Жоспары кіріспе өнертабыстың сипаттауы Өнертабыс формуласының құрылымы Әртүрлі нысандарға жататын өнертабыс формуласының ерекшеліктері Қорытынды пайдаланылған әдебиеттер тізімі кіріспе



бет1/2
Дата19.04.2024
өлшемі23.01 Kb.
#499286
  1   2
stud.kz-25350 3


ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ
1 Өнертабыстың сипаттауы


2 Өнертабыс формуласының құрылымы
3 Әртүрлі нысандарға жататын өнертабыс формуласының ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


КІРІСПЕ

Өтінімнің өте маңызы бөлігі болатын өнертабыстың сипаттауы жауап беруі тиіс талаптарға мынадай: өнертабыстың маңыз-мәнін толық ашуға және өнертабыстың зерзатын немесе оның тіке пайдалануын әрі қарай зерттемелеу үшін жеткілікті ақпаратты мазмұндауға, мысалы, жаңа тағайындау бойынша белгілі зерзатты пайдалнудағы тұжырымдайтын техникалық шешілім жағдайында; жаңалық, мәлімделген техникалық шешілімнің елеулі ерекшеліктері мен оң эффектісі, өнертабыспен берілген техника облысына немесе халық шаруашылығы саласына қосқан үлесі туралы дәл және анық ұсынуға.


Сипаттау өзіне негізделген өнертабыстың формуласын (бірбуындық және көпбуындық) енгізуі керек, бұл оның елеулі белгілерін анықтайды.
Өнертабыс формуласы инновациялық патент пен патент беретін құқықтық қорғау көлемін анықтау үшін арналады.
Өнертабыс формуласы толығымен анықтамада негізделу керек, яғни өнертабысты оның анықтамасында берілген ұғымдармен сипаттау керек.
Өнертабыс формуласы, егер онда өтініш беруші мен көрсетілген техникалық нәтижеге жету үшін жеткілікті оның елеулі белгілері толығымен берілсе, оның мәнін көрсететін болып саналады.
Өнертабыс формуласында өнертабыс белгілері олардың сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ету түрінде көрінеді, яғни олардың мәндік мазмұнының белгілі техникалық деңгейі негізінде маманның біртекті ұғымында болады.


Өнертабыстың сипаттауы.
Өтінімнің өте маңызы бөлігі болатын өнертабыстың сипаттауы жауап беруі тиіс талаптарға мынадай: өнертабыстың маңыз-мәнін толық ашуға және өнертабыстың зерзатын немесе оның тіке пайдалануын әрі қарай зерттемелеу үшін жеткілікті ақпаратты мазмұндауға, мысалы, жаңа тағайындау бойынша белгілі зерзатты пайдалнудағы тұжырымдайтын техникалық шешілім жағдайында; жаңалық, мәлімделген техникалық шешілімнің елеулі ерекшеліктері мен оң эффектісі, өнертабыспен берілген техника облысына немесе халық шаруашылығы саласына қосқан үлесі туралы дәл және анық ұсынуға.
Сипаттау өзіне негізделген өнертабыстың формуласын (бірбуындық және көпбуындық) енгізуі керек, бұл оның елеулі белгілерін анықтайды.
Өнертабыс формуласы — өнертабыстың тех­никалық маңыз-мәнін өрнектейтін қалыптасқан ережелер бойынша құрастырылған қысқа ауызша сипаттама.
Өнертабыстардың формуласын тағайындау:
– формула өнертабыстың техникалық маңыз-мәнін қысқа және айқын өрнектеуі, яғни қисындық өнертабыстың зерзаттарының және оның басқа зерзаттардан елеулі таңбаларын анықтауда немесе өнертабыстың пайдалану деректерін қалыптастыру үшін ұқсастықтарын анықтауда бейнелеуі;
– өнертабыс жататын облыстағы өнертабыспен жететін үрдіс туралы сай келетін мамандарға ақпарат беруі.
Өзінің тағайындалуын орындау үшін формула қысқа айтылушылыққа, жалпылыққа, толықтыққа, нақтылыққа ие болуы тиіс.
Формуланың қысқа айтылушылығы артық сөздерсіз нәрсе анықталуын талап етеді. Формулаға тәжірибемен түсінік беруде қысқа айтылушылыққа және біркелкілікке жету үшін өнертабыстың міндетті ережелері қатары жасалған.
Формуланың жалпылығы (кеңдігі) мынада, ол мүмкіндігі барынша кең шекараларда өнертабыстың құқығын анықтайды. Жалпылыққа жету үшін өнертабыстың нәрсесі оның жаңалығына сай келетіндей жалпы белгілермен сипатталуы керек.
Формуланың толықтығы ішіне тек жалпы ғана емес, сондай-ақ дербес те өнертабысты құрайтын барлық бар белгілерді енгізумен анықталады.
Формуланың нақтылығы, оның ішіне жазылған өнертабысты сипаттайтын белгілер, емін-еркін түсіндіруге жол бермейтінін және өнертабыс құқықтарының шекаралрын анық айқындайтынын білдіреді.
Өнертабыстың құрылымдық формуласы әртүрлі болуы мүмкін. Жалпы ереже бойынша, формула төрт бөлімнен тұрады: шектелген, белгілеулер енгізетін, өнертабыс пен түп тұлға зерзаты үшін жалпы; шектелген мен белгілеулер енгізетін өнертабыс зерзатын түп нұсқадан ажыратады, яғни жаңа белгілер; өнертабыс мақсаттары. Формуланың мұндай тегі бірбуындық деп аталады, өйткені бір бөлімшеден тұрады. Бірбуындық формула өнертабыс зерзатының елеулі белгілері оның негізгі сипаттамасын бітірген жағдайда жеткілікті болады және әрі қарай дамуды немесе дәлдеуді қажет етпейді: мұндай дәлдеулер, өз кезегінде, дербес жағдайды орындау немесе өнертабысты пайдалану үшін қажет белгілермен өрнектеле алады.
Алайда өнертабыс қатарының маңыз-мәні бірбуындық формула түрінде баяндала алмайды. Іс мынада, өнертабыс формуласындағы жалпылық талабы кері қатынастың қисынды заңына сай толықтығына және дербес нақтылыққа қарама-қарсы шығады: егер жалпылық талабына сай формула жалпы белгілердің өте аз санынан құралса, онда толықтық талабына сай ол зерзаттың мүмкіндігінше барлық елеулі белгілерін қосуы тиіс.
Бұл қарама-қайшылықтарды көпбуындық формула деп аталған – бірнеше бөлімшелі өнертабыстың формуласын құрастырумен жеңуге болады. Бұл жағдайда формуланың бірінші бөлімшесі басты (немесе тәуелсіз), ал келесі бөлімшелері — қосалқылар болып атанады.
Көпбуындық фор­муланың бірінші бөлімшесіне (немесе кешендік өнертабысты сипаттайтын формуланың әрбір тәуелсіз бөлімшесіне), өнертабыстың жалпы елеулі белгілері енгізіледі, бұлардың әрқайсысы өнертабысты орындаудың немесе пайдаланудың барлық жағдайларына керек, ал бірге алынғандар оң эффектіні қамтамасыз етуге жеткілікті: бұл белгілер жалпыланған түсініктермен баяндалады, және де бұл түсініктер өтінімдеушімен қарастырылған өнертабыстың орындалуының немесе пайдалануының мүмкін болатын барлық дербес жағдайларын қамтитындай болуы тиіс, және бұлардың іске асу мүмкіндігі өтінімде дәлелденген.
Көпбуындық формуланың екінші және келесі бөлімшелеріне дербес елеулі белгілер, формуланың бірінші бөлімшесінде көрсетілген дамушы, дәлдеуші белгілер жиынтығы қосылады, осы санның ішінде осы жиынтықтың жекеленген белгілерін дамыту немесе дәлдеу жолымен өнертабыстың орындалуының немесе айрықша жағдайлардағы оның пайдалануының, тек дербес жағдайларға ғана қажет нақты түрлері де бар.
Формуланың қосалқы бөлімшесінің құрылымы басым бөлігіндегідей: шектелген және ерекшеленетін бөліктерден құралады. Айырмашылық тек ғана мынада, шектелген бөліктің өнертабыстың аталуынан және біріншіге немесе алдыңғы қосалқы бөлімшеге сілтемеден тұратыны. Бұдан басқа, қосалқы бөлімшеде өнертабыс мақсатының тұжырымдамасы болмауы да мүмкін.
Өнертабыс тұтастығының талаптарымен қалыптасқан көпбуындық формулалардың басқа түрі де бар. Өнертабыс тұтастығының қағидасы мынада, бір өтінімге, сондай-ақ бір қорғау құжатына әрбір өтінімі тек бір зерзатқа ғана жататын екі немесе одан да көп тәуелсіз өнертабыс қосылуы мүмкін емес. Өнертабыстың бір зерзатымен өнертапқышпен жасалған тұтастық, яғни өзара байланысқан, өйткені бұл байланыс тұрақты сипатқа ие, бөліктердің тұтастығы мойындалады, және осы өзара байланыстың нәтижесінде тұастықта оның бытырап кетуіндегі бөліктерге тән емес жаңа қасиеттер пайда болады.
Өнертабыстың тұтастығы сақталғанға саналады, егер болса өтінімнің заты мынадай: өнертабыстың зерзаты біреу (құрылғы, тәсіл немесе зат); егер тұтас мақсатта қызмет етсе, онда өнертабыстың бірнеше зерзаты және тек бірлесе (кешендік өнертабыс) өтінім берілсе ұсынылған күннен бастап қолданылуы мүмкін. Соңғы жағдайда тұтас жалпы өнертабыстық түпкі ойды түзейтін болып өзара байланысқан өнертабыс зерзаттарының тобы болады. Мұндай бірлесуге жол беріледі қатаң нақтылы жағдайларда: тәсілді іске асыруға белгілі құрылғы жоқ, осының салдарынан жаңадан ойлап табылған құрылғысыз тәсіл іске асырылмағанда; заттарды даярлау үшін белгілі тәсіл жоқ, сонан да затты ойлап табылған тәсілді пайдаланбаусыз даярлау мүмкін болмағанда; ойлап табылған заттың пайдалы қасиеттері өңделетін ойлап табылған заттардың құрамымен ғана емес, сондай-ақ оның өңделуімен де алдын-ала анықталады. Саналынған жағдайлардағы өнертабыстың көпбуындық формулада әрқайсысы құқықтық мәнге ие бірнеше тәуелсіз бөлімшелер бар.
Өнертабыс формуласы инновациялық патент пен патент беретін құқықтық қорғау көлемін анықтау үшін арналады.
Өнертабыс формуласы толығымен анықтамада негізделу керек, яғни өнертабысты оның анықтамасында берілген ұғымдармен сипаттау керек.
Өнертабыс формуласы, егер онда өтініш беруші мен көрсетілген техникалық нәтижеге жету үшін жеткілікті оның елеулі белгілері толығымен берілсе, оның мәнін көрсететін болып саналады.
Өнертабыс формуласында өнертабыс белгілері олардың сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ету түрінде көрінеді, яғни олардың мәндік мазмұнының белгілі техникалық деңгейі негізінде маманның біртекті ұғымында болады.
Өнертабыс формуласының құрылымы
Формула біртізбекті және көп тізбекті болуы немесе бір немесе бірнеше тармақты құрауы мүмкін.
Біртізбекті өнертабыс формуласы орындау немесе пайдалану жағдайына қатысты дамыту және анық атауы жоқ бір өнертабыстың маңызды белгілер жиынтығын сипаттауға қолданылады.
Көптізбекті өнертабыс формуласы өнертабысты орындау немесе пайдаланудың жеке жағдайларына немесе өнертабыстар тобын сипаттауға қатысты оның белгілер жиынтығын дамыту және анықтау мен бір өнертабысты сипаттау үшін қолданылады.
Бір өнертабысты сипаттайтын көп тізбекті формуланың бір тәуелсіз тармағы және оған тәуелді тармағы (тармақтары) болуы мүмкін.
Өнертабыстар тобын сипаттайтын көп тізбекті формуланың бірнеше тәуелсіз тармақтары болады, олардың әрқайсысы өнертабыстар тобының біреуіне ғана сипаттайды. Мұндайда топтың әрбір өнертабысы тиісті тәуелсізге бағынышты тәуелді тармақтар келтірілуімен сипатталуға тиіс.
Көп тізбекті формула тармақтары бірден бастап, орналасу тәртібімен араб сандарымен нөмірленуге тиіс.
Өнертабыстар тобын сипаттайтын формулаларды орналастырған кезде келесі ережелер сақталады:
- жекелеген өнертабыстарды сипаттайтын тәуелсіз тармақтарда, әдетте, формуланың басқа тармақтарына сілтемелер болмайды (мұндай сілтемеге тек осы тәуелсіз тармақты ондағы басқа тармақпен толық қайталанбаған жағдайда ғана жол беріледі);
- түрлі өнертабыстар топтарын сипаттау үшін бір ғана мазмұнды тәуелді тармақтар келтірілетін жағдайдалардаы қоса отырып, тәуелді тармақтар өздері бағынышты тәуелсіз тармақтар мен топтасады.
Формула тармағы, әдетте неғұрлым жақын ұқсас белгілері сәйкес келетін өнертабыс белгілерінен тұратын шектеу бөлімінен, оның ішінде формула баяндалуы басталатын бағыттағы тектік ұғымнан және өнертабысты неғұрлым жақын баламасынан ажыратын белгілер кіретін ерекшелік бөлімінен тұрады.
Формула тармағын құрастыру кезінде шектеу бөлімі баяндалған соң «былайша ерекшеленетін» деген сөз тіркесі келтіріліп, бұдан кейін тікелей ерекшелік бөлімі келтіріледі.
Өнертабыс формуласы:
- дербес химиялық қосылыстар;
- микроорганизімдер тегі, өсімдіктер мен жануарлар жасушалары;
- бұрыннан белгілі құрылғы, тәсіл, зат, тектерді жаңа мақсатта қолдану;
- баламасы жоқ өнертабыстар ретінде сипатталса, шектеулі және ерекшелік бөлімдері тармақтарынан бөлінбей құрастырылады.
Формула тармағы бір сөйлем ретінде баяндалады.
Өнертабыс формуласының тәуелсіз тармағы бір ғана өнертабысқа қатысты болуға тиіс. Ол өнертабысты құқықтық қорғау сұралып отырған көлемін анықтайтын оның белгілер жиынтығымен сипаттайды және өнертабыс объектісін логикалық анықтау түрінде көрінеді.
Өнертабыс формуласының тәуелді тармағы тек оны орындау немесе пайдаланудың жеке жағдайларын сипаттайтын тәуелсіз тармақта, белгілерде келтірілген өнертабыс белгілері жиынтығының дамуын және/немесе анықталуын қарастырады.
Формуланың тәуелді тармағының шектеулі бөлігі әдетте тәуелсіз тармақта келтірілгенімен салыстырғанда қысқаша мазмұндалған өнертабыс мақсатын көрсететін тектік ұғымнан және осы тәуелді тармақ жататын тәуелсіз тармақ немесе тәуелді тармақтан тұрады. Тәуелді тармақ формуланың бірнеше тармағына бағынысты болғанда оларға сілтемелер баламаларды пайдаланумен көрсетіледі.
Формуланың тәуелді тармағы ол бағынысты формуланың сол тармағында сипатталған өнертабыс белгілері алмастырылмай немесе алып тасталмай баяндалуға тиіс.
2 Әртүрлі нысандарға жататын өнертабыс формуласының ерекшеліктері
Құрылғы белгілері формулада оның статистикалық жағдайын сипаттайтындай баяндалады. Құрылғының конструкциялық элементін орындауды сипаттау кезінде оның жылжымалығын, оның белгілі функцияны іске асыру мүмкіндігін (мысалы, бекіту мүмкіндігімен тежеу мүмкіндігі) және т.б. көрсетуге болады.
Материалдық объектіге іс-әрекеттерді сипаттайтын тәсіл белгілері осы мақсаттарға етістіктерді пайдаланумен, үшінші жақта, көпше түрде баяндалады (қыздырып жатыр, ылғалдап жатыр, тесіп жатыр және т.б.)
Композицияны сипаттайтын өнертабыс формуласына оған кіретін ингредиенттер және қажет болған жағдайларда ингредиенттердің сандық мазмұнына жататын белгілер енгізіледі.
Егер композицияны сипаттайтын формуланың ингредиенттердің сандық мазмұнына жататын белгілері болса, онда олар мазмұнның (төменгі және жоғарғы) ең аз және ең көп шегін сипаттайтын кез келген бір маңызды, әдетте, екі маңызды бірлікте көрінеді.
Композиция ингредиенттерінің бірінің мазмұны бір маңызда көрсетілуіне болады, ал қалған ингредиенттер мазмұны – осы жалғыз маңызды хақындағы маңыздылар аралығы түрінде көрінеді (мысалы, ингредиенттер мазмұны композицияның негізгі ингредиентіне 100 мас.с. немесе ерітіндінің 1л. келтіріледі).
Егер композицияға жататын өнертабыс қосымша ингредиент енгізілуімен сипатталса, формулаға тиісті ерекшелік белгілерінің алдынан «қосымша болады» деген сөз тіркесі енгізіледі.
Мақсаты белсенді бастаумен айқындалатын, ал басқа компонеттері осы мақсаттағы композицияларда дәстүрлі қолданылатын шеңбердің бейтарап тасығыштары болып табылатын композициялар үшін формулада тек осы белсенді бастау және композиция құрамындағы оның сандық мазмұны, оның ішінде «тиімді саны» нысанында көрсетуге болады.
Мұндай композиция сипатының басқа нұсқасында белсенді бастаудан өзге, «мақсаттық қосымша» жиынтықты ұғымы нысанында басқа компоненттер көрсетілуі мүмкін. Мұндай жағдайда белсенді бастау мен мақсаттық қосымшаның сандық қатынасы көрсетіледі.
Егер өнертабыс белгісі ретінде күрделі құрамды белгілі зат көрсетілсе, оның арнаулы атауын функциясын немесе осы заттың қасиетін және оның негізін көрсетіп пайдалануға жол беріледі. Мұндай жағдайда өнертабыс сипаттамасына осы зат сипатталған ақпарат көзі келтіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет