6- сынып Қазақстан тарихы (сыныптан тыс сабақ)
Тақырыбы: Сен өз еліңнің қаншалықты патриотысың?
Мақсаты: Білімділік: Білім алушылардың логикалық ойлау қабілетін,зеректік,шешендік қабілеттерін қалыптастыру. Тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйрету;
Дамытушылық: Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға дайындау,табыстың негізгі көзі – білім екенін түсіндіру және танымдық қызығушықтарын арттыру. Ой-өрісін, зейінін, шығармашылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Шектеулі уақытта дұрыс шешім қабылдауға үйрету. Ұқыптылыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу, информациялық білім беру;
Көрнекілігі: Мультимедиялық слайд, буклет, безендірілу құралдары.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,дүниежүзі тарихы,қазақ әдебиеті,логика.
Сабақтың түрі: патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізілген интеллектуалды сабақ.
Сабақтың барысы: оқушыларды сынып бойынша үш топқа бөлу. 6 «А», 6 «Ә», 6 «Б»
1-топ – «Жарқын болашақ»
2- топ – «Дарынды ұрпақ» 3- топ – «Асқақ арман»
Сайыстың бөлімдері:
Таныстыру (әр топ өздерін таныстырып шығады) 5 балл
Сен білесің бе? (сұрақтар конвертке салынған. Әр топ өз тапсырмасын алып берілген сұрақтарға жауап беріп шығады) 10 балл
«Өлең- сөздің патшасы» мәнерлеп оқу 5 балл
«Жерұйық» (сұрақ-жауап) (әр сұрақ 5 балл)
«Сиқырлы бейнесауал» (арнайы видеосұрақтар беріледі) (әр сұрақ 10 балл)
Патриоттық ән (әр топ бір-бір ән орындайды) 5 балл
7. Рефлексия (сабақ бойынша қорытынды жасау, баланың алған әсерін тыңдау)
Мұғалімнің сөзі: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз сіздермен 6- сынып білім алушыларының қатысуымен өткелі отырған «Сен өз еліңнің қаншалықты патриотысың» атты интеллектуалды сабағының куәсі болмақшымыз. Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.
Мемлекет басшысы: «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек»-деген. Ал біздің мақсатымыз жас ұрпақ өзінің білімімен,еңбегімен,өнерімен дәлелдеп, көрсете білу керек.
«Еліміздің келешегі жастардың қолында. Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар.
Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны.
Еліңнің жарқын болашағын жасауға өз үлесіңді қос» - дейді Елбасы Н.Ә.Назарбаев .
«Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұстау!»
Міне, осы мақсат бүгінгі сабағымыздың негізі болмақ .
Әділ-қазылар алқасын сайлау.
Баға берер топтарға,
Қара қылды қылышпен қақ жаруға.
Әділқазы алқасын біз сайлайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.- дей отырып сайысымызды саралап, таразылап, сайысқа қатысушыларымыздың білімдерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық. (Әділқазылар алқасымен таныстыру)
1.--------------------
2.--------------------
Ендігі кезекті топтарға берелік.
1. Таныстыру: Топ аттары жеке-жеке әріп күйінде конвертке салынады. Топ өз аттарын 3 мин. ішінде құрастырып шығулары керек.Топ атына байланысты өз ойларын айту.
Достарыңызбен бөлісу: |