Программалау және программа, программалау тілдері. Программалау тілдерінің түрлері. Программаны түзету (отладка), тестілеу



бет1/21
Дата03.01.2022
өлшемі102.98 Kb.
#450573
түріПрограмма
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
прог


  1. Алгоритм және оның қасиеттері. Алгоритм түрлері.

  2. Программалау және программа, программалау тілдері. Программалау тілдерінің түрлері. Программаны түзету (отладка), тестілеу.

  3. С, С++ тілінің құрылымы. Негізгі анықтамалары, синтаксис, семантика. Айнымалылар типтері. Трансляция сатысы. Командалар, операторлар, тұрақтылар. Идентификатор. Арифметикалық және логикалық амалдар.

  4. Стандартты функциялар. Ішкі программалар. Функция. Енгізу-шығару операторлары. Меншіктеу операторы.

  5. Шартты және таңдау операторлары. Олардың айырмашылықтары.

  6. Цикл. Циклдік операторлар. Олардың міндеттері мен қолданылу.

  7. Функция. Оның программада қолдану ерекшеліктері. Функцияны сипаттау және анықтау. Прототип. Рекурсия. Рекурсия механизмі. Рекурсивтік функция. Оны қолданудың артықшылығы.

  8. Массивтерді сұрыптау алгоритмдері.Таңдау әдісі. Массивте екілік іздеу. Орын алмастыру әдісі. Орнына қою әдісі (метод вставок). Айырмашылықтары.

  9. Құрылымдық типті айнымалылар. Екі өлшемді массивтер. Матрицаны өңдеу тəсілдері.

  10. Статикалық және динамикалық массивтер. Айырмашылықтары. Мысал келтіріңіз.

  11. Минимумды табу арқылы сұрыптау және қарапайым орын ауыстырып сұрыптау алгоритмдерінің айырмашылықтары.

  12. Көпіршікті әдіс.

  13. Файлдық типтер. Файлдармен жұмыс істеуге арналған жалпы функциялар. Файлдармен жұмыс. Файлдардан мәліметті енгізу-шығару.



  1. Алгоритм және оның қасиеттері. Алгоритм түрлері.

Алгоритм – қатаң алғышарттар – орындаушы үшін мақсатқа жеткізетін, яғни есепті программа құру арқылы шығаруға мүмкінді беретін бұйрықтардың жиынтығы. Ол – арнайы іс-әрекеттердің белгілі бір кезекпен орналасқан тәртібі. Ол алгоритмді атқарушы ЭЕМ-ге жұмыс тәртібін түсіндіретін ережелер мен нұсқаулар тізбегінен тұрады.

Сонымен, әрбiр нұсқау – команда. Алгоритмде командалар тәртібінің маңызы зор. Алгоритмнiң командалары кезек­пен бiрiнен кейiн бiрi орындалады. Алгоритмнiң орындалу кезiнде оны орындаушыға келесi жолы қандай нұсқау бойынша орындалатыны белгiлi болуы қажет. Ал орындаушының жүзеге асыра алатын командалар жиыны ко­мандалар жүйесiн құрайды.

Алгоритм құру кезінде орындаушының құрылғыларын емес, оның командалар жүйесін білу қажет, яғни алгоритмді орындаушы түсініп, жүзеге асыра алатын көптеген алғышарттармен таныс болу абзал. Орындаушыларды формальдыемес (адам) және формальды (робот, машина немесе программалау тілдері) деп бөлуге болады. Алда біз тек формальды орындаушымен жұмыс жасайтын боламыз.

Алгоритмнің ең маңызды қасиеті мынада: орындаушыдан есепті шығару әдісін түсіну талап етілмейді, орындаушы инструкцияларды түсініп, оларды орындай алу керек.

Есептерді шешу алгоритміне қойылатын талаптар жоғары. Ол дискреттілік, жалпыламалық, компактілік, анықталғандық және нәтижелілік деген қасиеттерге ие болу керек.

Дискреттілік әрбір алгоритм үздікті, дискретті сипатқа ие, яғни бірінен кейін бірі орындалатын бөле аяқталған қадамдар тізбегін құрайды. Алгоритмнің әрекеттері бір-бірінен бөлек және олардың әрқайсысының орындалуы өзінің алдындағысынан кейін ғана мүмкін болуы–дискреттілік қасиет болады.

Жалпыламалық бир типтес есептерің кең класын шығаруға жарайтындай болу қабілеті.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет