Тапсырма: «Материалдық қамтамасыз ету» бабында аталған заңдарды оқып;
1. Адамның санаткерлік қазметінің нәтижелері мен жекешелендіру құралдары болып табылатын объектілердің тізімін құру. Өнеркәсіптік меншік объектілерін олардың астын сызу арқылы анықтау.
2. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің: өнертабыс, өнеркәсіптік үлгі, пайдалы модельдың анықтамаларын теріп жазу.
3. Өнеркәсіптік меншік объектілерінің классификациялық сұлбасын құру және 1-кестені толтыру
1 кесте - Өндірістік меншік нысандарын қорғау туралы ҚР Заңы
Өнеркәсіптік меншік нысандары
|
Құқық қорғайтын заңның аталуы
|
Заңды қабылдау күні
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№2 тәжірибелік сабақ (2 сағат)
Тақырыбы: Санаткерлік меншікті қорғаудың заңнамалық негізі
Материалдық қамтамасыз ету:
1. Қазақстан Республикасы Патент Заңының мәтіні
Әдістемелік нұсқау:
Қазақстан Республикасында санаткерлік меншіктің объектілерін қорғауды қамтамасыз ететін санаткерлік меншік объектілерін жасау, қолдану және құқықтық қорғаумен байланысты пайда болған мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық база құрылған. Бұл базанің негізін мыналао құрайды:
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
Қазақстан Республикасының Патент Заңы;
Қазақстан Республикасының «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері мен тауарлардың шығу тегінің атаулары туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы.
1-тапсырма. Патент заңының тиісті тарауларын меңгеріп, екінші кестені толтыру.
2-кесте - Қазақстан Республикасы өнеркәсіптік меншік объектілеріне берілетін қорғау құжаттардың түрлері
Өнеркәсіптік меншік нысандарының атаулары
|
Берілетін қорғау құжаты
|
Қорғау құжатын беру алдындағы сараптау түрі
|
Қорғау құжатының күшінде болу мерзімі
|
Қорғау құжаттының күшінде болу мерзімін ұзарту мүмкіндігі
|
Қорғау құжаттының күшінде болу мерзімін ұзарту шарты
|
|
|
|
|
|
|
№3 тәжірибелік сабақ (2 сағат)
Тақырыбы:Патенттік ведомстволардың ресми бюллетендері
Материалдық қамтамасыз ету:
1. Қазақстан Республикасын патенттік ведомствоның ресми бюллетені
2. ССРО патенттік ведомствосының ресми бюллетендері
Әдістемелік нұсқау:
Патенттік құжаттамада өнеркәсіптік меншік объектілері туралы ақпарат, өнеркәсіптік меншік объектілеріне патенттік құқығы иелері туралы мәліметер жарияланады.
Патенттік құжаттама қатаң анықталған құрылымды болады. Өнертабыс пен пайдалы модель формуласында қысқаша олардың мәні сипатталады. Өнертабыс анықтамасы өнертабыс, пайдалы модельді жасауға себеп болған жағдайларды көрсету, бар және жаңа техника объектілері арасында өзгешіліктерді табу және техниканың жаңа объектісінің жаңашылдығын дәлелдеу үшін қажет болып табылады.
Патенттік құжаттамалардағы негізгі материал мен библиографиялық деректердің орналасуы қатаң анықталған. Жиі жағдайларда түсіндіруші суреттер беріледі.
Патенттік құжаттамада ақпараттың екі түрі болады: библиографиялық және техникалық. Библиографиялық ақпарат патенттік құжаттаманың бірінші бетінде келтіріледі және төмендегілерден құралады:
- баспадан шыққан күннің белгісі, басып шығарушы ведомствоның аталуы, мекен жайы, сонымен қатар патентке кіргізілген тұлғалардың, мысалы, өнертабыс авторларының, патенттік құқық иесі, оның өкілі немесе патенттік агенттің мекен жайлары, фамилиялары;
- халықаралық жіктегіш бойынша классификациялық белгіленулер;
- өнертабыс атауы, өнертабыс анықтамасының рефераты, негізгі сызба немесе химиялық формула.
Қазақстан Республикасының патенттік ведомствосы (санаткерлік меншік құқығы жөніндегі Комитет) екі бөлімнен құралатын «Өнеркәсіптік меншік» ресми бюллетенің шығарады. Бірінші бөлімінде өнертабысқа алдын ала патент, патент және пайдалы модельдерге патент берілуі, ал екінші бөлімінде тауар таңбаларын тіркелуі, тауардың шыққан жерінің аталуы, өнеркәсіптік үлгіге алдын ала патент пен патент берілуі туралы мәлімет жарияланады.
Тапсырма: 1-тапсырма. «Материалдық қамтамасыз ету» бабындағы құжаттарды зерделеу.
2-тапсырма «Материалдық қамтамасыз ету» бабындағы құжаттарда ақпаратты көрсету құрылымын ұғыну.
3-тапсырма. ИНИД – кодтарының мағынасын және ИНИД кодтар бойынша ақпаратты ашу, мына схема бойынша: ИНИД кодтың белгіленуі – ИНИД кодтың мағынасын - бұл кодпен берілген ақпараттық деректерді ашу.
Мысалы: (11) 1234567 – қорғайтын құжат номері (4 кесте)
3 кесте - ИНИД – кодтары, ИНИД кодтарының мағынасын және ИНИД кодтары бойынша ақпаратты ашу
ИНИД – код белгіленуі
|
ИНИД – код мағынасын Ашу
|
ИНИД код арқылы ақпаратты алу
|
(11)
|
1234567
|
Қорғайтын құжат номері
|
|
|
|
№4 тәжірибелік сабақ (2 сағат)
Тақырыбы: Өнертабыстың анықтамасы
Материалдық қамтамасыз ету:
1. Қазақстан Республикасы инновациялық патент пен патенке өнертабыстың анықтамалары
2. ССРО авторлық куәліктеріне өнертабыстың анықтамалары
3. «Изобретения стран мира» реферативтік ақпарат
4. «Изобретения за рубежом» библиографиялық ақпарат
5. Ғылыми техникалық құжаттама (ВИНИТИ реферативтік журналдары, ғылыми журналдар, жарнамалық материалдар)
Тапсырма:
1-тапсырма. Оқытушымен берілген патенттік және ғылыми техникалық құжаттаманы зерделеу.
2-тапсырма. Жұмыс дәптеріне бір өнертабыс туралы және бір ғылыми еңбек туралы ақпаратты жазу.
3-тапсырма. Патенттік және ғылыми техникалық құжаттамадағы ақпараттың көрсетілу формасын (ауызша) талқылау.
4-тапсырма. ВИНИТИ реферативтік журнал мен патенттік бюллетендегі ақпаратты көрсетілу құрылымына салыстырмалы талдау жүргізу (жазбаша).
№5 тәжірибелік сабақ (2 сағат)
Тақырыбы: Халықаралық патенттік жіктеу (ХПЖ) мен тауарлар мен қызметтің халықаралық жіктеудің (ТҚХЖ) құрылымы
Материалдық қамтамасыз ету:
1. Халықаралық өнертабыс классификациясы (МКИ, МПК) (МКИ-ге кіріспе. Негізгі топтардың тізімі)
2. Халықаралық өнертабыс классификациясы (жеке бөлімдері бойынша)
3. Халықаралық өнертабыс классификациясының алфавиттік – заттық көрсеткіші (АПУ)
4. Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен қызметтің халықаралық классификациясы (МКТУ)
5. Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен қызметтің халықаралық классификациясының алфавиттік – заттық көрсеткіші
Әдістемелік нұсқаулар:
Ғылыми техниканың арнайы түрі ретінде патенттік құжаттаманың ерекшелігі болып патенттік құжаттардың арнайы реттелу жүйесін - өнертабыс классификациясын қолдану табылады.
Өнертабыстың классификациялаудың өнертабыс анықтамасындағы техникалық шешімдерді реттеу және де соңынан патенттік құжаттаманы классификациялық рубрикасы бойынша оңай табу және сұранысқа сәйкес материалдарды табу сияқты мақсаты бар. Қабылданған өнертабыс классификациясы бойынша патенттік құжаттамаларды индекстеу және фондта орналастыру жүргізіледі.
Халықаралық өнертабыс классификациясы (Международная классификация изобретений - МКИ) бірқатар Европа елдерінің талқылауы арқылы өнертабыстарды классификациялау жүйелерін жақындату туралы шешім ретінде жобаланған. 2005 жылдың 1 қаңтарынан МКИ–дың 8 – ші басылымы күшіне енді. 2000 жылғы басылымнан бастап классификация «Халық патенттік классификация» (Международная патентная классификация – МПК) деп аталады.
МКИ (МПК) деректерді жіктеудің екі принципін: функциясының ұқсастығы және заттық-тақырыптық принциптерін бірге қолдану негізінде құрыылған.
МКИ (МПК) рубрикасының құрылымын А23С 12/548 рубрика мысалында көрсетуге болады.
А – бөлім
А23 – класс
А 23С – шағын класс
12/00 – негізгі топ
12/548 – шағын (қосымша) топ.
Тауарлар мен қызметтердің классификациясы тауарлар мен қызметтің халықаралық классификациясы (Международная классификация товаров и услуг-МКТУ) негізінде жүзеге асады.
Тапсырма:
1-тапсырма. МКИ (МПК) құрылымын меңгеру. Жұмыс дәптеріне бір МКИ (МПК) рубрикасының схемасын мағынасын ашып жазу.
2-тапсырма. Тауарлар мен қызметтің халықаралық классификациясы (МКТУ) құрылымын меңгеру. Жұмыс дәптеріне бір МКТУ рубрикасының схемасын мағынасын ашып жазу.
№6 тәжірибелік сабақ (2 сағат)
Тақырыбы: Халықаралық патенттік жіктеу индексін анықтау
Материалдық қамтамасыз ету:
1. Халықаралық өнертабыс классификациясы (МКИ). (Кіріспе. Негізгі топтардың тізімі).
2. Халықаралық өнертабыс классификациясы (МКИ) (жеке бөлімдері бойынша)
3. Халықаралық өнертабыс классификациясының алфавиттік-заттық көрсеткіші (Алфавитно-предметный указатель - АПУ)
Тапсырма:
1-тапсырма. Нұсқау кестесінен таңдалған объектінің МКИ
рубрикасының индексін анықтау (5 кесте)
4 кесте - Тапсырманың нұсқаулары
Нұс-қау
|
Нысан
|
Нұс-қау
|
Нысан
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
Органикалық тыңайтқыштарды енгізетін машина
|
7
|
Қамыр илейтын машина
|
2
|
Спортшыларды дайындау құрылғысы
|
8
|
Тағам өнімдерін ұсақтайтын құрылғы
|
3
|
Картоптан тағам өнімдерін алу әдісі
|
9
|
Майонезді алу әдісі
|
4
|
Сүт және өсімдік өнімдерін өндіру әдісі
|
10
|
Сұйық шашыратқыш
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Мұзды алу құрылғысы
|
11
|
Балмұздақ дайындау үшін композиция
|
6
|
Мата өнімдерін жуу әдісі
|
12
|
Піскен шұжықтарды дайындау әдісі
|
13
|
Душ құрылғысы
|
17
|
Іштен жану қозғалтқыш үшін ауатазартқыш
|
14
|
Ортадан тепкіш насос
|
18
|
Өндірістердің герметикалығын сынауға арналған құрылғы
|
15
|
Суреті бар пластинаны сыртқа шығаратын механизмі бар ойыншық фотоаппарат
|
19
|
Шаңғылар жүретін жолды күтуге арналған құрылғы
|
16
|
Алыс қашықтыққа жүгіруге арналған шаңғылардың аяқ киімі
|
20
|
Галстукты жасау әдісі
|
№7 тәжірибелік сабақ (2 сағат)
Тақырыбы: МЕСТ Р 15.011-96 «Патенттік зерттеулер. Өткізу тәртібі мен мазмұны»
Материалдық қамтамсыз ету:
1. МЕСТ Р 15.011-96 «Патенттік зерттеулер. Өткізу тәртібі мен мазмұны» мемлекетаралық стандартын мәтіні.
Әдістемелік нұсқау:
Патенттік зерттеулер дегеніміз – патенттік және басқа да ақпарат негізінде шаруашылық қызмет объектілерінің бәсекелестік қабілетін, патенттік тазалығын, даму тенденциялары мен техникалық деңгейін зерттеу.
Патенттік зерттеудің мақсаты: шығармашылық жұмыстың қайталануының алдын – алу және белгілі техникалық шешімдерді жобалау мен іздеуге керексіз бос күш жұмсаудың алдын – алу, ғылыми техникалық шығармашылық саласындағы авторлық және мемлекеттік мүдделерді қорғау, ғылыми техникалық прогресті тездету үшін отандық және шетелдік санаткерлік жетістіктерді максималды қолдану, дүниежүзілік техниканың бұл саласында ең жоғарғы техника - экономикалық көрсеткіштерге жеткен отандық және шетел өнертабыстардың жеткен деңгейінен асатын жаңа техника шығару.
Патенттік зерттеулер объектісі – шаруашылық қызметінің объектілері және шаруашылық қызметтің өзі.
Тапсырма:
1-тапсырма. МЕСТ Р 15.011-96 «Патенттік зерттеулер. Өткізу тәртібі мен мазмұны» стандартының тараулары мен құрылымын меңгеріп, стандарттың ақпараттық деректерін жазып алу.
2-тапсырма. №7- практикалық жұмыста қолданылған нұсқау бойынша МЕСТ Р 15.011-96 стандартының А қосымшасының «Задание на поиск» («Іздеуге тапсырма») формасын толтыру
3-тапсырма. №7- практикалық жұмыста қолданылған нұсқау бойынша МЕСТ Р 15.011-96 стандартының Б қосымшасының «Регламент поиска» («Іздеу регламенті») формасын толтыру
№8 тәжірибелік сабақ (2 сағат)
Тақырыбы: Патенттік-ақпараттық зерттеулерді жүргізу
Материалдық қамтамасыз ету:
1. МЕСТ Р 15.011-96 «Патенттік зерттеулер. Өткізу тәртібі мен мазмұны» мемлекетаралық стандартының мәтіні
2. Қазақстан Республикасы инновациялық патент пен патенке өнертабыстың анықтамалары
3. ССРО авторлық куәліктеріне өнертабыстың анықтамалары
4. «Изобретения стран мира» реферативтік ақпарат
5. «Изобретения за рубежом» библиографиялық ақпарат
6. Ғылыми техникалық құжаттама (ВИНИТИ реферативтік журналдары, ғылыми журналдар, жарнамалық материалдар)
Тапсырма:
1-тапсырма. Алдынғы практикалық сабақта құрылған «Іздеуге тапсырма», «Іздеу регламенті» бойынша іздеу жүргізу
2-тапсырма. Табылған ақпаратты жұмыс дәптеріне жазып алу
№ 9 тәжірибелік сабақ (2 сағат)
Тақырыбы: Патенттік-ақпараттық зерттеулер нәтижелерін жазу
Материалдық қамтамасыз ету:
1. МЕСТ Р 15.011-96 «Патенттік зерттеулер. Өткізу тәртібі мен мазмұны» мемлекетаралық стандартының мәтіні
2. Қазақстан Республикасы инновациялық патент пен патенке өнертабыстың анықтамалары
3. ССРО авторлық куәліктеріне өнертабыстың анықтамалары
4. «Изобретения стран мира» реферативтік ақпарат
5. «Изобретения за рубежом» библиографиялық ақпарат
6. Ғылыми техникалық құжаттама (ВИНИТИ реферативтік журналдары, ғылыми журналдар, жарнамалық материалдар)
Тапсырма:
1 МЕСТ Р 15.011-96 «Патенттік зерттеулер. Өткізу тәртібі мен мазмұны» талаптарына байланысты алдағы практикалық жұмыстарда өткізген іздеу нәтижелерін жазу, мына ретте:
2 МЕСТ Р 15.011-96 «Патенттік зерттеулер. Өткізу тәртібі мен мазмұны» стандартының 6.1.1-Кестесін толтыру
3 МЕСТ Р 15.011-96 «Патенттік зерттеулер. Өткізу тәртібі мен мазмұны» стандартының 6.1.2-Кестесін толтыру
4 МЕСТ Р 15.011-96 «Патенттік зерттеулер. Өткізу тәртібі мен мазмұны» стандартының Д.1.1-Формасын толтыру.
№ 10 тәжірибелік сабақ (2 сағат)
Тақырыбы: Өнертабысқа патент алу үшін өтініш беру ретін меңгеру
Материалдық қамтамасыз ету:
1. Тәжірибелік сабақтарды орындаудың әдістемелік нұсқаулары
2. Қазақстан Республикасының Патент Заңы
Әдістемелік нұсқау:
Патентті алу үшін өтініш материалдарын рәсімдеу және қызметтік өнертабысқа құқықты алу ТӘРТІБІ:
1. Өнертабыс объектісін анықтау, техникалық деңгейін саралау
2. Патентті алу үшін өтініш беру туралы шешім қабылдау
3. Өнертабысқа құқықтар көлемін анықтау және өнертабыс формуласын құру
4. Өнертабыс формуласы негізінде өтініш материалдарын дайындау
5. Өтініш беру үшін патенттік төлемдерді өтеу
6. Патенттік ведомствоға жіберілетін құжаттарды жинақтау
7. Патенттік ведомствоға өтініш материалдарын жіберу
8. Басымдылық анықтамасын алу және фирманың сәйкес құжаттарында басымдылық күні мен өтініш номерін тіркеу
9. Сарапшының сұранымдарына жауаптар, үстүрт сараптау жүргізу сатысында сарапшымен хат алмасу
10. Қазақстан Республикасының инновациялық патентін алу туралы шешімді алу және патентті алу үшін төлем төлеу
11. Қазақстан Республикасының инновациялық патентін алу
12. Өнертабыс авторына марапат төлемдерін төлеу
13. Алдын ала патентті күшінде ұстау
14. Өнертабысқа Қазақстан Республикасының патентін алу және инновациялық патентті патентке ауыстыру туралы шешім қабылдау
15. Сарап сұранымдарына жауап, мәні бойынша сараптау жүргізу сатысында сарапшымен хат алмасу
16. Қазақстан Республикасының патентін алу
Өнертабысқа өтінім құрамы.
Өтінім мыналардан құралуы керек:
- инновациялық патент пен патентті алатын өнертабыс авторлары мен инновациялық пен патент кімнің атына сұралатын тұлғаның, олардың мекен жайы мен орны көрсетілген өтініші;
- жүзеге асыру үшін толық мәнін ашатын өнертабыс анықтамасы;
- анықтамаға толықтай негізделген, мәнің ашатын өнертабыс формуласын;
- өнертабыс мәнін ұғыну үшін қажетті сызбалар мен басқа материалдар;
- реферат;
және т.б. құжаттар.
Инновациялық патент пен патент беру туралы өтініш мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде беріледі. Басқа өтініш құжаттары мемлекеттік, орыс немесе басқа тілдерде беріледі. Егер басқа өтініш құжаттары басқа тілде берілсе, онда өтінішке оның мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасы беріледі.
Инновациялық патент пен патент беру туралы өтініш төрт данада беріледі, өнертабыс анықтамасы, өнертабыс формуласы, өнертабыстың мәнін ашатын қажетті сызбалар мен басқа материалдар, мемлекеттік немесе орыс тілінде құралған реферат үш данада беріледі.
Өнертабыс ретінде кез келген облыстағы техникалық шешімдер қорғауға алынады, егер олар:
- өнімге (құрылғыға, затқа, микроорганизмдер тегіне, өсімдік пен жануарлар жасушасының культурасына);
- әдіске (материалдарды объектілердің көмегімен материалды объектілерге қызмет ету процесіне);
- белгілі өнімді немесе әдісті жаңа мақсаттарға немесе жаңа өнімді нақты мақсатта қолдануға жататын болса.
Өнертабыс объектілері ретінде құрылғыға конструкциялар мен өнімдер жатады.
Құрылғыны сипаттау үшін келесі белгілер қолданылады:
- конструктивті элементтерінің болуы;
- элементтер арасында байланыстың болуы;
- элементтердің дұрыс орналасуы және т.б.
Өнертабыс объектілері ретінде әдістерге материалдарды объектілердің көмегімен материалды объектілерге әрекет жасау процесі жатады.
Әдістерді сипаттау үшін келесі белгілер қолданылады:
- әрекеттің болуы немесе объектілердің түрлерінің болуы;
- уақыт ішінде сондай әрекеттерді орындау реті;
- әрекетті жүзеге асыру шарты, тәртібі;
- заттар (бастапқы шикізат, реагенттер, катализаторлар, және т.б.), құрылғы (жабдық, аспап және т.б.), микроорганизімдер штаммы, жануарлар мен өсімдіктер жасушаларын қолдану;
Өнертабыс объектісі ретінде заттарға мыналар жатады:
- жеке химиялық қосылыстар, шартты түрде жоғарғы молекулярлы қосылыстар және генді инженерияның өнімдері (рекомбинатты нуклеин қышқылдары, векторлар және т.б.);
- композициялар (құрамдар, қоспалар);
- ядролық айналу өнімдері.
Композицияларды сипаттау үшін келесі белгілер қолданылады:
- сапалы құрам (ингридиенттердің болуы);
- мөлшерлік құрам;
- композициялар құрылымы;
- ингридиенттер құрылымы.
Белгісіз құрамды композицияны сипаттау үшін олардың физика-химиялық, физикалық және утиритарлы көрсеткіштері және олу әдісінің белгілері қолданылады.
Өнертабыс объектілері ретінде бұрыннан белгілі құрылғы, әдіс, зат, штаммдарды жаңа мақсатта қолдануға оларды басқа жаңа мақсаттарға қолдану жатады.
Өтінім бір-бірімен тығыз байланысты, ортақ өнертабыстық ойды құрайтын бір өнертабысқа немесе өнертабыс тобына жату керек (өнертабыс бірегелігі прицибі).
Өнертабыс бірегейлігі сақталған болады, егер:
- өнертабыс формуласында бір өнертабыс сипатталса;
- өнертабыс формуласында өнертабыс тобы сипатталса;
- өнертабыстардың ішінде біреуі екіншісін алу (жасау) үшін қолданылса (мысалы: құрылғы немесе зат және алу әдісі құрылғы мен затты алу (жасау) әдісі);
- өнертабыстардың ішінде біреуі екіншісін жүзеге асыру үшін қолданылса (мысалы: әдіс және әдісті жүзеге асыру үшін құрылғы);
- өнертабыс бір түрге жататын, бір мақсатта қолданылатын, сол бір техникалық шешімді алуды қамтамасыз ететін объектілерге жататын болса.
Инновациялық патент пен патентті беру туралы өтініш
1) Инновациялық патент пен патентті беру туралы өтініш ИЗ-1 формасы бойынша (А қосымшасында) беріледі.
Сәйкестендірілген бағандарда белгілі бір мәліметтерді сыйдыра алмасық «өтініштің қосымшасына қарау» деп қосымша парақта сәйкес баған көрсетіліп жазылады. (Берілген құжаттардың тізімі бағанада тордың ішінде «Х» қойылады)
2) Жоғары жағында орналасқан «Түсу күні», «Күші», 21, 22, 85 кодты өтініш бағандары өтініш түскен кезде Казпатент толтыру үшін қажет және өтініш берушімен толтырылмайды.
3) «Өтінш» деген сөздің тура үстінде орналасқан 86, 87 кодты бағандар халықаралық өтінімдер Қазақстан Республикасының үлттық фазасына ауыстырылған жағдайда және Еуразия патент конвенсиясының 16-бабына сәйкес еуразиялық өтінім Қазақстан Республикасының ұлттық өтініміне айналдырылған жағдайда толтырылады.
86-код астындағы бағандағы тиісті түсқа "X" таңбасы қойылады және тиісінше халықаралық өтінімнің тіркеу номірі, алушы ведомство белгілеген халықаралық берілу күні, немесе тіркеу номірі және еуразия өтінімінің берілген күні келтіріледі.
87-код астындағы бағанда тиісінше халықаралық өтінімнің халықаралық жарияланған күні және еуразия өтінімінің жарияланған күні көрсетіледі.
4) Инновациялық патент және патент беру туралы өтініш білдірілген бағанда "өтінімшінің (өтінімшілердің) атына" сөзінен кейін инновациялық патент және патент сұралып отырған өтінімнің (өтінімшілер) туралы мәліметтер келтіріледі: жеке тұлғаның тегі, есімі және әкесінің аты (егер ол бар болса), оның үстіне тегі есімің алдында көрсетіледі немесе ресми тіркеу туралы қүжатқа сәйкес заңды түлғаның толық ресми атауы, сондай-ақ елдің ресми атауы мен толық пошта
мекен-жайын қоса отырып, тиісінше олардың тұрғылықты жері, орналасқан орны туралы мәліметтер келтіріледі. Шетелдік есімдер және заңды тұлғалардың атаулары сондай-ақ мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі транслитерациямен көрсетіледі. Өнертабыстар авторлары батып табылатын өтішмшілердің тұрғылықты жері туралы мәліметтер өтініштің екінші бетіндегі 97-кодта астындағы келтірілген.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын немесе жүрген аттартна алдын ала патент және патент сүралатын шетелдік және жеке тұлғалар үшін елінің коды Дүниежүзілік зерделік меншігі ұйымының (ДЗМҮ) стандарты бойынша SТ.З (егер ол белгіленсе) көрсетіледі.
Егер өтінімшілер бірнешеу болса, көрсетілген мәліметтер олардың әрқайсысы үшін келтіріледі.
5) Басымдықты белгілеу туралы өтініші бар баған Заңның 20-бабының 2-5-тармақтарына сәйкес Қазпатентке өтінім берілген күннен бұрынырақта басымдық сұралған кезде ғана толтырылады. Мұндай жағдайда "X" таңбасын қоюмен тиісті тұстарда басымдық сұрауға негізі ескеріліп, негізінде басымдық сұралып отырған өтінім нөмірі немесе қосымша материалдар және басымдық сұралған күні (өтінім берілген күні немесе оған қосымша материалдар) көрсетіледі.
Егер басымдық бірнеше өтінімдер негізінде сұралса, барлық өтінімдердің нөмірлері және тиісті жағдайларда сұралған басымдықтың бірнеше күні көрсетіледі. Конвенциялық басымдық сұралған жағдайда ДЗМҮ SТ.З. стандарты бойынша берген елдің коды көрсетіледі.
6) 54-кодтың астындағы бағанда өтініш берілген өнертабыстың (өнертабыс тобы) атауы келтіріледі, бүл өнертабыс сипаттамасында аталған атаумен сәйкес келуге тиіс, өнертабыс атауына арнаулы атау енгізілген жағдайда тиісті түсқа "X" таңбасымен Заңның 9-бабының 4-тармағы талаптарының сақталуы ескеріледі.
7) 98-код астындағы бағанда хат-хабар жазысуға арналған мекен-жай келтіріледі.
Хат-хабар жазысатын мекен-жай ретінде Қазақстан Республикасында тұратын жеке түлғаның - өтінімшінің (өтінімшілердің бірінің) тұрғылықты жеріндегі мекен-жайы немесе Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғаның тұратын жерінің мекен-жайы өтінімші (өтінімшілер) өкілі түратын жерінің мекен-жайы немесе Қазақстан Республикасы аумағындағы өзге мекен-жайы көрсетілуі мүмкін.
8) 74-код астындағы бағанда өтінімшінің (өтінімшілердің) өкілдері, оның ішінде патенттік сенімді өкілі (патенттік сенімді өкілдері) туралы мәліметтер келтіріледі. Патенттік сенімді өкілі өтінім берілгенге дейін белгіленген жағдайда Қазпатентте оның тегі, есімі және әкесінің аты (егер ол болса), тіркеу нөмірі көрсетіледі. Өзге өкіл тағайындалған жағдайда жеке тұлға үшін тегі, есімі және әкесінің аты (егер ол болса) және заңды тұлға үшін ресми атауы көрсетіледі. Егер өтінімшілер бірнешеу болса, өкіл ретінде өтінімшілердің бірі таңдап алынуы мүмкін.
9) Өтініштің екінші бетіндегі «Тіркелген құжаттар тізімі» бағаны тиісті тұстарына «X» таңбасын қою жолымен және даналар саны және тіркелген құжаттардың он данасындағы парақтар саны көрсетіле отырып толтырылады. Түрлері өтініш нышанында қарастырылмаған ("басқа құжат") тіркелген құжаттардың нақты бағыты көрсетіледі.
10) " Инновациялық патент және патентке өтінім беру және алу құқығы пайда болу негізі" бағанына "X" таңбасын қоюмен алдын ала патент және патентке өтінім беру және алу үшін тиісті негіз (негіздер) ескеріледі. Көрсетілген баған өтінім автор болып табылатын немесе өтінімшілер бірнешеу болса, олардың құрамы авторлар құрамымен сәйкес келгеннен басқа жағдайларда, өтінімшінің (өтінімшілердің) атына алдын ала патент және патент сұралған жағдайда толтырылады. Өтінім беру кұқығын және қорғау құжатын алуды растайтын құжат Қазпатентке тапсырылмайды.
11) 72 және 97-кодтар астындағы бағандарда автор (авторлар) туралы мәліметтер: тегі, есімі және әкесінің аты (егер ол болса), тұрғылықты жерінің толық пошталық мекен-жайы келтіріледі, шетелдіктер үшін ДЗМҮ SТ.З. стандарты бойынша елдің коды көрсетіледі.
12) 7-кодтың астындағы бағанның оң жағына орналасқан бағанда автор өтінімші болып табылса, немесе егер автор алдын ала патент және патентке өтінім беру мен алу құқығын өтінімшіге берген жағдайда автордың қолы мен күні қойылады.
Өтінім берілгенге дейін автор қайтыс болған жағдайда туысқандық қатынасы және күні көрсетіле отырып, мүрагердің қолы қойылады. Өтінім беру кезеңінде мүрагерлік құқықты растайтын қандай да болмасын ресми құжаттар талап етілмейді.
13) 72 және 97-кодты бағандар астындағы баған автор (авторлар) алдын ала патент және патент беру туралы мәліметтер жарияланған кезінде өзін (өздерін) осылай атамауды өтінген жағдайда ғана толтырылады. Мұндай жағдайда жарияланым кезінде атамауды өтінген авторлардың әрқайсысының тегі, есімі, әкесінің аты (егер ол болса) жөне олардың қолдары келтіріледі.
14) Өтініштің екінші бетіндегі соңғының алдындағы баған автордың құқықтың мирасқоры өтінім беру құқығын өтінімшіге берген жағдайда толтырылады. Онда қүқықтық мирасқор жайындағы: тегі, есімі жәие әкесінің аты (ол бар болса), жеке түлғаның тұрғылықты жерінің мекен жайы немесе ресми атауы және занды тұлғаның орналасқан жерінің мекен-жайы келтіріледі. Мәліметтерге күнін көрсете отырып, құқықтық мирасқор қолын қояды (авторлық құқықтық мирасқоры заңды тұлға болып табылатын жағдайда мәліметке жетекші қолын қойып, ол мөрмен бекітіледі)
15) Өтініштің жоғарыдағы 12), -14) тармақшаларда көрсетілген бағанын толтыру осы бағанмен қарастырылған мәліметтер мен қолдары бар құжаттарды өтінішпен бір мезгілде тапсыру мен алмастырылуы мүмкін.
16) Егер өтінімші ретінде автор болып табылмайтын тұлға көрсетілсе, өтініштің соңғы "Қолы" бағанын күнін көрсетіп толтыру міндетті. Өтінішке заңды түлғаның атынан ұйым жетекшісі немесе қызметі көрсетіле отырып, осы құрылтайшылық құжатқа уәкілетті заңды тұлға қолын қояды. Егер өтінімшілер бірнешеу болса, өтінішке өтінімшілердің әрбірі қол қояды.
Өтінім патенттік сенімді өкіл аркылы берілген кезде өтінішке патенттік сенімді өкіл қол қояды.
17) Осы тармақтың 14) және 16) тармақшаларында көрсетілген өтініш бағансындағы қолдарды қойған адамдардың тегі мен аты-жөндері ашып көрсетіледі.
18) Өтінішке қатысты кез келген өзге мәліметтер ұсынылған әрбір қосымша параққа (өтінішке қосымша) осындай тәртіппен қол қойылады.
19) Өтініш пен оған қосымшаларда түзетулер мен өшірулер болмауға тиіс. Аталған кемшіліктер болған жағдайда өтініш немесе оған қосымшаны дұрыс рәсімдеу талап етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |