5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» мамандық студенттеріне арналған «Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары»


-тақырып Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясы: өзіндік байланысы



бет3/6
Дата13.06.2016
өлшемі1.36 Mb.
#133829
1   2   3   4   5   6

4-тақырып Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясы: өзіндік байланысы.

Технология және әдіс түсінігі; құрамдас бөлігі ретінде. әдіс іс-әрекетттің танымдық тәсілі ретінде. Классификация деңгейі, технология, әдістің орны мен рөлі. (субъективті деңгей, функциональдық денгей).

Әдістері; құрылымы; тәсілі Әлеуметтік жұмыс практикасындағы әдіс пен технологияның өзіндік байланысы.

1.Әлеуметтік технологиядағы қайырымдылық сипаты.


Әлеуметтік жұмыс кәсіби қызмет ретінде, мамандық деңгейі (дәрігер, педагог т.б.) ұқсас болатын, оны өзгелерден айыратын бірқатар өзге ерекшеліктері бар. Басқа да көмек көрсету кәсіптеріне тән субьектілік, обьектілік рөлдерінің айырмасына байланысты, әлеуметтік жұмыстың да сенімдік сипаты бар және де нәтижесінде клиент мүлкі мен шешім қабылдаудағы құқығын сақтап қалатын обьективтік және субьективтік байланысты қамтиды. Әлеуметтік мекемелерге көмек сұрап келген клиенттердің дені, халықтың әлсіз әлеуметтік категориясына жатады. Бұл дегеніміз, яғни әлеуметтік жұмыс аса белгілі емес, сонымен қатар кәсіби мамандарға әлеуметтік қызметкеллерге жоғарғы табыс әкелмейді. Сондықтан әлеуметтік жұмысқа жоғары білім міндетті емес, әлеуметтік тұрмыстық қызмет көрсетумен айналысатын адамдар көбірек шұғылданады. Клиенттің жеке проблемаларын соционом немесе консультант, психолог, педагог ретінде әлеуметтік жұмыс мамандығының кәсіби қызметі теориялық және тәжірибелік базалық дайындықты қажет етеді.

Кәсіптік қызмет ретінде, әлеуметтік жұмысты жалпы түрде үш аясы бар, ол кең үш сфераны қамтиды:



  1. Индивидтің әлеуметтік жағдайға бейімделуі мен ақталуы (адаптация мен реабилитация) жеке индивид және отбасылық деңгейдегі мақсатта және қоршаған орта жағдайында даулы жағдайлады шешуге әлеуметтік терапия.

  2. Топпен әлеуметтік жұмыс. Топтың жас бойынша (балалық , жасөспірім, қартайған азаматтар), жыныс бойынша (жалғыз басты ана, жалғыз басты әке, бұрынға нашақорлардың тобы) болып жіктеледі.

  3. Адамдар өмір сүретін жақсы әлеуметтік – психологиялық климатты құру, әлеуметтік қызмет жүйесін кеңейтуге бағытталған тұрғылықты жері, қауымдық бойынша әлеуметтік жұмыс.

Мамандандырылған әлеуметтік жұмыс, білім, құқық қорғау жүйелерінде қызмет ету мен еңбек аясында қолданылады. Әлеуметтік жұмыс көптеген елдерде әлеуметтік қамқорлық институттары деп аталатын әлеуметтік мекемелер мен әлеуметтік қызмет арқылы жүзеге асады. Бұл инситуттың негізгі мақсаты – бұл адамның өмір сүруінің оптимистік, қоғамдық әлеуметтік тұрақтылығын қолдау. Әлеуметтік сфераның қызметін жүйелеу арқылы мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүргізу болып табылады. Бұл әлеуметтік институтқа: мемлекеттік мекемелер, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік қорғай жүйесін құрайтын қоғамдық және жеке меншік ұйымдар, мамандарды даярлайтын арнайы орта және жоғарғы білімді оқу орындары, әлеуметтік даму мәселесімен айналысатын ғылыми зерттеу мекемелері кіреді.

Әлеуметтік жұмыс тек қана «әлсіз» әлеуметтік топқа ғана әлеуметтік қолдау көрсетпейді, сонымен қоса барлық халықтың әлеуметтік қамсыздануын реттейді. Ақыр аяғында ол адамның өмірінде қажеттіліктерді қолдау мен керекті шарттарды қамтамасыз етуге бағытталған.

Тарихи әлеуметтік жұмыс әлеуметтік қызметтің көп түрі ретінде қиындыққа дұшар болған адамдарға көмек көрсетуге бағытталған. Осындай әлеуметтік қызметтің түрі адам қоғамы сияқты ежелгі болып келеді. Индивидтер әлсіздерге әр түрлі көмек көрсетпесе өмір сүре алмайтын. Осындай қызмет діни көзқарастарда орын тауып, әр уақытта өз әсерін тигізіп отырған. Мысалы, алғашқы қауымдық құрылыста тарату, бөлу қарым-қатынасының орнына қайырымдылық, мейірім, әлсіздерге, кедейлерге қамқор болу келеді.

Көмек берушілер мен көмек алушылар арасындағы табиғи органикалық байланыс заң түрінде емес, салт-*дәстүр аясында құрылған. Кімге көмек көрсетілсе, сол адам көмек көрсеткен адамға бағынышты болған. Олар көмек берушілерге ризашылық сезімде болған. әлеуметтік жұмыстың пайда болуы бірте-бірте қоғамның салт-дәстүрлік ұстанымын бір жаққа ысырды. Мысалы, жалпыға бірдей болын тоқтатып, алайда ол жойылып кетпей, басқа әлеуметтік институттар арасынан өз орнын тапты. Индивидтіктің өзіндік революциясы пайда болды: егер бұрын адам дәстүрлі қоғамда өмір сүру, қызмет ету тек өзінің қоғамдағы орнына байланысты көмек алатын болса, ол уақыт өте келе одан арылып, индивид болып қалыптаса бастады. Ол енді ата-бабасымен жоғарғы атағына сүйенбей өзінің күшіне сенуге талпынады. Осыны білген әлеуметтік көмектің бүкіл идеологиясы жеңілділік пен жеңілдікті пайдалану концепциясына сүйенеді. Жеңілдікті пайдалануға адамдардың барлығы құқылы емес, тек бір қатарларына ғана артықшылық беріледі.

XVIII-XX ғасырлардан бастап туғаннан соң ешкімде артықшылық жоқ, барлық адам өмірге келгенде, тең құқылы деген гуманитарлық, демократиялық көзқарастар болған. Бұл түсінік тек қана өмірге байланысты емес, адам құрбандықтарына, құқықсыздыққа қарсы күресте пайдаланыла бастады. Нәтижесінде бұл күрес тек адам құқығын белгілеп қоймай, белгілі халықаралық құқықтар құжаттарының негізіне айналды. Бұл жалпы адам құқығы деклорациясында (1448ж), адамның азаматтық және саяси құқығы туралы халықаралық фактісінде және адамнң экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқылары туралы халықаралық фактісінде көрсетілген. Бұл құқықтар еңбекке, әлеуметтік қамсыздандыруға, әрбір отбасында көмек пен күзетке дене және психологиялық денсаулық құқығына, білімге бағытталған. Күзет пен көмек шаралары, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер үшін өте қажет. Осы құқықтар индивидтің қоғамда дұрыс қалыпты өмір сүру үшін қолданылады. Алайда, осы құқықтарды әрбір индивид пайдалана бермейді. Яғни жақсы заңдандырылған база керек (мысалы, білім беру саласында), бірақ тәжірибе жүзінде көптеген балалар мектепке бармайды. Ассоциялды тәртібі - әлеуметтік жұмыс осындай мәселелердің шығу жолдарын іздейді. Әлеуметтік қызметкер өмірлік қиын жағдайды анықтап, адамдарға, отбасыларға әр түрлі көмек келіп түсетін әлеуметтік ресурстарға (мысалы, әлеуметтік көмек және еңбек бөлімі) арқылы көмек көрсетеді. Әлеуметтік жұмыстың мәні индивидтерге, отбасыларға, топтарға олардың құқықтарын іске асыруда, физикалық, психикалық, әлеуметтік және өзге де әлеуметтік қалыптасуына кедергі келтіретін кемшіліктерді өтеуде көмек көрсетеді. Бұл қызмет кәсіптік, еріктілік және қоғамдық болуы мүмкін. Алайда мекеме ерекшелігі, әлеуметтік жұмыс институттарының дамуына байланысты кәсіби қызмет кеңейе түседі.

Әлеуметтік жұмыс жартылай қызмет сипатында болғандықтан, әлеуметтік қызметкердің қызметі әр алуан: диагностикалық, профилактикалық, құқық қорғаушылық, әлеуметтік медициналық, әлеуметтік-терапевтік, психологиялық, әлеуметтік тұрмыстық болып ерекшеленеді. Әлеуметтік қызметкер түсінігі әлеуметтік жұмыс аясындағы маман боып негізделеді. Әлеуметтік жұмыстың обьектісі өзіндегі қиындықты шешуге дәрмені жоқ, басқалардың көмегіне зәру адам, ол әлеуметтік қызметкерлердің қызметі, оның көмегіне зәру адамдарға көмек көрсету болып табылады.

Әлеуметтік қызметкер көмек көрсетуде міндетті түрде клиенттің еркіне сүйенеді. Сонымен қатар олар ұсынылған көмекті қабылдамауға да құқықтары бар. Олар ұсынған көмектің нұсқаларынан өзіне керегін таңдап алады. Индивидтің жеке өміріне араласу (отбасындағы баланың қиын көру қорғаушылығынан басқа) оның келісімімен ғана жүзеге асырылуы тиіс және де клиент бұл көмектен бас тартты деп қалдырып кетуге болмайды.

Әлеуметтік жұмыстың практикасының тиімділігі ең алдымен мамандықтың қиындылығына байланысты. Әлеуметтік қызметкердің қызметі көп қырлы: ол әр түрлі әлеуметтік деңгейдегі және қоғамдағы өмір сүру аясындағы жоспарлы мәселелерді шешеді. Бұл мамандар отбасылармен индивидтермен, екіншілері кішігірім топтармен, келесісі тұтас қауым және ұжымдармен қажырлы жұмыс жасайды. Біреулері жеңілдік ретінде балармен жұмыс жасаса, біреулері қартайған адамдармен айналысады. Ал екіншілері кеңес беруші немесе психотерпевт реінде медициналық мекемелерде жүрсе, екіншісі әлеуметтік жоспарлау аясында, үшіншісі әкімшілік жұмыспен, төртіншісі әлеуметтік бағдарлама мен жобаларды жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын іздеумен айналысады. Осыда маманға ең басты талап, ол қызметін өзінің бағытына сай игеріп, оның тәжірибеде салдарларының тиімді болуы.

Әлеуметтік жұмыстың көп қырлылығы қазіргі қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде көрініс табуда. Сондықтан мамандар тек нақты клиентке ғана емес, қоғамға толығымен қажет. Әлеуметтік жұмыс жиырмасыншы жүзжылдықтың көптеген дүниеге келген қиыншылықтарын шешуде. Седен (Seden 1999) айтуынша әлеуметтік қызметкердің қызметі алты негізгі талапқа негізделеді: қызметте жақсы қатынас орнату, қолдау және белсеңділік таныту, зерттеу, жоспарлау, қызмет көрсету және әсер ету, ұжымдарда жұмыс істеу, кәсіптілікті жоғарлату.

Әлеуметтік көмекке зәру адамдарға көмек көрсетуді алдына мақсат етіп қойған адам өзінің кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Клиентпен жұмыс істей алмайтын, кәсіптік әдепті бұзатын әлеуметтік қызметкерлер заңға келтірілуі мүмкін.

Мемлекеттік қызметтегі әлеуметтік қызметкер клиентпен жұмыс істеу барысында әрдайым бақылау қызметін атқару керек. Әлеуметтік қызметкер мен клиент арасындағы байланыста біреуі екіншісіне ерікті болмайды. Осындай жұмыс келісім шартпен әлеуметтік қызметкердің кәсібіне негізделген ережелерге сәйкес келмейді. Көптеген шетел мамандарының пайымдауынша бұл кәсіптің барабарлығын жоққа шығаруға әкеледі. әлеуметтік қызметкердің жаңа ұрпағының маңызды мәселесі болып қала береді.

Әлеуметтік қызметкердің жұмысы бағдарламасында әлеуметтік саясатқа негізделген идеология үлкен ықпал етеді. Мысалы, дүне жүзінің көптеген елдерінде әлеуметтік бағдарламаның қалдықты принципі бойынша қалыптасады. Осы идеология аясында жеке әлеуметтік проблемалардың профилактикалық жоғарлату ескерілмейді, көптеген елдерде әсіресе Скандинавияда әлеуметтік идеология яғни біліммен, кәсіппен, медициналық қамсыздандырумен байланысты әлеуметтік бағдарлама қоғамда бірінші орында тұруы тиіс. Осы идеолгия аясында адам қолдау алу үшін өз жағдайын айтып, ел алдында дәлелдемей ие болады. Ережеге сәйкес клиент пен әлеуметтік қызметкер уақытша қатынаста әлеуметтік қызмет аясында болады. Әлеуметтік қызмет-халыққа әлеуметтік көмек пен қызмет, жеке адамға, әлеуметтік топқа, өмірдің қиын жағдайында көмек көрсететін мемелекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің жиынтығы. Әлеуметтік қызмет - әлеуметтік жұмыстың ұйымдастырылған бір түрі. Әлеуметтік қызмет жүйесіне әлеуметтік баспаналар, жасөспірімдер мен балаларға арналған дағдарысты орталық, психологиялық, педагогикалық көмек орталығы, отбасы мен балаларға әлеуметтік көмек көрсететін аймақтық орталықтар, мектептердегі әлеуметтік көмек және т.б. кіреді.

Қызметтің осы құрылған жүйесінде отбасына қызмет, әлеуметтік қамсыздандыру қызмет көрсету, әлеуметтік құқықтық қызмет, әлеуметтік педагогикалық қызмет, балаларға, жасөспірімдерге, әйелдерге мамандандырылған қызмет көмегі сияқты әлеуметтік қамсыздандырудың әр түрлі бағыты дамып жетіліп келеді. Әлеуметтік қызмет көрсетумен айналысатын (арнайы интернат үйлер, қарттар үйі) әр түрлі әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік баспаналардың сенім телефондарының, психологиялық көмек орталықтарының қарқынды өсуі байқалады. Дәстүрлі әлеуметтік қызметкерлер бөлімдерінен басқа тағы мынадай бөлімдер бар: педагогикалық анимация, әлеуметтік түзетулер мен айықтырушы, мүмкіндіктері шектеулі баларға көмек көрсету.

Көптеген шетел мемлекеттерінде мемлекеттік коммерциялық емес (қайырымдылық, еріктілік) және коммерциялық (жеке меншіктік) әлеуметтік қызмет жүйесі жұмыс істейді. Бұл қызметтің көптеген түрлерінде әр түрлі мамандар, яғни оның ішінде әлеуметтік қызметкерлер, психологтар және т.б. қызмет атқарады. Еуропалық елдерде әлеуметтік қызметте негізгі күшті мемелекеттік қызмет (үйге әлеуметтік қамсыздандыру, мектепке дейінгі әлеуметтік мекемелер, мүгедектер мен қартайған адамдарға арналған мекемелер) көмек көрсетеді. АҚШ-та мемлекеттік қызмет негізінен қаржылай көмек көрсетеді, ол әлеуметтік қызметінің негізін ерікті және қоғамдық ұйымдар, сонымен қатар онда әлеуметтік қызметкерлер жұмыс атқаратын жеке меншік қызметтері бар. Әлеуметтік қызметтің басты факторы болып, жергілікті басқару мен әлеуметтік қызметтің қатынасы жатады. Әлеуметтік көмекке зәру адамдарға материалдық көмек, әлеуметтік қамсыздандыру, сонымен қатар психологиялық қызмет көрсету басты қызмет болып саналады. Кейбір елде ауқатты адамдардың өзінің әлеуметтік көмек көрсететін орталықтары мен қорлары бар. Ол тек қазір Скандинавия елдеріне тән.

Әлеуметтік жұмыстың практикалық тиімділігін анықтайтын сыртқы факторларының біріне қоғамды қорғаушы элементтер де кіреді. Әлеуметтік қызметкер клиенттің жағдайын талдауға, өзі көмек көрсететін адамның өміріне не ықпал ететінің білу қажет. Өзімізге белгілі клиент дұшар болған жағдай көп қырлы сипат алады және әлеуметтік мәселе ретіндегі пайда болған оқиға мен жағдайға көп көңіл бөлу керек. Ең басты өмірлік фактор қоғамның әлеуметтік деңгейіндегі жеке бас пен адамның қатынасы болып табылады.

Әлеуметтік жұмыстың тәжірибесі – оның мақсаты әлеуметтік қорғау мен адамдарға көмек көрсету болып келетін мемлекеттің ішкі саясатына ықпал етеді. Әлеуметтік жұмыс ұлттық дәстүрге әсер етеді. Бірқатар әлеуметтік мәселелер жалпы ұлттық, сонымен қатар халықаралық сипатта болады, кейбіреулері жеке негізде құрылады. Сондықтан әлеуметтік қызметкер өз еліндегі әлеуметтік ұстанымдарын оның әлеуметтік қызметтерінің ерекшеліктерін, құндылықтарын жақсы білу қажет.


Ұсынылған әдебиеттер

  1. Алерин, Сяпенко «Социальное управление», Москва, 1995

  2. Козлов А.А., Иванова Т.Б. Практикум социального работника . – Р/н/Д., 2001

  3. Основы социальной работы. / Отв. ред. П.Д. Павленок-М., 1998

  4. Социальная работа: теория и практика. Учебное пособие./ Отв. Ред. Е.И.Холостова, А.С. Сорвина-М,. 2001

  5. Социальная энциклопедия./ Гл. редактор А.П. Горкин-М., 2000

  6. Теория и методика социальной работы: проблемы, прогнозы, технологии. – М., 1992

  7. Теория социальной работы. / Под ред. Е.И.Холостовой-М., 1998

  8. Фирсов М.В., Шапиро Г.Ю. Психология социальной работы. Содержание и методы психосоциальной практики.-М., 2002

  9. Фирсов М.В., Студенова Е.Г. Теория социальной работы.-М., 2001.


5-тақырып Әлеуметтік жұмыс әдістері, оның класификациясы.

Әлеуметтік жұмыс міндеттерінің маңыздысы клиентпен жұмыс жүргізудегі әлеуметтік проблемалары шешуде әдістерді орынды қолдана білу. Әлеуметтік жұмыс әдістерінің классификациясы әлеуметтік жұмыс практикасы мен теориясыындағы өзекті және күрделі проблема ретінде.

Әлеуметтік жұмыс әдісі ғылыми-зерттеу әдістері, оған сипаттама№ практикалық іс-әрекеттегі әдістерді топтастыру-әлеуметтік жұмыс формалары мен бағыттарына қарай бөлу (арнайы бөлімдерді қолдану, әлеуметтік жұмыс басқаруындағы органдары)

6-тақырып Әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру әдістері Басқару әлеуметтік құбылыс ретінде. Әлеуметтік жұмысты басқарудағы қатынас. Басқару мәдениеті. Басқару жүйесі. Басқару әдісіндегі топтастыру әдісі (ұйымдастыру-бөлу, ұйымдастыру-координациялау, ұйымдастыру технологиясы) Ұйымдастыру –бөлу әдісі; оның классификациясы. Басқару функциясындағы калссификациясы.

7-тақырып Әлеуметтік жұмыстағы социологиялық әдістер. әлеуметтік жұмыстағы социологиялық білімнің рөлі. Әлеуметтік жұмыстағы социологиялық зерттеу. Социологиялық әдістер, оларға сипаттама. Социологиялық сұрақ жүргізу әдістері мен принциптері. Әлеуметтік-монгиторинг технология ерекшеліктері. Әлеуметтік мониторинг технология еркшеліктері. Әлеуметтік жұмыстағы жеке адам социологиясы.

8 - тақырып Әлеуметтік жұмыстағы психологиялық әдістер. Әлеуметтік жұмыстағы психология білімінің рөлі мен мәні. Әлеуметтік жұмыс технологиясындағы психологиялық қолдану әдісі. Психодинамикалық теория. Әлеуметтік жұмыстағы бихевиористіқ бағыттар. Когнитивті психология. Гуманистік бағыт.

Психологиялық әдістерге сипаттама; әлеуметтік жұмыстағы қолдану ерекшеліктері. Психодиагностика. Психологиялық коррекция. Психологиялық қенес беру. Адамның өзін-өзі дамуындағы психологиялық жұмыс жүргізу әдістері.



9 –тақырып Әлеуметтік жұмыстағы педагогикалық әдіс. Әлеуметтік жұмыстағы педагогика мәні мен мазмұны. әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі андрогогика. Әдістер. Сендіру әдісі;сендірудегі үлгерім технологиясы. Іс-әрекетке қозғау туғызу әдісі. әлеуметтік жұмыстыңғ клиентпен қатынас жасаудағы әдісі. Іс-әрекеттегі ынталандыру әдісі(баға беру, мадақтау, жазалау т.б.)

  1. Әлеуметтік қызметкер білім саласында.

Білім саласындағы технология. Дүние жүзінде әлеуметтік жұмыстың көптеген тәжірибелері жинақталған. Бүгінде ол тұрақты әлекметтік даму үшін қажетті гуманитарлық мамандықтарының бірі болып табылады. Әлеуметтік жұмыс - өмірлік қиын жағдайға ұшырағандарға көмек, қолдау, үйлестіру және реабилитация, сол сияқты әлеуметтік қалыптасуда қиындықтарға ұшыраған адам топтарымен қауымдастықтарға, жекелеген индивидтерге тұлғалық және қоғамдық қатынастар арқылы көмек көрсетуге бағыттылған, әлеуметтік қызмет түрі ретінде қарастырылады. Әлеуметтік жұмыстың халыққа әлеуметтік көмек спекторы өте кең.

Білуімізше, «Әлеуметтік жұмыс» (social work) түсінігін мамандық ретінде тану алғаш рет ХХ ғасырдың басында АҚШ-та пайда болды. «Әлеуметтік» сөзі адам өмірін қалыптастыратын әлеуметтік күштердің қатысуын көрсетеді. Адамдарға кәсіби көмек көрсетудің инициаторлары, яғни адам өзі шеше алмайтын проблемалар әлеуметтік себептермен байланыстырылады. Қиын жағдайға ұшыраған адамдарға ресми емес түрде қолдау көрсететін дәстүрлі әлеуметтік институттар (отбасы, қайырымдылық бірлестіктері, шіркеу) өмірлік шешімі қиын проблемаларды өз бетінше шеше алмайтын адамдар саны көбейген сайын, олардың барлығына бірдей көмек көрсетуге шамасы келмеді. «Жұмыс» сөзі көптеген филантропиялық, қайырымдылық ұйымдарының түсінігі ретінде: нақтылық, міндеттілік, ұжымдылық салдары жағынан қамқоршылық қызметінің әлсіздігін көрсетеді. Бұл қамқоршылардың өз қызметін толық еңбек қызметі деп санамауымен байланысты. Сондықтан болашақ мамандықтың атауындағы «жұмыс» сөзі тек бұл іспен айналысып, өз ісін кәсіптік деңгейге көтере алатындарға лайық. Мамандықтың негізін салушылардың ойларынша, көмек көрсетудің жауапкершілікті жағы қоғамға пайдалы еңбек ету, адамның қиын сәттерінде өзге өмірге араласуға ұмтылуы болып табылады. Бүгінде бәрі бірдей болмаса да, яғни адамдарға көмек көрсетуде әлеуметтік жұмысты кәсіптік ретінде танығандардың кейбіреулері мамандықтың атауына келіспеушілік білдіруде. Сонда да «әлеуметтік жұмыс» түсінігі дүниежүзінің көптеген елдерінің қоғамдық санасынан өтті. Бұл термин ғылыми білімге сүйенген әлеуметтік көмектің маңыздылығын көрсететін мамандықты сипаттайды. Уақыт өте келе «әлеуметтік жұмыс» атауын қабылдау әлеуметтік жұмысшының қызметінің бір анық бағытын бекітеді. Оның мақсаты, міндеті, қызметі мамандардың осыған деген қызметін негіздеп оның басты көмектесетін мамандықтарының ерекшелігін айқындайды.

Әлеуметтік жұмыс - жан-жақты әлеуметтік қызметтің бір түрі. Әлеуметтік жұмыстың бас категориясы - көмекті түсіну. Әлеуметтік жұмыс тез арада экономикалық, психологиялық қызмет көрсстуге зәру адамдарға қолдау көрсетеді. Сондықтан санада «Әлеуметтік жұмыс» кез-келген көмек (қайырымдылық, көңіл-күй, діни мағлұмат) ретінде бейнеленген. Алайда кез-келген көмек әлеуметтік жұмыспен сипатталмайды. Әлеуметтік жұмыстағы көмек өзіндік мақсатқа жұмсалмайды. Ол индивид, тек қауымға мақсатты бағытталған жұмыс. Әлеуметтік жұмысқа қоғамдағы әлеуметтік проблемалар, қоғамның дамуымен қатар жүретін, оны шешудің тәжірибелік және теориялық әдіс-тәсілдерімен негізделетін қолдаушылық тән. Әлеуметтік жұмыстың аясы қоғамдағы әлеуметтік байланыстардың масштабы мен сипатының күрделенуімен байланысты кеңейеді.

Мектептегі әлеуметтік педагогикалық жұмысты ұйымдастыру.

ҚР-ң «Білім туралы» заңнамасында білім мекемесіннің шартында тұлғаны оқыту және тәрбиелеу поцесі баяндалады.

Білім мекемесінің шарты тұлғаның әлеуметтік процесіне, оқыту процесіне назар аудару көп жоспарлы сипат амалды қолдайды.Жеке тұлғаны оқыту және тәрбиелеу мүмкіндігін қамтамасыз ету,әлеуметтік және педагогикалық мәселенің шешімін, жеке топтармен,сыныптастармен, мұғалімдермен қарым-қатынасын жағдайын белгілейді.

Отандық мектепте оқушылардың әлеуметтік мәселесін шешу ӘП-тың тәжирибесі зор. Өйткені, Әлеуметтік қызметкерлердің, ӘП-тың функциялары, сынып жетекшілердің іс-әрекеттері ықпал етеді.

Елімізде шарттар жүйесі өзгеріске ұшырады, мұғалімдерге деген қарым-қатынас өзгерді. әлеуметтік мәселенісапалы жаңа деңгейде шешу қажеті кәсіби жаңа шарт көзделді. Мектептерде осы шарттарға байланысты арнайы әлеуметтік қызмет құрылды. Бұл қызмет өзімен қоса нені көрстеді? Әлеуметтік(лат. қоғамдық)қоғамдардағы адамдардың өзара қарым-қатынасы өмірмен байланысты деген мағына береді. Сондықтан бұл қызмет адамның әлеуметтенуіндегі тәрбиесін, оның құқығын қорғау т.б осындай мәселелеріне әлеуметтік қызметтекер хабардар болып шешім қабылдайды.

Мектептегі әлеуметтік қызметтің функциялары.

*мектептегі жеке әлеуметтік проблемаларды табу

*мұғалімдерге, ата-аналарға, оқушыларға әлеуметтік көмек көрсету

*оқушылардың өміріндегі мәнді,маңызды проблемаларын әлеуметтік қорғау

*топтарды,сыныпты жеке тұлғалардан қорғау

*мұғалімдерге қушылармен, ата-аналармен жұмыс істеу іс-әрекетіне көмек көрсету

*әр түріл топтағы оқушылармен әлеуметтік педагогикалық шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету

*әлеуметтік қызметте жұмыс іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін мектептерге мамандардықтар қажет. Олар диагностикалық міндеттерді жіне іс жүзінде қолданылатын жұмыстарды шешуге қабілетті және әр қайсысы өздерінің іс-әрекеттерін орындайды.

Мектептегі әлеуметтік жұмыс.

Әлеуметтік қорғау құқығы аспектісінде балалардың әлеуметтік проблемаларын қарастырады. «Балалар құқығы туралы»БҰҰ конвенциясы 1992 ж 2-қыркүйекте қабылданды.

Конвенциямен сәйкес Ресей заңнамасындағы баланың негізгі құқығы қарастырылады.

Мектептегі әлеуметтік жұмыстың негізгі бағыттарының бірі балалардың құқығын қорғау және қамтамасыз ету. Мектеп диреторының орынбасары, әлеуметтік қызметтің іс-әрекеттерінің бағыты жөніңдегі басқарушы әр түлі атауға ие ьлуы мүмкін: «әлеуметтік құқық жөніңдегі орынбасар», «әлеуметтік қорғау жөніңдегіорынбасар», «балалардың құқықтарын қорғау жөніңдегі орынбасар».

Қазіргі кездегі жалпы білім мектептерінде немесе балалар мекемесінде бұл қызмет балалардың құқықтарын қорғау жөніңдегіинспектордың функцияларын атқарады.

Жалпы әлеуметтік құқық сұрақтары бойынша директордың орынбасары мынандай негізгі мәселелерге назар аударады:

*мектептегі әлеуметтік жоспарды және бағдарламаны жүзеге асыру және өңдеу

*әлеуметтік қорғаусыз қалған отбасылар туралы ақпараттар жинау

*мектеп шартындағы балалардың құқықтарын қорғау

*балаларды оқыту,тәрбиелеу және тамақтандыруды қамтамасыз ету

*әлеуметтік қорғау ұйымдарменынтымақиастықты орнату

Сонымен, әлеуметтік құқық сұрақтары бойынша директордың орынбасары тәрбиешілердің іс-әрекеттерін басқарып, сынып жетекшіледің, басқа мамандықтардың, әлеуметтік мәселелрін шешуге міндетті.

Бірақта, әлеуметтік қызметткер мектептегі әлеуметтік жұмыстың іс-әрекеттерінің бағытын жүргізуші маман болады.

Әлеуметтік жұмыскер-бұл мамандық оқушылардың әлеуметтік құқықтарын қорғау функцияларын орындайды және оқушылырдың әулеметтік мәселені шешеді. Сонымен қоса, мұғалімдердің әлеметтік құқтарын қорғайды. Осындай әлеуметтік мәселелер әрбір оқушыларда көп болу мүмкін, сондықтан олар мұнадай жағдайда аңықталады.


  • баланың жеке ерекшелігі мүмкіндіктері, яғни баланың жеке ерекшелігіне сәйкес оқу бағдарламасына талап қою керек. Кейде балада оқу жағынан немесе тәрбие жағынан проблемалар болса онда басқа шарттарға мұқтаж болады. Яғни корекциялық. Реалибилитациялық арнайы оқу білім мекемесінде мамандар көмек көрсетуде. Баланың оқуына байланысты қосымша дайындық кезендер жүргізу керек. Әсіресе, оқушы мұғалімдермен, сыныптастарымен, топтпстарымен, қарым-қатынасы тәрбие барысында ықпал етеді. Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы дау-жанжалдарды қарастырады.

  • Баланың әлеметтік ортасындағы отбасын қарастыру керек. Оның оқу процессіне қарай қандай кедергілер әсер етеді екенін аңықтау. Баланың мұғалімдермен оқушылармен қандай қарым қатыныста екенін хабардар болу қажет. Баламен ата-анасы арасындағы қарым қатынастың бұзылуы әр түрлі себептерге байланысты отбасы.

  • Сыныптағы әлеуметтік психологиялық жағдай.

  • Қарым қатынас барысындағы оқушылардың мұғалімдермен, сыныптастарымен, топтармен түйінді мәселелердің болуы.

  • Сынып, топ арасындағы дау жанжал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет