ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар



Дата25.02.2016
өлшемі280.13 Kb.
#20075
түріЖұмыс бағдарламасы
Рабочая программа Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/06

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Журналистика кафедрасы


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ


Қазақ журналистикасының тарихы

050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар

1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

Бүл пәннің шәкірттерді журналистік мамандыққа баулуда, әсіресе баспасөз тарихының қалыптасуы мен дамуы, жанрлық жіктелу сипаты мен стильдік белгісінің айқындалуы, сыртқы пішіні мен ішкі мазмұны, тақырып алуандығы мен сюжет байлығы, тілдік және терминологиялық ерекшелігі сондай-ақ, баспасөздің пәрменділігінің бірте-бірте күшеюі, билік басындағы.

Ұлттық баспасөз тарихы туралы сөз болғанда ежелгі төрүк бітіктастарындағы рухани мүрамызға соқпай өту өсте мүмкін емес. Бұл адамзат қоғамы әлі қағазды ойлап тауып, тәжірибеде қажетіне жаратып, тұтынбаған дәуірге дейінгі ежелгі төрүктердің бұқаралық ақпарат таратудың әдіс-тәсілдері мен идеясын меңгерген бағзы өркениетінен мағлұмат береді. Тас кітаптардың пішіні мен түрлері, сюжеттік рқиға желсі мен жанрлық белгілері, көркемдік-идеялық мәні мен ақпараттық маңызы, жас мөлшерін анықтау мен жүйелеу үшін палеографиялық, фонетикалық, ерекшеліктеріңнен түсінік беру.

- студенттерге бұған дейінгі қалыптасқан ұлттық баспасөз тарихын ХІХ ғасырдың бастайтын оқу-әдістемелік жүйелеуге түзету жасап, қоғамдық ақыл-ойдың дамуы және ақпарат таратудың төлтума тегі мен пішіне біздің жыл санауымыздан бұрынғы 5-6 ғасырдан басталатынын, оның өзіне тән айырықша белгілері мен ерекшеліктері бары туралы жан-жақты мағлұмат ұсыну.

- қазақ мерзімді баспасөзінің бағыт-бағдарына, мән-мазмұнына көркемдік-идеялық деңгейіне қоғамдық ойдың ойдың айнасы, уақыт барометрі, жаңалық жаршысы ретіндегі сол дәуірдің саяси-әлеуметтік ахуалығын қалыптасуына сәйкес баға беру.

- қазақ баспасөзі тарихындағы «ақтаңдақ» тұстарға ерекше назар аудару.

- студенттерге қазақ журналистикасы тарихының проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарын жазуға ықпал ету. Ең алдымен оның ұлттық тарихымыздың дамуы кезеңдерін зерттеудегі деректік маңызын ескертіп оқу керек. Себебі, ұлттық журналистиканың өткен дәуірлердегі жинақтаған мол тәжірибесін шығармашылық ізденістері мен шеберлік жетістіктерін болашақ кәсіби маман, бүгінгі шәкірт бойына тұтас дарыта білу – «Қазақ журналистикасы тарихының» ең басты міндеті болып саналады.

«Қазақ журналистикасының тарихы» пәні университеттердің журналистика факультеттері бөлімдерінде оқытылады. Бұл пән патшалық Ресей мен кеңес билігі тұсындағы және тәуелсіздік алған дәурдегі қазақстанның мерзімді баспасөзінің даму сатылары туралы хабардар етеді.

2 Пререквизиттер:

1 Қазақ әдебиеті

2 Қазақстан тарихы

3 Журналистикаға кіріспе





3. Пәннің мазмұны

3.1. Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырыптар атауы

Сағат саны

күндізгі

Сағат саны сырттай

Дәріс-тер

Практик

СӨЖ

Дәріс-тер

Практик

СӨЖ




Негізгі бөлім

1

Ұлттық журналистиканың бастау көзі

1

1,5

3

1

0,5

5




ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ мерзімді баспасөзі

2

«Тәржіман газеті»

1

1,5

3

1

0,5

5

3

Қазақ мерзімді баспасөзінің пайда болуы және қазақ тіліндегі алғашқы газеттер. Қазақ публицистикасының көш басшылары.

1

1,5

4

1

0,5

6

4

Түркістан уалаятының газеті. Дала уалаятының газеті

1

1,5

4

1

0,5

6

5

«Фикир» («Пікір») газеті (1905-1907ж). 1905-1907 жылдардағы қазақ баспасөзі

1

1,5

4

1

0,5

5

6

1910-1914 жылдардағы қазақ баспасөзі. «Айқап» журналы және оның идеялық бағыты

1

1,5

4

1

0,5

5

7

ХХ ғасырдың басындағы қазақ тіліндегі кітаптар

1

-

4

1

-

5

8

«Қазақ» газеті. Қолжазба «Садақ» журналы

1

-

4

1

-

5

9

Қазақтың жалпыұлттық бағыттағы демократиялық басылымдары (1917-1918ж). «Сарыарқа» газеті

1

-

4

1

-

5

10

«Жас азамат» газеті. «Алаш» газеті

1

-

4

1

-

5

11

«Ұран» газеті. «Абай» қоғамдық-саяси және әдеби журнал

2

-

4

1

-

5

ХХ ғасырдағы қазақ журнаистикасы

12

Қазақстандағы алғашқы кеңес басылымдары. Қазақстан аумағының әр тарабында баспасөздің қалыптасуы

2

-

4

1

-

5

13

Қазақ ССР-і құрылуы кезеңдегі өлкелік мерзімді баспасөз (1919-1920жж.)

2

-

4

1

-

5

14

1921-1925 жж. Аралығындағы баспасөз

1

-

4

0,5

-

5

15

Қазақстанда «Кіші Октябрь» орнату немесе ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру мен индустрияландыру жылдарындағы қазақ мерзімді баспасөзі

2

-

4

0,5

-

5

16

Қазақстандағы «Кіші октябрь» жылдарынан кейінгі қалпына келтіру кезеңіндегі мерзімді баспасөз

2

-

4

0,5

-

5

17

Қазақстандағы жаппай репрессия жылдарындағы және екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы мерзімді баспасөз (1937-1941)

2

1,5

4

0,5

-

5

18

Отан соғысы кезіндегі қазақ мерзімді баспасөзі

1

1,5

4

-

-

5

19

Халық шаруашылығын қалпына келтіру, ұлтшылдық сарынға қарсы күрес және тың игеру жылдарындағы баспасөз (1946-1960жж.)

2

1,5

4

-

-

5

20

Бұрынғы кеңес мемлекетінде (коммунаистік құрылысты өрістету) немесе тоқырау жылдарындағы баспасөз (1960-1980 жж.)

2

1,5

4

-

-

5

21

Қайта құрудан өтпелі кезеңге дейінгі аралықтағы қазақ баспасөзі (1985-1991 жж.)

-

-

4

-

-

5

22

Қазақстандағы түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың басылымдары (1985-1996 жж.)

-

-

4

-

-

5

23

Егемен елдің ерікті баспасөзі (1991-1996жж.)

-

-

4

-

-

5

Барлығы

30

15

90

15

3

117


3.2. Теориялық курстың мазмұны
1 тақырып Ұлттық журналистиканың бастау көзі

Ұлттық журналистиканыңілкі белгісі ежелгі түрік руына алфавитімен бәдізделген Орхон, Енисей, Талас өзендері бойынан табылған тас бітіктерден көрініс тапқан. Қазақ журналистикасының көшбасылары. Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың публицистикалық шығармаларының маңыздылығы. Қазақ публицистикасының алғашқы үлгілері қатарына Ш.Уәлихановтың хат, мақала, ғылыми мақалалары мен жолсапар очерктері, екіншіден, Ы.Алтынсариннің «Қазақ газеті» деп аталған газеті мен кезінде «Оренбургский листок» газетінде жарияланған мақала, корреспонденция, очерктері және этнографиялық мақалалары, үшіншіден, А.Құнанбайұлының еңбек, білім, тәлім-тәрбие тақырыбына арналған өлеңдеріндегі публицистикалық элементтер мен қара сөздері жатады.



2 тақырып «Тәржіман газеті»

«Тәржіман газеті» 1883 жылғы көкек айының 10 күнінен бастап 1918 жылдың ортасына дейін Қырымның Бақшасарай қаласында шығып тұрды. Бұл мерзімді баспасөз – Ресей патшалығына қараған түрік тілдес ұлт пен ұлыстардың арасында тұңғыш жарық көрген ізашар газет болуымен құнды. Қазақтың мерзімді баспасөзінің пайда болуы. «Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті», «Торғай газеті» және т.б. басылымдардың өзіндік ерекшеліктері. ХІХ ғасырдың екінші жартысында (1860-1900) Қазақстанда патриархалдық-феодалдық қатынастардың ыдырап, капиталистік қатынастардың ене бастауы – қоғамдық ойдың дамуына айтарлықтай ықпал етті. Екіншіден, қазақ мерзімді баспасөзінің пайда болуына орыстың жаңашылдық-демократиялық бағыттағы журналистикасының қосқан үлесі зор. Сондай-ақ, Ресей империясының шет аймақтағы қазақ елін толық отарлауды жүзеге асыру үшін әскери-әкімшілік басқару жүйесіне жұмсалатын қыруар қаржы мемлекет қазынасына оңай соқпады, осыған орай, қазақ елінің сана-зердесін сөзбен игеруді мақсат етіп, ана тіліндегі идеологиялық құрал «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» газеттерін шығаруға мүдделі болды. Алайда, бұл газеттердің қарсы әсері қалың бұқараның қоғамдық-саяси, мәдени-рухани санасының тез өсуіне ағартушылық қызмет етті. Қазақ зиялылары бұл мерзімді баспасөз құралдарын өз мүддесі тұрғысынан шығармашылық шеберлікпен ұтымды пайдаланып, ұлттық сананың оянуына, азаттық жолындағы күрес майданына әлеуметті белсенді әрекет етуге ұмтылдырды.



3 тақырып Қазақ мерзімді баспасөзінің пайда болуы және қазақ тіліндегі алғашқы газеттер. Қазақ публицистикасының көш басшылары.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында (1860-1900) Қазақстанда патриархалдық – феодалдық қатынастардың ыдырап, капиталистік қатынастардың ене бастауы – қоғамдық ойдың дамуына айтарлықтай ықпал етті. Қазақ жеріндегі революциялық толқулар мен өзгерістер кезеңіндегі баспасөз. Алғашқы үндеу хаттар, листовкалар. «Қырғыз», «Серке», «Орал», «Дала» газеттері, «Торғай» газеті («Тургайская газета») 1896-1910 жылдар. Онда жарияланған материалдар. «Қырғыз» («Қазақ») газеті (1907 жыл). Оны шығарушылар және авторлар құрамы. «Серке» (1907 жыл) газеті. «Улфат» газетінің қосымшасы ретінде жарық көрген (Орал( (1907 жыл) газеті. Саяси бағыты. Ондағы қазақ еңбекшілері атынан жарияланған «Ашық хат».



4 тақырып Түркістан уалаятының газеті. Дала уалаятының газеті

«Түркістан уалаяты газетінің » (1870-1882 жж) жалпы бағыты. Ресми және бейресми бөлімдеріндегі материалдар. «Дала уалаятының газетінің» (1888-1902) жалпы бағыты. Ресми және бейресми бөлімдеріндегі материалдар. Қазақ тіліндегі алғашқы биресми газет-журналдар. «Қазақстан» газеті, «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті, өолжазба «Садақ» журналы.

«Қазақстан» газеті (1911-1913 жылдар). Газеттің бағыт-бағдары. Редакция алқасы мен авторлық құрамы. Ондағы Е.Бұйрин, Ғ.Қарашев, Б.Қаратаев, С.Меңдешовтың қызметтері.

«Айқап» журналының (1911-1915 жылдар) тарихи маңызы. Журнал редакторы Мұхамеджан Сералин, жауапты хатшысы С.Торайғыров және Ә.Ғалымов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов сынды авторларының көтерген мәселелерінің тарихи маңызы.

«Қазақ» газетінің жарыққа шығуына тікелей ықпал еткен қоғамдық-саяси, әлеуметтік-шаруашылық, мәдени-рухани алғышарттар. А.Байтұрсынов, М.Дулатовтардың редакторлық, журналистік қызметтері. Газет авторларының белсенділігі. Газет көтерген сан-салалы мәселелер.

Қолжазба «Садақ» журналындағы Б.Майлин мен Ж.Тілепбергеновтың редакторлық, публицистік қызметтері. «Садақтың» шығарушылары. «Садақтың» идеялық-саяси мазмұны мен бағыты. «Садақ» журналы төңірегіндегі қабырға газеттерінің шығарылуы.



5 тақырып «Фикир» («Пікір») газеті (1905-1907ж). 1905-1907 жылдардағы қазақ баспасөзі

«Фикир» («Пікір») газеті 1905 жылы 27 қарашада Орал қаласында жарық көрді. Мерзімді баспасөздің редакторы әрі шығарушысы татар халқының аяулы перзенті Кәміл Муттығұлұлы Тухватуллин болды. «Торғай» газеті («Тургайская газеті») 1896-1910 жылдар. Онда жарияланған материалдар. Қазақтың жалпыұлттық демократиялық басылымдары. «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Жас азамат», «Алаш» газеттері мен «Абай» журналы.

«Сарыарқа» газеті (1917-1919 жылдар) – қазақтың ұлттық, қоғамдық-саяси ойлау жүйесіне тың серпіліс, жаңа леп әкелген басылым. «Сарыарқа» газеті – қазақ баспасөз тарихында бағзыдан жетіп, үзіліп қалған мемлекеттік, елдік билік үрдістерді жаңа дәуірге сәйкес үйлестіріп, сабақтастырған, ұлттық автономия құруды кең насихаттаған, сол арқылы дербес саяси субъектіге айналуға үлес қосқан және Алашорда өкіметінің органы болды. Газет редакторлығын әр кезде Х.Ғаббасов, Р.Мәрсеков, И.Әлімбековтар атқарды. Газет тілшілері Ж.Аймауытов, М.Тұрғанбаев, Б.Сәрсенов, М.Әуезов, Ә.Ермековтардың көтерген мәселелері, жазған тақырыптары өткір әрі әралуан болды.

«Бірлік туы» газетінің ұстанған идеялық нысанасы. Ондағы М.Шоқаевтың рөлі. С.Қожановтың қызметі. Газеттің тоқтауына себеп болған ішкі-сыртқы, қоғамдық-саяси ахуал.

«Жас азамат» газеті – қазақ жастар баспасөзінің қарлығашы. Қ.Кемеңгеровтың редакторлық, публицистік қызметі. Газет бетінде жарияланған материалдар.

«Алаш» газетінің (1916-1917 жылдар) саяси-идеялық бағыты, редакция алқасы. «Алаш» газетін шығарушылар және басылымның өмір сүруін қамтамасыз еткен қаржылық көзі. Газетке жазып тұрған Ж.Аймауытов, Б.Майлин, Қ.Жұбанов, Ж.Тілепбергенов, Н. Құлжанова, Б.Кулеев, Т.Жомартбаев жарияланымдарының тарихи мәні мен маңызы.

«Абай» қоғамдық-саяси және әдеби журналының редакция алқасы. Авторлар құрамы. Онда жарияланған материалдар.

6 тақырып 1910-1914 жылдардағы қазақ баспасөзі. «Айқап» журналы және оның идеялық бағыты

«Қазақстан газеті» (1911-1913жж). Газеттің бағыт-бағдары. Редакция алқасы мен авторлық құрамы. Қазақтың ой ойлаған оқығандарын топтастырып, ұлттың мұң-зарын ортаға салып, қоғамдық пікірдің дамуына желкен болған тұңғыш «Айқап» журналының (1911-1915) тарихи маңызы. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы қазақ баспасөзі. «Тіршілік», «Қазақ мұңы», «Жетісу ісші халық мұхтірі», «Дұрыстың жолы», «Ұшқын» және т.б. басылымдар.

«Тіршілік» газеті (1917-1918 жылдар). Саяси бағыты. С.Сейфулиннің мақалалары. Газет көтерген проблемалар мен мәселелер. «Тіршілік» газетінің авторлары.

«Қазақ мұңы» газеті (1918 жыл, сәуір-шілде). Газеттің идеялық бағыт-бағдары. Н.Төреқұловтың редакторлық қызметі.

Қазақстанның Жетісу өңіріндегі қазақ және басқа да ұлттар тіліндегі баспасөз. Жетісу облыстық ұлт істері бөлімінің органы – «Жетісу еңбекші халқының хабаршысы» (1918 жыл, маусым-желтоқсан), «Мұхтір» (1918 ж) газеттері. «Хабаршы» газетінің жалғасы – Жетісу облыстық атқару комитетінің органы «Көмек» (1919 ж., қаңтар - мамыр), «Ұшқын» (1920 ж., қаңтар - желтоқсан).

«Дұрыстың жолы» газетінің идеялық бағыты. Халықтар арасындағы достық мәселесінің жазылуы.



7 тақырып ХХ ғасырдың басындағы қазақ тіліндегі кітаптар

Қазан, Уфа, Орынбор, Санкт-Петербург, Мәскеу, ташкент қалаларында қазақ тіліндегі кітаптардың басылуы. Қоғамдық-саяси әдеби кітаптардың көбеуі. Өнеркәсіпті индустрияландыру және ауылшаруашылығын ұйымдастыру жылдарындағы баспасөз. Өлкелік, губерниялық, жастар мен әйелдерге арналған басылымдар мен «Жұмысшы» және «Ауыл тілі» газеттері.

Қазақ мерзімді баспасөзінің одан әрі жүйеленуі. Губерниялық, округтік жаңа гагеттердің шығарылуы. Баспасөздің төменгі буыны. Аудандық, саяси бөлімдік, колхоз-совхоздық газеттер газеттер жүйесінің дамуы. Жастар мен балалар баспасөзінің қалыптасуы. Республикалық газеттердің аттарының өзгерілуі.

«Жұмысшы» газеті (1928-1930 жж.). шығарушылары, тұрақты бөлімдері, жазушылары. «Жұмысшы» газетінің қазақ кедей шаруалары және қазақ кедейлері қатарынан қазақ жұмысшылары тобын тәрбиелеп өсірудегі рөлі. «Жұмысшы» газеті және қазақ жұмысшылары арасынан төменгі буында техникалық кадрлар дайындап өсіру проблемасының жазылуы. «Жұмысшы» газетіне белсене атсалысқан публицистер.

«Ауыл тілі» (1926-1929 жж.) газеті. Шығарушылары. Тұрақты бөлімдері. «Ауыл тілі» газетінің тәрбие мектебінде өскен публицистер.

8 тақырып «Қазақ» газеті. Қолжазба «Садақ» журналы

«Қазақ» газетінің жарыққа шығуына тікелей ықпал еткен қоғамдық-саяси, әлеуметтік – шаруашылық, мәдени-рухани алғышарттар. Б. Майлин мен Ж. Тілепбергенұлының редакторлық публицистік қызметтері. Алғашқы бесжылдықтар мен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы баспасөз. Аудандық, облыстық, республикалық басылымдар мен қазақ тіліндегі майдандық газеттер.

1933 – 1937 жылдардағы қазақ жеріндегі мерзімді баспасөздің даму жолдары. Қазақстанда республикалық салалық газет-журналдардың одан әрі қалыптасуы. Қазақстанда теміржол, құрылыс, тау-кен, баспа ісі жайындағы мерзімді баспасөздің ұлғаюы.

Отан соғысының басталуына байланысты мерзімді баспасөз алдына қойған талаптар. Қазақстанда мерзімді баспасөз жүйелерінің ықшамдалып қайта құрылуы. Қазақ журналистерінің майданға аттануы. Соғыс майдандарында, құрамаларында, армияларында қазақ әскери бөлімдерінің құрылуы және ұлт тілінде майдандық газеттердің шығарылуы. Қазақстанда Отан соғысы жылдарында шығарылған облыстық, аудандық газеттер. Майдандық баспасөз. «Отан үшін», «Отанды қорғау», «Майдан правдасы», «Отан үшін ұрысқа» және т.б. газеттер. Қазақ ақын, жазушыларының жауынгерлік тақырыпқа жазған көркем публицистикалық шығармалары.



9 тақырып Қазақтың жалпыұлттық бағыттағы демократиялық басылымдары (1917-1918ж). «Сарыарқа» газеті

«Сарыарқа» (1917-1919) газетінің жарық көруіне қоғамдық-саяси қажеттіліктің алғышарттары.

Халық шығармашылығын қалпына келтіру жылдарындағы баспасөз. 1946 – 1960 жылдар аралығындағы қазақ мерзімді баспасөзінің даму жолдары. Жалпы жағдайы. Соғыс кезінде уақытша тоқтаған республикалық, облыстық баспасөздердің қайта шығарылуы. Аудандық газеттер жүйесінің дамытылуы. Тілшілер қозғалысының жаңа кезеңдері. 1949 – 1960 жылдары әдебиетке, ғылым мен творчестволық қызметке араласқан қазақ интеллигенциясының арасында «ұлтшыл» деп нақақтан кінә тағылып, жазалануы, оның баспасөз беттерінен көрініс табуы.

10 тақырып «Жас азамат» газеті. «Алаш» газеті

«Жас азамат» газеті – қазақ жастар баспасөзінің қарлығашы. «Алаш» газетінің (1916-1917) саяси-идеялық бағыты, редакция алқасы. Тың көтеру жылдарындағы баспасөз. Қазақстанды астықты өлкеге айналдыру жылдарындағы баспасөз, өлкелік газеттер.

Қазақ мерзімді баспасөзі ауыл шаруашылығының, өндірістік-техникалық базасын нығайтуын, кадрлар проблемасын шешу мәселесін жазуы. Бұл мәселе төңірегінде көтерілген басты проблемалар. Тың игеруге қазіргі көзқарас. «Правда», «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде тың көтеруге байланысты 1954 – 1960 жылдары жарияланған материалдар.

11 тақырып «Ұран» газеті. «Абай» қоғамдық-саяси және әдеби журнал

«Ұран» газетінің шығарушылары мн редакторлары. «Абай» журналының редакция алқасы. Коммунистік өрлеу немесе тоқырау жылдарындағы баспасөз. Қоғамдық-саяси, әдеби-педагогикалық, ғылыми-көпшілік және сатиралық басылымдар.

СОКП ХХІ-ХХVІІІ съездері аралығындағы қазақ мерзімді баспасөзінің өсіп-өркендеу және тоқырау процестері. Мерзімді баспасөздің идеялық сапасы. Қазақ мерзімді баспасөзінің жанрлары мен стильдік, тілдік ерекшеліктері. Қазақ баспасөзі тарихындағы жасанды түрде тиым салған тақырыптар мен жеке тұлғалардың қоғамдық ойдың даму сабақтастығына тигізген тежеушілігі.

12 тақырып Қазақстандағы алғашқы кеңес басылымдары. Қазақстан аумағының әр тарабында баспасөздің қалыптасуы

«Тіршілік» газеті (1917-1918жж). «Тіршілік» газетінің саяси бағыты, С.Сейфуллаұлының «Тіршілік» газетіндегі мақалалары. Қазақстанның Жетісу өңіріндегі қазақ және басқа да ұлттар тіліндегі мерзімді баспасөз. Қайта құру жылдарындағы баспасөз. Бұқаралық ақпарат құралдарының қайта құрылуы. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының баспасөз бетінде жазылуы.

Жариялылық, демократияландырудың негізіндегі бұқаралық ақпарат құралдары жұмысының қайта құрылуы. Баспасөзде «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуы. Әлеуметтік-экономикалық және ұлтаралық қатынастар проблемаларының көтерілуі. 1986 жылғы Алматыда болған желтоқсан оқиғасының орталық және жергілікті басылымдарда жазылуы.

13 тақырып Қазақ ССР-і құрылуы кезеңдегі өлкелік мерзімді баспасөз (1919-1920жж.)

1919 жылғы 10 шілдедегі «Қазақ өлкесін басқару жөніндегі төңкеріс комитеті туралы» декретке байланысты өлкелік газеттер ісінің жүзеге асырылуы. Түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың баспасөзі. Саяси партиялар мен қозғалыстардың баспа органдарының мақсат-мүдделері.

1985 жылғы СОКП-ның сәуір Пленумынан соң Қазақстанда да түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардыцң пайда болуы. Осыған орай олардың баспасөз органдарының құрылуы. Осы басылымдардың мақсат-мүдделері мен басты бағыттары.

14 тақырып 1921-1925 жж. Аралығындағы баспасөз

Қазақстанда 1921-1925 жылдары мерзімді баспасөздің жүйеленуі. Қазақстандағы жекеменшік басылымдар. Жекеменшік басылымдарының пайда болуы, қалыптасуы мен даму жолдары.

Қазақстандағы тәуелсіз және жекеменшік басылымдар. Олардың мақсат-мүдделері мен жалпы бағыттары. Қоғамнан алатын орны.

15 тақырып Қазақстанда «Кіші Октябрь» орнату немесе ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру мен индустрияландыру жылдарындағы қазақ мерзімді баспасөзі

Қазақ мерзімді баспасөзінің одан әрі жүйеленуі. Губерниялық, округтік жаңа газеттердің шығарылуы. Қазақстандағы орыс тілді басылымдар. Тәуелсіздік жылдарындағы баспасөз.

Республикамыздың тәуелсіздік алуына байланысты баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдарының қайта құрылуы. Тәуелсіз және жекеменшік газет-журналдардың пайда болуы. Орыс тілді басылымдардың кейбір проблемалары.

16 тақырып Қазақстандағы «Кіші октябрь» жылдарынан кейінгі қалпына келтіру кезеңіндегі мерзімді баспасөз

1933-1937 жылдардағы қазақ жеріндегі мерзімді баспасөздің даму жолдары. Қазақстанда республикалық салалық газет-журналдардың одан әрі қалыптасуы.



17 тақырып Қазақстандағы жаппай репрессия жылдарындағы және екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы мерзімді баспасөз (1937-1941)

1937 жылдың «Жекелеген ауыртпалықтары», алпыс мыңнан астам қазақ зиялыларының Сталиндік репрессияның құрбандығына ұшырап, 1937-1938 жылдар аралығындағы А. Байтұрсынұлы, М. Жұмабайұлы, Е. Омарұлы, С. Аспандиярұлы, К. Ғаббасұлы, Ж. Аймауытұлы, С. Сәдуәқасұлы, Ә. Ермекұлы, Т. Шонанұлы, Т. Жүргенұлы, О. Жандосұлы, С. Сейфуллаұлы, Б. Майлыұлы, І. Жансүгірұлы, Қ. Жұбанұлы сынды озат ойлы мемлекет және қоғам, әдебиет пен ғылым қайраткерлерінің республикалық қазақша-орысша газет-журналдарда идеологиялық қысыммен нақақтан-нақақ «Ұлтшыл-фашист» деп айыпталуы.



18 тақырып Отан соғысы кезіндегі қазақ мерзімді баспасөзі

Отан соғысының басталуына байланысты мерзімді баспасөз алдына қойған талаптар.



19 тақырып Халық шаруашылығын қалпына келтіру, ұлтшылдық сарынға қарсы күрес және тың игеру жылдарындағы баспасөз (1946-1960 жж.)

1946-1960 жылдар арасындағы қазақ мерзімді баспасөзінің даму жолдары.



20 тақырып Бұрынғы кеңес мемлекетінде (коммунаистік құрылысты өрістету) немесе тоқырау жылдарындағы баспасөз (1960-1980 жж.)

СОКП ХХІ-ХҮІІІ съездері аралығында қазақ мерзімді баспасөзінің өсіп-өркендеуі және тоқырау процестері.





    1. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны



1 тақырып Ұлттық журналистиканың бастау көзі

1.1 Ежелгі түрік руникалық алфавиті мен бәдізделген ескерткіштердегі ұлттық ақпараттың тегі мен түрлері

1.2 Ежелгі түрік тасбітіктеріндегі ақпарат таратудың ерекшелігі

1.3 Бағзы түріктердің ақпарат тарату мен сақтаудағы қолданған материалдары және оны өңдеудің технологиясын меңгеруі


2 тақырып «Тәржіман газеті»

2.1 «Тәржіман» газетінің түрік халықтары үшін тарихи маңызы

2.2 Ысмағұлбек Ғәспрәлінің ағартушылық, ұстаздық қызметінің мәні

2.3 Ысмағұлбек Ғәспрәлінің түрік тілдес ұлт пен ұлыстың қоғамдық ойын қозғауға сіңірген күрескерлік еңбегі


3 тақырып Қазақ мерзімді баспасөзінің пайда болуы және қазақ тіліндегі алғашқы газеттер. Қазақ публицистикасының көш басшылары.

3.1 ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы көрнекті қазақ публицистері

3.2 Ш. Уәлихановтың публицистикалық еңбектері «Сот реформасы туралы», «Қырғыздардың ата-тегі», «Қырғыздардағы шамандықтың қалдықтары», «Қазақ даласындағы мұсылмандық туралы», мақалалары мен «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» очерктерін талдау
4 тақырып Түркістан уалаятының газеті. Дала уалаятының газеті

4.1 Қазақ тіліндегі алғашқы газеттер

4.2 «Түркістан уалаятының газеті» қазақ баспасөзінің қарлығашы

4.3 «Дала уалаятының газеті». Газеттің баста бағыты.


5 тақырып «Фикир» («Пікір») газеті (1905-1907ж). 1905-1907 жылдардағы қазақ баспасөзі

5.1 «Фикир» газеті һәм Камиль Мұттығұлұлы Тухфатуллин

5.2 «Қазақ газеті» және оның буржуазиялық-демократиялық бағыты

5.3 «Серке» газеті. Газетті шығарушылар


6 тақырып 1910-1914 жылдардағы қазақ баспасөзі. «Айқап» журналы және оның идеялық бағыты

6.1 «Қазақстан газеті». Газеттің шығарушылары мен авторлары

6.2 «Айқап» журналы. Шығарушылары, авторлар құрамы

6.3 «Қазақ» газетінің жаңашылдығы


7 тақырып Қазақстандағы жаппай репрессия жылдарындағы және екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы мерзімді баспасөз (1937-1941)

7.1 «Алаш» газетінің атына затының қаншалықты сайлығы. Газетке ат таңдаудағы редактор Көлбай Төгісовтың көзқарасы мен азаматтың идеялық ұстанымы

7.2 «Бірлік туы» газетінің идеялық нысанасы. Мұстафа Шоқайұлы мен Солтанбек Қожанұлыныңұлттық идеологиялық күрестегі орны

7.3 «Ұран» газетінің ұлт ұраны болуға ұмтылысы


8 тақырып Отан соғысы кезіндегі қазақ мерзімді баспасөзі

8.1 Қазақстанда Отан соғысы тұсында шығып тұрған республикалық, облыстық, аудандық мерзімді баспасөз

8.2 Баспасөз бетіндегі майдан мен тыл тақырыбы

8.3 Майдандық газеттер


9 тақырып Халық шаруашылығын қалпына келтіру, ұлтшылдық сарынға қарсы күрес және тың игеру жылдарындағы баспасөз (1946-1960жж.)

9.1 «Ұлтшылдық сарынға қарсы күрес» және «Тың игеру жылдарындағы» қазақ баспасөзі

9.2 1949-1960 жылдар аралығында әдебиетке, ғылыми және шығармашылық қызметке араласқан, қазақ интеллигенциясының арасында «ұлтшыл» деп кінә тағып, жазаланған зиялылар және олардың шығармашылық еңбектері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында бұрмаланып берілген материалдар
10 тақырып Бұрынғы кеңес мемлекетінде (коммунаистік құрылысты өрістету) немесе тоқырау жылдарындағы баспасөз (1960-1980 жж.)

10.1 1950-1960 жылдар аралығындағы Қазақстандан жаңадан шыққан педагогикалық, сатиралық және мәдени, әдеби басылымдар



10.2 «Қазақстан мұғалімі» газетінің тарихы



3.4 Студентің өздік жұмысының мазмұны


СӨЖ МАЗМҰНЫ МЕН ОРЫНДАУ КЕСТЕСІ



СӨЖ түрі

Есеп түрі

Бақылау түрі

Сағат көлемі

күндізгі

Сағат көлемі сырттай

1

Дәріс сабақтарына дайындалу




Сабаққа қатысу

15 (30*0,5)

30 (15*2)

2

Тәжірибелік сабаққа дайындалу

Жұмыс дәптері

Ауызша, жазбаша сұрау

15 (1*15)

6 (3*2)

3

Аудиторлық сабақтардың мазмұнына енбеген материалдар зерттеу

Конспект


Коллоквиумауызша


15

20

4

Берілген тақырып бойынша материалдар дайындау

Конспект

Ауызша сұрау

10

15

5

Тақырып бойынша қосымша ақпарат жинау

Үй жұмысы

Бақылау шараларына жіберілуі

15

11

6

БАҚ материалдарымен жұмыс жасау

сабақтардағы тапсырмалар

Ауызша

10

15

7

Бақылау шараларына дайындық




рк 1, тест

5

20

8

Бақылау шараларына дайындық




рк 2, тест

5




Барлығы:

90

117

Өздік жұмысқа ұсынылатын тақырыптар

1 тақырып Қайта құрудан өтпелі кезеңге дейінгі аралықтағы қазақ баспасөзі (1985-1991 жж.)

Ұсынылатын әдебиет: (26) 56-83 б.



2 тақырып Қазақстандағы түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың басылымдары (1985-1996 жж.)

Ұсынылатын әдебиет: (22) 33-66 б.



3 тақырып Кеңес үкіметі дәуіріндегі қазақ мерзімді баспасөздінің қалыптасу, даму тарихы

Ұсынылатын әдебиет: (34) 92-222 б.



Выписка из рабочнго Форма

учебного плана Ф СО ПГУ 7.18.1/11

специальности


Мамандықтың оқу жұмыс жоспарларынан көшірме

0505204 «Журналистика»

Қазақ журналисткасының тарихы


Оқу түрі

Бақылау түрі

Сағат саны

Курс пен семестр бойынша сағат санын бөлу

Емт

Сы-

нақ


БЖ

барлығы

Дәр.

Тәж.

СӨЖ

Дәр

студ

СОБЖ

бар

ауд

СӨЖ

1 семестр

2 семестр

ЖОБ негізінде күндізгі

1







135

45

90

30

15

90

-

-

-

Оқу түрі

Бақылау түрі

Сағат саны

Курс пен семестр бойынша сағат санын бөлу

Емт

Сы-

нақ


БЖ

барлығы

Дәр.

Тәж.

СӨЖ

Дәр

студ

СОБЖ

бар

ауд

СӨЖ

1 семестр

2 семестр

ЖОБ

негізінде сырттай



1







135

18

117

15

3

117

-

-

-



Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:


  1. Б. Кенжебаев. Қазақ баспасөзінің тарихынан мәліметтер. А., 1956 ж.

  2. Б. Кенжебаев, Т. Қожакеев, Қазақ баспасөзі тарихынан. А. 1962 ж.

  3. Қ. Бекхожин. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. А. 1964 ж.

  4. Қ. Бекхожин. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. А. 1981 ж.

  5. Ү. Сұбханбердина. Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар. А., 1963 ж.

  6. Ү. Сұбханбердина. «Айқап» бетіндегі мақалалар мен хат –хабарлар. А., 1961ж.

  7. Қ. Бекхожин. С. Қозыбаев, С. Матвиенко. Очерки истории журналистики Казахстана. А., 1988 ж.

  8. Ү. Сұбханбердина. «Қазақ, Сарыарқа, Алаш». А., 1993 ж.

  9. Ү. Сұбханбердина. Дала уалаятының газеті. А., 1988, 1991, 1994, 1996.

    1. 5 кітап.

  10. Ү. Сұбханбердина. Түркістан уалаятының газеті. А. 2004ж.

  11. Ү. Сұбханбердина. Айқап. А., 1995 ж.

  12. Ү. Сұбханбердина. Қазақ. А., 1998ж.

  13. Т. Қожакеев . Жыл құстары. А., 1991ж.

  14. Т. Қожакеев. Сатира негіздері.А., 1996ж.

  15. Н.Омашев. Қазақ радиожурналистикасы.

  16. Қ. Алдабергенов, Ж. Нұсқабайұлы. Алты алаштың ардақтылары. А., 1994ж.

  17. Қ. Алдабергенов, Ж. Нұсқабайұлы, Ф. Оразай. Қазақ журналистикасының тарихы. А., 1996

  18. Ө. Әбдіманов. «Қазақ» газеті. А., 1998ж.

  19. Ш.Елеукенова. Кітаптану негіздері. А., 1997ж.

  20. Қ. Тұрсынов. Көгілдір экран құпиясы. А. 1998ж.

  21. Қ. Алдабергенов. С. Қозыбаев. А. Рамазанова. Әлем баспасөзі тарихынан. А., 1998ж.

  22. Қ. Алдабергенов. Қазақ журналистикасы тарихы пәнінің бағдарламасы. А., 1996, 1999жж.


Қосымша:


  1. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде. А., 1993ж.

  2. Н.Ә. Назарбаев Тарих тағылымдары және қазіргі заман. А., 1997ж.

  3. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан 2030. А., 1998ж.

  4. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А., 1995ж.

  5. Қазақстан Республикасының Баспасөз туралы заңы. А., 1991ж.

  6. М. Әуезов. Әдеби мұра және оны зерттеу.

  7. С. Мұқанов. Халық мұрасы. А., 1964ж.

  8. М.Н. Фетисов. Зарождение казахской публицистики. А., 1961ж.

  9. Т. Қожакеев. Көк сеңгірлер. А.,1992ж.

  10. Т. Қожакеев. Жас тілшілер серігі А., 1993ж.

  11. Т. Қожакеев. Сара сөздің сардарлары. А., 1995ж.

  12. Қ. Алдабергенов, Ж. Нұсқабайұлы. Көне басылындар. Құнды деректер. Аяулы есімдер

  13. Қ. Алдабергенов, М.Асылбеков XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басылдағы патшалы Ресейдің Қазақстандағы отарлау саясатының зардаптары. Павлоадр, 2005 ж.

  14. С.Бәйменшин. Төртінші билік тағылымы. А., 1996 ж.

  15. М. Қойгелдиев. Алаш қозғалысы. А. 1995 ж.

  16. К. Нұрпейісов. Алаш пәм Алашорда. А., 1995 ж.

  17. Л. Ахметова. Қарлығаш қаламдастар. А., 1993 ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет