5В070400 – Есептеу техникасы және программалық қамсыздану



бет2/5
Дата14.06.2016
өлшемі388.5 Kb.
#134243
1   2   3   4   5



1

2

3

Базалық пәндер – 44 кредит

1-ші оқу траекториясы: Басқаруды бағдарламалық қамтамассыз ету

1

MKKKSK 0201

Мәліметтер қорларын қолданумен клиент-серверлік қосымшалар

Кредит көлемі - 3 (1+2+0), ECTS бойынша-5 кредит



Пререквизиттер – программалау технологиясы

Постреквизиттер – интернет технологиясы

Қысқаша мазмұны: Басқару жүйелеріндегі дабылдардың негізгі түрлері және олардың сипаттамалары, импульстік жүйелерді жазуға арналған айырмашылық теңдеулердің принциптері, басқару жүйесінің жұмысын жазатын алгабралық, дифференциалды және транценденттік жүйелердің санды шешуінің тәсілдері, көпмүшенің қасиеттерін, тиімділік тапсырмалардың классификациясы және оның шешу тәсілдері.

Білімі: Студенттер технологиялық процесстерді басқару автоматикалық жүйелердіңсинтезі мен анализін жасауды білуі тиіс.

Іскерлігі: Автоматтандыру жүйелерінде дабылдарыдң гармоникалық анализін жасау.

Дағдысы: Автоматтандыру жүйесінің импульсін жазу үшін әртүрлі теңдеулерін қолдану.

Құзыреттілігі: Басқару жүйелерінің сигналдарының негізгі түрлері және сипаттамаларының құзіреттілігі.

Бағдарлама жетекшісі: Бекешова Г.Б.

2

VBT 0202


Визуалды бағдарламалау технологиясы

Кредит көлемі - 3 (1+2+0), ECTS бойынша-5 кредит



Пререквизиттер – Объектілі негізделген бағдарламалау әдістемесі

Постреквизиттер – Автоматтандырылған жүйелерді жобалау

Қысқаша мазмұны: Алгоритмдік программалау тілі – Delphi-мен танысу. Қазіргі кезде барлық алгоритмдік тілдер - объектке бағытталған бағдарламалау әдісін қолдануда. Бұл әдіс алгоритмдік тілдің дамуының жоғарғы эволюциялық сатысы болып есептеледі. Объектке бағытталған бағдарламалау әдісі - басқа бағдарламалау әдістерінің жетістіктерін өз ішіне ала отырып, бағдарламалау процессінде абстракттік құрылымдардан пайдалана алады

Білімі: Object Pascal тілінің негіздерімен танысу;

Object Pascal тілінің ерекшеліктерін меңгеру;

Object Pascal тілінде бағдарламалар құруға дағдылану.

Іскерлігі: стандартты Windows қосымшаларын құру;

«Клиент-Сервер» технологиясының Windows қосымшаларын құру;

үш деңгейлі қосымшалар құру;

WEB қосымшаларын құру.



Дағдысы: Delphi ортасымен танысып, бағдарлама құру кезінде шешілетін тапсырмаларды;

OBJECT PASCAL тіліндегі объектілі – бағытталған бағдарламалау әдістерін;



Құзыреттілігі: Класс, объект, оқиға ұғымдарын;

Терезелік қосымшаларды құруды білулері қажет.



Бағдарлама жетекшісі: магистр Шайханова А.К.

3

KWKZh 0203


Көпдеңгейлі WEB қосымшаларды жетілдіру

Кредит көлемі - 3 (1+2+0), ECTS бойынша-5 кредит



Пререквизиттер – Мәліметтер қорларын қолданумен клиент-серверлік қосымшалар

Постреквизиттер – Интернет технологиялары

Қысқаша мазмұны: HTML тілдері. HTML кіріспесі. Интернет негіздері. Глобальді желінің ұйымдастырылуы. ТСР-ІР хаттамалары. Адрестеу және маршруттау. Интернет серверлері. Клиент-серверлік өзара іс-әрекет.

Білімі: Қосымшалардың өзара қарым-қатынасының интерфейстері.

Іскерлігі: Клиент және сервер жағында орындалатын қосымшалар

Дағдысы: Интернеттің бизнес-қосымшасының түрлері.

Құзыреттілігі: Ақпаратты және Интернет түйіндерін қорғау.

Бағдарлама жетекшісі: магистр Курушбаева Д.Т.

4

IKGN 0204


Инженерлік және компьютерлік графика негіздері

Кредит көлемі - 3 (1+2+0), ECTS бойынша-5 кредит



Пререквизиттері – информатика

Постреквизиттері – дипломдық жоба

Қысқаша мазмұны: Ол өзінің мүмкіндіктері бойынша орта деңгейде САПР жүйесіне жазылуы мүмкін. Бұндай жүйелер, ереже бойынша бірнеше жүздеген компоненттерден тұратын үш өлшемді нысандардың тұрақты параметрлік автоматтандырылған модельдеуінің мүмкіндіктерін көрсетеді және кәсіпорын бөлімінің конструкторлы жоба жұмысының басқа САПР берілгендерімен ауысуын, құджат айналымының автоматтандырылған және конструкторлық құжаттардың шығарылуының ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.

Білімі: AutoCAD жүйесінің мүмкіндіктерін

Іскерлігі: AutoCAD жүйесінің негізгі жұмыс тәсілдерін жетілдіру

Дағдысы: Жүйені негізгі бір пәндік саланың күйіне келтіру.

Құзыреттілігі: Құрылған сызбаларды редактілеу.

Бағдарламаның жетекшiсi: Адылканова А.Ж.

5

BN 0205


Бухесептің негіздері

Кредит көлемі - 2 (1+1+0), ECTS бойынша-3 кредит



Пререквизиттері – жоқ

Постреквизиттері – 1С Кәсіпорын ортасында программалау

Қысқаша мазмұны: Бухгалтерлік есеп негіздері. Бухгалтерлік есепті автоматтандыру тәсілдері. 1С Бухгалтериясы. Бухгалтердің автоматтандырылған жұмыс орны.

Білімі: Бухгалтерлік есеп концепциялары мен принциптері.

Іскерлігі: Бухгалтерлік баланс құрай білу, қаржылық есеп жасай білу.

Дағдысы: Шаруашылық операцияларды бірінші ретті құжаттарын рәсімдей білу.

Құзыреттілігі: Бухгалтерлік есеп стандарттарынан практика жүзінде білімін көрсете білу.

Бағдарламаның жетекшiсi:

6

AZhTN 0206


Ақпаратты жүйелердің теориялық негіздері

Кредит көлемі - 3 (1+2+0), ECTS бойынша-5 кредит



Пререквизиттері - информатика

Постреквизиттері – автоматтандыру жүйесін жобалау

Қысқаша мазмұны: Ақпараттық желілердің міндеттері, функциялары, құрамы, құрылымы, сипаттамалары. Ақпараттық желілердің көпдеңгейлі архитектурасы. Ақпараттық трассалар, супертрассалар, ақпараттық трассалар технологиясының ядросы. Каналдардың түрлері. Өткізгіштік, спутниктік каналдар, радиоканалдар. Ақпаратты кодтау және сығу облысындағы нұсқаулар мен стандарттар, канал жасайтын аппаратура, ақпаратты тасымалдау режимдері. Каналдардың коммутациясы, каналдардың үлкен жылдамдықты коммутациясы, каналдардың жылдам коммутациясы, тасымалдаудың асинхронды режимі, пакеттердің жылдам коммутациясы, кадрлардың трансляциясы, пакеттердің коммутациясы.

Білімі: Физикалық деңгейде мәліметтерді жіберу тәсілдері. Каналдық деңгейде мәліметтерді жіберу тәсілдері.

Іскерлігі: Пакеттік коммутациялық желілердің түйіндері. Монопольді және пакеттік режимдерде пакеттік коммутациялы желілерге қосылуды ұйымдастыру. Радиоканалдардағы желілердің конфигурациясы. Спутниктік каналдарды пайдалану кезіндегі желілердің архитектурасы.

Дағдысы: Интегралды қызмет көрсетудің сандық желілерінің сервистері мен архитектурасы, интегралды қызмет көрсетудің кең жолақты сандық желілерінің хаттамалра моделі. Асинхронды режимде ақпаратты тасымалдаудың желілік интерфейстері.

Құзыреттілігі: Ақпараттық желілердің мәліметтер қорына қол жеткізу. Ақпараттық желілердің даму тенденциялары мен перспектикалары.

Бағдарлама жетекшісі: магистр Шайханова А.К.

7

APZhM 0207


Ақпаратты процесстерді мен жүйелерді модельдеу

Кредит көлемі - 3 (1+2+0), ECTS бойынша-5 кредит



Пререквизиттері – басқарудың түрі және әдістері

Постреквизиттері – дипломдық жоба

Қысқаша мазмұны: Экономикалық - ұйымдастыру, инженерлік-технологиялық, және басқа да функционалдық базалар жүйесінің компьютерлік технологиялардағы математикалық моделдеу есептері.

Білімі: Моделдеудің қолданылыстағы жетекші түсініктерін, және әдістерін білу.

Іскерлігі: Өндірістік жоспаралауда және басқаруда математикалық моделдер есебін қолдана білу.

Дағдысы: Динамикалық жүйелерді модельдеу

Бағдарламаның жетекшiсi: аға оқытушы Назаров Р.Н.

8

ONBA 0208


Объектілі негізделген бағдарламалау әдістемесі

Кредит көлемі - 3 (1+2+0), ECTS бойынша-5 кредит



Пререквизиттері – Жүйелік программамен қамтамасыз ету.

Постреквизиттері – Визуалды бағдарламалаудың технологиясы

Қысқаша мазмұны: Байт ұғымы. Екілік және он алтылық санау жүйесі. Бір санау жүйесінен екіншісіне ауыстыру әдістемесі. Он алтылық түрдегі ЭЕМ жадысының адрестері. Жадының ұяшықтарына нұсқау. Мәліметтер типі. Массивтер. Адрестеу. Процедуралар. Үзілістер. Макрокомандалар. Ауысулар. Ассемблер командалары: арифметика, екілік алгебра, қайта сілтеме, басқаруды беру, флагтарды орнату. Үзілістер және резидентті программалар.

Білімі: Үзілістер категориясы: BIOS, MS-DOS. Классификациясы: консольмен, таймермен, видеорежимдермен жұмыс жасау.

Іскерлігі: Экранның мәтіндік режимімен жұмыс жасауға арналған BIOS үзілуін қолдану: палитраны, курсордың позициясын және терезелерді орнату.

Дағдысы: Пернелердің скан-кодтары. Пернетақтаның буферімен жұмыс жасау.

Құзыреттілігі: Математикалық сопроцессормен жұмыс жасау. Қорғалған режим туралы ұғым. Қорғалған режимді ұйымдастыру.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. Бекбаева Р.С.

9

SMT 0209


Саңдық модельдеудің технологиялары

Кредит көлемі - 3 (1+2+0), ECTS бойынша-5 кредит



Пререквизиттері – Бағдарламалау технологиясы

Постреквизиттері – Ақпаратты процесстерді мен жүйелерді модельдеу

Қысқаша мазмұны: Пәнді оқытудағы мақсаттары мен міндеттері. Аталған пәнді оқуға алғы шарт болатын пәндер тізімі. Қосымша пәндер және олардың осы пәнмен өзара байланысы. Жоғары кәсіптік білімінің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарына сәйкес пәннің мазмұнын негіздейтін минималды білім, машық, дағдылану және басқа да мәліметтер.

Білімі: Жүйелік әдістер принциптерін, негізгі тәсілдер мен алгоритмдерді білуі керек.

Іскерлігі: Техникалық жүйелерді моделдеу және идентификациялауесептерін ғылыми және өндірістік зерттеулердің автоматтандыру негіздерін.

Дағдысы: Тәсілдермен алгоритмдерді дұрыс қолдана білу

Құзіреттілігі: Игерілген немесе жасалған алгоритмдерді іс жүзінде пайдалану үшін есептеу техникасын қолдану

Бағдарламаның жетекшiсi: Адылканова А.Ж.

10

SIA 0210

Сорттау және іздеу әдістері

Кредит көлемі - 2 (1+1+0), ECTS бойынша-3 кредит



Пререквизиттері – информатика, математика

Постреквизиттері – программа құрудың инструменталды жабдықтары, автоматтандыру жүйелерін жобалау

Қысқаша мазмұны: Сорттау әдістері, жалпы мағлұматтар. Массивтен құжаттарды іздеу (сызықтық, барьермен іздеу, екілік, интерполяциондық), сыртқы іздеу (сызықтық, Боуер-Мур алгоритмдері, Кнут-Моррис-Пратт алгоритмы).

Білімі: Есептерді шығару үшін қажетті программалармен алгоритмдерді құру әдістерін білуі керек.

Іскерлігі: Есептерді шығаруда программалар мен алгоритмдер және сорттау мен іздеу жолдарын іске асыра алады.

Дағдысы: Турбо Паскаль ортасында тестілеу, құжаттарды іздеу мен сорттауда дағдыланады.

Құзіреттілігі: Бағдарламалық қамтамасыз етуде базалық білімін көрсетеді, білімін практика жүзіенде қолданады.

Бағдарламаның жетекшiсi: магистр Курушбаева Д.Т.

Базалық пәндер – 44 кредит

2-ші оқу траекториясы: Ақпаратты өңдеудегі компьютерлік жүйелер

1

MKZh 0201

Мәліметтер қорының жүйелері.

Кредит көлемі - 3 (1+2+0), ECTS бойынша-5 кредит



Пререквизиттері – информатика, программалау технологичсы

Постреквизиттері - программа құрудың инструменталды жабдықтары

Қысқаша мазмұны: Мәліметтер қорының жүйесі (МҚЖ). МҚЖ-ның даму тарихы. МҚЖ-ның негізгі құраушылары, МҚБЖ-ның функциялары, МҚЖ архитектурасы және мәліметтердің берілуінің тәуелсіздігі, мәліметтер қорына жасалатын сұраныс тілдері. Мәліметтер және білім қоры. Мәліметтер модельдері. Мәліметтерді модельдеу, концептуальді модельдер (Модельдеудің Унифицирленген Тілі (UML)). Нысанды-бағытталған модель. Реляциялық модель.

Білімі: Мәліметтер қорының теориялық аспектілерін білу.

Іскерлігі: Инфологиялық моделдерді жобалауда «маңыз-байланыс» моделін қолдану.

Дағдысы: МҚБЖ таңдай жасай білу.

Құзіреттілігі: Мәліметтер қорын құрауда базалық білімін көрсету.

Бағдарламаның жетекшiсi: магистр Курушбаева Д.Т.

2

DP 0202

Delphi – де программалау

Кредит көлемі - 3 (1+2+0), ECTS бойынша-5 кредит



Пререквизиттері – программалау технологиясы

Постреквизиттері – автоматтандыру жүйелерін жобалау

Қысқаша мазмұны: Delphi-дегі қасиеттер. Орындалу режимінде визуальді құраушылардың қасиеттерін басқару. Delphi-дегі тәсілдер. Визуальді құралдар арқылы тәсілдерді құру. Параметрлерді беру. Delphi-дегі ерекше жағдайларды өңдеу. Ерекше жағдайларды құрылымды өңдеу. Delphi-дегі ерекше жағдайлардың моделі. Ерекше жағдайларды өңдеу синтаксисі. Ерекше жағдайларды өңдеу мысалдары. Ерекше жағдайларды шақыру. Exception нысаның экземплярына қол жеткізу. Ерекше жағдайларды алдын ала өңдеушілер. Мәліметтер қорымен жұмыс жасау кезінде болтаны ескертулер. Delphi-дегі оқиғалар. Оқиғаларды түсіну. Delphi-де Windows хабарламаларын өңдеу. Мультимедиялық қосымшаларды құру. Delphi-дегі мультимедия. TmediaPlayer құраушысы. Мультимедияны қолдланатын 2 программа: DDE және OLE. DDE негіздері. DDE-нің қолданысы. DDE-серверлер. DDE-клиенттер. OLE негіздері. TOLEContainer нысаны.

Білімі: Объектілі-бағдарлаудың негізгі принциптері.

Іскерлігі: Delphi-дегі тәсілдер. Delphi-дегі ерекше жағдайларды өңдеу. Delphi-дегі оқиғалар.

Дағдысы: Алгоритмдеуде, WINDOWS-қосымшасында бағдарламаны ретке келтіру және тестілеу.

Құзіреттілігі: Визуалды программалу ортасында базалақ білімін көрсетеді.

Бағдарламаның жетекшiсi: магистр Шайханова А.К.

3

ELN 0203

ЭЕМ-нің логикалық негіздері

Кредит көлемі - 3 (1+2+0), ECTS бойынша-5 кредит



Пререквизиттері – микроэлектроника

Постреквизиттері - микропроцессорлық жүйелер

Қысқаша мазмұны: Кіріспе. Бинар логика. ЖӘНЕ-ЕМЕС логикалық элементі. Триггерлер. Регистрлер. Ығысудың тізбектелген регистрлері. Ығысудың параллель регистрлері. Есептегіштер. Өтпелі тасымалдауы бар есептегіштер. Асинхронды есептегіштер. Синхронды есептегіштер. Айырма жасаушы есептегіштер. Бірразрядты екілік сумматорлар. Параллель көпразрядты сумматорлар. Екілік айырым. Параллель айырымдар. Арифметикалық-логикалық құрылғы.

Білімі: сандық құралдардың жұмысының физикалық принциптерін білу.

Іскерлігі: логикалық элементтер функциясының өзгергіштерімен жұмыс істей білу

Дағдысы: Ережелерді, заңдарды, аксиомаларды, логикалық өзгергіштердің тепе-теңдігіндегі дағдылары.

Құзіреттілігі: Параллель көпразрядты сумматорлар. Екілік айырым. Параллель айырымдар. Арифметикалық-логикалық құрылғы.

Бағдарламаның жетекшiсi: аға оқытушы Мясоедов Д.В.

4

KG 0204

Компьютерлік графика

Кредит көлемі - 3 (1+2+0), ECTS бойынша-5 кредит



Пререквизиттері – информатика

Постреквизиттері - автоматтандыру жүйелерін жобалау

Қысқаша мазмұны: Компьютерлік графиканың алгоритмімен жұмыс жасаудың ерекшеліктері. Автоматтандырылған жобалау жүйелеріндегі мшиналық графиканың орны мен ролі, қолдану облысы. Графикалық пакеттер мен жүйелерді негізгі сипаттамалары және оларды қолдану, олардың функционалдық мүмкіншіліктері. Геометриялық модельдеу, графикалық нысандар, примитивтер және олардың атрибуттары, видеоақпаратты бейнелеу және оның машиналық генерациясы, графикалық тілдер, кеңістіктік графика, компьютерлік графиканың қазіргі кездегі стандарттары, графикалық диалогтық жүйелер, интерактивті графикалық жүйелерді қолдану.

Білімі: АЖ – де алгоритмдердің графоаналитикалық әдістерін қолдану, машиналық графика

Іскерлігі: сызу мен схемаларды оқудың ережелері мен стандарттарын қолдану.

Дағдысы: графикалық симфолдарды қолдану.

Құзіреттілігі: АЖ де және графикалық жабдықтардағы құзіреттілігі.

Бағдарламаның жетекшiсi: аға оқытушысы Мясоедов Д.В.

5

MZh 0205

Микропроцессорлық жүйелер

Кредит көлемі - 3 (1+2+0), ECTS бойынша-5 кредит



Пререквизиттері – ТОЭ

Постреквизиттері - Есептеу жүйелері мен желілерін басқару

Қысқаша мазмұны: Микропроцессорлық жүйелерді жобалау процесінің жалпы сипаттамасы. Микропроцессорлық жүйелердің ақпаратты-логикалық моделінің құрылымы, функциональді модельді құру. Жобалауға қажетті бастапқы мәліметтер. Модельді құру және мәліметтерді қорғау. Қолданушы интерфейсын жасау. Таралатын өңдеу жобасын жасау. Программалық модульдердің құрылымы, алгоритмдерді құру, Микропроцессорлық жүйелердің құрылғысының логикалық анализі.

Білімі: Микропроцессорлық жүйелердің өндірістігінің анализі және оны бағалау.

Іскерлігі: Микропроцессорлық жүйелерді ң жобасын басқару.

Дағдысы: Микропроцессорлық жүйелерді жасаудың инструментальдік жабдықтары.

Құзыреттілігі: Жобалық шешімдердің типтелуі. Жобалық шешімдерді бейнелеудің графикалық құралдары.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Оспанов Е.А.

6

KZh 0206

Коммуникациялық жүйелер

Кредит көлемі - 3 (1+2+0), ECTS бойынша-5 кредит



Пререквизиттері – электрлік желілер теориясы

Постреквизиттері - Internet технологиялары

Қысқаша мазмұны: Телекоммуникация түсініктері. Коммуникациялық каналдар байланысы. Телефондық байланыс. Модем: қолданылуы, жұмыс технологиясы мен принциптері. Факс-модем. Электрондық почта. Телеконференциялар. Мобилді байланыс жүйелері. Ұялы байланыс. Спутник жүйелерінің байланысы.

Білімі: МПС-тің архитектурасын, жобалау жұмыстарын білу.

Іскерлігі: автоматтандыру жабдықтарының әдістерін және ақпараттық айналымның этаптарын білуі керек.

Дағдысы: типтік жүйелерді жинау, ақпаратты өңдеу және жіберу.

Құзыреттілігі: Телекоммуникация жүйелерінің құзіреттілігі.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Мясоедов Д.В.

7

RZhK 0207

Робототехникалық жүйелер мен кешендері

Кредит көлемі - 3 (1+2+0), ECTS бойынша-5 кредит



Пререквизиттері – есептеу желілері мен жүйелерінің негіздері

Постреквизиттері - автоматтандыру жүйелерін жобалау

Қысқаша мазмұны: Интелектуалдық жүйелер. Білімін ұсыну жүелері. шешімін іздеу әдісі. Суреттерді тану. ЭЕМ-де табиғи тілде сөйлесу. Сөздік тілдесу жүйелері. Экспертті жүйелерді тұрғызудың әдістері.

Білімі: Интеллектуалдық жүйелердің негізгі әдістері мен теориялық жағдайын білу.

Іскерлігі: Интеллектуалдық жүйелердің түрлі типтерінде бағдар жасай білу.

Дағдысы: пәндік салада программалауда дағдылану.

Құзыреттілігі: Робототехникалық жүйелер мен кешендері және интеллектуалды жүйелер әдістерінің құзіреттілігі.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. Демьяненко А.И.

8

BTN 0208

Басқару теорияның негіздері

Кредит көлемі - 2 (1+1+0), ECTS бойынша-3 кредит



Пререквизиттері – электрлік желілердің теориясы

Постреквизиттері - ақпараттық жүйелерде жобалау

Қысқаша мазмұны: Басқару міндеттерінің мазмұны, модельдер классификациясы және автоматты басқару жүйелерінің сипаттамасы. Автоматты басқару жүйелерінінң анализі, тұрақтылық, басқарушылық,бақылағыштық, инварианттылық, сезімталдылық. Сапаның көрсеткіштері, түбірлік, жиіліктік, интегралдық. Басқару жүйелерінің синтезі, дискретті сигналдар мен жүйелердің бейсызық модельдері, фазалық кеңістіктік тәсілдері және гармоникалық линеаризациялау, стохастикалық жүйелер.

Білімі: Автоматты басқару жүйелерінінң анализі, тұрақтылық, басқарушылық,бақылағыштық, инварианттылық, сезімталдылық.

Іскерлігі: Сапаның көрсеткіштері, түбірлік, жиіліктік, интегралдық. Басқару жүйелерінің синтезі, дискретті сигналдар мен жүйелердің бейсызық модельдері

Дағдысы: Басқару міндеттерінің мазмұны, модельдер классификациясы және автоматты басқару жүйелерінің сипаттамасы.

Құзыреттілігі: Басқарудың автоматтандырылған жүйелерінде құзіреттілігі.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Секербаева А.Б.

9

YTMS 0209

Ықтималдық теориясы және математикалық статистика

Кредит саны- 2 (1+1+0), ECTS бойынша -3 кредит



Прекреквизиттер – жоқ.

Постреквизиттер – жоқ.

Оқытудың мақсаты: Элементар оқиғалар кеңістігі. Ықтималдық. Ықтималдықтың қасиеттері. Негізгі теоремалар.

Қысқаша мазмұны: Элементар оқиғалар кеңістігі. Ықтималдық. Ықтималдықтың қасиеттері. Негізгі теоремалар. Сынақтарды қайталау сүлбесі. Кездейсоқ шамалар. Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары. Үлестірім функциясы. Үзіліссіз кездейсоқ шаманың үлестірім тығыздығы. Үзіліссіз кездейсоқ шаманың сандық сипаттамалары. Үлкен сандар заңы. Екі кездейсоқ шама жүйесі. Таңдамалық тәсіл. Үлестірім параметрін статистикалық бағалау. Статистикалық гипотезаларды тексеру критерийлері.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: Негізгі теоремалар. Сынақтарды қайталау сүлбесі. Кездейсоқ шамалар. Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары. Үлестірім функциясы.

Іскерлігі: Үлкен сандар заңы. Екі кездейсоқ шама жүйесі. Таңдамалық тәсіл. Үлестірім параметрін статистикалық бағалау. Статистикалық гипотезаларды тексеру критерийлері.

Дағдысы: Кездейсоқ шамалар. Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары. Үлестірім функциясы. Үзіліссіз кездейсоқ шаманың үлестірім тығыздығы.

Құзіреттілігі: Таңдамалық тәсіл. Үлестірім параметрін статистикалық бағалау. Статистикалық гипотезаларды тексеру критерийлері.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Г. Нұрсұлтанова.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет