5 в 020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған



бет7/7
Дата27.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#161671
1   2   3   4   5   6   7

Демеулік шылауөзі тіркескен сөзге, сөйлемге қандай да бір грамматикалық мағына үстегенмен, сол мағынасы арқылы сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыруға қатыспайтын шылау.

Демеуліктердің мағыналыұ түрлері:



  1. Сұраулық мәнді демеуліктер: ма/ме, ба/бе, па/пе, ше;

  2. Күшейткіш мәнді демеуліктер: -ақ, -ау, -ай, да (де, та/те), әсіресе;

  3. Шектеу (тежеу) мәнді демеуліктер: ғана (қана), тек, -ақ;

  4. Болжал мәнді демеуліктер: -мыс (-міс), -ау;

  5. Болымсыз, қарсы салыстыру мәнді демеуліктер: түгіл, тұрсын, тұрмақ, құрлы;

  6. Нақтылау мәнді демеуліктер: қой/ғой, -ды/ді, -ты/-ті;

  7. Қомсыну мәнді демеулік: екеш.


Одағайлар – лексикалық мағынасы жоқ болғандықтан атауыш сөздер қатарына да жатпайтын, белгілі бір сөзге грамматикалық мағына үстемейтіндіктен көмекші сөздер қатарына да жатпайтын сөздердің ерекше тобы. Одағайлар сөйлемнің синтаксистік желісінен тысқары (сөйлемді құрайтын сөздердің ешқайсысымен синтаксистік байланысқа түспей) тұратындықтан үнемі оқшау сөздер қатарынан табылады. Одағайлар сөйлемде негізгі синтаксистік желіден тыс тұрса да, сөйлеуші тарапынан қолданылып, сөйлеушінің көңіл-күйінен, сөйлеушінің тыңдаушымен арақатынасындағы әралуан жағдайлардан хабар беру қызметін атқарады.

Одағайлар қолданылу мақсатына қарай үш топқа бөлінеді:



  1. Көңіл-күй одағайлары;

  2. Императивтік ишара одағайлары;

  3. Тұрмыс-салт одағайлары.

Көңіл-күй одағайларына сөйлемдегі ойды, оқиғаны хабарлау барысында сол ой, оқиғаға қатысты сөйлеушінің көңіл-күйінен, эмоциялық жағдайынан хабар беретін сөздер жатады. Көңіл-күй одағайларынан сөйлеушінің сөйлемдегі ойға, іс-оқиғаға қатысты жағымды немесе жағымсыз көзқарастары белгілі болып тұрады. Сондықтан көңіл-күй одағайлары жағымды-көңіл күйді білдіретін одағайлар және жағымсыз көңіл-күйді білдіретін одағайлар болып жіктеледі. Дегенмен одағайлардың жағымды немесе жағымсыз эмоцияны білдіретіні тек контекстен ғана анықталады, өйткені бір сөз кейде жағымды эмоцияны білдіру үшін жұмсалса, енді бірде сол сөз жағымсыз эмоцияны білдіру үшін де қызмет ете береді. Мысалы, Паһ-паһ! Нағыз сурет дерсің! Был мысалда одағай сөйлеушінің сүйсіне таңдану жағдағдайынан хабар берсе, ендігі мысалда осы сөз сөйлешінің налу, ренжу халінен хабар береді: Паһ-паһ! Не деген опасыздық!

Көңіл күй одағайлары мағынасына қарай қуану, шаттану (Алақай! Ура!), сүйсіну, таңдану (Ой пәлі! Һа! Паһ-паһ! Япырмай! ОҺо!, Үй! т.б.), өкіну (Қап! Әттең! Әттеген-ай!), ренжу, налу (Түу! Тәйір-ай! ... түге!, т.б.), наразы болу, кею (Апырмай ә!), қорқу, сескену (Ойбай! Аһ!), жақтырмау, менсінбеу (пішту!) сияқты топтарға бөлінеді.



Императив ишара одағайларына сөйлеуші тарапынан адам немесе жан-жануарларға бағыттап айтылған шақыру, жекіру, тыйым салу, бұыру мақсатында қолданылатын сөздер жатады. Өз ішінен жекіру одағайлары (Тәйт! Тек/тәк-тәк! Жә!), бұйыру-тыйым салу одағайлары (Әуп! Кәне! Әлди-әлди! Тәй-тәй! Сап-сап! Мә! Соп! Шүу! Айт! Айтақ! Дыр-р!), шақыру одағайлары (Әукім-әукім! Моһ-моһ! Шөре-шөре!) болып үшке бөлінеді.

Императив ишара одағайларын айтылу объектісіне қарай адамға қолданылатын ишара одағайлары және хайуандарға қатысты қолданылатын ишара одағайлары деп жіктеуге болады.



Тұрмыс-салт одағайларына халықтың салт-дәстүр, сенім-нанымына байланысты, адамдардың белгілі бір қарым-қатынас жағдайлары барысында айтылатын сөздер жатады. Тұрмыс-салт одағайларын өз ішінен төмендегі тақырыптық топтарға бөлуге болады:

  1. Сәлемдесу-қоштасу одағайлары: Ассалаумағалейкүм! Әликсалам! Қош!

  2. Қоштау одағайлары: Хош! Хайыр! Жарайды! Е-е!

  3. Ілтипат білдіру одағайы: Рақмет! Оқасы жоқ!

  4. Мойынсұну одағайы: Құп! Ләббай! Дат! Жарайды!

  5. Діни одағайлар: Аумин! Жәрәкімалла! Тәуба! Піссіміллә!

  6. Қоқан-лоқы одағайы: Бәлем!

Адамдардың сөйлесу қарым-қатынас кезінде бір дыбысты А! Ә! М-м! сияқты сөздерді бірде сұрау мақсатында, бірде жауап беру мақсатында, енді бірде назар аударту мақсатында, тіпті кейде кекету, әжуалау, мысқылдау, менсінбеу мақсаттарында да қолданып жүрміз. Сол сияқты бір буынды Әй! Ей! одағайлары қарым-қатынас кезінде назар аударту мақсатында қолданумен қатар, кейде жекіру-тыйым салу мақсатында да жұмсалады.

Практикалық бөлім

І Сұрақтар мен тапсырмалар.

1. Қандай сөз табын үстеу дейміз?

2. Үстеудің мағыналық түрлерін атап, мысалдар келтір.

3. Үстеу қандай сөйлем мүшесі бола алады.

4. Қандай сөз табын еліктеу сөз дейміз?

5. Еліктеу сөздердің мағыналық түрлері атап, мысалдар келтір.

6. Қандай сөз табын шылау дейміз?

7. Шылаудың нешеге бөлінеді? Шылаудың түрлері бір-бірінен қалай ажыратылады?

8. Одағай дегеніміз қандай сөз табы? Одағайдың қандай түрлері бар?
ІІ Жаттығу жұмысы

10-жаттығу. Сөйлемдегі сөздерге кешенді сатылай талдау үлгісі бойынша морфологиялық талдау жаса.

Кешікпей тағы да мылтық даусы гүрс-гүрс шықты. Аттылар бұрылып келіп, дөңгелене отырған жиынға жапыр-жұпыр сәлем берісіп амандасып қалды. Қараңғыдан қылаң етіп бір аттылы адам шыға келді. Сені ойда орыс, қырда қазақ түгел біледі. Бұл жиында Ызғұтты, Жақып сияқты үлкендер және баладан Құдайберді, Абай бар. Жатақтың бала-шағалары мен кәрі-құртаңдары әдемі ат мінген жігітке әрі таңданып, әрі жатсырап қарайды. Өзі де, баласы да үндемейді. Жаза да алады, сөйлей де алады. Ешкім үндемейді, өйткені бұндағы кісілердің бәрі де қарт әйелдің даусын білетін. Өзге кепенің адамдары тарағаннан кейін, бұл кепенің адамдары Тақметті ортаға ала асқа отырды.

23-24 сабақтар



Тақырып: Синтаксис туралы түсінік. Сөз тіркесі туралы түсінік.

Сабақтың мазмұны:

  1. Синтаксис, оның зерттеу объектілері туралы түсінік;

  2. Синтаксистік байланыс;

  3. Синтаксистік байланыстың тәсілдері;

  4. Синтаксистік байланыстың түрлері;

  5. Синтаксистік қатынас;

  6. Сөз тіркесі, оның түрлері.


Сабақ мақсаты:

Синтаксис, оның зерттеу объектілері туралы түсінік беру, синтаксистік байланыс және синтаксистік қатынас туралы түсінік қалыптастыру. Синтаксистік байланыстың тәсілдері мен түрлері туралы білімдерін жүйелеу. Сөз тіркесі, оның түрлері туралы түсінікті кеңейту.


Теориялық бөлім

Синтаксис, оның зерттеу объектілері туралы түсінік. Синтаксис термині қазіргі тіл білімінде екі түрлі мақсатта жұмсалады: біріншіден, синтаксис – коммуникативтік мақсатта жұмсалған тілдің тұлға-бірліктері, екіншіден, синтаксис – коммуникативтік мақсатта жұмсалған тілдің тұлға-бірліктерін зерттейтін тіл білімінің бір саласы, грамматиканың бір бөлімі.

Тілдің коммуникативтік мақсатта жұмсалатын тұлға-бірліктері өз алдына бір жүйені құрайды, ол жүйені тілдің синтаксистік жүйесі деп атаймыз.

Синтаксис грек тілінен аударғанда, байланыс, құрастыру дегенді білдіреді. Синтаксистің негізгі бірлігі – сөйлем. Сөйлемге сөйлем – ойды білдіре алатын тілдің бірлігі деп анықтама береміз. Ендеше тіл білімінің синтаксис саласы сөйлемдегі сөздердің, жеке-жеке сөйлемдердің байланысу заңдылықтары мен сөйлемнің құралу жүйесін қарастырады. Сөйлемдегі сөздер тілдік заңдар (синтаксистік заңдар) бойынша бір-бірімен байланыса келіп, сөйлемді құрайды.

Сөйлем ойды білдірсе, ой құрамына қарай жалаң ой және күрделі ой болып болып ажыратылады. Соған орай сөйлемдер де жалаң ойды немесе күрделі ойды білдіруіне қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлемдер болып бөлінеді. Құрмалас сөйлем жалаң ойды білдіретін жай сөйлемдердің синтакситік амал-тәсілдер арқылы байланысуынан қалыптасады. Бұл амал-тәсілдердің өз жүйесі бар.

Сөйлеуші белгілі бір жағдайды, оқиғаны баяндаған кезде ойдың желісі жүйелі болу үшін сол жағдайға, оқиғаға қатысты бір ұғымды қазық етіп алып, жағдай, оқиғаның элементтерін (компоненттерін), бөліктерін жеке-жеке ой ретінде таратады. Ол бөліктердің саны жағдай, оқиғаның көлеміне байланысты әр түрлі бола береді. Сөйтіп бір ұғымды тірек, қазық еткен көлемді ой желісі құралады. Бір ой желісі өз ішінен бірнеше желіге бөлініп кетуі мүмкін немесе бірнеше ой желісі бір-бірімен байланыса келе одан көлемді желіге айналуы мүмкін. Соған орай мәтінді құрайтын, ой желісінің бөліктерін атайтын сөйлемдер де бір-бірімен байланысып жатады. Бір немесе бірнеше ой желісінен тұратын ой бірлігін таныту үшін жазуда мәтін, жаңа жол (абзац) деген терминдер пайдаланылып жүр.

Сөйтіп синтаксис ғылымы синтаксистік жүйенің қай мәселесін қарастыратынына қарай үшке бөлінеді:



  1. Сөз тіркесі синтаксисі;

  2. Сөйлем синтаксисі. Сөйлем синтаксисі өз ішінен жай сөйлем синтаксисі және құрмалас сөйлем синтаксисі болып бөлінеді;

  3. Мәтін синтаксисі.

Сөз тіркесі синтаксисінің негізгі бірлігі – сөз тіркесі. Зерттеу объектісі – сөз тіркесі құрамындағы сөздердің байланысу заңдылықтары, амал-тәсілдері, түрлері, байланысқан сөздердің мағыналық қарым-қатынастары; сөз тіркесінің ерекшеліктері, түрлері.

Жай сөйлем синтаксисінің негізгі бірлігі – жай сөйлем. Қарастыратын мәселелері – жай сөйлемнің жасалу жолдары, жай сөйлемді құрастырушы бөліктердің (сөйлем мүшелерінің) қызметтері мен жасалу жолдары, жай сөйлемнің мағыналық-өқұрылымдық түрлері.

Құрмалас сөйлем синтаксисінің негізгі бірлігі – құрмалас сөйлем. Қарастыратын мәселелері – құрмалас сөйлемді құрайтын жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысу амал-тәсілдері, мағыналық қарым-қатынастары; құрмалас сөйлемнің мағыналық-құрылымдық түрлері.

Мәтін синтаксисінің негізгі бірлігі – күрделі синтаксистік тұтастық (синтаксистік шалым). Зерттеу объектісі – күрделі синтаксистік тұтастық құрамындағы сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық, тұлғалық байланыстары.



Синтаксистік байланыс туралы түсінік. «Сөйлем – ойды білдіреді, сөзден құралады» деген тұжырыммен өткен сабақтан таныспыз. Сөйлемнің құрамындағы сөздер бір-бірімен өзара синтаксистік заңдар бойынша байланыспаса, сөйлем де қалыптаспайды, ой да берілмейді. Ендеше сөйлем құрамына енетін сөздер бір-бірімен синтаксистік байланыста болады.

Синтаксистік байланыс дегеніміз – синтаксистік компоненттердің бір-бірімен мағыналық және тұлғалық жақтарынан сәйкесіп, үйлесімге келуі.

Синтаксистік байланысқа түсетін сыңарларды синтаксистік компоненттер деп атаймыз. Байланыс әр түрлі деңгейдегі тілдік бірліктер арасында орын ала береді. Егер сөйлем құрамындағы сөздер (сөздердің түрленген тұлғалары) байланысып, компонент болса, құрмалас сөйлемдерде компонент болатындар – оның құрамына енген жай сөйлемдер.

Синтаксистік байланыс байланыстың сөздердің арасында орнау сипаты және компоненттерінің мағыналық, тұлғалық қарым-қатынасына қарай салалас және сабақтас байланыстар болып екіге бөлінеді.

Мағыналық жақтан өзара тең дәрежелі, тұлғалық жақтан бірі екіншісіне тәуелді болмайтын компоненттер арасындағы байланыстың түрін салалас байланыс дейміз.

Мағыналық жақтан бірі екіншісін сипаттай (анықтай, пысықтай, толықтай, баяндай, айқындай, т.б.) келген, тұлғалық жақтан бірі екіншісіне тәуелді компоненттер арасындағы байланысты сабақтас байланыс дейміз.

Сабақтас байланыс басыңқы және бағыныңқы компоненттерден тұрады.



Басыңқы компонент – қалыптасатын синтаксистік бірлікке (құрылымға: сөз тіркесі, сөйлем, сабақтас құрмалас сөйлем, т.б.) ұйтқы, тірек болатын компонент.

Бағыныңқы – басыңқы компонентті мағыналық жақтан сипаттай келетін, тұлғалық жақтан басыңқыға тәуелді болатын компонент.

Синтаксистік байланыстың тәсілдері. Сөйлем құрамындағы сөздердің бір-бірімен синтаксистік байланыс орнатуына себеп, дәнекер болатын амалдарды байланыстың тәсілдері деп жүрміз. Қазақ тілінде байланыстың төрт тәсілі бар екендігі белгілі Олар: 1. Қосымша немесе жалғаулар арқылы байланыс; 2. Шылаулар арқылы байланыс; 3. Орын тәртібі арқылы байланыс; 4. Интонация арқылы байланыс.

Сөйлемдегі сөздердің байланыс тәсілдерін синтетикалық тәсіл (қосымшалар арқылы орнаған байланыстар) және аналитикалық тәсіл (орын тәртібі, интонация, шылаулар арқылы болған байланыстар) деп бөлу де бар. Сонымен қатар үйге дейін жүгірді үлгісіндегі тіркестерді септік жалғау мен септеулік шылау болғандықтан, синтетика-аналитикалық тәсіл ретінде көрсетушілер де кездеседі.



Синтаксистік байланыстың түрлері. Сөйлемдегі сөздердің синтаксистік байланыс орнату тәсілдері негізінде байланыс түрлері (формалары) анықталады. Қазақ тілінде байланыстың бес түрі бар екені көрсетіліп жүр: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу. Бұлардың үшеуі: қиысу, матасу, меңгеру қосымша, оның ішінде жалғаулар арқылы қалыптасатын байланыс түрлері, қабысу мен жанасу орын тәртібі тәсілі арқылы жүзеге асатын байланыс. Сонда шылау арқылы, оның ішінде септеулік шылау арқылы байланыстарды, сондай-ақ (егер бөлек байланыс тәсілі ретінде танитын болсақ) интонация арқылы байланыстарды байланыстың қай түріне жатқызу керек деген сұрақтар туындайды.

(Бастауыш қызметіндегі) бірінші сыңары екіншісімен атау септігі арқылы байланысатын, (баяндауыш қызметіндегі) екінші компонент біріншімен жіктік жалғауы арқылы байланысатын екі жақты байланыс түрін – қиысу деп атаймыз.



Сөйлемдегі сөздердің бірінің ілік септігінде, екіншісінің тәуелдік жалғауында келіп анықтауыштық қатынастағы байланысы матасу деп аталады.

Меңгеру дегеніміз – байланыстың бір жақты септік жалғаулары және септеулік шылаулар арқылы жүзеге асқан түрі.

Сөйлемдегі сөздердің іргелес орын тәртібі арқылы байланысы – қабысу деп танылып жүр.



Жанасу байланысы байланыстың жеке бір түрі ме, әлде М. Балақаев өзі көрсеткендей «жанасу – алшақ қабысу», яғни, қабысудың ерекше бір түрі ме?

Қабысудан айырмашылығы ретінде жанасуда байланысқа түсетін сөздер сөйлемде бірде іргелес, бірде алшақ орналаса алатыны ғана көрсетіледі.



Синтаксистік қатынас туралы түсінік. Сөздердің арасында синтаксистік байланыс орын алған жерде синтаксистік қатынас та орын алады. Синтаксистік қатынас дегеніміз – синтаксистік байланыстың мазмұны. Байланыс орнаған жерде компоненттер арасында мағыналық қарым-қатынас та орнайды. Мысалы, тоғайға бару тіркесінде байланыс зат есім мен етістіктің арасында барыс септігі арқылы орнаған. Байланыс меңгерудің қатарына жатады. Бұл – байланыстың тұлғалық жағына қатысты ерекшеліктер. Енді осы байланыс арқылы пайда болған сөздердің қарым-қатынасына келсек, бағыныңқы басыңқыдағы қимылдың нақты бағытын білдірген. Бұл – байланыстың мағыналық жағы. Синтаксистік қатынас деп отырғанымыз да осы – байланыстың мағыналық жағы.

Сөйлемдегі сабақтаса байланысқан сөздер арасындағы синтаксистік қатынастар предикаттық қатынас және предикаттық емес қатынастар болып екіге бөлінеді. Предикаттық емес қатынастарға анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық және айқындауыштық қатынастар жатады.



Сөз тіркесі (синтаксистік сөз тіркесі) туралы түсінік. Қазақ тілінде сөз тіркесіне беріліп жүрген анықтамалар, негізінен, оның негізгі үш белгісін қамтиды: «Синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан синтаксистік тобын сөз тіркесі дейміз». (Балақаев. М. Қазіргі қазақ тілі, 1992, 35-б.).

Анықтамадан көрінетіні, тілдік бірлік, синтаксистік құрылым сөз тіркесі деп танылуы үшін:



  1. кемінде толық мағыналы екі сөз керек;

  2. олар бір-бірімен бірі басыңқы, екіншісі бағыныңқы сипатта сабақтаса байланысуы тиіс;

  3. сөздердің арасында белгілі бір синтаксистік қатынас (анықтауыштық, толықтауыштық немесе пысықтауыштық қатынастың бірі) орнауы міндетті.

Сөз тіркесіне тән осы белгілер оны сөз тіркесіне ұқсас басқа тілдік белгілерден ажыратуға негіз болады.

Сөз тіркесі басыңқы сөздің қай сөз табынан екендігіне қарай есімді сөз тіркестері және етістікті сөз тіркестері болып екіге бөлінеді. Басыңқы сыңары есім сөздерден болған сөз тіркестері есімді тіркестер, басыңқысы етістіктен болған сөз тіркестері етістікті тіркестер деп аталады.

Сөз тіркестерін бұдан әрі құрамындағы сөздердің байланысу түріне қарай матаса байланысқан есімді сөз тіркестері, меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері, қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері және меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері, қабыса байланысқан етістікті сөз тіркесеті; сондай-ақ қатынастың мазмұнына қарай анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері, толықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері, пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері деген топтарға жіктеуге болады.


Практикалық бөлім

І Сұрақтар мен тапсырмалар.

1. Синтаксис қандай мәселелерді қарастырады?

2. Сөз тіркесі синтаксисінің негізгі бірлігі не? Қандай мәселелрді қарастырады?

3. Сөйлем синтаксисінің негізгі бірлігі не? Қандай мәселелерді қарастырады?

4. Мәтін синтаксисінің негізгі бірлігі не? Қандай мәселелерді қарастырады?

5. Синтаксистік байланыс дегеніміз не? Қандай байланысты салалас байланыс дейміз? Қандай байланысты сабақтас байланыс дейміз?

6. Қандай байланысты қосымша арқылы байланыс дейміз? Байланыстың қандай түрін шылау арқылы байланыс дейміз? Байланыстың қандай түрі орын тәртібі арқылы байланыс болады? Интонацияның синтаксистік байланыс орнатуға қатысы қандай?

7. Қиысу дегеніміз қандай байланыс түрі? Матасу дегеніміз байланыстың қандай түрі? Меңгеру дегеніміз байланыстың қандай түрі? Қабысу байланысы байланыстың қай түрі? Жанасу байланысы туралы не айтасың?

8. Синтаксистік қатынас дегеніміз не;

9. Сөз тіркесіне тән негізгі белгілерді ата.

10 Сөз тіркесі қандай белгілері арқылы жіктеледі.

ІІ Жаттығу жұмысы

10-жаттығу. Сөйлемдегі сөздерге кешенді сатылай талдау үлгісі бойынша морфологиялық талдау жаса.

Кешікпей тағы да мылтық даусы гүрс-гүрс шықты. Аттылар бұрылып келіп, дөңгелене отырған жиынға жапыр-жұпыр сәлем берісіп амандасып қалды. Қараңғыдан қылаң етіп бір аттылы адам шыға келді. Сені ойда орыс, қырда қазақ түгел біледі. Бұл жиында Ызғұтты, Жақып сияқты үлкендер және баладан Құдайберді, Абай бар. Жатақтың бала-шағалары мен кәрі-құртаңдары әдемі ат мінген жігітке әрі таңданып, әрі жатсырап қарайды. Өзі де, баласы да үндемейді. Жаза да алады, сөйлей де алады. Ешкім үндемейді, өйткені бұндағы кісілердің бәрі де қарт әйелдің даусын білетін. Өзге кепенің адамдары тарағаннан кейін, бұл кепенің адамдары Тақметті ортаға ала асқа отырды.

25-26 сабақтар

Тақырып: Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.



Сабақтың мазмұны:

  1. Сөйлем мүшесі туралы түсінік;

  2. Сөйлем мүшелерінің тұрлаулы және тұрлаусыз мүше болып бөлінуі;

  3. Бастауыш, оның жасалу жолы;

  4. Баяндауыш, оның жасалу жолдары;

  5. Толықтауыш, оның жасалу жолдары;

  6. Пысықтауыш, оның жасалу жолдары;

  7. Анықтауыш, оның жасалу жолдары;

  8. Сөйлем мүшелерінің құрылысына қарай түрлері: дара мүше, күрделі мүше, үйірлі мүше;

  9. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері, бірыңғай мүшелерге қатысты жалпылауыш сөз;

  10. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері.


Сабақ мақсаты: Сөйлем мүшесі туралы түсінік беру, сөйлем мүшелерінің не себепті тұрлаулы және тұрлаусыз мүше болып бөлінетінін түсіндіру. Сөйлем мүшелерінің анықтамалары мен жасалу жолдарынан түсінікті тиянақтау. Сөйлем мүшелерінің құрылысына қарай дара мүше, күрделі мүше, үйірлі мүше болатынын үйрету. Бірыңғай мүше, айқындауыш мүшелер туралы түсініктерді кеңейту. ;
Теориялық бөлім
Практикалық бөлім



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет