Бекітемін
ҰТО директоры
________________ Қ.C.Әбдиев
2013 ж. «_____»__________
«5В071600 - Приборлар жасау» мамандығына арналған
«Интегралдық және микропроцессорлық схемотехника»
пәні бойынша
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тест «Интегралдық және микропроцессорлық схемотехника» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:
№
|
Мазмұны
|
Тапсырмалар саны
|
1
| Кіріспе. Жартылай откізгішті электронды құрылғылар. Дискретті электроника. Цифрлық техниканың даму кезеңдері. Цифрлық схемотехниканың негізгі технологиялары және олардың ерекшелігі. Интегралдық микросұлбалар. |
2
|
2
|
Логикалық функциялар және логикалық элементтер
Логикалық айнымалы ұғымы. Логикалық элемент және логикалық құрылғы. Кірістік және шығыстық логикалық айнымалылар, логикалық функциялар. Логикалық функцияны берудің кестелік және аналитикалық тәсілі.
|
2
|
3
|
Логика алгебрасының аксиомалары, логика алгебрасының заңдары
Олардың салдары және практикалық пайдаланылуы. Логикалық функцияның минимал түрі туралы ұғым.
|
2
|
4
| Микросұлбалар сериясы ұғымы Логикалық микросұлбаларды үшін негізгі сұлба-техникалық шешімдер. Базистік логикалық функцияларды іске асыруға арналған логикалық микосұлбалар, олардың шартты графикалық белгілері мен электрлік параметрлері. Цифрлық микросұлба технологиялары және олардың электрлік параметрлері. |
2
|
5
| Комбинациялық логикалық сұлбалар
Комбинациялық логикалық құрылғылардың негізгі түрлері – шифраторлар, дешифраторлар, кодты түрлендіргіштер, сумматорлар, мультиплексорлар, компараторлар.
|
2
|
6
|
Тізбекті логикалық сұлбалар
Триггерлер, регистрлер, санауыштар. Санауыштарды синтездеу.
|
2
|
7
|
Қосындылауыштар, мультиплексорлар, компараторлар.
|
2
|
8
| Жады микросұлбалары Жадтау құрылғылардың түрлері, олардың жiктеуi: Тұрақты және оперативті жады, статикалық және динамикалық жады, ультракүлгін және электрлік өшетін бір мәрте бағдарламаланатын және көп мәрте қайта бағдарламаланатын жады. Көп шығысты күрделі комбинациялық логикалық құрылғыларды іске асыру үшін тұрақты жады микросұлбаларын пайдалану. Программаланатын логикалық матрицалар. |
2
|
9
| Цифрлық-аналогты (ЦАТ) және аналогты-цифрлық (АЦТ) түрлендіргіштер ЦАТ іске асыру, ЦАТ шығыстық кернеуінің кірістік кодына және тіректі кернеудің шамасына тәуелділігі. ЦАТ типтік микросұлбалары. АЦТ іске асыру. АЦТ типтік микросұлбалары. ЦАТ және АЦТ тезәрекеттігі. |
2
|
10
| Микропроцессорлар мен микроконтроллерлер архитектурасы және құрылымы Архитектура ұғымы: адрес пен деректердің разрядтылығы, деректерді ұсыну форматтары, командалар жүйесi, үзу жүйесі. Микропроцессордың құрылымы және оның негізгі тораптары: орталық процессор (ОП), тұрақты жадтау құрылғысы (ТЖҚ), оперативті жадтау құрылғысы (ОЖҚ), енгізу/шығару құрылғылары (ЕШҚ), объектімен байланыс құрылғылары (ОБҚ). Тораптар арасындағы байланысты ұйымдастыру: шиналар жүйесі, олардың классификациясы, жұмыс істеу ережелері, интерфейстер. Конвейерлендіру, деректерді өндеу және тез әрекет ету. |
3
|
11
| Микропроцессорлық жүйелер Микропроцессорлық жүйелердің құрылымдары. Микропроцессорларды өзара түйіндесу тәсілдері. Цифрлық және микропроцессорлық техниканың схемотехникалық шешімдерінің даму перспективалары. |
2
|
12
| Электронды тораптарды схемотехникалық жобалауды автоматтандыру әдістері Электронды сұлбаларды жобалаудың қолданбалы бағдарламалар пакеттері. |
2
|
|
Бір нұсқадағы тест тапсырмаларының саны:
|
25
|
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тест тапсырмаларының көмегімен студенттерде әр түрлі функционалды қиындығы бар сандық құралдардың (сандық логикалық элементтерден бастап микропроцессорларга дейін) қолдану мен құрастыру принциптері туралы білімі анықталады
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |