5-тарау. Педагогикалық зерттеулердің Әдіснамасы мен әдістемесі



бет5/33
Дата11.03.2024
өлшемі0.53 Mb.
#494955
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Глава 5 новый

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Педагогикадағы ғылыми зерттеудің белгілері мен түрлерін сипаттаңыз.
2. Педагогикалық зерттеулер қалай жіктеледі.
2. Гуманитарлық әдіснама және әдіснамалық зерттеу әдіснамасының арақатынасын қалай түсінесіз?
3. В.Е. Гмурман редакциясын басқарған «Педагогиканың әдіснамалық мәселелері» (М., 1977) атты кітапта педагогиканың қандай әдіснамалық мәселелерін зерттеу ұсынылды?
4. Гуманитарлық әдіснамаға қандай ерекше педагогикалық құбылыстар мен үдерістердің сапалық жақтарын зерделейді?
5. Әдіснамалық білімдердің педагогикалық зерттеулердің теориялық деңгейін көтерудегі рөлін негіздеңіз.
5.2. Тарихи–педагогикалық және салыстырмалы педагогикалық зертеу

Педагогика тарихы – білім беру практикасы мен педагогикалық білімнің тарихи дамуын бірлікте және білім беру мен педагогика ғылымының қазіргі заманғы мәселелерімен өзара байланыстыра зертейтін ғылым саласы, педагогиканың, әлеуметтанудың, философия және мәдениет тарихының психология тарихының мәліметтерін тоғыстыра отырып педагогика тарихи педагогикалық үдерісті тарихи мәдени үдерістің ажырағысыз бөлігі ретінде қарастырылады. Білім беру мен тәрбие тәжірибесінің сондай-ақ, педагогика білімнің дамуын қамтитын тарихи-педагогикалық үдерістің құрылымында негізгі пәндік екі сала сараланады олардың әрқайсысы зерттеу саласы ретінде бір шама дербес болғаны мен, мән-мағынасы тұрғысынан біртұтас. Педагогика тарихына өзіндік үлес қосқан белгілі ғалымдардың қатарында Төлеген Тәжібаевтың орны ерекше.


Академик Т. Тәжібаев (1910-1962) – Қазақ мемлекеттік университетінің үшінші ректоры (1948-1953), Қазақ ҚСР-інің Халық ағарту Комиссарлар Кеңесінің төрағасының орынбасары (1941-1944), республиканың сыртқы істер министрі (1944-1948), Қазақ ҚСР-інің Министрліктер Кеңесі төрағасының орынбасары (1953—1957). Төлеген Тәжібаев – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстанда психология және педагогика ғылымдарының қалыптасуы мен дамуына белсене атсалысқан, мазмұнды мұрасын қалдырған ғұлама ғалым, елімізде тұңғыш рет педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының академигі .
Академик Т. Тәжібаевтың мұрасын Қ.Б. Жарықбаев, С.Қ. Қалиев, Қ.Б. Сейталиев, Р.Х. Аймағамбетова және тағы басқа танымал ғалымдар өздерінің кандидаттық пен докторлық диссертациялары негізінде жазылған ғылыми еңбектерінде теориялық тұрғыдан талдап, болашақ зерттеушілерге тарих-педагогикалық ізденістің қисынын ұсынуда. Дегенмен де, ғылымның осы классикалық еместен кейінгі дәуірінде Т. Тәжібаевтың зерттеулерін жаңаша ойластырып, оларды әдіснамалық талдау нысаны деңгейінде қарастыру қажет. Себебі, ғылымға келіп жатқан жас буын педагогика тарихын бір рет айтылып, әрі жазылып кеткен, қазір соны қайталаудың қажеттілігі қаншалықты маңызды деген пікірде. Бірақ өткенді шынайы пайымдап, оны әрі қарай қазақ елінің мәңгілігін өміршең етуге қызмет жасату үшін тарихи-педагогикалық мұраны ғылымның философиясы мен педагогикасы қағидалары арқылы түсінуге ұмтылысқа аға ұрпақ мұрындық болғаны абзал. Оның үстіне, әрбір зерттелетін тақырыптың өз тарихы, өз генезисі, эволюциясы бар. Бұларды терең қарастырмайынша, ізденіс қарқынды жүргізілмейді, әрі түрлі кедергілер кезігуі мүмкін.
Т. Тәжібаевтың ғылыми еңбектері негізінен психология мен педагогиканың тарихын зерттеуге арналған. Айталық, ол 1939 жылы «К.Д. Ушинский – Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін салушы» деген тақырыпта педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясын ойдағыдай қорғап шығады. Демек, ғалымның диссертациясы пәнаралық әдіснама тұрғысынан орындалып, жиырмасыншы ғасырда педагогикалық психология ғылымының негізін салушылардың алғашқы легінде тұр деген сөз. Сондай-ақ, педагогика тарихындағы жеке персоналийларды зерттеудің үлгісін көрсеткені де ақиқат. Қазіргі уақытта зерттеушілер жеке ғұламалардың педагогикалық көзқарастарын және оларды білім беру үдерісінде пайдалану жолдарымен бірге зерделеуде. Әйтсе де, біздің ойымызша, әуелі сол ойшылдардың қалдырған еңбектерін тарихи-педагогикалық зерттеу талаптарына сәйкес толық талдап барып, ондағы өзекті, бүгінгі күнгі тәжірибеге қажетті тұстарын іріктеп ала отырып, пайдаға жаратудың өзі де ғылыми шеберлік деп түсінеміз.
Т. Тәжібаев 1962 жылы Ленинград педагогикалық институтында «ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Қазақстанда халық ағарту ісі, мектеп пен педагогикалық пікірдің дамуы» тақырыбында педагогика ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Докторлық диссертациясына оның «ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Қазақстанда халық ағарту ісі мен педагогикалық ой-пікірдің дамуы» (1958 ж), «ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Қазақстанда халық ағарту ісі мен мектеп»(1962 ж), «ХІХ ғасырдың ІІ жартысында педагогикалық ой-пікірдің дамуы» (1965 ж) атты бірнеше монографиялық еңбектері негіз болды. Академиктің еңбектеріне жүргізілген талдау нәтижесінде оның сол кезде өз зерттеулерін тарихи-педагогикалық зерттеудің әдіснамасын ғылыми болжамдықпен қолдана алғанын аңғардық. Сондықтан, зерттеушіге қажет болатын Т. Тәжібаевтың зерттеулерінде қолданылған әдіснамалық ұстанымдар мен тұғырлардың жүйесін сипаттауды жөн көрдік.
Тарихи-педагогикалық зерттеудің әдіснамасы нақты зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығынан, мақсаты мен міндеттерінен туындайды да, бірінші Қазақстанның білім беру саясатын қалыптастыру мақсатын іске асырады. Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде педагогика мен тарих ғылымдарының базалық ұстанымдары (объективтілік, шынайылық, ғылымилық, әлеуметтік, тарихилық) басшылыққа алынады. Шынайылық ұстанымы қазіргі ғылыми практиканың негізіне алынады. Тарихи-педагогикалық тәжірибе объективтілік ұстанымы тұрғысынан талданады. Жетістіктерді талдауда бұрынғы таптаурыннан алыстап, білім беруді бағалауда объективті бағаларды қолданып жүр. Ғылымилық ұстанымы заманауи философиялық теорияларда қолданылады, педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негізін құрайды. Әлеуметтік ұстанымы білім берудің әлеуметтік қызметтірімен айқындалады. Тарихилық ұстанымы құбылыстар мен үдерістерді дамуда қарастырылады, ХХ және ХХІ ғасырлар тоғысындағы білім беру саласындағы саясатты талдауға мүмкіндік береді. Тарихи-педагогикалық зерттеулерде диалектикалық-материалистік, талдамалық, дедуктивтік және индуктивтік әдістер қолданылады. Тарихи-педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі жеке ғылымилық тұрғыда педагогика ғылымына жатады. Ал пәндік мазмұны жағынан педагогика тарихының білімдерін жинақтайды, педагогикалық пәндер жүйесінде педагогика тарихы (пәні, оның міндеттері, ерекшеліктері) сипатына қарай танымдық құралдар мен практикалық әдіс-тәсілдерін, педагогика тарихының ұғымдық құрылымын анықтаумен қатар, басқа ғылымдардың (этнология, этнопсихология, фольклор, мәдениет теориялары және т. б.) жетістіктерін, тәжірибесін зерттеу жұмыстарын да пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет