5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған



бет1/5
Дата24.04.2016
өлшемі386.5 Kb.
#79878
  1   2   3   4   5


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейдегі CМЖ құжат

УМКД

УМКД 042-18-15.1.36/03-2013




«Интернет журналистика» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

2013 жылғы

№1 басылым




5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған

«Интернет журналистика» пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


СЕМЕЙ

2013
МАЗМҰНЫ

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық сабақтар

4 Студенттердің өздік жұмысы

1 ГЛОССАРИЙ

1 АББРЕВИАТУРА – сөздерді шартты түрде қысқарту немесе оны бастапқы әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚШ – Америка Құрама Штаттары.

2 АБЗАЦ – жаңа жолдан әрі кейін шегеріліп басталатын текс бөлігі. Ол бірнеше жолды қамтып, сөйлемдер мағынасын біріктіріп тұрады.

3 АБСТРАКЦИЯ – зат пен құбылыс туралы нақты ойламай, ауытқушылық, дерексіз ұғымға ұрыну.

4 АВТОБИОГРАФИЯ – қандай да бір тұлғаның өмірбаяндық өз туындысы.

5 АВТОР – түрлі салаларда шығарма жасаушы тұлға. Әдебиеттегі, өнердегі, ғылымдағы, т.б. твочестволық еңбек иесі.

6 АГИТАЦИЯ – ауызша немесе баспасөз арқылы қалың көпшілікке идеялар мен лозунгілер таратып, саяси тұрғыдан үгіттеп, әсер ету қызметі.

7 АКСИОМА – дәлелдеуді қажет етпейтін, онысыз да белгілі ақиқат.

8 АКТУАЛЬНЫЙ – бүгінгі күні уақыты пісіп жетілген, тез шешімді қажет ететін, маңызды да, өзнкті мәселе.

9 АЛЬМАНАХ - әр түрлі авторлардың әдеби шығармалар жинағы. Кезең – кезең сайын шығып тұруы мүмкін.

10 АНАЛИЗ – тиісті оъектіні жан – жақты талдап көрсететін, ғылыми – логикалық тұрғыдан ой – топшылаулар жасайтын зерттеу әдісі.

11 АНОНИМ - өз есімін жасырушы шығарма авторы.

12. АРГУМЕНТ – бір нәрсені дәлелдеуге негіз болатын логикалық тұжырым.

13 БРИФИНГ – белгілі бір мәселелер жөнінде үкімет ұстаған бағытты арнаулы өкілдің бұқаралық ақпарат құралдары журналистері алдына шағын мәжіліс өткізіп, баяндап беруі. Мысалы, халықаралық келіссөздерде болған мәмілені мәлімдеу, түсіндірме жасау.

14 БРОШЮРА – шағын көлемдегі шығарма берілген, жұмсақ мұқабамен шығатын жұқа кітап.

15 ВЕРСИЯ – факті немесе оқиға туралы бір-бірінен айырмашылығы бар әрқилы түсіндірмелер, ұғымдар.

16 ВЕРСТКА – терілген материлдар гранкілері арқылы типографияда газет, журнал беттерін дайындау.

17 ВУЛЬГАРИЗМ - әдеби тілде қолданылмайтын дөрекі сөздер.

18 ГОНОРАР – бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдары үшін авторға берілетін қаламақы.

19 ГРАНКА - әлі верстка жасалмаған баспаханалық терімнің бір бөлігі. Әдетте жүз жолдай көлемнен аспайды.

20 ДЕЗИНФОРМАЦИЯ – жалған хабар арқылы жаңылыстыру.

21 ДЕНЬ ПЕЧАТИ – дәстүрлі баспасөз күні. Жыл сайын 28 маусым күні аталып өтеді. “Түркістан уалаяты” газетінің 1870 жылы алғашқы нөмірі шыққан күнге орай белгіленген. Аталмыш мерекелік күні творчестволық арнайы сыйлықтар тапсырылады.

22 ЖАНР - әдеби немесе публицистикалық шығарма түрлері.

23 ЖУРНАЛИСТ – бұқаралық ақпарат қүралдарында тұрақты жұмыс істейтін, арнаулы кәсіби мамандығы бар қызметкер. Оның жұмысы идеологиялық, қоғамдық саланы қамтып, творчестволық тұрғыда еңбек етеді. Отанға, халыққа қызмет етіп, публицистика саласында шығармалар береді. Ішкі-сыртқы мәселелерге белсене араласып, қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысады.

24 ЗАМЕТКА – бір оқиғаның, фактінің негізінде жазылатын қысқаша хабар.

25 ИДЕОЛОГИЯ – қоғамдық санадағы идеялар жүйесі, ілім. Саясат, мораль, ғылым, өнер, дін жөніндегі ұғымдар мен көзқарастар жиынтығы. Ол қоғам дамуына белсене әсер етеді. Идеология прогресшіл немесе реакцияшыл болуы да мүмкін.

26 ИЛЛЮСТРАЦИЯ–кітап, газет, журналдар тексіне орай берілетін суреттер.

27 ИНТЕЛЛЕКТ – ақыл, адамның ойлау қабілеттілігі.

28 ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ – ой еңбегінің адамдары. Мәдениет пен ғылымның әр түрлі салаларынан арнаулы білімі бар адамдар.

29 ИНТЕРВЬЮ – сұрақ-жауап түрінде белгілі бір тұлғаның оқиға мен факті жөнінде журналистке айтқан әңгімесі, сұхбаты. Оның зәру мәселе бойынша пікірлері мен көзқарасын, берген мәліметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін журналистің жазып алуы.

30 ИНТЕРПРЕТАЦИЯ – бір нәрсенің мәнін ашу, ұғындыру,. Қайсыбір текстке түсіндірме жасау. ҚазТАГ – Қазақстан мемлекеттік телегреф агенттігі. Республиканың бұқаралық ақпарат құралдарын информациямен қамтамасыз етеді. Ішкі-сыртқы хабарларды жинап таратады.

31 КАЛЛИГРАФИЯ – анық, әдемі жазу өнері.

32 КОНЦЕПЦИЯ - өмір құбылысына көзқарас білдіріп, тұжырым жасау. Жазушының, ғалымның, журналистің т.б. негізгі түйінді ойлары.

33 КОРРЕКТОР – баспасөз материалдарын баспаханада теру кезінде кеткен қателерді гранкіден, не версткалау кезінде беттерден жөндеп, түзететін қызметкер. Ол саяси, орфографиялық, стильдік тұрғыдан сауатты болуы тиіс. Типографиялық техникадан хабары болуы керек.

34 КОРРЕКТУРА – баспаханалық терімнен кейін оттискіде байқалған қателерді жөндеу.

35 КОРРЕСПОНДЕНТ – бұқаралық ақпарат құралдарының жер-жерден хабар жинап беріп тұратын тілші қызметкері.

36 КОПИЯ – түпнұсқаның тура көшірмесі.

37 КУРСИВ–формалық тұрғыдан қолжазба әріптерге ұқсайтын типографиялық қаріп.

38 ЛЕТУЧКА – редакция ұжымының жедел әрі қысқаша өткізетін өндірістік жиналысы.

39 МАКЕТ – арнаулы бланкіге сызықтар арқылы түсірілген газет беттерінің дәл жасалынған жоспары.Сонын үлгісінде шығатын газет беттері дайындалып ,безендіріледі.

40 ОФСЕТ – типографияда жасалынған цинк қаңылтырдағы газет бетінін бейнесі сол күйінде резина пленкасына түсіріледі де, одан соң қағазға басылатын тәсіл.

41 ОЧЕРК – көркем жанрға жатады, публицистикалық сарында жазылады. Негізінен фактіге құрылады,ойдан шығарылмайды. Оқиға,фактілер зерттеліп,баяндалады. Оныңкейіпкерлері өмірде бар адамдар, нақты деректер баяндалады.Көбіне кейіпкерлер бейнесі суреттеліп беріледі.

42 ПАМФЛЕТ – заманға кереғар, қоғамдық- саяси өмірдегі кейбір келеңсіз құбылысты, сондай-ақ әлдебір жеке қайраткерлер туралы әшкерлеу, келемеж мақсатындағы актуальды да, көркем публицистикалық шығарма.

43 ПАРАДОКС - әдеттегі қалыптасқан жағдайдан бөлек, күтпеген тосын пікір, құбылыс.

44 ПЕТИТ – ұсақ типографиялық шрифтің түрі.

45 ПОЛЕМИКА – баспасөзде, жиналыста бір нәрсеніталқылау кезінде болатын айтыстар.

46 ПОЛИГРАФИЯ – баспа өнімдерінің барлық түрін шығаратын өндіріс саласы.

47 ПРЕССА – мерзімді басылымдар, газеттер мен журналдар т.б.

48 ПРИНЦИП – негізгі идеалға сай ауытқымай іс-әрекет көрсету тәртәбі.

49 ПРОБЛЕМА – теориялық және практикалық мақсаттағы шешімін күткен өзектіде, аса қажетті мәселе.

50 ПРОГРЕСС – алға жылжу, қоғамда неғұрлым жақсы жағдайға жету, дамудың жоғары сатысына өту.

51 ПРОПАГАНДА – ілімді, саяси теорияны, көзқарасты, идеяны баспасөзде және ауызша түрде тарату мен түсіндіру, насихаттау.

52 ПУБЛИКАЦИЯ – баспасөзде жалпыға арналып жарияланған хабар, жазылған материал.

53 ПУБЛИЦИСТ – қоғамдық-саяси мәселелер туралы қалам тартып жүрген журналист, қаламгер.

54 ПУБЛИЦИСТИКА – мерзімді басылымдарда саясат пен қоғамдық өмір мәселелерінің жазылып,жариялануы. Журналистика саласының материалдары.

55 ПСЕВДОНИМ – жазушы. журналистердің

баспасөзде шын аты-жөнінің орнына ойдан шығарылған бүркеншік есімді пайдалануы.

56 РЕДАКТОР – мерзімді басылымның жетекшісі, редакция коллективінің басшысы. Газет,журналдардың саяси бағытына, идеясы мен мазмұнына, жалпы оқырмандар үшін тартымды шығуына жауап беретін тұлға. Сонымен бірге тиісті мәселелерді шешіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуші.

57 РЕКЛАМА – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлдебір нәрсені кеңінен білгізу мақсатында жарнамалау.

58 РУБРИКА – газет бетіндегі біріктіріліп берілген материалдарға, сондай-ақ жүйелі түрде жарияланып тұратын кезеңдік материалдарға тағылатын ортақ айдар.

59 СТАТЬЯ – мақалада ірі өмір құбылыстары мен фактілері терең анализ жасалып, теориялық және практикалық тұрғыдан жинақталып, қорытылады.

60 ХРОНИКА - әдетте тақырыпсыз берілетін қысқаша хабар түрі.

61 ЦЕНЗУРА – баспасөзде жарияланатын шығармаларға ерекше бақылау жасау.

62 ЭТИКА – адамдардың моральдық адамгершілік қасиеттер жөніндегі нормалар жүйесі. Отанға, қоғамға және өзара қарым – қатынас мәселелерін, міндеттерін айқындайтын болмыс, әдет-ғұрып.


2 ДӘРІСТЕР
Дәріс 1. Кіріспе. Интернет - әлеуметтік коммуникация түрлерінің кеңістігі. Ақпараттық қоғам және Интернет-журналистика.

Бағдарлама бойынша Интернеттің ерекшеліктері, оны пайдаланудың маңызы мен қажеттігі, қазіргі қоғамдағы саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени рөлі мен мәні ашылуға тиіс. Семестр бойы Интернетке тән ерекшеліктер, даму кезеңдері, құрылымы, веб-сайттардың жанрлары мен пішіндері, веб-парақшаларды әзірлеу әдіс-тәсілдері, желідегі ақпараттың мазмұны мен безендірілуінің ішкі үйлесімділігі оқытылады.

Компьютерлік технологиялардың қарыштап даму нәтижесінде және оның базасында интернеттің пайда болуына қарай журналистиканың өзіне тән жаңа формасы дүниеге келді. Ол – интернет журналистика.

Интернет – журналистика, дәстүрлі журналистика ағымына көп өзгеріс енгізді. Интернеттің қойнауы шексіз, алмағайып көлемдегі ақпараттарымен ерекшеленеді. Қазіргі кезде көптеген елдерде Интернетті қолдануды мемлекеттік реттеу туралы мәселе қарастырылуда. Мемлекет және қоғамның қазіргі даму кезеңінде Интернет саласындағы еліміздің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруде.

Адамзат өркениетінің даму сатысында бірнеше ақпараттық серпілістер болды. Олардың алғашқысы – жазу арқылы ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа жетуі. Екіншісі – баспа ісінің пайда болуы. Үшінші серпіліс – электрдің пайда болу нәтижесінде қалыптасқан телефон, теледидар, радио секілді т.б. ақпарат тарату құралдарының дамуымен ерекшеленеді.

Ал, ХХ ғасырдың соңынан басталатын төртінші серпіліс – компьютерлік технологияның желілік технологиямен бірігуі нәтижесінде қалыптасып, ақпараттық – коммуникациялық технологиясы атанған жаңа ақпараттық серпіліс. Бүгінде осы ақпараттық серпіліс дәуірді таңқаларлық өзгерістерге бастар негізгі күшке айналып келеді.

«Ақпарттық қоғам» туралы ұғымды өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында жапон ғалымдары ұсынған еді. Ақпараттық қоғамның айрықша белгілері:

 қоғам өміріндегі ақпарат пен білімнің ролін өсіру;

 жалпы ішкі өнімде ақпараттық коммуникациялар, өнімдер мен қызметтер бөлігін өсіру;

 мыналарды қамтамасыз ететін ғаламдық ақпараттық кеңістік:

а) адамдардың тиімді ақпараттық өзара іс-қимылы;

б) әлемдік ақпараттық ресурстарға олардың қол жеткізуі;

в) ақпараттық өнімдер мен қызметтерде олардың тұтынушылығын қанағаттандыру болып табылады.

Қазірде бұл озық идея адамзат өркениетінің, ғылым мен білімнің өрлеуіне, мемлекеттің қоғамдық – саяси құрылымын жетілуі мен оның тұрақты дамуына әсер ете отырып көптеген елдердің назарына ілікті. Идеяның негізгі тұғыры – желілік – ақпараттар технологиясы болып табылады. Және бүкіл әлемде ерекше қарқынмен дамып келеді. Себебі қазіргі таңда қоғам тұрмысындағы қажетті барша ресурстарды басқаруды ұйымдастыру мен азаматтардың рухани, мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз етуде құрлықаралық жүйе құрушы құрал болып отыр. Ал, бұл үрдісті әлем әлеуметтанушылары адамзат қоғамы өзінің даму жолында «ақпараттық қоғам» деп аталатын жаңа сатыға қадам басуы деп бағалауда. Бүгінде АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция, Германия, Дания, Финляндия, Оңтүтік Корея, Сингапур, Малайзия, Марокко, Маврикия, Эстония секілді т.б. көптеген елдер ақпараттық қоғамның негізін қалаудың көш басында келеді. Мәселен, АҚШ 1993 жылы ұлттық – ақпараттық инфрақұрылым қалыптастырудың жоспарын қабылдады, 1994 жылы шілдеде Еуропалық одақ комиссиясы «Ақпараттық қоғамға – Еуропалық жол» атты жоспарын бекітті, 1995 жылы Финляндия «Ақпараттық қоғамға – финдік жол» деп аталатын өз бағдарламасын әзірлесе, 1996 жылы ГФР «Ақпараттық қоғамға – германдық жол» атты бағдарламасын қабылдады. Осылайша өткен ғасырдың 90 жылдары шенінде мұндай бағдарламалар барлық дамыған елдер мен дамушы елдерде қабылданды. Бұл бастамаларды мұнан ары кең ауқымда жалғастыру мақсатында «Үлкен сегіздік» елдері 2000 жылы әлемдік ақпараттық қоғам орнатудың «Окинава хартиясын» бекітті.

Бағдарламалардың басты мақсаты интернет арқылы компьютермен халыққа білім беруді күшейту, мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыру, электрондық құжатпен дүниежүзі елдерімен ақпарат алмасуды қалыптастыру. Сондай-ақ, мемлекеттік басқару органдарының құжаттары мен кітапханалардың, оқу орындарының және басқа да санаткерлік орталықтардың түрлі ақпараттық ресурстарына қол жеткізу. Бұл идеялардың жыл өткен сайын маңызы арта түсуде. Соның нәтижесінде әрбір мемлекетте электрондық э – үкімет (e – government) пайда болып жатыр. Біздің елде де бұл бағдарлама жүзеге асырылуда. Ақпараттық қоғамда электронды үкімет пайда болғаннан кейін, әрине басқа салалар да тыс қалмауда. Яғни кәсіпкерлікті дамытып экономиканы арттыруға негізделген э – бизнес (e – business), азаматтардың тұрмыстық тіршіліктеріне қатынасты э – азамат (е – citizen) іспетті т.б. нысандары жан –жақты дамуда.

Ақпараттық қоғам құру аясында ауқымды шаралар қолға алынып жатыр. Мәселен, «Ресей Федерациясының ақпараттық қауіпсіздік доктринасы», «Ақпараттық технологиялардың ақ кітабы» деп аталатын тұжырымдамалық құжаттар, сондай-ақ 2001 жылдың шілде айында Ресей Федерациясының Үкіметі бекіткен 2002-2010 жылдарға арналған «Электронды Ресей» федералдық бағдарламасы қабылдады. Аталған құжаттар Ресейдің әлемдік ақпараттық кеңістікке еркін енуін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді кешенді түрде шешуге бағытталған.

Украина ақпараттандыру мен ақпараттар технологиясы жөнінде арнайы Ұлттық агенттік құрып, күллі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды осы органға тапсырды.

Қазақстанда ақпараттандыру процесі 1990 жылдардан басталған. Бұл уақыт аралығында республикамызда компьютерлік техника саны артып, біршама мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, кәсіпорындар мен ғылым, білім мекемелерінде жұмыс процесі автоматтандырыла бастады. 1996 жылдан бастап елімізде интeрнет жүйесі жұмыс жасап, оны тұтынушылар саны «Actis System Asia» компаниясының деректері бойынша 2000 жылдың күзінде 360 мыңға жеткен. Интернет провайдерлері жалпы республика бойынша 60-тан астамға өсіп, ақпараттық сайттар саны 2500-ден астамға таянған және олардың тақырыптық аясы мемлекеттік басқару органдарының, отандық кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдар мен оқу орындарының ақпараттарымен толығуда.

Қазіргі таңда еліміздегі ақпараттық қоғам құру мәселесі, дамыған елдер технологиясына негізделген біртұтас ақпараттық инфрақұрылым қалыптастырылды. Жоғарыда аталған елдерде қолданылып жатқан тұжырымды құжаттар біздің елде де қабылданды. Мәселен, 1997 жылы «Қазақстан Республикасында біртұтас ақпараттық- кеңістік қалыптастыру туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Тиісті құрылымдарға бағдарламалар әзірлеп, заң жобаларын дайындау тапсырылды. Үкімет Президенттің тапсырмаларын орындау үшін арнайы қаулы қабылдады. 2001 жылы наурызда «Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Елбасының жаңа Жарлығы шықты. Бұл құжатта межеленген міндеттерді шешу мақсатында Үкімет «Қазақстан Республикасының ұлтық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың 2001-2003 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекіту туралы» қаулы қабылдады. 2004 жылдың 8-маусымында электронды үкімет концепциясы қабылданып, сол жылы Президент Жарлығымен «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005 -2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы енгізілді. Ал қазіргі кезде Қазақстанның ақпараттандыру және байланыс жөніндегі мемлекеттік агенттігі (АБА) республикада интернет-технологияларды дамыту тұжырымдамасын үкіметке ұсынуды жоспарлауда.

Бүгінде интернет жүйесі – ақпарат алмасу, әлемдік нарыққа шығу, инвестиция тарту, отандық экономиканың әлеуетін арттыру, кәсіпкерлікті, ғылым мен білімді, мәдениет саласын, азаматтардың белсенділігін арттыруда шешуші рөл атқаруда. Мәселен, қазірде интернет конференциялар өткізу дәстүрге айналып келеді. (бұл әдістер әлем мемлекеттерінде де қолданылуда). Мәселен, «Қазақстан ұлттық телеарнасында» аптасына бір рет интернет конференция өткізіліп отырады. Мұнда ел өмірінде саяси, әлеуметтік, экономикалық маңызы бар мәселелерді талқылап, осы салаға қатысты арнайы мамандар шақырылады. Кез- келген азамат интернет арқылы сұрақ қойып, байланыса алады, айталық сұрақтар тек интернет желісі арқылы ғана қойылады. Веб-сайттардың өзінде де интернет форумдар өтеді. Қарағандыдағы Жайық Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы интерактивті интернет конференциялар өткізуді дәстүрге айналдырған. Себебі мұндай көрсеткіштерге жету қоғамның инфрақұрылымын дамытуға және Қазақстанды индустриалдық қоғамнан ақпараттық-қоғамға даярлауға жәрдемдеседі. Сондықтан бұл бастамалар ақпараттық қоғам мен отандық интернеттің дамуын арттыратын өзекті мәселелер болмақ.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі: 2,3,4,6,8,9

Қосымша: 5,7,8,12
Дәріс 2. Интернет-БАҚ медиажүйенің бір бөлігі
1.Интернет БАҚ-тың жалпы белгілері

2.Интернет БАҚ-тың өзгешеліктері

3.Интернет БАҚ-тың қызметі

Интернет журналистика – журналистиканың ерекше түрі. Сондай – ақ, интернет тәуелсіз журналистиканың дамуына үлкен әсер ететін мықты механизм. Алайда, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-технологияның бір-біріне әсер ететін бағыттары бар.

Біріншіден: көптеген басылымдар өздерінің интернеттегі баламасын жасап жатыр, біреулері интернет-сайт, блог ашуда. Тәжірибе көрсеткендей, жүйедегі БАҚ-тың танымалдылығы жоғары болуда.

Екіншіден: интернет-технологиялардың базасында функцияланатын БАҚ дәстүрлі БАҚ-тан біршама өзгерістерге ұшырауда. Олар арзан, жер шарының кез келген нүктесіне тарайды, ақпарат жедел түрде таратылып, жарияланады. Осы ретте екінші бағыт, бұқаралық ақпарат құралдарындағы плюрализмнің дамуы заңды құбылыс.

Үшіншіден: БАҚ интернетте заңдық нормада бақыланбайды.Сондықтан пішіні және мазмұны бойынша дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға сай келмейтін материалдарды интернетте жариялауға мол мүмкіндік бар. Яғни цензураны орнатуда публицистиканың альтернативті әдістерін көрсетеді.

Төртіншіден: журналистер мен ақпараттық қоғам арасында байланысты одан әрі күшейтеді. Тіпті, олардың арақашықтықтарына да қарамастан байланыстырады. Яғни шетелде тұрып-ақ, отандық сайттарға мақала жазу, ақпарат беруге болады.

Бүгінде интернетсайттар дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының бір бөлігі іспеттес. Алайда, екеуінде де ұқсастықтар бар. Ортақ міндеттері ақпарат тарату. Дегенмен, қоғам дамыған сайын ақпараттық ортаның дамуы да заңды нәрсе. Мысалы, ХХ ғасырда журналистикаға жаңа сипат – интернет журналистика енсе, ХІ ғасырда интернет журналистиканың жаңа қыры – блог жүйесі дамуда. Яғни әлемде ақпарат таратудың жаңа үлгісі қолданылуда. Сондықтан заманауи ағымның ығына сай ақпарат алу, қолдану қазіргі таңдағы тұтынушының да талабы. Интернетті БАҚ деп танитындардың дені журналистер, ғалымдар. Көпшілік қауым интернет сайттар қалайша бұқаралық ақпарат құралы болатынын біле бермейді. Сондықтан интернеттің БАҚ-қа тән белгілеріне өзгешеліктеріне сай жүйелесек:

1. Онлайн – БАҚ (жүйедегі БАҚ мысалы:

www.medialaw.kz www.yousefpiltan.blog.com ақпаратты-сараптамалық электронды басылым)

2. Интернет – газеттер (тек жүйеде www.qazaq.kz, www.turan.kz).

3. Интернет – журналдар (www.tol.org).

4. Жаңалықтар порталы (ленталар) (ақпарат тарататын сайттар www.interfaks.kz, www.kz-today.kz ) .

5. Интернет – дайджестер (ақпаратты қысқа түрде тарататын сайттар).

6. Басылымдардың электронды нұсқалары (басылымның нұсқалары www.zhasalash.kz, www.aikyn.kz).

7. Телеарна және радионың элекронды нұсқадағы сайттары (www.kazakstan.kz, www.khabar.kz) .

8. Ақпарттық және ақпаратты – танымдық порталдар (www.massagan.com, www.solaide.kz, www.infoasia.org).

9. Қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорын-мекемелердің өкілдік сайттары (www.mvd.kz, www.bolashak.kz).

10. Авторлық жобалар және үй беттері (www.solaide.kz ақпаратты-танымдық сайт).

11. Блогтар (күнделіктер) (www.arsenal.wordpress.com, www.bakytnur.com).

Әрине, жаңа жаһандық жүйенің өзіне тән ерекшелігі де болары хақ. Енді, интернеттегі сайттардың ерекшеліктеріне тоқталайық:

- ақпараттың үнемі жаңарып тұруы;

- сайттарды тұтынудың жоғарылығы;

- тұтынушылардың өздері баға беріп отырады, басқа сайттармен салыстыра алады;

- веб-басылымның беделдігі, ақпараттық жобаның танымал болуы;

- кәсіби дизайн (сапалы, заманауи, мазмұнды);

- аудиторияның әр алуандығы;

- өзектілігі және таңдау мүмкіндігі;

- мұрағаттау мүмкіндігі;

- интерактивтілігі;

- мультимедиялығы;

- аудиториямен тығыз байланыс, тұтынушы тікелей байланысқа шыға алады;

- ақпарат алудың жаңа мүмкіндіктері;


Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:1,9,12,17

Қосымша: 5,6,7,12,13
Дәріс 3. Интернет БАҚ-тың социологиясы
1.Әлеуметтік коммуникацияны зерттеудің социологиялық негіздері. Социологиялық зерттеулердің түрі.

2.Ақпарат жинау әдіс-тәсілдері

Аудиторияның құрылымы және оларды қызықтыратын жайлар. Мотивтер. Электронды БАҚ пәрменділігі мен тиімділігі. Аудиторияны типтеу мәселелері. Аудиторияны ғылыми зерттеудің ғылыми негіздері. Ақпаратты қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері.

Интернет журналистика саласына маманданып жүрген журналист үшін білуге қажетті терминдер.

Сайт - (ағылш. website, web - тор және site - орын) бұл интернеттегі HTTP/HTTPS протоколдары арқылы ашылатын бір немесе бірнеше веб беттердің қатынасы. Сайт беттері бір адрес, тақырып және логикалық құрылым мен авторлық арқылы бірігеді. Әлемдегі ең алғашқы сайт 1991 жылы 6 тамызда пайда болды.

Әлеуметтік жүйелер - (ағылш. «social network» - әлеуметтік құрылым) әлеуметтік объект болып саналатын бір-бірімен байланысты топтардан құрылған әлеуметтік қарым-қатынас.

Стартап (ағылш. тілінде Startup) деген терминнің бірнеше мағынасы бар:

1. Startup company - жаңа ашылған немесе жақында құрылған компания;

2. Компьютерлік технологияларда «startup programs» - компьютерді желіге қосқан кезде автоматты түрде істейтін бағдарламаларды айтады.

Web 2.0 - Веб 2.0 концепциясы «O’Reilly Media» басылымның және «MediaLive International» компаниясының бірлескен «миға шабуылында» (brain storm) пайда болған. Көп концепциялар тәрізді Веб 2.0-дің де нақты шекарасы жоқ. Веб 2.0-ді бірнеше ереже және эмпирикалық тәжірибе түрінде елестетуге болады. Олардың бәрі күн жүйесі сияқты біріккен. Веб 2.0 – бұл интернеттегі жаңа эволюцияның кезеңі, жаңа технологиялар мен жаңа мүмкіндіктер. Негізгілер: AJAX-қарапайым тілмен айтататын болсақ, бұл қайтадан жүктеусіз-ақ веб-бет мазмұның өзгерту технологиясы, оффлайн қосымшалары сияқты. Сонымен қатар: «Google» сервистері, «RSS», «Torrent», Ілмектер (tags), «Wiki», Блогтар т.б.

Интерфейс (ағылш. «interface»-бөлімнің үсті) - байланыстың орнын анықтайды;

Скрипт («сценарий») - программаларды автоматтандыруға бағытталған;.

Веб-браузер (ағылш. «web browser»)-іздеу моторына арналған бағдарламалық қамтамасыз ету;

HTML (ағылш. «Hypertext Markup Language») - гипер мәтінді орналастыру тілі; әлемторда құжаттарды орналастыруға арналған стандартты тіл;

FTP (ағылш. «file transfer protocol»)- файлдарды жөнелту протоколы;

Спам (ағылш. «spam»)-көпшілікке келісімсіз бірдей таралатын хабарлама;

RSS - вебсайтқа жіберілген соңғы хаттамаларды реттеу тәсілі. Әсіресе, блогтарға ыңғайлы, себебі блогтың қашан жаңарғанын білдіреді. Сонымен қатар, басқа сайттарға сайт контентін немесе бөлігін жариялауға мүмкіндік беретіндей контентті «синдикациялай» алады. Қазіргі кезде тез таралып келеді, әсіресе медиалық сайттарда жиі қолданылады.

Кері сілтеме (TRACKBACK)-блогта өткен жазбамен (post) байланысты ақпарат пайда болғаны жайлы ескертпе хат алысатын сайттар арасындағы автоматты байланыс тәсілі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:4,5,6,7,8,9,12

Қосымша: 4,5,6,7,12,13



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет