пайдалы.

E) Бұл дәмханада ыстық ас берілмейді екен.



11.Диалект сөзді табыңыз.

А) Қуырдақ.

B) Қамыр.

С) Табақ.

D) Кәсе.

E) Қазан.



12.Кәсіби сөзді табыңыз.

А) Жапырақ, гүлдесте.

B) Қоза, терімші.

C) Өсімдік, жеміс-жидек.

D) Жүзім, құлпынай.

E) Сәбіз, қарбыз.



13.Көнерген сөзге жатпайтын қатарды анықтаңыз.

А) Жарық жұлдыз, қызыл қайың.

B) Ханша, ханшайым.

С) Қызыл отау, кебеже.

D) Дойыр қамшы, қалқан.

E) Мауыты, батсайы.



14.Көнерген сөздің қанша топқа бөлінетінін анықтаңыз.

А) 5.


В) 6.

C) 4.


D) 3.

E) 2.


15.Көнерген сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

А) Төр бөлмеде шам жағылды.

B) Кәдуілгі, ағаш арасына ықтай қыстаған ауыл.

C) Қайсар Күреңтөбелді ерттей бастады.

D) Күреңтөбел мен Көкдауылдан қасқыр құтылған емес.

Е) Қасындағы бар жолдасына қоржын тола манат, мақпал, сәлемдеме берілді.



16.Моңғол тілінен енген сөзді табыңыз.

А) Емле.


B) Алматы.

C) Бәтеңке.

D) Жарлық.

E) Қарқаралы.



17.Араб тілінен енген сөзді табыңыз.

А) Мектеп.

B) Қарындаш.

C) Баспасөз.

D) Сөмке.

E) Оқулық.



18.«Жұмыртқа» сөзінің диалектілік баламасын табыңыз.

А) Ас.


B) Ауқат.

C) Тағам.

D) Өнім.

E) Тұқым.

Дұрыс жауап: Е

19.Орыс тілінен енген сөзді табыңыз.

А) Сөмке.

B) Пән.

C) Жарлық.



D) Емле.

E) Табиғат.



20.Қазақ тіліндегі терминдердің жасалу жолын анықтаңыз.

А) 2.


B) 3.

C) 4.


D) 5.

Е) 6.


21. «Комплекс» сөзінің қазақша баламасын табыңыз.

А) Құрылым.

B) Кешен.

C) Мекеме.

D) Кеден.

E) Құрылыс.



22.Термин сөзді қатарды табыңыз.

А) Қасым ұста іске жарайды-ау деген мүйіздерді жинады.

B) Төртінші баптың бірінші тармағында қаралады.

C) Ініміздің пәтері төртінші қабатта.

D) Сұрапыл дауылға төтеп беру қиын-ақ.

E) Қарағым, қолыңнан келеді, зерттеушілікпен айналысқаның жөн.



23.Термин сөзді табыңыз.

А) Қарлығаш.

B) Бұлақ.

C) Аспан.

D) Жер серігі.

E) Болашақ.



24.Антонимді белгілеңіз.

Алдымен істің ақ-қарасын ажыратып алу қажет.

А) Алдымен.

В) Ақ-қарасын.

С) Алу қажет.

D) Ажыратып алу.

Е) Істі ажырату.



25. Синоним емес қатарды көрсетіңіз.
А) байсалды, байыпты

В) шалғай, қашық


С) сәт, сапар
D) ағайын, туыс
Е) көмескі, ескі




5- сынып.

Лексика тарауы.

ІІ- нұсқа.



1.Тура мағыналы сөзді табыңыз.

А) Бұл іс менің қолым екен.

B) Өз қолымен берді.

C) Әділ, Шалабайлар – байдың қол шоқпары.

D) Қолдың қысқалығынан бұл жолы да мардымды ештеңе бере алмады.

E) Көкеңе айтарсың, қолы ұзын адам емес пе?



2.Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз.

А) Қолымен істегенді мойнымен көтереді де...

B) Бала-шағаға мойын-сойын да тамақ.

C) Аққудың мойнындай мойын көз алдынан кетер емес.

D) Компьютер алдында көп отырғандықтан, мойным қарысып қалыпты.

E) Күнде-күнде мойнына массаж жасатады.



3.Көп мағынаға ие болатын сөзді табыңыз.

Өзі бір жүзіктің көзінен өткендей пысық жігіт екен.

А) Жүзіктің.

B) Көзінен.

C) Өткендей.

D) Пысық.

E) Жігіт.



4.Көп мағыналы сөзді табыңыз.

Жақындаса, обаның басында жалпиған бір адам отыр.

А) Жақындаса.

B) Обаның.

C) Басында.

D) Жалпиған.

Е) Адам.


5.Омоним болатын қатарды көрсетіңіз.

А) Жігер, күш.

B) Сыр, шық.

C) Терезе, есік.

D) Оқтау, тұтқа.

E) Түбір, түн



6.Антонимді бар қатарды белгілеңіз.

А) Өмірдің ащысы мен тұщысын қатар көріп келе жатқан бір бейбақ.

B) Қос жирен бастарын шұлғып, қайта-қайта пысқырынады.

С) Бүгін түн бойы ол баласын бауырына қысып жатты.

D) Бірақ миына сіңіп қалған дағдыдан әлі арыла алмай жүр.

E) Сөйтіп дар мен ар арпалысқа түсті.



7.Тұрақты тіркесті анықтаңыз.

А) Халық мұнша жиылады деген есте жоқ.

B) Ойын басталмай-ақ жұрт қымызға бас қойып жатыр.

C) Хорымыз жамырап жақсы шықпады.

D) Сауыққа өз әлімізше жақсы даярланғанбыз.

E) Әмірқан шығысымен шапалақ шартылдады.



8.Мақалды табыңыз.

А) Бұл жолы Әмірқан басқа әнге салды.

B) Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.

C) Өңім екенін, түсім екенін білмедім.

D) Ғылым таппай мақтанба.

E) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.



9.Диалект сөзді табыңыз.

А) Нағашы.

B) Құдағай.

C) Бөле.

D) Абысын.

E) Құдаша.



10.Кәсіби сөзді қатарды табыңыз.

А) Қауын, қала.

B) Есік, қақпа.

C) Көзілдірік, дәрі-дәрмек.

D) Компьютер, монитор.

E) Әңгелек, торлама.



11.Көнерген сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

А) Оңтүстікте қыс тез өтеді.

B) Кәрі тарих – кәрі шежіре.

C) Болыс сайлауы болады деген лақап жұртқа тез тарады.

D) Үйдің іші ала-көлеңке.

E) Біраздан кейін көзден біржола ғайып болды.



12.Көнерген сөзді қатарды анықтаңыз.

А) Ұл-қызыңның игілігін көр, жақсы ана.

B) Қолымнан домбырамды қалды тартып.

С) Жанбота, өзің болыс, әкең Қарпық.

D) Бұл екеуінің осы жолғы қонағы да өзгеше.

E) Аттар ерттелгелі де бірталай уақыт болған еді.



13.Кірме сөздердің қай тілден енгенін анықтаңыз.

Мектеп, тәрбие.

А) Орыс.


В) Араб.

C) Парсы.

D) Моңғол.

E) Түрік.



14.Моңғол тілінен енген сөзді табыңыз.

А) Кәмпит.

B) Тұрба.

C) Тарих.

D) Нөкер.

E) Ұшақ.


15.Белгілі бір жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздерді қалай атайтынын табыңыз.

А) Кәсіби сөздер.

B) Терминдер.

C) Диалект сөздер.

D) Кірме сөздер.

E) Көнерген сөздер.



16.Кәсіби сөздерге қатысы жоқ саланы анықтаңыз.

А) Қолөнершілік, зергерлік.

B) Мақташылық, диқаншылық.

C) Диқаншылық, ұсталық.

D) Ағашшылық, суретшілік.

E) Тоқымашылық, малшылық



17.Кәсіби сөзді анықтаңыз.

А) Нарық.

B) Әуежай.

C) Кеден.

D) Мамандық.

E) Торлама.



18.Қазақша баламасы жоқ интернационалдық терминді көрсетіңіз.

А) Глобус.

B) Космос.

C) Ракета.

D) Комплекс.

Е) Музей.



19.Терминдердің қандай ғылым саласына қатысты екенін табыңыз.

Аммиак, азон.

А) Физика.

B) Химия.

C) Математика.

D) География.

E) Биология.



20. Мына мақалдың жалғасын табыңыз: Отан...

А) оттан да ыстық

В) күні ыстық

С) түні ыстық

Д) сұлтан бол

Е) ормансыз бұлбұл



21.Туған жер туралы жазылған мақалды көрсетіңіз.

А) Көп сөз – көмір, аз сөз алтын

В) Татулық – табылмас бақыт

С) Туған жер – алтын бесік

Д) Өнер алды – қызыл тіл

Е) Оқу – білім бұлағы



22.Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздердің атауын белгілеңіз.

А) Синоним сөздер.

В) Біріккен сөздер.

С) Қысқарған сөздер.

D) Омоним сөздер.

Е) Антоним сөздер.



23.Омонимдес сөзді көрсетіңіз.

A) Гүлнәр мектепке барды.


B) Ол ақылды бала.
C) Айт болды.
D) Уақытты бағала.
E) Айгүл – зерек оқушы.

24.“Жалығу” сөзінің синонимін көрсетіңіз.

A) Зерігу, құмар болу.


B) Еріну, кешіру.
C) Жалтару, қорғану.
D) Зерігу, іш пысу.
E) Ығыр болу, көңілі қалу.

25.Қолөнерге байланысты кәсіби сөздерді табыңыз.

A) Егемен, әмбебап.


B) Кешен, нарық.
C) Нән, сүгірет.
D) Пышқы, шербек.
E) Сиықты, маңлай.





Дұрыс жауаптар.


І нұсқа

1.а

2.д

3.с

4.д

5.с

6.с

7.а

8.д

9.е

10.в

11.д

12.в

13.а

14.е

15.е

16.д

17.а

18.е

19.а

20.а

21.в

22.в

23.д

24.в

25.с

ІІ нұсқа

1.в

2.а

3.в

4.с

5.в

6.а

7.в

8.е

9.в

10.е

11.с

12.с

13.в

14.д

15.с

16.д

17.е

18.а

19.в

20.а

21.с

22.е

23.с

24.д

25.д




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет