5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған



бет1/6
Дата25.02.2016
өлшемі474.5 Kb.
#20166
  1   2   3   4   5   6


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейдегі CМЖ құжат

УМКД

УМКД 042-18-15.1.2/03-2013

«Қазақ журналистикасының тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

2013 жылғы

№1 басылым



5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған

«Қазақ журналистикасының тарихы» пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ

2013
Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Тәжірибелік сабақтар

4 Студенттердің өздік жұмысы

5 Пайдаланатын әдебиеттер тізімі

1 ГЛОССАРИЙ

1. АББРЕВИАТУРА – сөздерді шартты түрде қысқарту немесе оны бастапқы әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚШ – Америка Құрама Штаттары.

2. АБЗАЦ – жаңа жолдан әрі кейін шегеріліп басталатын текс бөлігі. Ол бірнеше жолды қамтып, сөйлемдер мағынасын біріктіріп тұрады.

3. АБСТРАКЦИЯ – зат пен құбылыс туралы нақты ойламай, ауытқушылық, дерексіз ұғымға ұрыну.

4. АВТОБИОГРАФИЯ – қандай да бір тұлғаның өмірбаяндық өз туындысы.

5. АВТОР – түрлі салаларда шығарма жасаушы тұлға. Әдебиеттегі, өнердегі, ғылымдағы, т.б. твочестволық еңбек иесі.

6. АГИТАЦИЯ – ауызша немесе баспасөз арқылы қалың көпшілікке идеялар мен лозунгілер таратып, саяси тұрғыдан үгіттеп, әсер ету қызметі.

7. АКСИОМА – дәлелдеуді қажет етпейтін, онысыз да белгілі ақиқат.

8. АКТУАЛЬНЫЙ – бүгінгі күні уақыты пісіп жетілген, тез шешімді қажет ететін, маңызды да, өзнкті мәселе.

9. АЛЬМАНАХ - әр түрлі авторлардың әдеби шығармалар жинағы. Кезең – кезең сайын шығып тұруы мүмкін.

10. АНАЛИЗ – тиісті оъектіні жан – жақты талдап көрсететін, ғылыми – логикалық тұрғыдан ой – топшылаулар жасайтын зерттеу әдісі.

11. АНОНИМ - өз есімін жасырушы шығарма авторы.

12. АРГУМЕНТ – бір нәрсені дәлелдеуге негіз болатын логикалық тұжырым.

13. БРИФИНГ – белгілі бір мәселелер жөнінде үкімет ұстаған бағытты арнаулы өкілдің бұқаралық ақпарат құралдары журналистері алдына шағын мәжіліс өткізіп, баяндап беруі. Мысалы, халықаралық келіссөздерде болған мәмілені мәлімдеу, түсіндірме жасау.

14. БРОШЮРА – шағын көлемдегі шығарма берілген, жұмсақ мұқабамен шығатын жұқа кітап.

15. ВЕРСИЯ – факті немесе оқиға туралы бір-бірінен айырмашылығы бар әрқилы түсіндірмелер, ұғымдар.

16. ВЕРСТКА – терілген материлдар гранкілері арқылы типографияда газет, журнал беттерін дайындау.

17. ВУЛЬГАРИЗМ - әдеби тілде қолданылмайтын дөрекі сөздер.

18. ГОНОРАР – бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдары үшін авторға берілетін қаламақы.

19. ГРАНКА - әлі верстка жасалмаған баспаханалық терімнің бір бөлігі. Әдетте жүз жолдай көлемнен аспайды.

20. ДЕЗИНФОРМАЦИЯ – жалған хабар арқылы жаңылыстыру.

21. ДЕНЬ ПЕЧАТИ – дәстүрлі баспасөз күні. Жыл сайын 28 маусым күні аталып өтеді. “Түркістан уалаяты” газетінің 1870 жылы алғашқы нөмірі шыққан күнге орай белгіленген. Аталмыш мерекелік күні творчестволық арнайы сыйлықтар тапсырылады.

22. ЖАНР - әдеби немесе публицистикалық шығарма түрлері.

23. ЖУРНАЛИСТ – бұқаралық ақпарат қүралдарында тұрақты жұмыс істейтін, арнаулы кәсіби мамандығы бар қызметкер. Оның жұмысы идеологиялық, қоғамдық саланы қамтып, творчестволық тұрғыда еңбек етеді. Отанға, халыққа қызмет етіп, публицистика саласында шығармалар береді. Ішкі-сыртқы мәселелерге белсене араласып, қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысады.

24. ЗАМЕТКА – бір оқиғаның, фактінің негізінде жазылатын қысқаша хабар.

25. ИДЕОЛОГИЯ – қоғамдық санадағы идеялар жүйесі, ілім. Саясат, мораль, ғылым, өнер, дін жөніндегі ұғымдар мен көзқарастар жиынтығы. Ол қоғам дамуына белсене әсер етеді. Идеология прогресшіл немесе реакцияшыл болуы да мүмкін.

26. ИЛЛЮСТРАЦИЯ–кітап, газет, журналдар тексіне орай берілетін суреттер.

27. ИНТЕЛЛЕКТ – ақыл, адамның ойлау қабілеттілігі.

28. ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ – ой еңбегінің адамдары. Мәдениет пен ғылымның әр түрлі салаларынан арнаулы білімі бар адамдар.

29. ИНТЕРВЬЮ – сұрақ-жауап түрінде белгілі бір тұлғаның оқиға мен факті жөнінде журналистке айтқан әңгімесі, сұхбаты. Оның зәру мәселе бойынша пікірлері мен көзқарасын, берген мәліметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін журналистің жазып алуы.

30.ИНТЕРПРЕТАЦИЯ – бір нәрсенің мәнін ашу, ұғындыру,. Қайсыбір текстке түсіндірме жасау. ҚазТАГ – Қазақстан мемлекеттік телегреф агенттігі. Республиканың бұқаралық ақпарат құралдарын информациямен қамтамасыз етеді. Ішкі-сыртқы хабарларды жинап таратады.

31. КАЛЛИГРАФИЯ – анық, әдемі жазу өнері.

32. КОНЦЕПЦИЯ - өмір құбылысына көзқарас білдіріп, тұжырым жасау. Жазушының, ғалымның, журналистің т.б. негізгі түйінді ойлары.

33. КОРРЕКТОР – баспасөз материалдарын баспаханада теру кезінде кеткен қателерді гранкіден, не версткалау кезінде беттерден жөндеп, түзететін қызметкер. Ол саяси, орфографиялық, стильдік тұрғыдан сауатты болуы тиіс. Типографиялық техникадан хабары болуы керек.

34.КОРРЕКТУРА – баспаханалық терімнен кейін оттискіде байқалған қателерді жөндеу.

35. КОРРЕСПОНДЕНТ – бұқаралық ақпарат құралдарының жер-жерден хабар жинап беріп тұратын тілші қызметкері.

36. КОПИЯ – түпнұсқаның тура көшірмесі.

37. КУРСИВ–формалық тұрғыдан қолжазба әріптерге ұқсайтын типографиялық қаріп.

38. ЛЕТУЧКА – редакция ұжымының жедел әрі қысқаша өткізетін өндірістік жиналысы.

39. МАКЕТ – арнаулы бланкіге сызықтар арқылы түсірілген газет беттерінің дәл жасалынған жоспары.Сонын үлгісінде шығатын газет беттері дайындалып ,безендіріледі.

40. ОФСЕТ – типографияда жасалынған цинк қаңылтырдағы газет бетінін бейнесі сол күйінде резина пленкасына түсіріледі де, одан соң қағазға басылатын тәсіл.

41. ОЧЕРК – көркем жанрға жатады, публицистикалық сарында жазылады. Негізінен фактіге құрылады,ойдан шығарылмайды. Оқиға,фактілер зерттеліп,баяндалады. Оныңкейіпкерлері өмірде бар адамдар, нақты деректер баяндалады.Көбіне кейіпкерлер бейнесі суреттеліп беріледі.

42. ПАМФЛЕТ – заманға кереғар, қоғамдық- саяси өмірдегі кейбір келеңсіз құбылысты, сондай-ақ әлдебір жеке қайраткерлер туралы әшкерлеу, келемеж мақсатындағы актуальды да, көркем публицистикалық шығарма.

43. ПАРАДОКС - әдеттегі қалыптасқан жағдайдан бөлек, күтпеген тосын пікір, құбылыс.

44. ПЕТИТ – ұсақ типографиялық шрифтің түрі.

45. ПОЛЕМИКА – баспасөзде, жиналыста бір нәрсеніталқылау кезінде болатын айтыстар.

46. ПОЛИГРАФИЯ – баспа өнімдерінің барлық түрін шығаратын өндіріс саласы.

47. ПРЕССА – мерзімді басылымдар, газеттер мен журналдар т.б.

48. ПРИНЦИП – негізгі идеалға сай ауытқымай іс-әрекет көрсету тәртәбі.

49. ПРОБЛЕМА – теориялық және практикалық мақсаттағы шешімін күткен өзектіде, аса қажетті мәселе.

50. ПРОГРЕСС – алға жылжу, қоғамда неғұрлым жақсы жағдайға жету, дамудың жоғары сатысына өту.

51. ПРОПАГАНДА – ілімді, саяси теорияны, көзқарасты, идеяны баспасөзде және ауызша түрде тарату мен түсіндіру, насихаттау.

52. ПУБЛИКАЦИЯ – баспасөзде жалпыға арналып жарияланған хабар, жазылған материал.

53. ПУБЛИЦИСТ – қоғамдық-саяси мәселелер туралы қалам тартып жүрген журналист, қаламгер.

54. ПУБЛИЦИСТИКА – мерзімді басылымдарда саясат пен қоғамдық өмір мәселелерінің жазылып,жариялануы. Журналистика саласының материалдары.

55. ПСЕВДОНИМ – жазушы. журналистердің

баспасөзде шын аты-жөнінің орнына ойдан шығарылған бүркеншік есімді пайдалануы.

56. РЕДАКТОР – мерзімді басылымның жетекшісі, редакция коллективінің басшысы. Газет,журналдардың саяси бағытына, идеясы мен мазмұнына, жалпы оқырмандар үшін тартымды шығуына жауап беретін тұлға. Сонымен бірге тиісті мәселелерді шешіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуші.

57. РЕКЛАМА – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлдебір нәрсені кеңінен білгізу мақсатында жарнамалау.

58. РУБРИКА – газет бетіндегі біріктіріліп берілген материалдарға, сондай-ақ жүйелі түрде жарияланып тұратын кезеңдік материалдарға тағылатын ортақ айдар.

59. СТАТЬЯ – мақалада ірі өмір құбылыстары мен фактілері терең анализ жасалып, теориялық және практикалық тұрғыдан жинақталып, қорытылады.

60. ХРОНИКА - әдетте тақырыпсыз берілетін қысқаша хабар түрі.

61. ЦЕНЗУРА – баспасөзде жарияланатын шығармаларға ерекше бақылау жасау.

62. ЭТИКА – адамдардың моральдық адамгершілік қасиеттер жөніндегі нормалар жүйесі. Отанға, қоғамға және өзара қарым – қатынас мәселелерін, міндеттерін айқындайтын болмыс, әдет-ғұрып.


2 ДӘРІСТЕР
1-2 - дәрістер. Ұлттық журналистиканың бастау көзі.

1.1 Талас өзендері бойынан табылған тас бітіктер.

1.2 Ежелгі көшпелі түрүктер ақпаратты неге басқан?

1.3 Қазақ баспасөзі тарихын жалпы ресейлік процестерге қосып қатар

зерттеуге бола ма?

Ұлттық журналистиканың ілкі белгісі ежелгі төрүк руна алфавитімен жазылған Орхон, Енесей, Талас өзендері бойынан табылған тас бітіктерде көрініс тапқан. Мұндай ескерткіштер қатарына ғылыми ортада белгілі болған Білге қаған (683-734), Күлтегін (684-731), Тоныкөк, Күлі Чор т.б. жәдігерлердің сюжеттер мен оқиғалар желісіне, образдар бейнесі мен жер-су атауларына байланысты суреттеулерден публицистік белгілердің нысанын, ақпарат таратудың көшпенділерге ғана тән ерекшеліктерін аңғаруға болады. Ежелгі көшпелі төрүктер ақпаратты тасқа басу арқылы сол дәуір шежіресін айнаға түскендей болашақ ұрпақтың мәңгі есінде қалдыруды көздеген. Міне, бұл тастан түйін түйген ата-баба қолының табы қалған әрбір кесек-кесек кітаптың эволюциялық өсу қозғалыс-қимылын жан-жақты ғылыми зерделеп, сараласақ, өркениетке қосқан сүбелі жаңалығы бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдарының іргесі берік қаланғанын көреміз.

Ұлттық баспасөз тарихы сөз болғанда ежелгі төрүк тасбітіктеріндегі

рухани мұрамызға соқпай өту мүлде мүмкін емес.Бұл адамзат қоғамы әлі қағазды бағзы төрүктердің бұқаралық ақпарат таратудың әдіс – тәсілдерін және идеясын меңгерген ежелгі өркениетінен мағлұмат береді.Тас кітаптардың пішіні мен түрлері, сюжеттік оқиға желісі мен жанрлық белгілері, көркемдік – идеялық мәні мен жүйелеу үшін палеографиялық, фонетикалық ерекшеліктерінен түсінік беру. Сондай – ақ кеңестік дәуірде «Пантүркист», «Панисламист», «Халық жауы» деп, есімін атауға тиым салған Ысмағұлбек Ғәспірәлінің «Тәржіман» газетінің қазақ халқы үшін де заманында қоғамдық - әлеуметтік, мәдени – рухани маңызы орасан зор болған.

Еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты соңғы он жылда қазақ журналистикасының өткен тарихының «ақтаңдақ» тұстары қайта қаралып, кезінде ұлтшыл, байшыл, алашордашыл деген нақақ жаламен жабылып қалған «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа», «Ұран», «Бірлік туы», «Жас азамат», «Абай», «Еркін қазақ», «Қазақ мұңы» сияқты газет – журналдар мен онда қызмет істеген әр жылдары жарияланымдары жарық көрген А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ә.Бөкейхан, М.Шоқай, М.Жолдыбайұлы, Н.Төреқұлұлы, К.Кемеңгерұлы сынды қазақ халқының біртуар зиялыларының қыруар мұра – мирасын таныстыру.

Келесі бір ойланар мәселе – қазақ баспасөзі тарихын жалпы ресейлік процестерге тели зерттеуге байланысты болмақ.Біздіңше мұның да оңды-солды жағы бар. Өйткені Қазақстанды патшалы Ресей отар етті деңіз мейлі, еркімізбен қосылдық деңіз, әйтеуір қалай да екі ел, екі ұлт арасында қарым-қатынас, байланыс болмай қалған жоқ.


Бақылау сұрақтары:

1. Ежелгі төрүк тас бітіктері қандай белгілерімен ерекшеленеді?

2. Ежелгі дәуірде негізгі жазу қандай болды?

3. Ежелгі дәуірдегі жазудың қалыптасу тарихы.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының тарихы. - А., 1996.

2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А., 1994.

3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.

4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.

5. «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,

Сақов Қ. – А., 1998.


3-4 -дәрістер. ХІХ ғ.екінші жартысы мен ХХғ. басындағы қазақ мерзімді баспасөзі.

2.1 “Торғай газеті”.

2.2 Онда қызмет еткен қазақ зиялы қауым.

2.3 Басылымның жабылу себебі?

1869 жылы 2 қаңтарда Орынбор және Сібір ведомоствосына қарайтын территория қайта құрылып, Торғай облысы делініп атала бастады, құрамына 4 уезд, 28 болыс қарайтын облыс сол кездегі Қазақстанның біраз жерін алып жатты. Ал, 1879 жылы орталығы Орынбор қаласында облыстық басқарманың баспасөз орталығы құрылып, оның ресми органы шыға бастады.1895 жылдан бастап бұған қосымша “Тургайская газета” деген атпен ресми емес бөлімі шығарылып, ол 15 жылдай өмір сүрді. “Торғай газетінде” Ш.Уалихановтың, Ы.Алиынсариннің өмірі, қызметімен таныстыратын материалдар жарияланды.

“Торғай газеті” көпшілікке пайдалы материалдарды қазақ әрпімен және араб әріптерімен қазақ тілінде жиі-жиі жариялап отырды. Әсіресе, сол кездегі жұртқа, эпидемияға байланысты материалдар, қоғамдық құбылыстарды сынайтын фельетондар, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап басып отырды.

Орыс алфавитін икемдеп, таза қазақ тілінде материалдар жариялау баспасөз тарихында осы “Тургайская газетадан” басталды. Орынборда шығатын баспасөз органдарына жетекшілік еткен Торғай облыстық басқармасының газет столының төрағасы Ә.Балғынбаев болды.(1902-1906жылдар).

Ә.Балғынбаев туралы деректі толық болмаса да Қазақ Кеңес Энциклопедиясынан алуға болады. Онда оның журналистік қызметіне қатысты бір-ақ сөйлем жазылған: “Торғай облыстық ведомостволары” газетінің редакторы (1902) Ә.Балғынбаев тек әкімшілік жұмыспен ғана айналыспай өзі де жиі-жиі мақалалар жазып тұрды. Қазақ тіліндегі материалдарды орыс газеттеріне аударып беріп отырды. Революциялық қозғалыс жылдарында “Торғай газеті” прогресшіл бағыт ұстады. Революция қарсаңында бұл газеттің бетінде қазақ еңбекшілерінің екі жақты езгіге – “өз” байларының және патша самодержавиесінің езгісіне түсіп отырғанын сипаттайтын материалдар жарияланды.

Ә.Балғынбаевтың публицистік қызметі “Тургайская газетаның” 1895 жылғы 45 – санында “Қарабұтақтағы қыздардың орыс-қазақ училищесінің ашылуы” мақаласынан басталды. “Тургайская газетаның” 1904 жылғы 48 санынан бастап Ә.Балғынбаевтың әлденеше номерге жарияланған “Қырғыз (қазақ) тұрмысының очерктері” қосалқы тақырыпшасымен “бесіктен молаға дейін” фельетоны көшпелі қазақ халқының денсаулық сақтау ісінің кемшіліктерін өлтіре сынаумен бірге, олардың тұрмысы мен әдет-ғұрпының тозығы жеткен көлеңкелі жағын әшкерлейді.

Ә.Балғынбаев сол кездегі Орынборда шығып тұрған басылымдарда ғылыми мақалаларын және халық ертегілері, аңыз т.б. үлгілерін орыс тіліне аударып жариялап отырды.

Бұл басылымда Ә.Балғынбаевпен қатар Ж.Сейдалиннің де біраз мақалалары жарық көрген.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында (1860-1900) Қазақстанда патриархалдық – фнодалдық қатынастардың ыдырап, капиталистік қатынастардың дамуы баспасөздің дамуына айтарлықтай ықпал жасады. Екіншіден, қазақ мерзімді баспасөзінің пайда болуы орыстың революцияшыл – демократтық бағыттағы журналистикасының қосқан үлесі де баршылық.

Ал, қазақ публицистикасының ірге тасын қалаушылары, яғни көшбасшылары дегенде, ең алдымен Ш.Уәлихановтың публицистикалық еңбектерін, екіншіден, Ы.Алтынсариннің «Қазақ газеті» деп аталған газет үлгісі және кезінде «Оренбургский листок» газетінде жарияланған мақала, корреспонденция, очерктері мен этнографиялық мақалалары, үшіншіден, А.Құнанбаевтің еңбек, білім, тәлім- тәрбие тақырыбына арналған өлеңдеріндегі публицистикалық элементтер мен қара сөздері еске түседі.
Бақылау сұрақтары:

1. “Тургайская газета” қашан, қайда шықты?

2. Ә.Балғынбаевтың алғашқы публицистік мақаласы қалай аталады?

3. “Торғай газеті” қандай бағыт ұстанған?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының тарихы. - А., 1996.

2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А., 1994.

3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.

4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.

5. «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,

Сақов Қ. – А., 1998.
5-6 - дәрістер. Қазақ мерзімді баспасөзінің пайда болуы мен қазақ тіліндегі алғашқы газеттер. Қазақ көшбасшылары.

3.1 “Түркістан уалаятының газеті”.

3.2 “Дала уалаятының газеті”.

3.3 Қазақ баспасөзінің тұңғыштары.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет