4. Тұңғыш ракета қай жылы ұшырылды?
5. Ғарышқа алғашқы болып ұшқандарды білесіз бе?
6. Қандай ғарышкерлерді білесің?
7. Қазақ ғарышкерлері кімдер?
8. Байқоңырдың экологиялық зардаптары қандай?
Тыңдаймыз. Оқимыз.
2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтыңыз.
Ғарыш, ғарыш айлағы
"Байқоңыр" ғарыш айлағы Қызылорда
облысы Қармақшы ауданында
орналасқан. Оның негізі 1955 жылы қаланған. "Байқоңыр" ғарыш айлағын
салу үшін бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына
жақындығы,
ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қолайлы қону факторлары
ескерілді.
Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне
дейін
созылып жатыр. 1957 жылы Байқоңырдан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті
ұшырылды. Ол орбитада 92 күн болды. Осы аралықта Жерді 1400 рет айналып
үлгереді. Әрбір айналымға 100 минуттай уақыт кетеді. Осыдан кейін жер серігі
Жер атмосферасында жанып кетті.
Байқоңыр әлемдегі ең ірі ғылыми ғарыш айлағы болып табылады.
Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның
алғашқы жасанды серіктері,
"Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері ұшырылды.
Ғарышқа ұшқан ең алғашқы тіршілік иесі - Лайка атты ит еді. Ит 1957
жылдың 3 қарашасында Мәскеу уақытымен таңғы алты жарымда Кеңес
Одағының "Спутник-2" атты кемесімен ғарышқа аттандырылды.
Лайканың
жасы - 2-де, салмағы - 6 келі болған. Сол кездегі басылымдар оның орбитада
бір апта болып, қалыпты түрде
тамағын ішіп, ұйықтап, үргенін жазған
болатын. Ал шын мәнінде Лайка ұшырылған соң, 5-6 сағаттан соң өліп қалған.
Кабинадағы температура
біртіндеп көтеріліп, ақырында Лайканың денесі
қызып, өртеніп кетті.
Мұнан кейін, 1960 жылдың 20 тамызында
Белка және Стрелка атты
иттер ұшты. Бұл екеуі ғарыштан жер бетіне аман-есен оралған ең алғашқы
тіршілік иелері болып есептеледі. Олар жер бетіне оралған соң, аттары аңызға
айналып, сапардан
ешқандай жамандық көрмей, баяғыша өмір сүре берді.
Тіпті бірнеше айдан кейін Стрелка дүниеге алты дені сау күшікт алып келді.
(интернет материалынан)