Қабілеттер концепциялары
Қабілет жайлы бірнеше теориялар бар. Соның бірі тұқымқуалау арқылы беріледі дейді. Атадан балаға мұра ретінде беріліп отырады. Ал, келесі бір теорияда орта мен тәрбиеге байланысты сүйенеді ( диалектикалық теория).
Қабілет дамуында табиғи, биологиялық, әлеуметтік, жүре пайда болатын қасиеттердің арақатынасына байланысты (диалектикалық теория).
Адам қабіеттерінің табиғаты осы күнге дейін ғалымдар арасында қызған ой-пікір таласын тудырады. Солардың ішінде өз басымдылығын танытқан, философ Платон – қабілеттердің биологиялық негізді екендігі және олардың нәсілдікке тәуелділігін дәріптейді. Бұл бойынша, оқу мен тәрбие қабілеттердің пайда болу қарқының өзгертуі ғана мүмкін, ал олардың көрініс беруі бірыңғай емес. Мысалы, Моцарттың музыкалық дарыны 3 жаста белгілі болған. Гайдн- 4 жаста, Дина Нүрпейсованың күйшілік өнері 8 жасында байқалған. Сурет және сәулет өнері қабілеттері кейіндеу білінеді: Рафаэль –8 жаста , Ван-Дейк 10 жаста т.б.
Қабілеттердің нәсілдікке тәуелділігі туралы ғылыми зертеулер әр адамның қабілетін оның миының көлемі және салмағымен байланыстыра түсіндіріледі. Белгілі болғандай ,ересек адамның ми салмағы орташа 1400 г. Мысалы, И.С.Тургеневтің миі –2012 г. Д.Байрон-1800г. т.б.
Қабілетке байланысты нәсілдік идея Галльдың «Френология»(phrenos-ақыл, logos- білім ) деп аталған психологиялық тағылымында дәріптелді. Френологтар адамның психикалық ерекшеліктерін оның бас сүйегінің сыртқы формасымен ұштастыруға тырысты. Мұндағы тұжырым мәні: бас миының қабығы белгілі қабілеттерге мекен болған ( локализация) бірнеше орталықтардан құралады. Осыдан , мидың тисіті бөлігінің ауқым-көлемінен онда мекен алған қабілеттің даму деңгейі анықталады. Сонымен, Ф.Галль ұсынған мидың мекендік қызметі жөніндегі жорамалы ғылым үшін өте маңызды болыды. Бұл идея кейін Фрич және Гитциг еңбектерінде өз дәлелін тауып, дами түсті. Аталған бағытты зерттегенде арасында Ч.Ф.Дарвиннің эволюциялық теориясына негіздеп, қабілеттің тұқым құалаушылыққа байланысты екенін тұжырымдаған. Ф.Гальтон есімі өз алдында. Гальтон, адам табиғатын жетілдіруде аса дарындылардың нәсілдік заңдылықтарын ашу және пайдалану қажет деген қорытындыға келді. Осы идеяны жалғасытра отырып , ХХғ. Котс жоғар қабілеттілігі бірнеше әулетте бақалған 400 адам тізімін түзді. Бұл қатарда аса белгілі болған неміс музыканттарының тобын ұлғайтқан Бах отбасынан шыққандар. Бах жанұясындағылардың алғашқы ән-күй қабіетті 1550 жылы көрініс берген. Дәл осындай ғажайып қабілет құбылысын қазақ ән-күй өнерін дамытуда көзге түскен жерлесіміз Төлеген Момбеков шыққан әулет тарихынан да байқауға болады. ( Р.Бердібай).
Қабілеттілікті зерттеу мәселесі
Қазіргі кезде қабілетті балалар мәселесін зерттеуге қатысты фило-софиялық, психологиялық, педаго-гикалық мәліметтер және ғылыми зерттеулер жылдан жылға көбеюде. Алайда, қабілет мәселесі әлі де ғалымдардың күнделікті тақырыптарынан түспейтін, зерттеулерді-ізденісті қажет ететін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатқаны да белгілі.
Адамдардың қабілетінің табиғаты осы күнге дейін ғалымдар арасында қызған ой-пікір таласын тудыруда. Ғылыми зерттеулер әр адамның қабілетін оның миының көлемі және салмағымен байланысты деп түсіндірді. Кейінірек зерттеулерде ең ауыр ми ақыл-ойы кеміс адамның миы болып шыққаннан кейін, бұл болжамды теріске шығарды. Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін қалтықсыз дәлелдеп отыр. Көптеген ғалымдар Платонның пікіріне сүйенді. Яғни, қабілеттіліктің пайда болуы тұқым-қуалаушылықтан болады. Ал оқыту және тәрбиелеу олардың ары қарай даму үрдісін жылдамдатады. Оған дәлел ретінде, ұлы танымал адамдарды мысал етті (Моцарт, Рафаель т.б.).
Платонның айтуынша, адамдар өздерінің қабілеттіліктеріне қарай әртүрлі болады, біреулері басқару үшін, біреулері бағыну үшін дүниеге келеді деген. Дегенмен, бұл ойларды теріске шығаруға әрекет жасағандар да болды.
Қабілеттілік туралы ой–пікірлерді дамытудың маңызды кезеңі бұл испан дәрігері Хуан Уарте есімімен байланысты. Ватиканның қарсылығына қарамастан «Исследование способностей к наукам» (1575 ж.) кітабы жарық көріп, барлық Европалық тілдерге аударылды. Оның зерттеулерінің негізгі мақсаты адамдардың жеке басындағы қабілеттілікті анықтай отырып, болашақта кәсіби маман таңдауда ескеру болып табылады.
Ағылшын философы Фрэнсис Бэкон табиғи дарындылықты мойындап, қабілеттілікті дамытуда тәрбиенің маңызды рөл атқаратынын айтқан. Ал Томас Гоббс қабілеттіліктердің түрлерін бөліп көрсетіп, қабілеттіліктерге қатынасында табиғат адамдарда тең жаратты деген.
19 ғасырдың екінші жартысында қабілеттілікті зерттеудің жаңа кезеңі басталды, психологиялық тестілеу, онымен бірге ғылымның жаңа бағыты ретінде даралық ерекшеліктердің психологиясы (дифференциалды психология) пайда болды.
Қабілет мәселесі арнайы психо-логиялық зерттеудің пәні ретінде - ағылшын ғалымы Ф. Гальтон ұсынған адамдағы ерекшеліктердің эксперименттік және статистикалық зерттеулерінің негізінен болып табылады. Ф. Гальтон адамдардың жеке дара ерекшелігі мәселесін зерттеп, 1869 жылдан бастап ғылыми зерттеулер жүргізе бастады. Сонымен бірге ұлы да қабілетті адамдардың өмірлерін бақылай келе кез келген деңгейдегі қабілеттілікте тұқым-қуалаушылық негізгі шарт деген қорытындыға келді.
20 ғасырда неміс психолгі У. Штерн жеке дара ерекшеліктерді зерттеп, жеке даралық психологияның негізін қалады. Сонымен бірге ол адамның ақыл ойын анықтауға арналған «қабілеттілік коэффициентін» ұсынды, әрі ақыл-ой қабілеттілігіне мынандай анықтама берді: «Ақыл-ой қабілеттілігі - өз ойын саналы түрде жаңа талаптарға қарай бағыттайтын, жаңа міндеттер мен өмір жағдайына бейімдейтін жалпы ақыл –ой қабілеттілігі».
Қабілет мәселесіне терең талдау жасаған Б.М. Тепловтың пікірінше, қабілетті дамытпау, көрсете білмеу, біртіндеп айырылу дегенді көрсетеді. Оның дәлелдеуінше, белгілі бір күрделі іс әрекетті жүзеге асыруда қабілеттіліктің бір ғана түрі жеткіліксіз, сондықтан бірнеше түрлерінің жиынтығы қажет болады.
Б.М. Тепловтың ғылыми зерттеулерін одан ары қарастырған В.Д. Небылицин қабілеттерде және дарын-дылықта ең алдымен жеке даралық айырмашылықтарға назар аудару керек деді.
Адам қабілетінің әртүрлі болуын ұлы физиолог И.П. Павлов сигнал жүйелерінің өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіреді. Мұны бала қандай да бір іс әрекетпен айналысқанда көріп байқауға болады. Сигнал жүйелерінің арақатынасының ерекшеліктеріне орай И.П. Павлов адамының жоғары жүйке жүйесінің үш түрін келтіреді. Олар көркем, ойлағыштық және орта түр болып бөлінеді. Бірінші түріне жататындар әсершіл, қызу қанды, ашық, ақжарқын, болып келсе, екінішілері көргені мен естігенін әуелі ой елегінен өткізіп, талдағанды, саралағанды жақсы көреді, ал үшіншілері аса талантты, дарынды жандарды қамтиды. Адамның қай түріне жататындығына қарай оның қабілетін де анықтауға болады. Қандайда болмасын бір нәрсеге қабілеті болмайтын адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін.
Б.Г. Ананьев еңбектерінде қабілет және дарындылық жеке адамның мінезімен, темпераментімен, өмірлік бағыт-тылығымен және жеке даралық психикалық дамуымен байланысты жеке адамның жалпы құрЫлымының қандай да бір бөлігі ретінде қарастырылды.
Белгілі психолог С.Л. Рубинштейн қабілеттіліктің шығу тегі психикалық үрдістерден пайда болады деген-ді. Ол қабілеттің құрамының, құрлымының анықтамасын жасайды: қандай да бір іс-әрекетті орындауға адамды жарамды ететін әрбір қабілеттің құрамына, үнемі әрекеттің бірқатар операциялары немесе тәсілдері енеді, кейін солар арқылы іс әрекет жүзеге асады.
Н.С. Лейтес дарынды балаларды зерттей келе, олар еңбекке тартым-дылығымен өзгешеленетін және «еңбектен қанағаттануды» сезінетін нағыз кішкентай еңбекқорлар болып табылады, деп көрсетеді. Бұл тұжырым маңызды ереже жасауға итермелейді. Еңбекке бейімділік дарындылықтың көрінуі ретінде болады.
В.А. Крутецкий өзінің көрсеткен классификациясында: икемділік, тез байқағыштық, еске сақтау, терең ойлау қабілеті бар, оның келешекте мамандық таңдауына көп көмектесетінін айтқан. Сонымен бірге В.А. Крутецкий өзінің математикалық қабілеттіліктің құрлымын зерттеген еңбегінде, егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілеттіліктерінің жиынтығының бірлігі деуге болады деп тұжырымдайды.
Американдық ғалым Блум әйгілі адамдарға зерттеу тәжірибесін жүргізіп, оның нәтиже көрсеткішінен, осы адамдардың қабілеттерінің толық даму-ының тәрбиелік және білімділік әдістерінің моделін ұсынды. Блумның айтуынша, қабілеттің ерте дамыған түрлері, егер белсенділік және арнайы оқыту әдістері болмаса, ол ары қарай дамымағандықтан, күйреуге ұшырайды.
Ал қазақ топырағында жеке тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін 19 ғасырда өмір сүрген қазақ ағартушылары А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш.Уалиханов шығармалаларынан көруге болады. Абай атамыз адамды қоршаған орта – табиғаттың бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы - туылғаннан бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Адамның ойы мен санасы еңбек іс әрекеті нәтижесінде қалыптасып, дамиды деп тұжырымдайды. Ш. Уалиханов жеке тұлға тәрбиесінде білім мен тәрбие шешуші рөл атқарады, адам қабілетінің дамуына бейімділігінің, ынтасының маңыздылығы зор екенін айтады.
Ж. Аймауытұлы әр адам белгілі бір кәсіптің түрін таңдап алатынын, мұнда ол өзінің тұрмысынан бірілетін ерек-шеліктерін, іс-әрекеттің қандай түріне бейім екенін аңғара алуы керек дейді. Сонда ғана ол өзіне қажетті мамандықты дұрыс таңдай алады.
Мағжан Жұмабаев өзінің «Педа-гогика» еңбегінде адамның жалпы рухани дамуы туралы айта келіп, жеке тұлға мәселесін ақыл-ой қабілеттілікпен тығыз байланыста қарастырады.
Соңғы 30-40 жыл ішінде психологтар мен басқа да ғалымдар арасында қабілеттің дамуында биологиялық фактор мен тіршілік ортасының, әсіресе әлеуметтік ортаның қатынасы мен ықпалы жайында пікір айтыстары болып келгені мәлім. Дегенмен, мұндай пікірталастар белгілі бір тұрақты қорытынды шешімге келе алған жоқ.
Адамның кейбір өзгешеліктері ана құрсағында жатқанда-ақ дамиды. Мәселен, баланың ата-анасы мен туысқандарына ұқсап тууы. Мұны анатомиялық нышан дейді. Нерв жүйесінің анализаторлардың ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан дейді. Нышанның енді бір түрі қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Мәселен, баланың есту анализаторының жетім дамуы музыкалық қабілет үшін көру анализаторының өзгешелігі сурет қабілетінің көрінуіне себін тигізеді. Бірақ нышан қабілет дамуының бірден-бір шарты бола алмайды. Ол -адамның ішкі мүмкіндігінің көрсеткіші. Егер адамның туысынан нышаны болса да, дұрыс тәрбие көрмесе, яғни белгілі әрекетпен айналыспаса, оның қабілеті айтарлықтай дамымайды. Әрбір қабілетке арнаулы нышан сәйкес келеді деп ойлау да қате. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық дейді. Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса ол ерте көзге түсетін болады. Дарынды баланың қабілеті әдетте ерте ашылатынын біз зерттеу жұмыстарынан байқап жүрміз. Дарынды балалар мектептің оқу бағдарламасын ерте меңгереді. Бес-алты жаста ондай балалардың білгенінен, өзінен екі есе үлкен балалардың білгенінен артық болады. Кейде олар тіпті мектептегі оқуға көңіл бөлмейтін кездері де кездеседі. Қабілеттердің тума берілмейтінін мойындаумен бірге психология белгілі іс-әрекетті табысты орындаудың шарты болатыны ми құрылымының тума ерекшеліктеріне шек келтірмейді. Қабілеттер дамуының табиғи негізгі болған мидың құрылымы,сезім мүшелері мен қозғалыстардың анатомиялық- физиологиялық нәсілдік ерекшелектері нышан деп аталады. Шын мәнінде, адамдар арасындағы табғи айырмашылықтар оларда қалыптасқан дайын қабілеттерде емес, дәл осы нышандар көрінісінде.
Нышан – қабілетті дамытудың табиғи және әлеуметтік алғышартары. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Әрине, нышандар қабілет дамуының бастауы болғандықтан, адамның барынша жетіліп, кемелдену жолы осы екі құбылыстың өзара ұштасып, байланысқа келуінен болады. нышанның арқасында дамығанымен, қабілет сол нышанның өзіңдік қызметінен туындамайды, ол нышаннан бастауын ғана алған даму процесінің жемісі. Мысалы, ақыл-ес қабілеттер ең алдымен ми қызметінен –қарқынды не бәсең қозулардан , жүйке процестерінің қозғалмалынан, уақөытша байланыстар түзілімнің шапшаң не баяулығынан т.б. яғни И.П.Павлов генотип ( жүйке жүйесінің тума ерекшеліктері) деп атаған құбылыстан көрінеді. Мидың қанмен қамтамасыз етілуі де ақыл –сана қабілетіне ықпал жасайды. Толық қан айналымы ми қызметінің ақыл-ой, зейін шоғырландыру, жақсы есте қалдыру, жүйке байланыстарының тез жүруінің , сана жұмысымен шаршамай, мүлтіксіз тиімділікпен орындалуының кепілі. Мидың тума қасиеттері адамның типологиялық ерекшеліктеріне екі түрде көрінеді (И.П.Павлов):
1. Жоғары жүйке жүйесіне тәуелді.
2.Бірінші және екінші сигналдық жүйелердің арақатнасына байланысты.
Нышандардың әртүрлі қабілеттерге байланысты маңызы бірдей емес. Көбіне нышандық қасиеттер музыкалық және суреткерлік өнерде қажет. Тума берілген нәзік есіту қасиеті – музыкант болудың ал түр-түс айыра білу – болашақ суреткер болудың алғы шарты. Ал, нышандар дамуы әлеуметтік процестерге тікелей тәуелді. Егерқоғамда белігілі бір кәсіпке қажеттік туып, қандай да адамның сол кәсіпке сай нышандық белгісі болса ( музыкантка қажет нәзік есту қасиеті) онда, оның нақты еңбекке араласуға болған қабілеті тез әрі жоғары деңгейде қалыптасып, дамиды. Нышан іс-әрекеттің нақты формасына байланыссыз көп мағыналы келеді; сондықтан белігілі бір нышан негізінде іс- әрекерт талабына орай әртүрлі қабілеттер қалануы мүмкін. Осыдан, жақсы есту әрі әуен ырғағын сезінуден адам күй орындаушы, дрижер, биші,әнші, музыка сыешысы, педагог т.б. болары ытимал. Сонымен бірге, болшақ қабілеттер мен іс-әрекеттердің сан-алуан болуынан нышан жеке адамның дара танымдық қасиеттіне негіз береді.
Қабілеттің психикалық механиқалық көрінісі
І.Қабілеттің түрлері. Қабілеттерді бірнеше сипаттамалар арқылы сипаттайды. Ол сапалық пен сандыққа ие болады. Сапалық бойынша жиі жалпы қабілеттер (білімдерді игерумен іс-әрекеттердің әртүрлі түрлерін жүзеге асыруда өнімділік пен оңайлықты қамтамасыз ететін, тұлғаның индивидуалды – ерікті қасиеттер жүйесі) және арнайы немесе жекеше (қандай да бір арнайы іс-әрекет аумағында – музыкалық, сахналық, математикалық, жоғары нәтижелерге жетуге көмектесетін, тұлғаның қасиеттер жүйесі).
Жалпы қабілет – адамның ақыл-ой өзгешіліктерінің жеке қсиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.
Арнаулы немесе жекеше қабілет - іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілет. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының ақын-жазушының т.б. қабілеттерін жатқызуға болады. Жекеше қабілеттердің нышандарда ерекше қолайлы (оларды сензитивті деп атайды), соның барысында айқын көрінетін кезеңдер болады. Музыкалық, математикалық қабілеттер әдетте ерте, яғни 5 жасқа дейінгі кезеңде, баланың музыкалық есі мен естуі белсенді дамыған кезде көрінеді. Ал лингвистикалық және көркемдік қабілеттер – сәл кейінірек. Басында тек қана таланттардың нышандарының дамуына деген психиканың ерекше сезімталдық кезеңін сипаттай келе, соңында Н.С. Лейтеспен қолданылатын сензитивтік кезең түсінігі әртүрлі психикалық функциялардың (форманы, сөйлеудің дыбыстық жағын қабылдау) дамуының оптималды кезеңін сипаттап, даму психологияда толығымен қолданыла бастады.
Адам қабілеттінің дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына ғылыми-техникалық прогреске байланысты болып отырады.
Мәселен, капитализм қалыптасып келе жатқан дәуірде, ғылымның сан алуан салаларының дамуына буржуазия қоғамы кең өріс беріп отырды. Өйткені қауырт дамып келе жатқан капиталистік өндіріс барған сайын жаңа ғылыми білімдерді талап ете бастады. Мұның өзі білімді адамдардың көбейе түсуіне қолайлы жағдай туғызды.
ІІ. Қабілеттің деңгейлері. Сонымен қатар, қабілеттің көрінуінде деңгейлерге бөлінуі мүмкін – репродуктивті (қайта жаңғыртушы, яғни адамдарға нені үйретті, соны көрсетеді) және продуктивті, шығармашылық, талант және данышпандылық, онда адам субъективті немесе объективті жаңалық тудырады.
Дарын – қабілеттің бастапқы деңгейі. Дарындылық - әр түрлі іс-әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруіді қамтамасыз етуші жалпы қабілеттер ерешелігі.
Дарындылық әрбір адамның ақыл –сана, ,оқу, шығармашылық, көркемөнер және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамға тән қасиеттер: зеінділік, жинақылық, тұрақтылық, әрқашан қызметке дайын болу, мұндай тұлғалар, сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллектік деңгейі анағұрлым жоғары.
Дарындылық көрсеткіші ретінде тұлғаның даму дәуірлері де алынуы мүмкін. Оның ерте жаста көрінуі (жағдайлардың әртүрлілігіне қарамастан) – дарындылықтың аса жоғары болуының белгісі. Бірақ, дарындылық ерте жаста көрінбеді, сондықтан ол болашақта өріс ала алмайды деп қорытындылауға болмайды. Мұның дәлелі әйгілі физик Эйнштейн – бала күнінде мектепте физикадан «үштік» бағаға зар болған оқушы, кейін, есейген шақта осы ғылым саласының әйгілі жетекшісіне айналды. Кейде дарындылық ерте көрініп, бірақ соңынан біз күткендей даму деңгейіне жете алмай қалады. Сондай-ақ, бар беретінін жастық шағында жарқыратып, кейін тоқырауға түсетіндері де аз емес. Мұндай жастарды халықаралық тілде «вундеркиндтер» деп атайды.
Қабілеттіліктің ең жоғары дәрежесі. Талант- бір әрекетті творчестволық пен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі. Оның дамуы еңбек ете білуімен,еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты. «Талант» сөзінің төркін мәні-ежелгі грек қауымнда бай манап өзі жоқта жұмыстан қашақтамасын деп еріншек құлына беретін күміс ақша бірлігі – талант аталады екен, ақылдан жұта құл оны алудан, пайдалы айналымға жіберудің орнына, топыраққа көміп, жасыратын болған. Осыдан халықта «талантты құм болды», «таланты көмілді» деген ұғымдар сақталып қалған. Қазіргі күнде талант арнайы қабілеттердің ( музыкалық, суреткерлік,әдеби шығармашылық т.б.) жоғары деңнейлі дамуын білдіреді. Қабілеттер сияқты талан та іс-әркетте көрініп, өрістейді. Таланты, қайталанбас мәнерімен ажыратылады. Таланттың оянуы тікелей қоғамдық болмысқа тәуелді. Қай бағыттағы дарындылықтың жол алуы дәуір қажеттігі мен әлеумет алдында тұрған нақты міндеттерге байланысты. Талант – көптеген қабілеттердің байланысы, біртұтастығы. өте жоғары дамыған, бірақ оқшауланған бір қабілет талант дәрежесіне көтеріле алмайды. Мысалы, кейбіреулер 10 санды не одан да көп санды лезде көбейтеді не бөледі, бірақ математик емес, бола алмайды да.
Қабілеттердің даму барысында ең жоғары, шыңдалу деңгейі – данышпандық. Шығармашылық қызметі қоғам өмірінің бір дәуірінде, адамзат мәдениетінің тарихында белгілі із қалдырған адам ғана данышпан бола алады.
Адамның шығармашылық іс-әрекетінің аса табысты болуына себепші рухи көтеріңкілік пен ереше күш –қуат туындайтын кезеңдер болады. Бұл жағдайдағы адамды жаңа идеяларға жетектеп, оларды іс асыруға ынталандыратын психологиялық қалып – шабыт.
Шабыт- шығармашыл тұлғаның жоғары белсенділігінен, оның іс-әрекетінің жемістілігінен, дасампазыдық ептілігінен, жаңалық ойлап табу қызметіне толық берілуінен көрінеді.
ІІІ. Қабілеттің құрылымы. Қабілеттің әрқайсысының құрылымы бар, ондағы басты және жетекші қасиеттерді айыруға болады. Мәселен, сурет өнерінің тірек қасиеті әрекет үстінде дамып жетілетін көру анализаторының жаратылысынан ритмді, бояуды, жарық пен көлеңкені, форманы, пропорцияны, сызықтарды (линияларды) жоғары дәрежеде сезгіштігі. Тірек қасиеттерге суретші қолының сенсомоторлық сапалары да, сондай-ақ дамыған бейнелік ес те жатады. Жетекші қасиеттерге көркем творчестволық қиялдау қасиеттері жатады. Солардың арқасында өмір құбылыстарындағы негізгі, елеулі нәрселер көзге түседі, жалпылау және типтендіру жүзеге асады, тың композиция жасалады. Белгілі бір эмоциялық күй және қабылданатын, суреттелетін құбылысқа деген эмоциялық қатынас осындай қабілетке қажетті фон міндетін атқарады.
Бейімділік және қабілет
Бейімділік – туа бастаған қабілеттің ең алғашқы белгісі,симптомы Бейімділік қабілеттің дамуына қажетті табиғи алғы шарттың бар екендігінің хабаршысы іспеттес. Қабілеттің табиғи алғы шарттары белгілі бір талдағыштардың сыртқы әсерді сезінгіштігінен тұрады. Осыдан барып музыкадан немесе көруден туатын әсер, сондай-ақ тиісті іспен айналысу ерекше қуанышқа бөлейді. Осындай шынайы бейімділікпен қатар жалған, не алдамшы бейімділік те болады. шынайы бейімділік болған жағдайда әрекетке деген зор ынталылық қана емес, шеберлікті шапшаң игеру, елеулі нәтижелерге жету байқалады. Жалған немесе алдамшы бейімділік бір нәрсеге үстірт жай таңдана қараудан немсе беріле әрекет еткенмен орташа ғана нәтижеге қол жететіндіктен байқалады. Бейімділік – адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады.
Қабілет адамның әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайда бірге болады. Өйткені адамның белгілі әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар бейімділік әрекеттің бір саласына, әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады. Балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктер оның келешек қабілетінің көрсеткіші болып та табылады. Мәселен, екі-үш жасар баланың музыка үніне қулағының елеңдеуі, онда музыкалық кабілетке байланыстн табиғи негіздің бар екендігін көрсетеді.
Жас балаларда әрекеттің әр түрлі байланысты бейімділік жиі ұшырайды. Нағыз бейімділікті айырған дұрыс. Нағыз бейімділік адамның әрекетке тек құштарлығы ғана емес, оны тәжірбелі етіп орындауында. Меселен, бала сабақ үлгеруде, қатарындағы баладан көп ілгері озып кетіп отырады. Ал : алдамшы түрінде әуестенгенмен сол салада жақсы нәтижеге ие бола алмайды. Оның мүмкіндігі орта дәрежеде ғана болады. Мәселен, алты жасар бала, үйіне келген адамдарға тарихи-философиялық терминдерді көп білуімен таңқалдырған екен. Оған шешісі де мәз болады. Бірақ әлгі бала оң қолың қайсы, сол колың қайсы дегенде, бала жауап бере алмай қиналған екен. Бұдан біз балада тек алдамшы бейімділіктің болғанын көреміз. Бала дүниеге келгенде өзінің табиғи мүмкіндіктерінен, нышандарымен келетіні рас. Бірақ сол нышандар тек оқу-тәрбие процесінің ықпалымен ғана қабілеттікке айналады. Мәселен, бала адам сөзін сөйлемей өмір сүрсе, ондай баланың сөйлеу нышаны да дами алмайды. Сол сияқты сурет салуға үйретпесе,ән салуға нышаны бар адамды ән салуға үйретпесе,оның осындай зор табиғи мүмкіндіктері дамымай қалуы ықтимал.
Сұрақтар:
Қабілет дегеніміз не?
Қабілеттің қандай түрлерін білесің?
Жалпы қабілет дегеніміз не?
Нышан дегеніміз не?
Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілет түрі қалай аталады?
Талант дегеніміз не?
Таланттылықтың жоғары сатысы қалай аталады?
Достарыңызбен бөлісу: |