7. Хан, сұлтандардың балаларын тәрбиелеуші әрі қамқоршысы. /атабек/
8. Дін басыларға, діни мекемелерге ірі жер иленушілерге, көшпелі әскер басшыларға өсиет етіп қалдырған жер қалай аталады? /вақфтық/
9. Халықтардың әдет - ғұрып, салт - санасының дамуын, ерекшеліктерін зерттейтін ғылым. /этнография/
10. Арабтар “Сүзеген” деп атаған қағанды атаңыздар? / Сұлу/
Мұғалім: Білімдіден шығады алғыр шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем.
Сайра шәкірт, суырып шарықташы,
Қалмасын бұл сайыста сенің есең,- дей келе сайысымызды жалғастырамыз.
5. «Сиқырлы бейнесауал» видеосұрақтар
1-топ:
1-сұрақ Қола дәуіріндегі адамдар есігінің босағасына қай үй жануарының сүйегін көмген? Және себебін айтып өтіңіздер ( иттің сүйегін, себебі оны киелі деп санаған)
2-сұрақ Жазда көшпелі қазақтар торсықта су мен сүтті ал ұзақ сақтау үшін торсыққа не салған? (күміс теңге)
2-топ:
1 -сұрақ Қазақтар мүшелік жыл санаудың бір жылында жұт болатынын байқаған.Ол қай жыл? (Қоян жылы)
2-сұрақ Қазақтар төрт түлік малдың қайсысын тағаламады? (Түйе. Себебі, майтабан тағалауға келмейді)
3-топ:
1-сұрақ Парсы саяхатшысы Гардизи: «Ертістен өтсең, қимақтар еліне тап боласың. Оларда табын-табын мал. Бірақ түйе жоқ. Егер саудагер түйесін сол елге бір жылға қалдырып кетсе,түйесі өліп қалады»,- деп жазады.Неге түйе өліп қалады? (шөптерінде тұз жоқ)
2-сұрақ Геродот скифтердің ешбір қазансыз ет асып, сорпасын ішетінін жазған. Бұл мүмкін бе? Сонда қалай ойлайсыз қазансыз қалай пісірген?
(мүмкін. Қой мен жылқының етін өз қарнына салып, қамыстан бу шығатын түтік жасап, жерге көміп, үстіне от жағып пісірген)
5. Патриоттық ән ( әр топ 1 патриоттық ән орындайды)
6. Рефлексия: - Балалар бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар? Несімен ұнады?
Мұғалім: Болмасын ешбір сын – өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке! - деп әділқазыларға сөз кезегін береміз.
Осымен сайысымыз аяқталды. Бәріңізге де көңіл қойып көргендеріңіз, тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Еліміздің келешегі жастардың қолында. Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар (Н.Ә.Назарбаев).
Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны.
Еліңнің жарқын болашағын жасауға өз үлесіңді қос дейді Елбасы Н.Ә.Назарбаев .
Достарыңызбен бөлісу: |