555.Осмотикалық диуретикті белгілеңіз...
556.Симпатолитиктердің қолданылуын белгілеңіз...
557.Антигипертензиялық әсері бар адренергиялық препаратты белгілеңіз...
558.Бета-адреноблокаторлардың қолданылуын белгілеңіз...
559.Анаприлин әсерлерін белгілеңіз...
560.Метопрололдың антигипертензивті әсерінің механизмін белгілеңіз...
561.Анаприлиннің антигипертензиялық әсерінің механизмн белгілеңіз...
562.Тыныс демікпесінде қолданылатын дәрілердің тобын белгілеңіз...
563.Кардиоселективті бета1-адреномиметикті белгілеңіз...
564.Бронхоселективті бета2-адреномиметикті белгілеңіз...
565.Гипертониялық кризді жою үшін қолданылады, сопақша мидағы вазомоторлық орталықтың тежегіш нейронындағы альфа2 – адренорецепторды қоздырады, жағымсыз әсерлері: ауыздың құрғауы, ұйқышылдық, ортостатикалық гипотония, берілу феномені. Препаратты анықтаңыз: Клофелин 566.Антигипертензивті, антиангиналды, аритмияға қарсы әсерлері бар, жүректің жұмысын баяулатады, бронхтың тонусын жоғарылатады. Препаратты анықтаңыз... Анаприлин 567.Ангиотензин алмастырушы ферментті және ангиотензин II синтезін тежейді, артериялық гипертензияда қолданылады, жағымсыз әерлеріне аллергиялық реакциялар, тахикардия, құрғақ жөтел жатады, бүйрек ауруының ауыр түрлерінде қолдануға болмайды. Препаратты анықтаңыз... Каптоприл 568.Миотропты спазмолитикалық әсер көрсетеді, гипертониялық кризді жою үшін көктамырға және бұлшықетке енгізіледі, ішуге қолданғанда іш және өт жүргізетін әсер көрсетеді. Препаратты анықтаңыз... Магний сульфаты 569.Миокардқа оттегінің келуін жақсартатын дәрілер тобына жатады, ауыз қуысының салқындатқыш рецепторларын тітіркендіреді және тәж қантамырларының рефлекторлы түрде кеңеюін туғызады, стенокардияның алғашқы ұстамасын жоюға, сондай-ақ оның жеңіл түрлерінде тағайындалады. Препаратты анықтаңыз...
570.Миокардтың оттегіге қажеттілігін азайтады және миокардқа оттегінің келуін жақсартады, эндотелиалды релаксациялаушы фактор тәрізді әсер етеді, барлық шеткі қантамырды кеңейтеді, тәж қантамырларының тарылуына кедергі жасайды. Препараттың тобын анықтаңыз...
571.Миокард инфарктысы кезіндегі ауырсынуды жою үшін қолданылады, тыныс орталығын тежейді, миоз туғызады, дәріге тәуелділікке әкеледі, наркотикалық анальгетиктер тобына жатады. Препаратты анықтаңыз... Морфин 572.Орталық әсерлі жөтелге қарсы дәрілер тобына жатады, таңдамалы түрде жөтел орталығын тежейді, дәріге тәуелділік пен үйреніп кетушілік туғызбайды. Препаратты анықтаңыз...
573.Муколитикалық дәрілерге жатады, қақырықтың құрамын деполимеризациялау арқылы оны сұйылтады. Эндогенді сурфактанттың өнімін көбейтеді, ішуге тағайындалады. Препаратты анықтаңыз...
574.Бронх демікпесінде қолданады, айқын қабынуға қарсы және иммунодепрессивті әсер етеді. Бүйрек үсті безінің гипофункциясын туғызуы мүмкін. Тіндердің регенерациясын бұзады, қанда глюкоза мөлшерін жоғарылатады. Препаратты анықтаңыз...
575.Теофиллин препараты болып саналады. Бронхтың біріңғай салалы бұлшықетіне тікелей спазмолитикалық әсер етеді. Бронхоспазмды жою мен алдын алу үшін қолданылады. Парентералді және энтералды тағайындалады. Препаратты анықтаңыз...
576.Қақырық түсіретін әсері бар препаратты белгілеңіз. . .
577.Шеткі әсерлі жөтелге қарсы препаратты көрсетіңіз. . .
578.Муколитикалық дәрілерді белгілеңіз. . .
579.Нитроглицерин фармакологиялық қай тобына жатады?. . .
580.Органикалық нитраттар тобынан дәрілерді белгілеңіз. . .
581.Калий каналының белсендіргіштері тобынан антиангинальды препаратты белгілеңіз. . .
582.Орталық әсерлі гипотензивті дәріні белгілеңіз...
583.Ангиотензинді алмастырушы фермент тежегіштерін белгілеңіз...
584.Қандай препарат осмостық диуретиктерге жатады...
585.Осмотикалық диуретиктер тобының препаратты белгілеңіз...
586.Калий-магний сақтағыш диуретикті белгілеңіз...
587.Созылмалы жүрек жетіспеушілігін емдеуге қолданылатын жүрек гликозидін көрсетіңіз...
588.Гликозидті емес құрылымды кардиотонустық дәріні белгілеңіз...
589.Дигитоксинді қайталап қолданғанда болатын жағымсыз әсерді белгілеңіз...
590.Оймақгүл препаратын көрсетіңіз...
591.Жүрек гликозидтерінің негізгі қолданылуын көрсетіңіз...
592.Жедел жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын жүрек гликозидін белгілеңіз...
593.Жүрек гликозидтерінің алыну көзін анықтаңыз...
594.Антиангиналды дәрілердің негізгі қолданылуын белгілеңіз...
595.Қан плазмасында липопротеиндердің деңгейіне әсер етеді, зақымдаушы факторларға тамырлар эндотелиінің төзімділігін арттырады, тамырлардың атеросклерозын кешенді емдеуге қолданылады. Препаратты анықтаңыз...
596.β1-адренорецепторды қоздыратын кардиотонустық дәріні белгілеңіз...
597.Жүрек гликозидтерімен уланғанда қолданылатын кальцийдің антагонистін белгілеңіз...
598.Жүрек гликозидтерінің кардиотоксикалық әсерін күшейтетін препаратты көрсетіңіз...
599.Дигоксиннің дигитоксиннен айырмашылығы қандай...
600.Қан плазмасының көлемін азайту арқылы артериялық қан қысымын төмендететін дәріні белгілеңіз...
601.Дипиридамолға тән қасиетті белгілеңіз...
602.Лизиноприлдің антигипертензивті әсерінің механизмін көрсетіңіз...
603.Науқасқа асқазанның жара аурулары диагнозы қойылды.
Науқасты кешенді емдеуге қандай препараттардың тобы қолданылады…
604.Ревматоидты артритпен ауыратын 65 жастағы науқасқа дәрігер диклофенак натрий препаратын тағайындады. Диклофенак натрийдің ульцерогенді әсерін азайтуға қандай препаратты біріктіріп қолдануға болады …
605.Дәрігерге асқазанның жара ауруы асқынған науқас келді. Науқасты кешенді емдеуге қандай препарат және препараттардың тобы қолданылады…
606.Тоқ ішектің гипотониясына байланысты созылмалы іш қатуы бар науқас қарт адамға қандай препарат тағайындау керек...
607.Асқазанның жара ауруы бар науқасқа Фамотидин препараты тағайындалды. Препараттың әсер ету механизмін көрсетіңіз...
608.Асқазанның жара ауруы бар науқасқа Н2гистамин рецепторын тежейтін препарат тағайындалды. Препаратты анықтаңыз...
609.Созылмалы іш қатуы бар қарт ер адамға тоқ ішекке әсер ететін іш жүргізетін дәрі тағайындалды. Препаратты анықтаңыз...
610.Созылмалы іш қатуы бар науқас ұзақ уақыт Бисакодил препаратымен емделді. Бірнеше аптадан кейін препараттың іш жүргізетін әсері төмендеді. Бұл қандай жағымсыз әсерімен байланысты...
611.Асқазан жара ауруы бар науқасқа Фамотидин препараты тағайындалды. Асқазан сөлінің қышқылдылығы біршама төмендеді. Бұл препараттың әсер ету механизмін көрсетіңіз...
612.Тоқ ішектің гипотониясына байланысты созылмалы іш қатуы бар 75 жастағы науқасқа қандай препарат тағайындау қажет...
613.Асқазан жарасы бар науқасқа Пирензепин препараты тағайындалды. Препараттың әсер теу мханизмін көрсетіңіз...
614.Ауруханаға асқазанның жара ауруының өршу сатысында науқас түсті. Н2-гистамин рецепторын тежеу арқылы асқазан бездерінің қызметін төмендететін препаратты көрсетіңіз...
615.Науқасты рентгенологиялық зерттеуге дайындау барысында оған тоқ ішектің кілегей қабатының рецепторын қоздырып, перистальтиканы күшейтетін әсері бар іш жүргізетін дәрі тағайындау керек. Препаратты анықтаңыз...
616.42 жастағы калькулезды холециститпен ұзақ уақыт бойы ауыратын әйел ұстамалар арасында оңжақ қабырға астындағы жағымсыздық сезімі кезінде, танысының ұсынысы бойынша «Аллохол» таблеткаларын ішіп бастаған. 3 күннен кейін кешкілік уақытта, оң жақ қабырға астында ұстама тәрізді қатты ауыру сезімі пайда болды. Ауырсыну оң жақ иығымен оң жақ мойынына таралды. 2 таблетка «Аллохол» препаратын қабылдау оған көмектеспеді. Ауырсыну одан сайын күшейіп науқас ауруханаға жатқызылды. Рентгенологиялық зерттеуден кейін науқасқа «Өт тас ауруы» диагнозы қойылды. «Аллохол» препараты қандай фармакологиялық топқа жатады және «Аллохол» препаратын қабылдау неге тиімсіз болды...
617.56 жастағы калькулезды холециститпен ұзақ уақыт бойы ауыратын әйел ұстамалар арасында оңжақ қабырға астындағы жағымсыздық сезімі кезінде, танысының ұсынысы бойынша «Аллохол» таблеткаларын ішіп бастаған. 3 күннен кейін кешкілік уақытта, оң жақ қабырға астында ұстама тәрізді қатты ауыру сезімі пайда болды. Ауырсыну оң жақ иығымен оң жақ мойынына таралды. 2 таблетка «Аллохол» препаратын қабылдау оған көмектеспеді. Ауырсыну одан сайын күшейіп науқас ауруханаға жатқызылды. Рентгенологиялық зерттеуден кейін науқасқа «Өт тас ауруы» диагнозы қойылды. Осы науқасқа ауырсынуды жою үшін қандай препарат қолдану керек...
618.Жүкті әйел ішек қызметінің бұзылуына (энтероколит) шағымданып келді.Іш жүргізетін дәрі тағайындалды. Кенеттен, күтпеген жерден оның мерзімінен бұрын босану белгілері пайда болды. Науқас қандай іш жүргізетін дәрі қабылдады...
619.Науқас Л., 21 жаста, ауруханаға: асқазанындағы қыжылға, ашқарынға эпигастрий аймағындағы ауырсыну сезімі ас содасын қабылдаумен басылатындығына шағымданып түсті. Асқазанның гастроскопиясында асқазанда 0,5 см. көлемінде жара бар екендігі анықталды. Қарын сөлінің рН-метриясында: қышқыл өндірісі орташа қарқынды және қоры аз,реакцияның холинергиялық түрі анықталды. Науқасқа Пирензепин препараты тағайындалды. Препараттың әсер ету механизмін көрсетіңіз...
620.Ауруханаға 25 жастағы З. науқас асқазанындағы қыжылға, ашқарынға эпигастрий аймағындағы ауырсыну сезімі ас содасын қабылдаумен басылатындығына шағымданып түсті. Асқазанның гастроскопиясында асқазанда 0,5 см. көлемінде жара бар екендігі анықталды. Қарын сөлінің рН-метриясында: қышқыл өндірісі орташа қарқынды және қоры аз,реакцияның холинергиялық түрі анықталды. Науқасқа тиімді және қауіпсіз препаратты тағайындаңыз...
621.Асқазанның ойық жарасымен ауыратын науқас А., ұзақ уақыт бойы антацидті дәрілер қабылдаған. Біраз уақыттан кейін жүрек айнуын, ішінің ауырсынуын байқай бастады. Науқасты зерттеу кезінде қанның қышқылды-сілтілі тепе - теңдігі алкалоз жағдайына қарай өзгергені анықталды. Препаратты анықтаңыз және оның фармакологиялық тобын көрсетіңіз...
622.Диагностикалық мақсатта науқасқа тері астына дәрі енгізілді,содан кейін зондтың көмегімен асқазан сөлін алды. Асқазан секрециясының жоғарылауы анықталды. Алайда, дәріні енгізгеннен кейін науқаста жанама әсерлер пайда болды – АҚҚ-ның төмендеуі, бетінің қышуы және ісінуі. Препаратты анықтаңыз...
623.Асқазан сөлінің қышқылдылығы жоғарылаған науқасқа асқазан бездерінде эндогенді гистаминнің қоздырғыш әсерін жоятын - Н2-гистамин рецепторының тежегіші қолданылды. Осы әсер ету механизм қай препаратқа тән...
624.Дәріні қабылдағанда химустың сұйық бөлігін абсорбциялауға кедергі жасап, ішек қуысында осмостық қысым жоғарылатады. Ішектің құрамы көбейіп, механорцепторлардың қозуына әкеледі. Ішек перистальтикасы күшейеді. Бұл іш жүргізетін дәрілердің ішектің барлық бөліміне әсер етеді. Жедел іш қатуда, химиялық заттармен уланғанда қолданады. Іш жүргізетін әсері 4-6 сағаттан кейін басталады. Әсерін жылдамдату үшін 1-2 стакан сумен ішеді. Препаратты анықтаңыз...
625.Дәріні сумен араластырғанда антацидтік әсері бар магний гидрототығын түзеді. Асқазанда магний гидрототығы тұз қышқылымен әрекеттесіп, магний хлоридін түзеді. Жылдам әсер етеді. Препаратты аллюминий гидрототығымен біріктірсе, «Алмагель» мен «Маалокс» препараттарының құрамына кіреді. Препаратты анықтаңыз...
626.Протон насосының тежегіші, асқазанның париетальды клеткаларында Н+-К+-АТФазаның белсенділігін және тұз қышқылының соңғы кезеңін тежейді. Бактреицидті әсер етеді, антибиотиктермен біріктіргенде аурудың симптомдарын жылдам жояды және асқазанның кілегей қабаты зақымдануының жазылуын жылдамдатады. Созылмалы асқазан ауруларында қолдануға болмайды. Препаратты анықтаңыз...
627.Жараға қарсы дәрі. Жараның некроздалған тіндерінің белоктарымен әрекеттесіп, препарат қорғаныш қабатын түзеді. Ол пепсиннің, тұз қышқылының және өт тұздарының ыдырататын әсерін алдын алады. Жүкті әйелдерге, 4 жасқа дейінгі балаларға, бүйрек қызметібұзылған науқастарға қолдануға болмайды. Препаратты анықтаңыз...
628.Препаратты спирт қосу арқылы өсімдіктен алады. Ауыз қуысының рецепторларын қоздырады және ашығу орталығын рефлекторлы қозуын күшейтеді. Тәбетті күшейтетін дәрі ретінде қолданылады. Препаратты анықтаңыз...
629.Дифенилметан туындысынан іш жүргізетін дәрі. Негізінен тоқ ішектің кілегей қабатына әсер етіп, кіліегей және кілегей асты қабаттардың жүйке өрімдерінің сенсорлық ұштарын қоздырады. Қарт адамдардағы және қозғалмай жатқан, тамақтану тәртібі өзгерген науқастардағы созылмалы және этиологиясы әртүрлі созылмалы іш қатуларда, операциядан кейінгі, операцияға дайындау кезеңдерінде және диагностикалық (ректоскопия, урография) зерттеуде қолданылады. Препаратты анықтаңыз...
630.Гепаопротекторлық белсенділігі бар, эндогенді S–аденозил-L-метиониннің синтетикалық аналогы болып табылады. Мембраналық фосфолипидтердің синтезін белсендіреді, цистеиннен глутатион, сульфат және таурин түзу арқылы зарарсыздандырады. Сондай-ақ бас миында моноаминдердің алмасуын белсендіру арқылы антидепрессивті әсер көрсетеді. Препаратты ауырсынуды жоятын және қабынуға қарсы әсерлері анықталған. Бауырішілік холестазда қолданылады. Препаратты анықтаңыз...
631.Тромбоздың алдын алу үшін науқас ұзақ уақыт тікелей емес антикоагулянт қабылдады. Мұрыннан қан кетге байланысты науқасқа препараттың антагонистін тағайындаңыз...
632.Науқасты зерттеуде атрофиялық гастрит және қатерлі мегалобласттық анемия анықталды. Қандай препарат тағайындау қажет...
633.Бауыры ауыратын науқасқа операция алдында қан ұю факторының синтезін белсендіретін және К витаминінің синтетикалық суда еритін аналогы болып саналатын препарат тағайындалды. Препаратты анықтаңыз...
634.37 жастағы науқас вирусты В гепатитінен кейін мұрыннан ұзақ уақыт қан кететініне шағымданды. Коагулограмма анализінде қанда протромбиннің саны азайғаны анықталды. Науқасқа қандай препарат тағайындаған тиімді...
635.Асқазан ауруымен ұзақ уақыт бойы ауыратын науқаста гиперхромды анемия анықталды. Қандай препарат тағайындау керек...
636.Балада тері асты қан құйылулар байқалды. К витаминінің синтетикалық аналогы – викасолды тағайындау оң нәтиже берді. Бұл препарат қан ұю жүйесінде қай белоктың синтезіне қатысады...
637.Асқазанның жара ауруына байланысты науқасқа жоспарлы операция алдында викасол препараты тағайындалды. Бұл препараттың әсер ету механизмін көрсетіңіз...
638.Жүкті әйелге тромбофлебиттің өршуіне байланысты антикоагулянт тағайындалды. Туған кезінде баланың терісінде геморрагия анықталды. Жүкті әйелге қандай антикоагулянт тағайындалды...
639.Жүректің ишемиялық ауруымен ауыратын 50 жастағы науқасқа антиагреганттық әсері бар препарат тағайындалды. Науқас препаратты тағайындалған мөлшерден артық мөлшерде қабылдап жүрді. Біршама уақыттан кейін науқаста жүрек айну, ашқарында іштегі ауырсыну пайда болды. Науқасқа антиагрегант ретінде тағайындалған препаратты көрсетіңіз...
640.7 жастағы балада аяғының кесілген жарасынан капиллярлы қан кету байқалды. Бұл жағдайда қандай препарат қолданған тиімді...
641.Қуық түбі безінің аденомасына операция жасау кезінде бездің құндағынан әдетте көп қан кету байқалады. Бұл жағдайда гемастатиктер тобынан қай препаратты қолданған тиімді...
642.Науқасты зерттеу кезінде қатерлі мегабластты анемия анықталды. Қандай препарат тағайындаған жөн...
643.Бауыры ауыратын науқасқа операция алдында К витаминінің синтетикалық суда еритін аналогы болып саналатын және қан ұю факторының синтезін белсендіретін дәрі тағайындалды. Препаратты таңдаңыз...
644.Науқаста ішектен қан кету пайда болды. Протромбин синтезінің жетіспеушілігі болып саналатн себебі анықталды. Оның биосинтезін арттыру үшін қандай препарат тағайындаған жөн...
645.Науқасқа антикоагулянттардың көп мөлешрін бейтараптау үшін антидоты – протамин сульфаты тағайындалды. Науқаста қандай препараттың көп мөлшері улну туғызды...
646.Балтыр венасының тромбофлевитімен ауыратын науқас ұзақ уақыт қызыл иектің қанауын, терідегі петехияны, несепте қанды пайда қылатын дәрімен емделді. Осындай асқынуларды қай препарат туғызуы мүмкін...
647.Антикоагулянттық дәріні қолдану кілегей қабықтың қанталауына, макрогематурияға, қан ұю уақытының қысқаруына әкелді. Протамин сульфатын енгізу осы асқынуларды жойды. Қандай препарат тағайындалған...
648.Миокард инфарктысымен ауыратын науқасқа тікелей әсерлі антикоагулянтты көктамырға енгізді. Препаратты анықтаңыз...
649.Реанимация бөліміне миокард инфарктысымен науқас түсті. Тромб түзілуінің алдын алуға науқасқа қандай препарат енгізу керек...
650.Геморрагиялық диатезбен ауыратын балаға препарат тағайындалды. Гемостатиктер тобынан қандай препарат тағайындалды...
651.Жүкті әйелге темір жетіспеушілік анемияның алдын алуға темір препаратын тағайындады. Бұл препараттың әсер ету механизмін көрсетіңіз...
652.Науқас темір препаратымен бірге антацидті дәрі қабылдады. Науқасқа антацидті препаратты неліктен темір препаратымен біріктіріп қолдануға болмайтынын түсіндіріңіз...
653.Тромбозды емдеуге дәрігер науқасқа жаңа пероральды тікелей емес антикоагулянттар тобынан препарат тағайындады. Препаратты атаңыз...
654.Жедел миокард инфарктысы бар науқас кешенді емдеуде антикаогулянттар тобынан препарат қабылдады. Біршама уақыттан кейін гематурия пайда болды. Осы асқынуды жою үшін протамин сульфаты тағайындалды. Науқас қандай препарат қабылдады...
655.Миокрад инфарктысы бар 52 жастағы науқасқа гепарин тағайындалды. Бұл препарат қандай мақсатта тағайындалды...
656.Операция алдында науқасқа қан ұюын жоғарылататын препарат (К витаминінің суда еритін аналогы) тағайындалды. Науқасқа қандай препарат тағайындалды...
657.Гиперхромды (мегалобластикалық) анемиясы бар науқасқа эритропоэзді күшейтетін витаминдік препарат тағайындалды. Препаратты таңдаңыз...
658.Препарат фибринолизді тежейді. Тіндер мен қанның фибринолитикалық белсенділігі жоғарылауымен жүретін әртүрлі патологиялық жағдайларда және хирургиялық операция кезіндегі қан кетулерде, оның ішінде өкпе, қуық түбі безі, ұйқы безі, қалқанша безі, дұрыс орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауында, өлі ұрықтың жатыр ішінде ұзақ болуындағы операциялар кезінде қолднылады. Препаратты анықтаңыз...
659.Фибринолитик, белгілі бір стрептококк штаммаларымен өндірілетін белок. Фибринолитикалық әсері бар. Плазминогенмен қосылғанда кешен құрайды, ол фибринді ерітетін протеолитикалық фермент –плазминнің плазминогенге айналуын белсендіреді. Жедел миокард инфарктысында, терең веналардың тромбозында, өкпе артериясының тромбоэмболиясында, шеткі артериялардың жедел және жеделдеу тромбоздарында қолданылады. Препаратты анықтаңыз...
660.Қан ұю жүйесінің табиғи компоненті. Организмде протромбиннен және оның тромбопластинді белсендіретін ферментативті жүйесінен түзіледі. Донорлардың қан плазмасынан алады. Тек жергілікті кіші капиллярлар мен паренхиматозды мүшелерден (бас-ми, бауыр, бүйрек операциясында, сүйек қуысынан, қызыл иектен қан кетулерде) кеткен қанды тоқтату үшін қолданады. Препаратты анықтаңыз...
661.Қабылдау бөліміне бала түсті. Анасының айтуынша, тәбетінің болмауына, дене салмағының төменлеуіне шағымданады. Қарау кезінде – тері мен кілегей қабаттары субиктериялық бозғылт, теріде – геморрагия байқалды. Қанда - гранулоцитопения, тромбоцитопения, кейде эозинофилия. Сүйек миында мегалобласт клеткалары (барлық эритронормобласттардың 70% дейін) өте көп, анемия анықталды. Мегалобластикалық түріндегі анемия деген диагноз қойылды. Осы жағдайда қандай препарат тағайындауға болады...
662.Ауру жанұялық-тұқымқуалаушылық сипатта. Клиникалық көрінісі: қандай да болмасын жарақат алса, қан ктеді, кейде тіс жұлғаннан кейін профузды қан кету, буынға (гемартроздар)жиі қан кету, мұрыннан, бүйректен қан кетлер жиі болады. Жайылған гематомада дене қызуы жоғарылайды, шамалы билирубинемия болуы мүмкін. Көп қан кеткеннен соң, постгеморрагиялық анемия дамиды. Диагноз қойыңыз және емдеуге препарат таңдаңыз...
663.Мұрнынан қан кеткен ер адамғақанды тоқтату үшін Кальций хлориді ертіндісі тағайындалды. Бұл жағдайда препаратты қандай жолмен енгізеді...
664.Қан кетуді тоқтату үшін көктамырға Кальций хлориді ертіндісі тағайындалды. Егер препарат кездейсоқ тері астына немесе бұлшықетке енгізілсе, қандай жағымсыз әсер дамиды...
665.Қан кетуді тоқтату үшін науқасқа тікелей коагулянттар тобынан препарат тағайындалды. Препаратты енгізгеннен кейін вена бойымен ауырсыну, ыстықты сезіну, жүрек соғу, беттің қызаруы байқалады. Осындай асқынуды туғызатын препаратты белгілеңіз...
666.Қант диабетімен ауыратын науқасқа Инсулин тағайындалды. Бұл препаратты енгізу тәртібі қандай...
667.Пенициллин енгізгеннен кейін науқаста Квинке ісігі дамыды. Шұғыл жағдайда науқасқа қандай препарат енгізу керек...
668.Аллергиялық дерматиті бар науқас дәрігерге қаралды. Қабынуға және аллергияға қарсы әсері бар препаратты тағайындаңыз...
669.Ревматоидты артритпен ауыратын науқасқа қабынуға қарсы әсері бар препарат тағайындалды. Біршама уақыттан кейін науқаста жиі салқын тиіп ауыру, ісіктер, жараның баяу жазылуы сияқты шағымдар пайда болды. Бұндай жағымсыз әсерді қай препарат туғызуы мүмкін...
670.Инсулинге тәуелді емес қант диабетімен ауыратын науқасқа сульфонилмочевина туындысынан синтетикалық диабетке қарсы дәрі тағайындалды. Препаратты атаңыз...
671.Созылмалы полиартритпен ұзақ уақыт ауыратын 33 жастағы әйел қан қысымының жоғарылауына, май тіндерінің таралуының өзгеруіне, менструальды циклдың бұзылыстарына, ісіктерге шағымданды. Науқас қандай препарат қабылдады...
672.Науқастың қалқанша безі алынып тасталды. Науқасқа операциядан кейін орын басушы терапияға препарат тағайындаңыз...
673.Инсулинге тәуелді диабет (2-ші түрі) анықталған науқасқа дәрігер –эндокринолог Глибенкламид тағайындады. Препараттың диабетке қарсы әсерінің механизмін көрсетіңіз...
674.Артритті емдеу үшін науқасқа Преднизолон препараты тағайындалды. Препарат қандай фармакологиялық топқа жатады...
675.Диета арқылы жағдайын қалыпты ұстап жүрген қант диабеті бар науқастың жағдайы нашарлады. Оған синтетикалық диабетке қарсы препарат тағайындалды. Препаратты атаңыз...
676.Жедел бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі бар науқасқа орын басушы терапияға препарат тағайындалды. Препаратты анықтаңыз...
677.Қант диабетімен ауыратын науқасқа ішуге арналған диабетке қарсы препараттар тобынан дәрі тағайындалды. Препаратты атаңыз...
678.Балада қалқанша безінің жетіспеушілігінен (кретинизмнен) болатын негізгі зат алмасудың біршама төмендегені анықталды. Қандай препарат тағайындау керек...
679.Қанда қант деңгейі жоғарылаған (диагнозы: қант диабеті) науқасқа орын басушы терапияға препарат тағайындалды. Препаратты атаңыз...
680.Ревматоидты артриті бар науқасқа иммунитетті төмендететін қабынуға қарсы гормондық препарат тағайындалды. Препаратты атаңыз...
681.Ревматоидты полиартритпен ауыратын науқасқа преднизолон тағайындалды. Дәрігер тағайындалған дәрінің барлық мөлшерін таңертең 8-де қабылдау керектігін түсіндірді. Дәрігер неге осы уақытты ұсынды...
682.Қант диабетімен ауыратын науқасқа ашқарынға тері астына препарат енгізілді. Осыдан кейін науқаста бұлшықет әлсіздігі, шаршау, ашығу сезімі, сілекейдің көп бөлінуі, тері жамылғысының бозаруы, саусақтарының ұюы, тремор, жүрегінің қатты соғуы, бас ауру, көз алдының тұмандануы, жиі есінеу, тырысу байқалды, соңынан бұлшықет тонусы мен дене қызуы төмендеп, есінен танып, комалқ жағдайға келді. Көктамырға глюкоза ертіндісін енгізгеннен соң жағдайы жақсарды. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы осындай жағымсыз әсерлер туғызуы мүмкін?
683.Бұл организмде белок синтезін күшейтеді, азоттың алмасуына оң әсер етеді, тәбеттің жоғарылауымен, дене салмағының көбеюімен, науқастың жалпы жағдайының жақсаруымен, сүйектердің кальцификациясының (остеопорозда) жылдамдауымен көрінетін сүйекте кальцийдің бекуін қамтамасыз етеді. Спорттық медицинада спортсмендердің күшін жоғарылатуға және олардың бұлшықет массасын өсіруге қолданады. Препараттар тобын анықтаңыз...
684.Синтетикалық антитиреоидты препарат. Диффузды токсикалық зобтың әртүрлі ауырлық дәрежелерінде қолданылады. Пероксидазаны тежеу арқылы тирозиннің йодталуын тежейді. Әдетте науқас препаратты жақсы көтереді, бірақ та лейкопения пайда болуына байланысты қан анализін қарау керек. Жүрек айну, құсу, терідегі бөртпелер мен буындағы ауырсынулар сияқты жағымсыз әсерлері бар. Препаратты анқтаңыз...
685.Препарат анаболикалық стероидтар тобына жатады. Кахексияда, астенияда, сәулелік емнен кейін, остеопорозда, сүйек сынғанда регенеративті процесстерді күшейтуге қолданады. Әсері баяу 1-2 күннен соң дамиды, әсер ету ұзақтығы 7-15 күн. Препаратты майлы ертінді түрінде бұлшықетке енгізеді. Препаратты анықтаңыз...
686.Эстрогенді әсері бар табиғи фолликулярлы гормон. Эстроннан белсенді және ұзақ әсер етеді. Майлы ертінді түрінде 2-4 күнде 1 рет бұлшықетке енгізеді. Ішуге қолданғанда бауырда жылдам ыдырайды. Біріншілік және екіншілік аменореяда, бедеулікте, климакстық бұзылыстарда қолданылады. Препаратты анықтаңыз...
687.Құрамында фторы бар глюкокортикостероид. Көмірсу, белок және майлардың метаболзиміне айқын мөлшерге тәуелді әсер етеді. Қабынуға қарсы әсері гидрокортизоннан 5 есе белсенді. Натрий, хлор, калий иондары мен судың шығуына әсер етпейді. Препаратты анықтаңыз...
688.Ерлер жыныстық гормонының препараты, тестостеронның эфирі, синтетикалық жолмен алынады. Жыныстық жетілмеуде, жыныс жүйесінің қызметтік бұзылыстарында, ер адамның климактериясында, сондай-ақ әйелдердегі сүт безінің қатерлі ісіктерінде қолданады. Тестостероннан айырмашылығы әсері баяу дамиды, бірақ та әсері ұзақ.Майлы ертінді түрінде шығарылады, бұлшықетке енгізіледі. Препаратты анықтаңыз...
689.Синтетикалық препарат, сары дене гормонының аналогы, фолликулярлы гормон туғызатын пролиферация кезеңінен секреторлық кезеңге ауысуын, одан жұмыртқа клеткасының ұрықтануына –оның дамуына қажетті жатырдың кілегей қабатын қамтамасыз етеді. Оны аменореяда, бедеулікте, әдеттегі және қауіпті түсік тастауда, эндометриозда, жатырдан қан кетулерде қолданады. Майлы ертінді түрінде тері астына немесе бұлшықетке енгізіледі. Препаратты анықтаңыз...
700.Науқасты қарау кезінде бетінің әлсіз қызғылт бозарғаны, шөлдеу; ауыздың құрғауы, терісінің құрғауы мен тургорының төмендеуі; тынысы сирек, терең, шулы, тыныс алу кезеңі ұзарғаны, демалғанда аузынан ацетон иісі шығатыны; аяқ-қолдары бұлшықеттерінің тонусы төмендегені, бозарғаны және салқындағаны анықталды. Несепте көп мөлшерде қант бар. Диагноз қойып, осы жағдайды жоюға препарат тағайындаңыз...
701.Ұзақ уақыт Преднизолон препаратын қабылдаған науқаста препаратты тоқтатқанда аурудың асқынуы, қан қысымының төмендеуі, әлсіздік байқалды. Бұл көріністі немен байланыстыруға болады...
702.Аллергиялық конъюнктивитпен ауыратын науқас дәрігерге қаралды. Дәрігер ОЖЖ тежейтін әсері жоқ, антигистаминдік әсері ұзақ препарат тағайындады. Препаратты таңдаңыз...
703.Көлік жүргізушісі дәрігерге амброзияның гүлдеуімен байланысты мұрыннан су ағуға, жөтелге, көзден жас ағуға шағымданды. Осы науқасқа аллергияға қарсы препарат тағайындаңыз...
704.Киікоты шөбінің гүлденуі кезінде пайда болатын аллергиялық ринитті емдеуге қолданылатын препаратты тағайындауды сұрап дәрігерге студент келді. Қандай препарат қолданған тиімді...
705.Көктемгі кезеңде аллергиялық риитпен ауыратын 30 жастағы ер адам, мамандығы көлік жүргізушісі дәрігерге қаралуға келді. Дәрігер науқасқа шамалы седативті әсері бар және әсер ету ұзақтығы 24 сағат антигистаминдік препарат тағайындады. Науқасқа қандай препарат тағайындалды...
706.Аллергиялық дерматитпен ауыратын әйел апта бойы аллергияға қарсы препарат қабылдады. Осыдан кейін науқаста ұйқышылдық дамыды. Препаратты көрсетіңіз...
707.Аллергиялық дерматитпен ауыратын әйелге ОЖЖ-не тежегіш әсері жоқ антигистаминдік препараттардың ІІ-ші ұрпағынан препарат тағайындалды. Препаратты көрсетіңіз...
708.Ұйқысыздықпен ауыратын 35 жастағы науқастағы аллергиялық сипаттағы бөртпелер мен қышыманы емдеуге антигистаминдік және ұйықтататн әсерлері бар препарат тағайындалды. Препаратты анықтаңыз...
709.І-ші ұрпақтағы Н1-гистамин рецепторының тежегіші. Есекжем, шөптік қызба, вазомоторлық мұрыннан су ағу, қышымалы дерматит, аллергиялық конъюктивитте қолданылады. Тыныс демікпесінде тиімсіз. Седативті және ұйықтататын әсерлеріне қарай көлік жүргізушілерге, жылдам психикалық және қозғалыс реакцияларын қажет ететін мамандық иелеріне тағайындауға болмайды. Ганглиоблокаторлық әсер етеді, осыған орай артериялық қысымды төмендетеді. Препаратты анықтаңыз...
710.Мес клеткаларының тұрақтандыратын дәрі. Тыныс демікпесінің алдын алуға және кешенді емдеуге қолданылатын арнайы препарат. Қалта ингаляторы спинхайлер көмегімен ингаляция жасауға капсуладағы ұнтақ түрінде тағайындайды. Препаратты анықтаңыз...
711.Адреномиметик. Анафилактикалық шокта, тыныс демікпесінің ұстамасын жоюға, дәрілерді қолданғанда болатын аллергиялық реакцияларда қолданылады. Гипертензияда, қант диабетінде, айқын атеросклерозда қолдануға болмайды. Препаратты анықтаңыз...
712.Инфекциялық полиартритпен ауыратын науқас ұзақ уақыт қабынуға қарсы дәрі қабылдады. Біршама уақыттан кейін науқаста бетінің ісінуі байқалып,дәрігерге қаралды. Несепте белок пен эритроциттер анықталды. Науқас қандай препарат қабылдады...
713.Науқас дәрігерге асқазанның жара ауруының асқынуына шағымданып келді. Эпигастрий аймағындағы ауырсыну, жүрек айну, қара нәжіс (мелена), әлсіздік пайда болды. Анамнезінен науқас екі апта бойына қызу және бас ауырумен жүретін салқын тиіп ауруына байланысты препарат қабылдағаны анықталды. Науқас қандай препарат қабылдады...
714.Индолсірке қышқылының туындысы, күшті стероидты емес қабынуға қарсы препарат. Ревмакардитті, арнайы емес инфекциялық полиартритті, тромбофлебитті және де басқа қабынумен бірге жүретін ауруларды емдеуге қолданылады. Асқазанның және он екі елі ішектің жара ауруларында, жүктілікте, бала емізетін әйелдерге қолдануға болмайды. Оны қолданғанда бас айналуы мүмкін, осыны науқасқа ескерту керек. Кейде галлюцинация, депрессия сияқты психикалық бұзылыстар байқалады. Бұл жағдайды көлік жүргізушілеріне және станокт а жұмыс істейтін адамдарда препаратты қолдану кезінде ескеру керек. Препаратты анықтаңыз...
715.Фенилпропион қышқылының туындысы. Қабынуға қарсы, анальгетикалық және қызу түсіретін әсерлері бар. Қабынуға қарсы әсері бойынша бутадионға жақын. Ревматоидты артриттің буындық және буыннан тыс түрлерін емдеуге қолданады. Препаратты анықтаңыз...
716.ЦОГ-2 таңдамалы тежегіші. Қабынуға қарсы және анальгетикалық әсерлері бар. Қабынуға қарсы әсерінің механизмі гемостазға әсер етпей бос оттектік радикалдардың түзілуін тежеумен байланысты. Остеоартритте, буыннан тыс ревматикалық ауруларда, ауырсыну мен қабыну процесстерінде қолданылады. Препараттың аз мөлшерінде де асқазан-ішек жолдарына айқын теріс әсер етеді. Препаратты анықтаңыз...
717.Бұл топтың препараттары ревматизмді, ревматоидты артритті, коллагеноздарды, тыныс демікпесін, нейродерматиттерді, экземаны емдеуге қолданылады, себебі олардың қабынуға, аллергияға және шокқа қарсы әсерлері бар. Оларды ұзақ қолданғанда гормондар биосинтезін тежеу арқылы бүйрек үсті безі қызметінің тежелуін ескеру керек. Препаратты анықтаңыз...
718.Ревматизмде қолданылатын ұзақ иммуносупрессивті әсері бар препарат. Клетканың өліміне әкелетін, қабыну ошағын биоэнергетикалық қамтамасыз ететін, АТФ синтезін азайту арқылы қабыну процессіне әсер етеді. Препараттың аритмияға қарсы әсері бар, сондай-ақ безгекке қарсы дәрі ретінде әйгілі. Қарсы көрсеткіштеріне көздің торлы қабығының аурулары, бауыр паренхимасының зақымдануы, цитопения жатады. Препаратты анықтаңыз...
719.Фенилсірке қышқылының туындысы. Айқын қабынуға қарсы, анальгетикалық және қызу түсіретін әсерлері бар, тромбоциттердің агрегациясын тежейді. Препарат ревматоидты артритте, остеоартрозда тиімді. Басқа стероидты емес қабынуға қарсы дәрілермен салыстырғанда науқас жақсы көтереді. Дәрінің көп мөлшерін қабылдағанда бас ауруы, мұрыннан қан кету, микрогематурия, аллергиялық бөртпелер байқалады. Препаратты анықтаңыз...
720.Оксикамдар тобынан стероидты емес қабынуға қарсы дәрі. Бензотиазин туындысына жатады, фйқын қабынуға қарсы, анальгетикалық және қызу түсіретін әсерлері бар. Ұзақ әсер етеді. Жедел ауыр жағдайларда көп мөлшерде тағайындайды. Анальгетикалық әсері ішкеннен соң 30 минуттан кейін, ал қабынуға қарсы әсері емдеу басталғаннан бірінші апта соңында басталады. Буын ауруларында, жұмсақ тіндер мен тірек-қимыл аппаратының жарақаттық қабынуларында қолданылады. Препаратты анықтаңыз...
721.Энолий қышқылының туындысы, ЦОГ-2 таңдамалы тежегіші (ЦОГ-2 тежеуі басқа препараттармен салыстырғанда өте жоғары). Қабынуға қарсы және анальгетикалық әсер көрсетеді. Ревматоидты артритте, остеоартритте, артрозда, буындардың дегенеративті ауруларындағы ауырсыну синдромында симптоматикалық дәрі ретінде қолданылады. Асқазан-ішек жолдарының жоғары бөлімдерінің ауруларында, сондай-ақ антикоагулянттармен емдеу барысында мұқият қолдану қажет. Препаратты анықтаңыз...
722.Айқын құрттарға қарсы және иммнитетті күшейтетін әсерлері бар, клеткалық иммунитетті (макрофагтарды, Т-лимфоциттер-супрессорларды, аз дәрежеде Т-хелперлерді белсендіреді) күшейтеді, антидене өімін өзгертпейді, фагоциттердің (миграция, хемотаксис) белсенділігін жоғарылатады. Иммунитет жетіспеушілік жағдайларында (мысалы, гаммаглобулинемия), созылмалы инфекциялық ауруларда, қайталаатын инфекцияларда қолданылады. Препаратты анықтаңыз...
723.Іш жүргізетін әсері бар антацидті дәріні белгілеңіз...
724.Ащы заттардың әсер ету механизмін көрсетіңіз...
725.Асқазанның кілегей қабатының зақымдаушы факторларға төзімділігін арттыратын дәріні белгілеңіз...
726.Сульфенамидтің белсенді метаболиті болып саналатын дәрі алды секрецияға қарсы дәріні белгілеңіз...
727.Жедел және созылмалы диареяда қолданылатын фенилпиперидиннің туындысын таңдаңыз...
728.Майда еритін заттармен уланғанда іш жүргізетін дәрі ретінде қандай препарат қолданылады...
729.Өттің түзілуін күшейтетін өсімдік текті дәріні белгілеңіз...
730.Препаратты анықтаңыз: М-холинорецепторларды тежейді асқорыту бездерінің сөлінісін төмендетеді түйілулерде қолданылады глаукомада қолдануға болмайды...